Қазақстанның экономикалық аудандары туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстанның экономикалық аудандары.

Орталық Қазақстан
Қарағанды облысы
Аумағы - 428,0 мың км2
Экономикалық - географиялық жағдайы мен табиғат ресурстары - Қарағанды алабының кокстелетін таскөмірі мен Жезқазған, Қоңырат, Саяқ мыс кендері. Құрылыс материалдары ауданның кез келген жерінде бар. Сонымен қатар темір, марганец кендері, полиметалдар, сирек металдар кездеседі. Экономикалық ауданда темір мен марганецтің - қа жуық кен орындары белгілі. Маңыздылары: Актау, Үшқатын, Қамыс, Қаражал, Қарсақпай, Балбырауын, Жезді, Найзатас.
Полиметалдар құрамында қорғасын, мыс және түсті металдар болады. Аудандағы маңызы бар полиметалл кен орындары: Гүлшат, Қызылеспе, Ақшағыл, Алаайғыр, Қарағайлы, Жәйрем. Сирек металдардан аудан аумағынан вольфрам, молибден, ванадий, висмут, сурьманың, т.б. мол қоры табылған. Вольфрам, молибден Жлрағы Қайрақты, Шығыс Қайрақты, Қоңырат, Қараоба кеніштерінде өндіріледі. Табиғи сирек кездесетін күміс, рений, кадмий, висмут, кобальт, сынап, сурьма металдары Орталық Қазақстанның мыс кендерінде мол. Республикамыздағы ерекше кокстелетін және шойын мен болаттың, марганец кенінің 100% - ы Орталық Қазақстанда шығарылады. Сонымен қатар вольфрам, молибден, мыс кендері түгел дерлік осы ауданда өндіріледі. Аудан аумағында су тапшылығын шешу мақсатында Ертіс - Қарағанды каналы салынған. Жезқазған, Балқаш зауыттарында дүниежүзінде теңдесі жоқ жоғары сапалы мыс кені өңделеді. Қарағанды облысы талшықтас (асбест) қоры жөнінен республикада екінші орында. Өнеркәсіптік мәні бар кен орындары Ешкіөлмес, Қарсақбай қыраттарында орналасқан.
Өнеркәсібі. Қарағанды көмір алабы Қазақстанның маңызды отын базассы болып табылады. Қарағанды көмірі шахталық әдіспен өндіріледі. Мұнда республикада өндірілетін таскөмірдің 32% - ы алынады. Онда 60 шахта, 2 ірі көмір алабы ашық әдіспен жұмыс істейді.
Орталық Қазақстан - қара металлургияның республикалық маңыщы бар негізгі шикізат базасы. Ауданда қара металлургияның дамуы Қарағандының кокс көмірі мен Атасу, Торғай, Соколов - Сарыбай, Әйет, Лисаков, Қашар темір кен орындарының игерілуімен қатар жүзеге асуда. Аталған кокстелетін көмір мен марганец темір кендерін пайдаланып, Теміртау қаласында толық циклді қара металлургия комбинаты ( Арселор Митталл Теміртау) жұмыс істеуде. Комбинатта шойынның 100% -ы, болаттың 97% -ы шығарылады.
Аудандағы ауыр өнеркәсіптің ішінде жақсы дамыған тағы бір саласы - түсті металлургия. Ауданда түсті металдардан мыс, қорғасын, мырыш, вольфрам, молибден және бағалы металдар өндіру салаларының маңызы зор. Мыс өнеркәсібі Жезқазған мен Балқаш маңында өндірілетін мыс кендері негізінде дамыды. Олардың әрқайсысында өздерінің кен байыту комбинаттары бар, онда кенді өндіру, байыту, мысты тазалау, металдарды прокаттау жүзеге асырылады. Мыстың мұндай түрі тек Орталық Қазақстанда шығады. Орталық Қазақстан аумағында Қарағанды - Теміртау АӨК және Балқаш - Жезқазған өнеркәсіп тораптары орналасқан. Аудандағы қорғасын - мырыш өндіретін кәсіпорын Сарыарқа полиметалл өндірістік бірлестігіне топтасқан.
Вольфрам мен молибден өндіру өнеркәсібі алдыңғы қатарда дамып отыр. Тау - кен өндіріс орындары Ақжал, Жамбыл, Ақшатау мен Жоғары Қайрақтыда орналасқан. Түсті металдарды өндіру барысында сирек және шашыранды металдар ( рений, сурьма, кадмий, т.б.) алынады.
Химия өнеркәсібі - синтетикалық каучук, азот тыңайтқышы, таскөмір шайыры, бензол ( Теміртау), күкірт қышқылы (Балқаш, Жезқазған), резеңке, техникалық бұйымдар (Саран), азот тыңайтқыштарын шығарады.
Тамақ өнеркәсібінен аудандаҚарағанды ет, ұн, кондитер комбинаттары, шарап, ликер - арақ, коньяк, сыра зауыттары, Балқаш балық зауыты бар.
Жеңіл өнеркәсіп саласында Қарағанды аяқкиім фабрикасы, трикотаж, тігін, жиһаз бұйымдары шығаратын кәсіпорындар жұмыс істейді.
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында суармалы егін шаруашылығымен қатар етті - сүтті бағыттағы мал өсіру дамыған. Мал шаруашылығынның жетекші саласы - қой шаруашылығы. Жергілікті жердің қатал табиғатына бейімделген етті - майлы еділбай қойы өсіріледі. Ауданның солтүстігіндегі жайылымдар етті - сүтті ірі қара мал мен жылқы өсіруге қолайлы.
Егін шаруашылығының басты мақсаты - жаздық бидай өсіру, мал шаруашылығын жемшөппен қамтамасыз ету. Ауданда жүгері, техникалық дақылдардан күнбағыс, картоп егіледі.
Орталық Қазақстан экономикалық ауданның басты қалалары: Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Балқаш.
Қарағанды - республикамыздағы Алматыдан кейінгі аса ірі өнеркәсіп орталығы. Қарағандының негізгі маманданған саласы - кокстелетін таскөмір өндіру. Қалада тігін және трикотаж өнеркәсіб, құрылыс материалдарынан темір - бетон құрылымдары, блок жасау, кірпіш, алебастр әктас, шыны өндірістері дамыған. Машина жасау өнеркәсіптері де дамыған, экономикасының дамуына "Қарағанды-Пауэр", "Накоста", "Қарағанды - Жарық" ЖШС, "Имсталькон" металконструкция зауыты чияқты кәсіпорындар елеулі үлес қосуда.
Жеңіл өнеркәсір орталықтары - Қарағанды, Абай, Шахтинс, Осакаровка қалаларында. Тамақ өнеркәсібінен Қрағанды ет комбинаты, ұн тарту, кондитер фабрикасы, шарап, коньяк құю зауыттары көзге түседі.
Тамақ өнеркәсібі орталықтары: Қарағанды маргарин зауыты, "Қарағанды конфеті", "Эфес" Қарағанды сыра қайнату зауыты, т.б.
Теміртаудағы өнеркәсіптің жетекші саласы - қара металлургия. Ең ірі кәсіп орын - Арселор Миттал Теміртау. Сонымен бірге қайта балқытатын және толық циклді металлкргия зауыттары, электр энергетикасы, химия кәсіпорындары бар. Теміртауда электрстансылары үшін жабдықтар шығаратын құюмеханика зауыты, машина жөндеу зауыты, тігін және трикотаж фабрикалары, ет, ұн комбинаттары бар.
Жезқазған - мыс қорыту өнеркәсібінің орталығы. Қалада құрылыс өнеркәсібінің кәсіпорындары, трикотаж және тігін фабрикалары, еткомбинаты және қуатты жылу электрстансысы жұмыс істейді.
Балқаш - ірі өнеркәсіпті қала, түсті металлургия орталығы. Балқаш қаласында кен - металлургия комбинаты салынды. Балқашта балық зауыты жұмыс істейді. Өндірілетін өнімнің негізгі түрлері: электр және жылу энергиясы, түсті металл өндірісі. Кен орындарының игерілуіне байналысты Жезді, Абай, Атасу, Қайрақты қала типтес елді мекендері дамыған.

Шығыс Қазақстан
Шығыс Қазақстан облысы
Аумағы 283,2 мың км2
Экономикалық - географиялық жағдайы мен табиғат ресурстары. Қазақстандық Алтай, Нарым өзені арқылы Кенді Алтай және Оңтүстік Алтай болып екіге бөлінеді. Альай мен Тарбағатай беткейлеріндегі таулы, Ертіс өзенінің бойындағы жазықты жайылымдар - ауданның ауыл шаруашылығы үшін тапсырмас байлық. Атмосфералық жауын - шашынның молдығы, Ертіс өзеннің бойындағы қара және сарғылт топырақты алқапта тәлімі егіншілікті дамытуға мүмкіндік береді. Ертіс өзені аудан аумағын оңтүстік - шығыстан солтүстік - батысқа қарай кесіп өтіп, Шығыс Қазақстанды Солтүстік Қазақстанмен және Ресейдің мұнайлы-газды Батыс Сібір ауданымен байналыстырады.
Шығыс Қазақстан табиғат ресурстарының молдығы жөнінен елімізде алдыңғы орында. Мұнда полиметалл кені ⅩⅤⅢ ғасырдан бері өндірілуде. Полиметаллдың негізгі құрамы - қорғасын, мырыш және мыс. Кенді Алтайда полиметалдың Риддер, Зырян, Белоусов, Тишинск, Верхне - Березовск, Быструшинск, Андреев, т.б. кен орындары бар. Кенді Алтай деп түсті және сирек кездесетін металдардың молдығына байналысты аталған. Өткен замандағы терең жанартаулық құбылыстар кезінде магма жыныстарының көтеріліп, шөгінді жыныстарға ене отырып, суынуынан кристалдық жыныстар қалыптасқан. Полиметалдан басқа алтын, күміс, кадмий, сурьма, темір күкірт, молибден, висмут, индий, таллий, селен, телур, сынап, т.б. металдар да кездеседі. Оңтүстік Алтай мен Қалба жотасында қалайы, вольфрам, ванадий кен орындары бар. Алтын өндіруден Семей өңірі жетекші орында. Алтынның Суздаль, Бақыршық, Боко, Октябрь кен орындары да әйгілі.
Шығыс Қазақстан - әлемнің кенге бай аймағының бірі. Аудан аумағында жалпы мемлекеттік қорғасын қорының 26,1% - ы, мырыштың 45,8% - ы, мыстың 47,9% - ы, алтынның 52,2% - ы, титанның 37,1% - ы, тантал кенінің 59% - ы шоғырланған.
Ауданда минералдық отын аз. Соған қарамастан таскөмір және жанғыш тақтатас кен орындары ауданның оңтүстігінде, Зайсан маңындағы Кендірлікте кездеседі. Бұрынғы Семей полигоны аумағында Қаражыра көмір кен орны ашылып, қазір кен өндірілуде. Мұнда өндірілетін көмір Шығыс Қазақстанның қажетін қамтамасыз ететін болады.
Шығыс Қазақстанның негізгі байлығының бірі - су энергетиқалық ресурсы, республикадағы су қорының 50% - ы осы ауданның үлесіне тиесілі. Энергетикалық ресурс ретінде Ертіс, оның таутан құлап ағатын Үлбі, Бұқтырма, Күршім салалары және Нарым өзендері көзге түседі. Аудан аумағында Зайсан, Марқакөл тұщы сулы, Алакөл, Сасықкөл сияқты тұзды көлдер бар. Мұнда балықтын 20-дан астам түрі бар: бекіре, сүйрік, албырт, сазан, табан, аққайраң, алабұға, шортан, т.б. кездеседі. Қазақстанда пайдаланылатын орман қорының 70%-ы осы ауданда. Сондықтанда да орман шаруашылығы бойынша ресаубликада жетекші орын алады.
Өнеркәсібі. Аудан шаруашылығында түсті металлургия өнеркәсібі жетекші орын алады. Мұнда түсті металдарды өндіру және байытудан бастап, оларды металлургиялық қорыту, қорғасын, мырыш, мыс, кадмий, т.б. таза металдар бөліп алу сатыларына дейін жүзеге асады. Шығыс Қазақстанда түсті металдардың 32 түрі өндіріліп, оның 17-сі өңделеді.
Шығыс Қазақстан - еліміздегі бірден - бір мырыш, титан, магний, тантал, ниобий сияқты сирек металдар және атом электрстансыларына отын өндіретін аудан.
Түсті металлургияның, әсіресе қорғасын, мырыш, титан мен магний сияқты энергияны көп қажет ететін металдар өндірісі - ауданның маманданған саласы. Түсті металлургияның осы бағытта мамандануы мұнда металдардың көптеген түрлерінің және энергетика базасының болуына, сондай-ақ олардың бір-біріне жақын орналасу ерекшелігіне байланысты.
Полиметалл өнеркәсібі - түсті металлургияның басты саласы. Полиметалдың құрамында әртүрлі қосындылар бар, олар жеке-жеке зауыттарда қорытылып алынады. Шығыс Қазақстанда Өскемен қорғасын-мырыш, Риддер полиметалл комбинаттары сияқты ірі кәсіпорындар бар. Комбинаттың Өскеменде салынуы мол шикізат базасының, арзанӨскемен су электр энергетикасының, кәсіп орын салуға ыңғайлы жер бедерінің, сондай-ақ қолайлы байналыс жолдарының болуымен түсіндіріледі. Комбинат қорғасын және мырыш пен бірге алтын, күміс, кадмий, таллий, т.б. металдар балқытады.
Риддер полиметалл комбинаты Риддер мен Тишинск кен байыту комбинаттарының концентраттарының қорғасын-мырыш қоспасымен біріктіріп, тазартылған қорғасын және мырыш шығарады. Одан әрі тазарту үшін қорғасын мен мырыш Өскемен комбинатына жіберіледі. Комбинаттың пирит концентраты күкірт қышқылын алу мақсатында Тараз суперфосфат зауытына, ал мыс концентраты "Қазақмырыш" ЖШС-ның жаңа мыс балқыту зауытына жөнелтіледі. Сонымен бірге Белоусов, Верхне - Березовск кен байыту комбинатына ла мыс шикізаты әкелінеді.
Зырян қорғасын комбинаты Шығыс Қазақстан түсті металлургиясының ірі кәсіпорны болып табылады. Шығыс Қазақстандағы қорғасын, мырыш және мыс өндірумен "Қазақмырыш" және "Қазақмыс" корпорациялары айналысады.
Үлбі металлургия комбинаты - АЭС үшін уран ұнтағын, сондайақ тантал мен бериллий өнімдерін шығаратын ТМД- дағы бірден - бір кәсіпорын.
Полиметалл кендері құрамында сульфиттер түріндегі күкірттің мол қоры бар. Металлургиялық қорыту кезінде оның құрамынан күкіртті газ бөлінеді. Ол - күкірт қышқылының шикізаты.
Полиметалл өнеркәсібімен қатар аудандағы түсті металлургияның ірі кәсіпорындарына Өскемен титан - магний комбинаты, жаңадан іске қосылған Титан құймаларын екі реттік балқыту зауыты АҚ, дүниежүзінде түсті металлургия жобасының ең ірісі болып табылатын "Қазмырыш" ЖШС жаңа мыс балқыту зауыты, ТМД - дағы салып жатқан ең қуатты "Қанзақмыс" компаниясының Ақтоғай кен байыту комбинаты, Бақыршық кен орнындағы алтын өңдеу кешені жатады.
Шығыс Қазақстан - еліміздегі негізгі алтын өндіретін аудан. Қазақстандағы 141 алтын кен орнының 50-і осы аудан аумағында. Күршім өзенінің орта ағысында шашыранды алтын өндірумен "Алтай", "Бунашам", "Суздаль", "Орталық Мұқыры", "Алел", "Андас - Алтын" кәсіпорындары ацналысады.
Ауданда Қаражыра, Алакөл, Сайхан, Кендірлік көмір өндіру карьерлері жұмыс істейді. Жалпы республика бойынша түсті және бағалы металл өндіру мен балқытудағы Шығыс Қазақстанның үлесі мынадай:қрпғасын өндіру - 66%, мырыш - 75%, мыс - 30%, алтын - 57%, күміс - 36%, концентратты мыс - 27%, аффинажды алтын - 81%, аффинажды күміс - 33%, титан - 100 %
Энергетика. Шығыс Қазақстан елімізде өндірілетін электр энергиясының 20% - ын береді, сонымен қатар электр желісінің ұзындығы жөнінен жетекші орын алады. Биік тау беткейлерінен құлап ағатын Ертіс өзенінде және оның салалары бойында каскадтар түрінде ағатын бірнеше су электрстансылары салынған. Қуаты шағын Үлбі, Жоғары Хариуз, Тишинск су электрмтансылары Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін салынсы. Одан кейінгі жылдары Өскемен, Бұқтырма, ең қуатты Шүлбі стансылары іске қосылды. Ауданда су электрстансыларымен қатар Кузбастың тасымалды көмірі негізінде жұмыс істейдін Өскемен, Семей, Риддер, Зырян жылу электрстансыларының да маңызы зор.
Машина жасау және металл өнеркәсіптері бір-бірімен байланысты дамиды. Өскеменнің "Шығысмаш" зауыты металлургия зауыттары мен кен байыту комбинаттары үшін бұрғылау және жүк тиейтін машиналар, кен қазатын құрал - жабдықтар шығарады. Өскемен конденсатор зауытының өнімдері электр техникасы, теміржол көлігі, құрылыс, ауылшаруашылық, медицина және машина жасау өнеркәсіптерінде пайдаланылады. Аспап жасау зауыты электрсансысында қажетті құрал-жабдықтар шығарады. Семейде арматура, "Қазақкабель", Өскемен арматура және полимерлік жабдықтар, машина жасау зауыттары бар. Семей қаласында DAEWOO автобусын шығаратын "СемАЗ" зауыты жұмыс істеуде. Ауданда республикамыздағы ең алғашқы "Азия Авто" автомобиль құрастыру зауыты орналасқан.
Құрылыс маткриалдары өнеркәсібі. Қалба жотасындағы Суықбұлақ әрі Сажевск әктас кені негізінде Семей және Өскемен цемент зауыттары жұмыс істейді. Семейде силикатты және жаңа керамикалық кірпіш зауыты бар. Ауданның қала типтес елді мекендерінде темір - бетон бұйымы, құрастырылмалы құрылымдар,ірі қабырға блоктары, ірі панельді қабырғалар, темір - бетон құбырларын жасау кәсіпорындары өркендеген.
Ағаш даярлау және өңдеу. Ағаш Бұқтырма, Күршім, Үлбі, Нарым өзендері аңғарлары мен Белағаш даласында даярланады. Удан ағаш даярлау, ағаш сүрегі және ағаш тілеуден республика бойынша жетекші орында. Өскемен, Риддер, Зырян, Семей және Шомонаиха ағаш өңдеу комбинаттары кесілген ағаштан құрылыс материалдарын, үйге кажетті ағаш бөлшектерін, терезе жақтауларын, т.б. өнімдер әзірлейді. Қарақожа мен Черновинскіде үйге қажет ғаш бөлшектерін жасау комбинаттары, ал Өскеменде республикадағы ең ірі фабрикасы жұмыс істейді.
Жеңіл өнеркәсіптің басты орталығы - Семей қаласы, мұнда мақта жібін іру, жүн жуу, шұлық, тігін - трикотаж, шұға комбинаттары орналасқан. Шығыс Қазақстанда жеңіл өнеркәсіптің жүнді алғашқы өңдеу, жүн иіру, былғары, аяқкиім, тері - тон сияқты салалары ертеден дамыған. Жаңа білдектермен жабдықталған трикотаж, тігін комбинаттары Риддерде, Зырянда, ал жібек талшықтарын шығару комбинаттары Өскеменде салынған.
Тамақ өнеркәсібі. Тамақ өнеркәсібі жергілікті шикізатқа негізделген. Оның ішінде ет өнеркәсібі жетекші орын алып, оның комбинаттары Семей, Өскемен, Риддер, Аягөз, Зырян, қалалары және Приозерное қала типтес елді мекенінде орналасқан. Семей, Өскеменде жергілікті астық негізінде ұн тарту кәсіпорындары жұмыс істеп, елді мекендерде нан, макарон, кондитер өнімдері шығарылады. Ауданда өсірілетін күнбағыс негізінде Өскеменде ірі күнбағыс майын айыру комбинаты жұмыс істейді.
Ауыл шаруашылығы. Шығыс Қазақстан ауданының агроөнеркәсіптік кешенінде жетекші орынды мал шаруашылығы алады. Мал шаруашылығының дамуына ауданның ауыл шаруашылығына жарамды жерінің 80% -ы, яғни жылдың барлық мезгілінде пайдалвнуға болатын шалғындық тау жайылымдары қолайлы. Мұндай жайылымдар ауданның батысындағы Сарыарқа, Қалба, Тарбағатай және Оңтүстік Алтайдың оңтүстік-шығысындағы тауаралық аңғарларда басым.
Ауданның табиғат жағдайының ерекшілігі мен оның қолайлығына байланысты етті-жүнді бағыттағы қой өсіру мал шаруашылығының негізгі саласы болып табылады. Қой шаруашылығы Ертістің сол жақ жағалауында, Оңтүстік Алтай, Сауыр - Тарбағатай бөктерінде, Зайсан қазаншұңқырында дамыған. Кенді Алтай мен Ертістің оң жағалық Белағаш даласы егіншілікпен айналысады. Ауданның солтүстік және орталық бөлігіндегі шаруашылықтарда биязы жүнді және жартылай биязы жүнді, ал оңтүстік және оңтүстік-шығысында қазақтың қылшық жүнді және қаракөл қойларын өсіруге маманданған. Таулы аудандарда биязы жүнді ангор ешкілері өсіріледі.
Сүтті - етті және етті - сүтті бағытта өсірілетін мүйізді ірі қара ауданның барлық жерінде кездеседі. Сүтті - етті бағытта өсірілетін ірі қараға Ертістің оң жақ жағалауы, Алтай, Қалба және Тарбағатай тау бөктері, яғни Ертіс бойының суармалы жайылымдары, Алтай мен Тарбағатайдың альпі және субальпі шалғындары қолайлы болып келеді. Ауданның қалған бөлігі етті - сүтті бағыттағы ірі қара өсіруге маманданған. Кенді Алтай, Қалба жотасы, Тарбағатай бөктерлеріндегі славян халқы басым қоныстанған Белағаш даласында шошқа шаруашылығы дамыған.
Ауданда жыл бойы тебіндеп жайылатын табынды жылқы шаруашылығы өркендеген. Өсімдіктері мол өсетін Алтайдың бөктері мен Тарбағатайдың оңтүстік баурайында омарта шаруашылығымен айналысады. Омарта шаруашылығында хош иісті, дәмі мен шипалы қасиеті жоғары бал жиналады. Республика бойынша жиналатын балдың 70% -ы осы ауданның, яғни Шығыс Қазақстанның үлесіне тиеді. Аудан бал жинаудан бірінші орында. Омарта және марал - Шығыс Қазақстанның өзіне тән ерекше шаруашылықтары.
Шығыс Қазақстанның биік таулы бөктерлерінде, әсіресе Қатон-қарағай ауданында бұғы-марал шаруашылығы дамыған. Марал мен бұғының мүйіздерінен панта алынады. Пантадан пантокрин дәрісі жасалады.
Өсімдік шаруашылығы - ауыл шаруашылығының маңызды салаларының бірі. Егіншілікті аудандары Ертіс бойында, Кенді Алтай, Қалба жотасы, Тарбағатай аңғарында орналасқан. Ертістің оң жағасындағы Белағаш даласы, Алтай бөктерінің Шемонаиха тұсындағы жыртылған жер тұтас алқапты алып жатыр. Ал Оңтүстік Алтай мен Зайсан қазаншұңқырындағы егістіктің көлемі шағын ғана.
Шығыс Қазақстанда тәлімі егіншілік басым. Ал ауданның оңтүстік, оңтүстік - шығыс және жауын - шашын аз түсетін жазық аумақтарында суармалы егіншілік орын алған. Суармалы егіншілік Нарымның жоғары ағысы, Марқакөл қазаншұңқыры, Күршім бойында көбірек кездеседі. Егістікті суаруды Ертіс, Күршім, Нарым, Зайсан, Кендірлік және басқа ұсақ өзендер пайдаланылады.
Шығыс Қазақстанның астық шаруашылығында жаздық бидай жетекші орын алады. Сонымен қатар Тарбағатай беткейінде күздік бидай, ал Ертістің оң жағасы, Қалба жотасы, Үлбі, Бұқтырма, Нарым бөктелерінде күздік қарабидай өсіріледі. Дәнді дақылдардың ішінде арпа мен сұлы егісі ауданның көп жерін алып жатыр. Сұлы мал азығы ретінде өсірілсе, арпа биік таулы аудандарда, қала маңында егіледі. Ал техникалық дақылдардың ішінде май өндіретін дақыл - күнбағыс жетекші орын алады. Мұнда песпубликадағы күнбағыс егісінің 80% - дан астамы егіледі.
Өскемен - түсті металлургия орталығы. Өскемендегі қорғасын - мырыш, титан - магний комбинаттары Кенді Алтайда қорытылатын түсті металдардың едәуір бөлігін өндіреді. Қалада түсті металлургиямен қатар машина жасау салалары бар. Сонымен бірге тамақ және жеңіл, ағаш өңдеу, жібек мата шығару өнеркәсіптері дамып келеді. Жібек мата шығаратын комбинат ірі кәсіпорындардың бірі болып отыр.
Риддер - Шығыс Қазақстандағы кен өндіретін, қорғасын, мырыш және сирек кездесетін металдар қорытатын Өскеменнен кейінгі екінші қала. Риддердің басты өнеркәсіп орны - полиметалл комбинаты. Ол Кенді Алтайдың полиметалл кенінің негізінде жұмыс істейді. Мұнда Риддер мырыш зауытының кен байыту фабрикаларынан келетін коонцентраттардан басқа құрамында біраз мөлшерде мырыш кездесетін қорғасын өндірісінің қожын да ( шлак) пайдаланады.
Семей - Ертістің темір жол қиып өтетін тұсында, өзеннің екі жағына орналасқан. Семей - жеңіл және тамақ өнеркәсіптері қаласы. Семейдің аса ірі кәсіпорындары - республикадағы ең қуатты ет комбинаты және кабель зауыты. Ертістің таза әрі жұмсақ суын пайдаланатын жүнді бастапқы өңдеу фабрикасы - қаланың белгілі кәсіпорны. Шұға комбинаты мен жүн, аяқкиім, тігін-трикотаж, былғары-тері фабрикалары осы кәсіпорындармен тығыз байналыста жұмыс істейді.

Батыс Қазақстан
Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары
Аумағы - 736,1 мың км2
Экономикалық - географиялық жағдайы мен табиғат ресурстары. Бұл - республиканың халық сирек қоныстанған шөлді аудан. Каспий маңы ойпатын, Жалпы Сырт пен Орал тауларының оңтүстік бөлігін, Маңғыстау түбегін, Үстірт, Мұғалжар тауларын, Тұран ойпатының солтүстік - батысын алып жатыр.
Батыс Қазақстан - республика шаруашылығында ерекше орын алатын мұнай - газ өндіретін, сонымен қатар газ, хромит, никель, ферроқорытпа, минералды тыңайтқыштар және мұнай өнеркәсібі үшін құрал-жабдықтар өндіретін аудан.
Аудан экономикасында ауылшаруашылық салаларынан мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы дамған. Батыс Қазақстан - республикамыздағы негізігі балық аулау және балық өңдеу орталығы.
Батыс Қазақстанда өнеркәсіп салаларына қарай әр облыстың өзіне тән мамандану бағыты бар. Мысалы, Атырау, Маңғыстау облыстары балық, мұнай, газ өндіруге маманданған. Ал Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары никель, хромит, ферроқорытпа, минералды тыңайтқыштар мен газ өндіруге, сондай-ақ жеңіл және тамақ өнеркәсіптеріне маманданған.
Ркспубликаның басқа аудандарымен салыстырғанда Батыс Қазақстан халының басым бөлігі - қазақтар. Ал басқа ұлт өуілдерінен украиндер, орыстар, татарлар, корейлер тұрады.
Өнеркәсібі. Батыс қазақстан өнеркәсібінің дамыған салалары - мұнай, газ және химия өнеркәсіптері. Мұнда, алдымен Доссор және Мақат мұнай кәсіпшіліктері пайда болды. Содан кейін Ембі алабы, Маңғыстау түбегіндегі Өзен және Жетібай, Бозашы түбегіндегі Қаламқас және Қаражамбас мұнай-газ кен орындары игерілді. Мұнай өнеркәсібінің дамуына байланысты Батыс Қазақстан аумақтық - өндірістік кешені жақсы дамып келеді. Ембі алабы мен Маңғыстау түбегінде мұнай-газды өндіру, Атырауда мұнай өңдеу, полиэтилен өндіру, ал Жаңаөзен, Жаңажол және Теңізде газ өңдеу кәсіпорындары дамыған. Ақтау қаласында мұнай, газ және химия өнімдерінің негізінде пластмасса жасап шығарылады.
Батыс Қазақстанда хром мен никель кендерінің ірі қоры қара металлургия өнеркәсібінің орталығы - Кемпірсай алабында бар. Ақтөбе қаласындағы ферроқорытпа зауыты хром кен орындары шикізатын пайдаланып жұмыс істейді.
Машина жасау өнеркәсібіне Атыраудағы машина жасау зауыты, Ақтөбедегі рентген аппаратурасы зауыты, сондай-ақ Орал қаласындағы механикалық, арматура, аспап, құрылыс-монтаж құралдарын жасайтын және кеме жасау және жөндеу зауыттары кіреді.
Химия өнеркәсібі мұнай және мұнай-химия өндірісі негізінде дамыған. Ірі химия өнеркәсібіне Атырау полиэтилен зауыты, Ақтөбе хром қоспалары зауыты, Ақтөбе химия комбинаты кіреді. Ақтөбе химия комбинаты жергілікті фосфориттер мен Каспий маңының тұздарын пайдаланады.
Құрылыс материалдары. Батыс Қазақстан әктас, мергель, гипс сияқты құрылыс материалдарына бай. Маңғыстауда ұлутас өндіретін карьерлер жұмыс істейді. Әктас, ұлутас Ақтаудың негізгі құрылыс материалдары болып табылады.
Тамақ өнеркәсібінде балық өңдеу саласы жақсы дамыған. Бұл экономикалық ауданда балық зауыттарымен қоса балық өңдейтін бірнеше кәсіпорындар бар. Солардың ішінде ең ірісі - Атырау балық өңдеу комбинаты. Одан басқа Ералиев және Баутино қалаларында орналасқан балық-консерві зауыттары жұмыс істейді. Сонымен қатар Батыс Қазақстан мен Ақтөбеде ұн-жарма кәсіпорындары бар.
Жеңіл өнеркәсіптен тері-тон, киіз басу, былғары, аяқкиім, тігін тігу салалары жақсы дамыған. Орал қаласында пима фабрикасы орналасқан. Жеңіл өнеркәсіптен тағы бір ірі өндіріс орны "Клара Цеткин" атындағы тігін фабрикасын атауға болады.
Ауыл шаруашылығы. Мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының жетекші саласы болып табылады. Бұл ауданда қылшық жүнді еділбай және қаракөл тұқымды қой өсіру, солтүстік дала белдеулерінде етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы жақсы дамыған. Сонымен қатар бұл аудан ертеден жылқы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туристік рекреациялық ресурстар және олардың таралуы
Ұлттық қауіпсіздік ұғымы
Батыс Қытай Батыс Еуропа жол дәлізі Қазақстан үшін маңызы
Қазақстандағы құс шаруашылығы мәселелері
Ақмола облысының салық департаменті жұмысы негізінде салықтардын түсімін және салықтық бақылаудың ұйымдастыруын талдау
Соғыс жағдайындағы Қазақстанның көлеңкелі тұстары
Азамат соғысы
Туристік ресурстар тізімін дайындау
Облыстың көлік және коммуникациялық байланыстары
Климаты, қуаңшылыққа жел эрозиясының әсері
Пәндер