Антикалық философияның қалыптасу алғышарттары, даму кезеңдері және ежелгі грек философиялық мектептері

Антикалық философия қалыптасуының алғышарттары және даму кезеңдері
Ежелгі грек философиясы (ілімі, мектептері) деп қазіргі Греция мен Кіші Азиядағы грек полистерінде (қала-мемлекеттерде), Жерорта жағалауларында, Қырымда, Азия мен Африканың эллиндік мемлекеттерінде және Рим империясында өмір сүрген грек философтары жасаған рухани философиялық қазына аталады. (Ежелгі Рим философиясы ежелгі грек философиясымен тікелей «Ежелгі грек-рим» немесе «Антикалық философия» деген атпен бірігеді) .
3. 2 Ежелгі Грек (антика) философиясы өз дамуында 4 негізгі кезеңнен өтті:
1) демократиялық (Сократқа дейінгі) -б. д. д VII-V ғ. ғ;
2) классикалық (Сократтық) - б. д. д. V-IV ғ. соңы;
3) эллиндік - б. д. д. IV ғ. соңынан - б. д. д. II ғ. ғ;
4) римдік - б. д. д. I-б. д. Vғ. аралығы.
Демократияық немесе Натурфилософиялық кезеңге «Сократқа дейінгі» философтардың шығармашылығы жатады:
1) Милет мектебі - «физиктер» (Фалес, Анаксимандр, Анаксимен) ;
2) Эфестік Герклит;
3) Элей мектебі;
4) Атомистер (Демокрит, Левкипп) т. б кейбір философтар.
«Сократқа дейінгі» натурфилософтар айналысқан негізгі мәселелер:
1) табиғат құбылыстарын түсіндіру;
2) космос мәні;
3) айналадағы дүние;
4) түп негіз мәнін түсіндіру.
Ежелгігрек философиялық мектептері мен бағыттары
Ежелгі грек (антикалық) философиясының ерекшеліктері:
1) полистердің экономикалық көркеюі - антикалық философияның көркеюінің материалды негізі болды;
2) ежелгі грек философиясы - материалды өндіріс процесінен қол үзді, ал философтар - дене еңбегінен азат, қоғамның рухани және саяси жетекшілігіне ұмтылысы бар дербес қоғамдық әлеуметтік ақсүйектер тобына айналды;
3) ежелгі грек философиясының негізгі идеясы - космоцентризм (Космос алдындағы қорқыныш, Космосқа табыну, материалды дүние мәселелерін: материалды дүние құбылыстарын түсіндіруге қызығушылықтың басымдылығы) ;
4) кейінгі кезеңдерде космоцентризм мен антропоцентризмнің (адам мәселесінің) бірігіп кетуі;
5) құдайлар тіршілігі мойындалады;
6) ежелгі грек құдайларының - табиғат бөлшегі ретінде қарастырылуы және адамдарға жақтас болуы;
7) адамның - табиғат бөлшегі ретінде қабылдануы, қоршаған дүниеден бөлінбеуі;
8) философиядағы екі бағыттың - идеализм («Платон бағыты») мен материализмнің (Демокрит бағыты) пайда болып, өзара басымдығының алмасып отыруы: Сократқа дейінгі кезеңде - материализм, классикалық кезеңде - бірдей ықпал, эллиндік кезеңде - материализм, ал римдік кезеңде - идеалистік.
Антикалық грек-рим философиясы. Ежелгі Грецияда философия б. д. д IV-V ғасырларда пайда болды. Басқа елдердегі сияқты, Ежелгі Грек философиясы да мифология негізінде пайда болды және өзінің онымен байланысын ұзақ уақыт бойы сақтады.
Ежелгі Грецияның алғашқы философиялық мектептері:
1) Милет мектебі;
2) пифагорлік мектептер;
3) Элей мектебі;
4) Атомистер мектебі.
«Сократқа дейінгі» кезеңдегі философиялық мектептердің жалпы сипаты:
1) космоцентризм;
2) табиғат, дүние құбылыстарын түсіндіруге ұмтылыс;
3) дүние негізін, жаратушы мәнді іздеу;
4) гилозоизм (өлі табиғатқа да жан тән деп санау) ;
5) философиялық ілімдердің доктринерлік (талдауға жатпайтын) сипаты.
Милет мектебі б. д. д VI ғ. Ежелгі Грецияда - Кіші Азияның ірі сауда кәсіптік - полисінде пайда болды. «Жеті дана» деп аталған ойшылдар осы мектептің негізгі өкілдері болды.
Олардың әйгілілері:
- Фалес;
- Анаксимандр;
- Анаксимен болды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz