Жеке адам психологиясы туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Сабақтың тақырыбы: Жеке адам психологиясы
Мұндағы қарастыратын негізгі сұрақтарымыз мынадай:
1. Адам, жеке адам, даралық түсініктерінің арақатынасы.
2. Жеке адам туралы теориялар.
3. Жеке адамның психологиялық құрылымы.
4. Жеке адамның бойындағы қасиеттер.
1. Адам, жеке адам, даралық түсініктерінің арақатынасы.
Адам туралы түсінік. Түпкі және тектік, бастапқы түсінік адам болуға
тиіс. Адам бұл – ең алдымен, Homo Sapiens түріндегі сүтқоректілер класына
жататын биологиялық тіршілік иесі. Басқа жануарлардан айырмашылығы адамда
сана бар, яғни ол сыртқы ортаның мәнін де, өз жаратылысын да танып біледі
және осыған орай парасатты түрде, ойланып әрекет жасайды. Адам биологиялық
тек ретінде негізгі ерекшеліктері мыналар болып табылатын айрықша дене
бітімімен сипатталады: денесін тік ұстап жүру, еңбекке бейімделген екі
қолының болуы, әлеуметтік жағдайларда өмірді өз танымында бейнелеп және оны
өз қажеттілігіне қарай қайта құруға бейім жоғары дәрежеде дамыған миының
болуы. Мысалы, жануарлар бүгінгісін ойласа, адамдар келешегін ойлап,
саналы түрде әрекет жасайды.
Адам сонымен бірге қоғамдық тіршілік иесі, әрі бұл оның ең елеулі
белгісі. Қоғамдық өмір мен еңбек адамның табиғи құрылымын жетілдіріп қана
қойған жоқ, сондай-ақ оны өз еркіне бағындырды. Адам өзінен-өзі қоғамдық
өмір жемісі болып табылатын сананың таратушысы. Тек қоғамда және қоғамның
игі әсері арқасында ғана адам танып-білуге және еңбек теуге қабілетті болып
қоймайды, сонымен қатар, өзінің ішкі процестерін сезінуге, тілегі мен
жағдайын сыртқы өмір жағдайларымен үйлестіре білуге, парасатты түрде іс-
әрекет етуге бейімделеді.
Жеке адам туралы түсінік. Жеке адам түсінігі адам түсінігіне
қарағанда біршама тар мағынаға ие. Жеке адам – қоғамда белгілі бір жағдайға
ие және белгілі бір қоғамдық рөл атқаратын, саналы индивид. Рөл дегеніміз –
жеке адамның атқаратын әлеуметтік қызметі. Мысалы, ата – ананың рөлі баланы
тәрбиелеу, ал мектеп мүдірінің рөлі – мұғалімдер ұжымын басқару және
оқушылардың оқыту процесін ұйымдастыру.
Жеке адамның позициясы дегеніміз – оның қатынастарының жүйесі. Жеке
адамның мәнді қатынастарына: өмірдің материалдық жағдайларына, қоғамға және
адамдарға, өзіне, өзі мойнына алған міндеттерге, еңбек міндеттеріне деген
т.б. қатынастар жатады. Бұл қатынастар жеке адамның адамгершілік бейнесін,
оның әлеуметтік бағдарын сипаттайды.
Даралық туралы түсінік. Даралық жеке адамнан жоғары немесе төмен
әлдене емес. Даралық дегенміз - өзіндік ерекшелігі бар жеке адам. Даралық
туралы сөз қозғағанда жеке адамның өзінше бөлек сыр-сипатын айтады. Әдетте
даралық деген сөзбен жеке адамды басқалардан ерекшелендіріп тұратын
қандай да бір басты қасиетін көрсетеді. Даралық интеллектілік, эмоциялық,
еріктік сфераларда немесе психикалық іс-әрекеттің барлық саласында бірден
көрінеді. Интеллектінің өзіндік ерекшелігі оның басқалар байқай бермейтінді
көре білу қабілетінде, ақпаратты өңдеу ерекшеліктерінде, яғни алдына
проблема қойып, оны шеше білуінде болып табылады. Сезімдердің ерекшелігі
олардың белгілі біреуінің шектен тыс дамуынан, эмоциясының өте
шапшаңдығынан көрінуі мүмкін. Мысалы, әрбір адамның өзіндік дара
ерекшеліктері болады, атап айтсақ, қабілетінде, мінезінде, іс - әрекетінде,
темпераментінде және т.б.
Даралық жеке адамды нақтырақ, дәлірек, солай болған соң да толығырақ
сипаттайды. Ол жеке адамның психологиясын зерттеген кезде де, сондай-ақ
психологияның басқа бағыттары қарастырылғанда да зерттеудің тұрақты
объектісі болып табылады (1 - сызба).
2. Жеке адам, оның мұқтаждықтары туралы теориялар өте ерте кезде ,
Грецияда пайда болған. Ең ежелгі кезде пайда болып жайылған теорияның
бірі – материалистік теория оның жақтаушылары Греция философтары
Аристорх, Эпикур.Бұл теория бойынша, адамның әрекеттері қылықтары оның
жағымды сезімдерге ұмтылып оларды қайтарып тастаумен байланысты.
Олардың айтуынша, адам өзінің тұрмысында, тіршілігінде әрқашанда
жағымды сезімдерді тудырып, сол сезімдер үшін әрекет ету, соған ұмтылу,
жағымсыз сезімдерді ұмытуға талпынады. Ал француз психологтары
мұқтаждық туралы физиологиялық теориялардың негізін салды. Бұлар
адамның мұқтаждықтары тәнде болатын түрлі биологиялық және физиологиялы
ағымдармен байланысты. Мұқтаждық адамның тәнінде болтын түрлі
биологиялық жағдайларды санадан өткізіп таниды. Бұл биологиялық теория,
олар адамның мұқтаждығын биологиялық, физиологиялық ағымдарға теңеуге
болмайтындығын ескереді.
Сексуалдық теория немістің оқымысты психоаналистік – психонерволой
З.Фрейд (1853 – 1939ж.) адамның мұқтаждықтарын ынтығуларға, яғни
құмартуларға апарып теңейді оның айтуынша Аданың екі түрлі ынтығулары
болады. Бірі сексуалдық, яғни жыныстық ынтығу; екіншісі, мендік, яғни
өзін өзі қорғауға ынтығуы сексуалдық ынтығудан кейін пайда болады.
Фрейдтің айтуынша, сексуалдық ,яғни жыныстық құмартулар өте ерте кезде
пайда болады.
Жеке адам теориясының 3 типі: психодинамикалық, социодинамикалық,
нитераукционистикалық эксперименттер және экспериментті емес, құрылымды
және динамикалық түр теорияның ерекшеліктері.
Шетел психологиясындағы жеке адам теориялары:
1) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заң психологиясының пәні мақсаты мен міндеттері, салалары. Заң психологиясының даму тарихы
Заң психологиясы жайлы түсінік жайлы
СОВЕТТІК ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны
Жалпы психологиялық дайындық
Қазіргі замандағы психологияның даму жолдары
Психологияның даму тарихы
Заң және сот психологиясы
Саяси психология
Заң психологиясы – психология ғылымының бір саласы ретінде
Пәндер