Шетелдік электронды үкімет


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Архив-303

Асан Өркен

Шетелдік электронды үкімет.

«Электрондық үкіметті» қалыптастырудың әртүрлі өңірлер мен әлем елдері тәжірибесіндегі үш негізгі модельді бөліп алу қажет: Америкадағы, Европа мен Азиядағы. Американдық модель «электрондық үкіметтің» АҚШ-тағы қалыптасу ерекшелігін көрсетеді; еуропалық болса өзіне Батыс, Орталық және Шығыс Еуропаның көптеген елдеріндегі «электрондық үкіметтің» дамуын қамтиды; азиялық модель Сингапур мен Оңтүстік Кореяда табыспен қолданылады.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылындағы жеңілдік, қолжетімділік пен аз шығындар «электрондық үкіметтің» американдық моделінің негізгі мақсаты болып табылады.

Өз кезегінде еуропалық модельге Еуропарламент, Еурокомиссия, Еуропалық сот секілді мемлекеттіктен жоғары институттар тән, олардың ұсынымдары «электрондық үкіметтің» қызметін дамыту және реттелімдеу кезінде барлық Еуропалық Одақ елдері үшін міндетті.

Азиялық модельдің басқару стилі ерекше, ол корпоративтік мәдениеттің азиялық тұрпатына және сатылық пирамида қағидаты бойынша ұйымдастырылған мемлекеттік басқарудың көп қабатты жүйесіне иек артады. Мәселен, Оңтүстік Корея үкіметі «электрондық үкіметті» қалыптастыру кезінде негізгі назарды тұрғындар қажеттіліктерін қанағаттандыруға және АКТ-ны бірінші кезекте мәдениет және білім саласына аударды /1/.

Біріккен Ұлттар Ұйымының (бұдан әрі - БҰҰ) ғаламдық рейтингісінде 2016 жылы «электрондық үкіметтің» даму деңгейі бойынша Ұлыбритания 2-ші орында - Австралия, 3-орынды - Оңтүстік Корея (бұрнағы жылдар көшбасшысы) алды. Сондай-ақ АҚШ - жалпы әлемдік рейтингінің 12-орнында, Ресей -35-ші, Қытай - 63, Өзбекстан мен Қырғызстан тиісінше - 80-ші және 97-ші орындарда. Қазақстан барлық ТМД елдерін басып озып 33-орында тұр.

Бұдан басқа, БҰҰ есебіне сай, Азия елдерінің арасында «электрондық үкіметтің» даму деңгейі бойынша Қазақстан 2016 жылы 7-ші атанды.

Бұдан жоғары Оңтүстік Корея, Сингапур, Жапония, Израиль, Бахрейн мен Біріккен Араб Эмираттары жайғасты. /2/

Көш бастаушы елдердің «электрондық үкіметтің» даму деңгейі бойынша былайша көрініс табады.

Ұлыбритания. Британ үкметінің ең белсенді автоматтандыру мезгілі 2000-ші жылдарға келіп түсті.

2000-ші жылдары жаңа тұжырымдалық жұмыс басталды. Премьер-министр Тони Блэр «электрондық үкіметтің» қажетті инфрақұрылымын құруға бюджет шығындарының ұлғайтылуына, қолдаушы нормативтік актілердің қабылдануына қол жеткізді және АКТ саласын елдегі даму үдерісін тездеттті. Министрлер Кабинеті жанында барлық жұмысты үйлестірген арнайы комиссия құрылды. Министрлер Кабинеті жанындағы комиссия алғаш рет электрондық коммерцияның жүзеге асырылуын және электронды-цифрлы қолтаңбаның қолданылуын реттелімдейтін заңдарды бекіттті.

Сондай-ақ Ұлыбританияда «Үкіметті жаңғырту жөніндегі ақ кітаптың» ережелеріне негізделген «Е-азаматтар е-бизнес, е-үкімет. Ақпараттық дәуірдегі қоғамды қызметтеудің стратегиялық тұжырымдамасы» атты «электрондық үкіметті» ендіру бағдарламасы қабылданған болатын. Бағдарламаның негізгі мақсаты «электрондық үкіметке» көшу үдерісін талдау мен нақтылау болды. Бағдарлмада мынадай мәселелер қаралды:

- азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдар үшін іске асыруға қажет мемлекеттік қызмет көрсетулердің құрылымы мен құрамы;
- ұсынылатын сервистердің ауқымын кеңейту;
- азаматттар мен тұрғындарды мемлекеттік қызмет көрсетумен толық қамтуды қамтуды қамтамасыз ету;
- ақпаратты пайдалануды жақсарту;
- барлық қажетті шарларды жүзеге асыру жөніндегі нақты шараларды айқындау.

Бұдан басқа, 2011 жылы Ұлыбритания Үкіметі жаңа АКТ-стратегиясын бекітті, ол шығындарды қысқартуға және елдің АКТ-жүйелерінің тиімділігін арттыруға арналған болатын.

Ұсынылған АКТ саласындағы бірқатар проблемаларды мынадай шаралар есебінен шешуге мүмкіндік берді:

- АКТ-ға бақылауды орталықтандыру;
- артық ресурстарды аластату;
- ашық кодпен бағдарламалық қамтамасыз етулер үшін теңдей мүмкіндіктер жасау;
- ашық стандарттарды мәжбүрлеп пайдалану;
- АКТ-жүйелерінің жалпы мемлекеттік реестрін құру;
- жалпы мемлекттік «қосымшалар магазинін» құру;
- ірі жобаларды іске асыру уақытына тұтқалы басшыларға лауазымдарын сақтау, министрлер мен мемлекеттік қызметшілердің АКТ-жобаларын және бағдарламаларын іске асыру барысы туралы жүйелі есеп беруін көтермелеу.

Сондай-ақ «электрондық үкіметті» қалыптастыру мақсатында Ұлыбританияда «Цифрлы Британия» атауымен бағдарлама әзірленген болатын.

Срапшылар бағдарлама әзірледі, соған сай «ғаламтордағы үкіметтен» «ғаламтордан үкіметке» көшу қажет. 2011 жылы Британия үкіметі көптеген мемлекеттік сайттарды бірыңғай жүйеге біріктіретін сайтты әзірлеудің орнына электронды түрдегі бар мемлекеттік қызмет көрсетулерді азаматтар мүдделеріне жауап беретіндей қайта өңдеуді шешті.

Тұрғындарды ыңғайлырақ тәсілге көшуін ынталандыру үшін бірыңғай GOV. UK порталы құрылды, қазіргі тұста онда 24 министрліктік департамент пен 330-дан астам мемлекеттік орган бар, сондай-ақ порталда мәдениет, қоршаған ортаны қорғау және тағы басқалар бойынша 47 тақырыпта әралуан материалдар жарияланады. GOV. UK порталы АКТ-ны пайдалана көрсететін мемлекеттік қызметтерге бірыңғай қолжетімді нүкте болып табылады. UK online порталына қарағанда GOV. UK негізгі тіршілік оқиғалары бойынша емес, ірі қызмет топтары (мысалы, денсаулық сақтау, білім беру, жұмысқа орналасу және т. с. с. ) мен тұрғандардыың мақсаттық топтары (ата-аналар, мүгедектер, жастар және т. б. ) бойынша ұйымдастырылған. /3/

Барлық азаматтар, соның ішінде бүгіндері онлайн-сервистер алатындар және сонымен бірге ондай мүмкіндіктері жоқтар үшін ақпарат пен әртүрлі транзакциялық сервистердің қолжетімділігі британдық «электрондық үкіметтің» негізгі қағидаты болып табылады. Британия тұрғындарының 17% - бұлар әралуан себептер бойынша Ғаламторды пайдаланбайтын адамдар. Негізінен олар егде кісілер, мүмкіндіктері шектеулі жандар және тәуекел тобының өкілдері.

Бұдан басқа, порталдың ашық кодты өнімдер базасына құрылғаны HTML5 жүйесін пайдаланатыны және бұлтты хостингте орналасатыны GOV. UK порталының ерекше сипаты болып табылады. Мұндай ұстаным, британдық басшылардың пікірлері бойынша 21-ші ғасырда онлайн-тұғырнамаларын құруға озық ұстанымды бейнелейді. Сондай-ақ GOV. UK шығыс коды GitHub сайтында келтірілген, оны барлық тілек білдірушілер өндіріп ала алады, сондай-ақ кез келген компания өз сервистерін gov. uk орналасқан деректер орталығына жайғастыра алады.

Корея. 1995 жылы Оңтүстік Корея Үкіметі әзірлеген, Ұлттық Корея Ассамблеясы бекіткен «Ақпараттандыруды жылжыту туралы» жиектемелі заңы күшіне енді, ол ақпараттандыру және электрондық басқару жөніндегі саясат үшін негіз болып атанды. Осы актінің негізінде «Ақпараттандыру жөніндегі комитет» ұлттық интегратор және реттеуші функциясымен, «Ақпараттандыруға жәрдемдесу қорымен» бірге, осы бағдарламаларды қаржыландыру үшін мемлекеттік және жекеменшіктік инвестицияларды тарту міндетімен құрылды, олар ақпараттандыру және «электрондық үкімет» үшін негізгі жауапты орган ретінде шығады.

Бұдан басқа, бұл заң сондай-ақ «электрондық үкіметтің» жүйенің ақпараттық технологиялар (CIO) жөніндегі директордың лауазымы ретіндегі бастамаларын іске асыру үшін негіз қалады.
1997 жылы ақпараттандыру бойынша жобаларды бағалау жүйесі енгізілген болатын, үкімет өз стратегиясына тексеруді жүзеге асырды және мемлекеттік басқаруға озық АКТ-ны ендірудің екінші кезеңіне көшті, ал 1999 жылы барлығын қамтитын «электрондық үкіметті» іске асыру жоспары жасалған болатын.

Сондай-ақ 2001 жылы Кореяда «электрондық үкімет» бойынша алғашқы «Үкіметтің мемлекеттік басқарудың цифрлы технологияларын қолдануға көшу» қабылданып бекітілді.

Бұдан басқа, 2003 жылғы мамырда «Электрондық үкіметтің дамуын көру және бағыттары» Жол картасы мен кейінірек белгілі ретіндегі «Электрондық үкімет жөніндегі жол картасы» бекітілген болатын. Ол «Электрондық үкіметтің үздік әлемі» тұжырымдамасын іске асыруды көруге негізделген.

Жол картасы төрт бөлімге, 10 күн тәртібіне, 31 міндетке және 45 егжей-тегжейлі міндетшелерді іске асырудың бөлшектелген жоспарларына бөлінген, сондай-ақ көріністі іске асыру үшін нақты және айрықша тиімділік көрсеткіштерін сипаттайды. Бұл картаның «электрондық үкіметтің үздік әлемін» былайша құру мақсаты болғанымен байланысты:

1) онлайн-коммуналдық қызмет көрсетулер пайызын 85%-ға дейін ұлғайту;
2) әлемде бизнестің бәсекеге қабілеттілігі мен бизнесті мемлекеттік қолдау жөніндегі рейтингтерінде 10-топқа көтерілу;
3) мемлекеттік қызмет көрсетуді жылына 3-ке дейін алу мақсатында азаматтардың мемлекеттік органдарға жекелей болуын азайту;
4) «электрондық үкімет» бағдарламаларын пайдалану коэффициентін 60%-ға дейін арттыру.

Бұдан басқа, Корея Республикасында «электрондық үкіметті» дамытудың келесі кезеңдері бар:

1) 1. 0 үкіметі - өз-өзіне бағдарланған (деректерді өңдеуді ішкі автоматтандыру), азаматтармен өзара іс-қимыл біржақты тәртіпте және онлайнда жүзеге асырылады.

Өткен ғасырдың 80-ші жылдарының ортасында мемлекет АКТ-ны мемлекеттік басқару секторына ендіру туралы стратегиялық шешім қабылдады. 1987 мен 2000 жылдар аралығында билік органдарында жұмыс процестерінің цифрлы технологияларға ауыстыру жүзеге асырылды, «электрондық үкіметтің» инфрақұрылымы қалыптасты. Осы кезеңде негізгі ведомстволардың (кеден қызметі, салық қызметі, патенттік ведомство) жұмысы автоматтандырылды. «Электрондық үкіметтің» инфрақұрылымы, «электрондық сатып алулар» порталы құрылды, азаматтарды смартфондар арқылы хабардар ету сервисі іске қосылды;

2) 2. 0 үкіметі - өзара іс-қимылы онлайнмен және интерактивті жүзеге асырылатын азаматтарға бағдарланған.

2001 мен 2007 жылдар аралығында электронды түрде ұсынылатын мемлекеттік қызмет ауқымы кеңейді, барлық процестерді цифрлы технологияларға толық ауыстыру жүзеге асырылды. Кезең аяқталған бойда электронды түрде ұсынылатын мемлекеттік қызмет ауқымы азаматтар мен бизнес үшін ұлғайды, әкімшілік реформаны жүргізу есебінен басқарудыің тиімділігі мен мөлдірлігі арттырылды, «электрондық үкімет» пен өзге де ақпараттық жүйелер арасындағы бірігу қамтамасыз етілді.

3) 3. 0 үкіметі - нақты адамға бағдарланған, мемлекетпен іс-қимыл үшін қажетті деректерге ашық қолжетімділікті қамтамсыз етеді және азаматтарға электронды түрде сапалы мемлекеттік қызметтерді көрсетеді. /4/

Электронды түрдегі мемлекеттік қызметтер ұтқыр құрылғылар арқылы көрсетіледі. 2008 мен 2012 жылдар аралығында мемлекеттік қызметті азамататтарға үздіксіз көрсету үшін «электрондық үкіметтің» басқа да ақпараттық жүйелермен бірікітірілуі жүргізілді.

Сондай-ақ 2013 жылдан Корея Республикасында «ақылды үкімет» стратегиясы іске асырылуда - 4. 0 электрондық үкіметі. /4/

Жаңа стратегия қазіргі уақытта Корея Республикасының барлық тұрғыдарында бар ұтқыр құрылғыларды барынша пайдалануға көшуге бағытталған. Ұтқыр телефондар электронды түрдегі мемлекеттік қызметтер көрсету, ақпарат беру, хабардар ету және жолақы төлеу үшін пайдаланылады. Қосымша үкімет өзінің алдына мол деректерді жинау мен өңдеу және оларды тек мемлекеттік басқару мұқтаждары үшін ғана емес, сонымен қатар республика тұрғындарына ұсыну үшін пайдалану міндетін қойды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының құқықтық негіздері
Мемлекеттік электрондық қызметтер - ақпараттық технологияларды пайдаланумен электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қалыптасуы
КАНАДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ
Электрондық үкіметтің әлемдік тәжірибесі және оның Қазақстандағы қалыптасуы (салыстырмалы саяси талдау)
Қазақстандағы ғылым-білім жүйесі ақпараттық қоғам идеологиясы мен философиясы
Қазақстандағы электрондық банктік қызметтің дамуына талдау
Е- үкімет мемлекеттік бағдарламасы
ҚР президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдаулары
Тактикалық басқаруға арналған ақпараттар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz