Мемлекеттік қаржы және оның құрамы


ОСӨЖ 3
Талдамалық жұмыс
Тақырыбы : Мемлекеттік қаржы және оның құрамы.
Орындаған: Төлеуғали Нұрдәулет Ержанұлы
Тексерген: Ахметова Гулистан Ивановна
Мемлекеттік каржы - елдің қаржы жүйесінің маңызды бөлігі; экономиканы реттеуге, азаматтардың әлеуметтік қажеттерін, қорғаныс, мемлекеттік басқару, мемлекеттік борышты өтеу мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған мемлекеттік ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты құндық бөлу үдерісінде туындайтын ақша қаты- настары. Экономикалық мазмұнына қарай мемлекеттік каржы әр текті, онда: мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар, мемлекеттік несие, мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындардың қаржысы қамтылады.
Республикалық бюджет - бюджет жүйесінің дербес бөлігі; мемлекеттік бюджет жүйесінің құрамына кіреді. Жалпы республикалық маңызы бар экономикалық, әлеуметтік және несиелік даму саласындағы шаралардың қаржыландырылуын қажет қаражатпен қамтамасыз етеді. Облыстар мен республикалық бағыныстағы қалалардың ең аз нормативтер бойынша шығындарды өтеуге өз кірістері жеткіліксіз болған жағдайда олардың әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз ету мақсатымен қаржы ресурстарының бір бөлігі демеуқаржы түрінде республикалық бюджет арқылы олардың арасында қайта бөлінеді.
2021 жылдың 1 қырқұйегіндегі республикалық бюджеттің игерілмегендігі бойынша талдамалық жұмыс.
Республикалық бюджеттік бағдарламалардың мынадай әкімшілері ең көп игермеуге жол берді:
- Денсаулық сақтау министрлігі - 4 977, 6 млн. теңге;
- Ішкі істер министрлігі - 2 237, 3 млн. теңге;
- Мәдениет және спорт министрлігі - 1 268 млн. теңге;
- Әділет министрлігі - 957, 4 млн. теңге;
- Төтенше жағдайлар министрлігі - 710, 3 млн. теңге.
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Көзделген
қаражат
Қабылданған
міндеттемелер
Қабылданған
міндеттемелер
Игеру
сомасы
Атқарылмау
сомасы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне 2021 жылға арналған республикалық бюджетте 1 994 054 млн. теңге сомасында қаражат көзделген. Министрлік бойынша 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша қабылданған міндеттемелер 1 433 593, 6 млн. теңге жоспарда 1 358 463, 8 млн. теңгені құрады, 75 129, 8 млн. теңге сомасында міндеттемелер қабылданған жоқ. Игеру 1 317 980, 4 млн. теңгені немесе төлемдер бойынша жоспарға 1 323 198, 3 млн. теңге сомасында 99, 6% құрады. Атқарылмау сомасы 5 217, 9 млн. теңгені құрады, оның ішінде 240, 3 млн. теңге - бюджет қаражатын үнемдеу. Игерілмегені 4 977, 6 млн. теңге, оның ішінде төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың ұсынылмауына байланысты мынадай себептер бойынша:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен ағымды іс-шаралар өткізу бойынша - 3 238, 4 млн. теңге;
- қоғамдық денсаулықты сақтау - 1 028 млн. теңге.
- Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
Көзделген
қаражат
Қабылданған
міндеттемелер
Қабылданбаған
міндеттемелер
Игеру
сомасы
Атқарылмау
сомасы
Министрлікке 2021 жылға арналған республикалық бюджетте 331 674 млн. теңге сомасында қаражат көзделген. 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша қабылданған міндеттемелер 240 425, 1 млн. теңге жоспарда 232 783, 2 млн. теңгені құрады, 7 642 млн. теңге сомасында міндеттемелер қабылданған жоқ. Игеру 206 358, 6 млн. теңгені немесе 209 636, 8 млн. теңге сомасында төлемдер бойынша жоспарға 98, 4% құрады. Атқарылмау сомасы 3 278, 2 млн. теңгені құрады, оның ішінде 1 041 млн. теңге - бюджет қаражатын үнемдеу. Игерілмегені 2 237, 3 млн. теңге, оның ішінде келесі себептер бойынша нақты көрсетілген қызметтер көлемі үшін төлем жүргізілуіне байланысты:
- қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша - 1 015, 2 млн. теңге;
- қылмыстық-атқару жүйесінің қызметін ұйымдастыру бойынша-473 млн. теңге.
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
Көзделген
қаражат
Қабылданған
міндеттемелер
Қабылданбаған
міндеттемелер
Игеру
сомасы
Атқарылмау
сомасы
Министрлікке 2021 жылға арналған республикалық бюджетте 164 061, 2 млн. теңге сомасында қаражат көзделген. 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша қабылданған міндеттемелер 130 343, 1 млн. теңгені құрады, жоспар бойынша 140 600, 7млн. теңге, 10 257, 6 млн. теңге сомасында міндеттемелер қабылданған жоқ. Игеру 97 252, 4 млн. теңгені немесе 98 580, 3 млн. теңге сомасында төлемдер бойынша жоспарға 98, 7% құрады. Атқарылмау сомасы 1 327, 8 млн. теңгені құрады, оның ішінде 59, 9 млн. теңге - бюджет қаражатын үнемдеу. Игерілмегені 1 268 млн. теңге, оның ішінде орындалған жұмыстардың актілерін, мынадай себептер бойынша шот-фактураларды уақтылы ұсынбауға байланысты: 1 268 млн. теңге орындалған жұмыстар актілерін, шот-фактураларды, уақтылы ұсынбауына байланысты игерілген жоқ, оның ішінде мынадай себептер бойынша:
-ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттікорганды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету бойынша -138, 1 млн. теңге;
- республикалық бюджет қаражаты есебінен ұлттық фильмдерді қолдау және ілгерілету жұмыстарын ұйымдастыру бойынша - 412, 6 млн. теңге;
- республикалық бюджет қаражаты есебінен жоғары жетістіктер спортын дамытуды қамтамасыз ету бойынша - 534, 1 млн. теңге.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Көзделген
қаражат
Қабылданған
міндеттемелер
Қабылданбаған
міндеттемелер
Игеру
сомасы
Атқарылмау
сомасы
Министрлікке 2021 жылға арналған республикалық бюджетте 48 886 млн. теңге сомасында қаражат көзделген. 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша қабылданған міндеттемелер жоспардағы 45 674, 5 млн. теңгеде 42 340, 6 млн. теңгені құрады, 3 334 млн. теңге сомасында міндеттемелер қабылданбаған. Игеру 31 287, 2 млн. теңгені немесе 32 409, 5 млн. теңге сомасында төлемдер бойынша жоспарға 96, 5% құрады. Атқарылмау сомасы 1 122, 3 млн. теңгені құрады, оның ішінде 164, 9 млн. теңге - бюджеттік қаражатты үнемдеу. Игерілмегені 957, 4 млн. теңге, оның ішінде мынадай себептер бойынша:
- ағымдағы іс-шараларды өткізу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен - 524, 6 млн. теңге - төлем іс жүзінде көрсетілген қызметтер көлемі үшін жүргізілді;
- төреліктерде, шетелдік төреліктерде, шетелдік мемлекеттік және сот органдарында мемлекеттің мүдделерін қорғау және білдіру жөніндегі, сондай-ақ дауларды төрелік және сотқа дейін реттеу процесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қатысуымен шетелде өткізілетін сот немесе төрелік талқылаулардың перспективаларын бағалау - 221, 7 млн. теңге-сотта мемлекет мүдделерін қорғау бойынша талап-арыз жұмысын жүргізу;
- мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз ету бойынша - 155, 5 млн. теңге - нақты көрсетілген қызметтер көлемі үшін төлем жүргізілді
- Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Көзделген
қаражат
Қабылданған
міндеттемелер
Қабылданбаған
міндеттемелер
Игеру
сомасы
Атқарылмау
сомасы
Министрлікке 2021 жылға арналған республикалық бюджетте 150 330 млн. теңге сомасында қаражат көзделген. 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша қабылданған міндеттемелер жоспардағы 119 266, 1 млн. теңгеде 111 240, 8 млн. теңгені құрады, 8 025, 3 млн. теңге сомасында міндеттемелер қабылданбаған. Игеру 82 258, 1 млн. теңгені немесе төлемдер бойынша жоспарға 83 230, 3 млн. теңге сомасында 98, 8% құрады. Атқарылмаған сома - 972, 2 млн. теңгені құрады, оның ішінде 262 млн. теңге - бюджет қаражатын үнемдеу. 710, 3 млн. теңге игерілген жоқ, оның ішінде мынадай себептер бойынша:
- табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы қызметті ұйымдастыру бойынша - 475, 5 млн. теңге шарттар, қосымша келісімдер жасасу рәсімдерін ұзақ жүргізуге байланысты;
- мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және сақтау жөніндегі іс-шараларды іске асыру бойынша - қазынашылық органдарына төлеуге шоттарды кеш беруге байланысты 131, 2 млн. теңге
- Жалпы Республика бойынша мәліметтер
Көзделген
қаражат
Қабылданған
міндеттемелер
Қабылданбаған
міндеттемелер
Игеру
сомасы
Атқарылмау
сомасы
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Мемлекеттік қаржы ұғымы: https://kk. wikipedia. org/wiki/Мемлекеттік_қаржы
- Республикалық бюджет ұғымы: https://kk. wikipedia. org/wiki/Республикалық_бюджет
- 2021 жылдың 1 қыркүйегі бойынша игерілмеген бюджет бойынша талдама: https://www. gov. kz/memleket/entities/minfin/documents/details/213559?directionId=448&lang=kk
СӨЖ 3
Ғылыми мақала
Тақырыбы: Мемлекеттік қаржы және оның құрамы
Орындаған: Төлеуғали Нұрдәулет Ержанұлы
Тексерген: Ахметова Гулистан Ивановна
Қаржы - бұл тұтынушылардың алуан түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ақшалай табыстарды, жинақтарды және қорларды қалыптастыру және пайдалану жолымен экономикада өндірілген жиынтық өнімнің құнын бөлу үдерісінде туындайтын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Қаржының сипатты және айрықша белгілерін анықтау үшін оның атқаратын қызметтеріне көңіл бөлу қажет.
Қаржы жүйесі - ұдайы өндірістік үдеріске қатысушы әртүрлі экономикалық субъектілермен жасалатын орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларының жиынтығын сипаттайтын күрделі қаржы қатынастары.
Мемлекеттік қаржы үшке бөлінеді:
а) мемлекеттік бюджет;
ә) мемлекеттік несие;
б) арнайы бюджеттен тыс қорлар.
Мемлекеттік бюджет - қаржы ресурстарының орталықтанды-рылған қорын жасаумен байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы.
Мемлекеттік несие - бюджет тапшылығын жабуға арналған қаржылар, ол ішкі және сыртқы жинақталған қарыздың сомасын көрсетеді.
Арнайы бюджеттен тыс қорлар - қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мақсатты қаржыландырудың қосымша нысаны.
Мемлекеттің қаржы жүйесінен мемлекеттік бюджет және бюджет жүйесі бөлініп шығады.
Мемлекеттік бюджет - кірістері мен шығыстары көрсетілген мемлекеттің қаржылық жоспары. Бюджеттің ерекше белгісі болып бюджеттік бағдарламалардың заңдық негізде бекітілуі табылады.
Мемлекеттік бюджет жүйесі - экономикалық қатынастар мен заңдық нормаларға негізделген барлық бюджет түрлерінің жиынты-ғы. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес, бюджет жүйесі - бұл барлық бюджеттердің, ҚР Ұлттық қорының, бюджеттік үдерістер мен қатынастардың жиынтығы.
Мемлекеттік бюджет белгілі бір уақыт аралығында бөлінеді және орындалады.
Бюджеттің атқарылуы туралы шоғырландырылған есеп 2021 жыл 1 қыркүйек
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz