Л. Вайсгербердің тіл мен танымға қатысты ғылыми көзқарастары


Л. Вайсгербердің тіл мен танымға қатысты ғылыми көзқарастары
Йоханн Лео Вайсгербер - неміс тілтанушысы және педагог, неміс тілі, кельтология және жалпы тіл білімі бойынша маман, тіл білімінде неогумбольдттық бағыттың көрнекті өкілі.
Лео Вайсгербер Меце (Лотарингия) қаласында 1899 жылы, 25 ақпанда дүниеге келді. 1917 жылы гимназияны бітіргеннен кейін Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, майданнан оралғанда Бонн университетіне оқуға түседі. Тілтану бөлімінде салыстырмалы-тарихи тілтану, германистика, кельтология бағыттарын оқыды. 1923 жылы кельтологиядан диссертациясын қорғаған соң, Бонн университетінен докторлық диссертациясын жазу үшін шақырту алады. 1925 жылы Бонн университетінде тіл мен танымға байланысты «Тіл танымның әлеуметтік формасы ретінде. Тілдің мәнін зерттеу тілдің өзгеру теориясына кіріспе ретінде» атты докторлық диссертациясын қорғап шығады.
1926 жылы Росток университетінде салыстырмалы-тарихи тілтанудың профессоры атанады. 1927 жылы Й. Трир атты ғалыммен танысуы, Вайсгербердің ғылыми қызметіне шешуші әсер етті.
1933 жылдан кейін Вайсгербер тіл тарихын зерттеп, 1938 жылы Марбург Университетінің жалпы және үнді-еуропалық тіл білімінің профессоры болды. 1942 жылы Бонн университетіне оралды.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Вайсгербер қайтадан әскерге шақырылады. Ол Бретаньға құрлық күштері қарамағына жіберіледі, онда ол негізінен жергілікті кельт тілді халықтың тіл мәселелерімен айналысады. Соғыс аяқталғаннан кейін ол Марбургке өз отбасына оралады.
Кейінгі жылдары Л. Вайсгербер «Неміс тілінің күші» атты (Von den Kräften der deutschen Sprache) төрт томдық еңбек жазды. Онда ғалымның лингвистикалық-философиялық концепциясының ережелері тұжырымдалып, негізделді. 1961 жылы ғалым Конрад Дуден премиясының алғашқы лауреаты атанды. Ол Лувен университетінің (Бельгия) философия факультетінің құрметті докторы, сондай-ақ Геттинген Ғылым академиясы мен Берлин археологиялық институтының корреспондент мүшесі болып сайланды. Сондай-ақ, Вайсгербер бірінші дәрежелі федералды крест орденінің кавалері атанды. Вайсгербер Боннда 1985 жылы 8 тамызда қайтыс болды.
Вайсгербер мен Трир құрылымдық Семантиканың негізін қалаушылар болып саналады, бірақ олардың өздері бұл терминді қолданбаған. Бұл семантикалық Тұжырымдаманың негізгі идеясы сол семантикалық өріске кіретін лексикалық бірліктерге жүгінбестен сөздің мағынасын жеткілікті түрде сипаттауға болмайды. Сөздің мағынасы оның өрістің басқа мүшелерімен семантикалық қатынастарының функциясы ретінде қарастырылады.
Л. Вайсгербер әлемнің тілдік бейнесі ұғымын әзірлеуге 30-жылдардың басында кіріседі. Die Zusammenhänge zwischen Muttersprache, Denken und Handeln "Ана тілі, ойлау және әрекет арасындағы байланыс" (1930) мақаласында біз ғалымның алғашқы анықтамаларын көре аламыз. "Белгілі бір тілдің сөздік қоры", - деп жазды Л. Вайсгербер, - жалпы алғанда, тілдік белгілердің жиынтығымен қатар, тілдік қоғамдастықтың тұжырымдамалық ойлау құралдарының жиынтығын да қамтиды; және әрбір ана тілі осы сөздікті үйренетіндіктен, тілдік қоғамдастықтың барлық мүшелері осы ойлау құралдарын игереді; осы мағынада ана тілінің мүмкіндігі оның тұжырымдамаларында әлемнің белгілі бір бейнесін қамтитындығынан және оны тілдік қоғамдастықтың барлық мүшелеріне беретіндігінен тұрады деп айтуға болады» (1; 250) .
Жалпы «әлем бейнесі» атты терминге, тіл мен халық танымына байланысты дүниелерге Л. Вайсгербер «Родной язык и формирование духа» атты монографиялық еңбегінде тоқталып өтеді. Өз еңбегінде ғалым әр халықтың тілінде ойлау үшін, ойды білдіру үшін керекті құралдар бар. Әр халықтың танымына қарай сол тілдегі тілдік бірліктер пайда болып отырады деген ұстанымды баса назарға алады.
Тілді грамматикалық және философиялық тұрғыдан зерттеу ежелден келе жатқанымен тілтану тек 1800 жылдан өз бастауын алады. Себебі сол кезден бастап тілді ғылыми тұрғыда зерттеу, тілдер арасындағы туыстық қатынастар мен айырмашылықтар деген секілді мәселелер көтеріле бастады. Тілді жан-жақты қарай алу үшін өзге тілдермен салыстыра отырып зерттеу керек. Сол кезде жемісті нәтижеге жететінімізді өз еңбегінде айтып өтеді.
Сонымен ғалымның пікірінше, бір тіл өзге тілден форма (дыбысталу, интонация, грамматика) жағынан ғана емес, танымдық жағынан да ерекшеленетінін айта кетеді. Мысалы үнді тайпаларының тілдерінде сан есімдер саналатын дүниеге байланысты қолданылады екен. Адамдарды санау керек болса басқа сан есімді, жансыз құбылыстарды санауда өзге сан есімдерді қолдану т. б. Сонымен қатар, Моне аралының тұрғындары кокос жаңғағын не адамдарды, рухтарды, үй немесе өсімдіктерді санағанда 1-9-ға дейінгі сандарды әр түрлі етіп қолданады екен. Әрі қарай бір әрекетті білдіретін бір сөздің өзі кей тілдерде әртүрлі сөздермен беріледі. Мысалы, Солтүстік Американың кейбір тілдерінде Waschen процесі (жуу) қолды, бетті, ыдысты, киім жуу, тамақ дайындағанда етті жуу туралы айтылатынына байланысты 13 түрлі етістікпен белгіленіп, айтылады.
Сонымен, тілдердің тар шеңберінен шығудың өзі басқа тілдердің олардан қаншалықты ерекшеленетінін көрсетеді. Бұл, әрине, әр түрлі тілдердің болуы, сәйкесінше әр халық өзінше ойлайтынына, әр халықтың таным-түсінігі өзгелерден ерекшеленетінін, әр зерттеуші келісетін факт болып табылатындығын айтып өтеді.
Ғалым мысалдар келтіре отырып, өз көзқарасына жат Функе, Марти, Дрюс секілді ғалымдардың пікіріне қарсы шығады. Атап өткен ғалымдардың « В конце концов существуют различные языки и различные грамматики, но только одна логика. Один и тот же разум проявляется в различных народах и индивидуумах, в соответствии с их физической организацией, их окружающим миром, состоянием их культуры самым различным образом, но так, что возможно передать один язык, даже имеющий очень и очень отличающийся от других строй, средствами другого языка » деген пікіріне келіліспейтіндігін және бұрыс пікір екендігін жоғарыда және төменде келтіретін мысалдар арқылы дәлелдеп кетеді. Функе секілді ғалымдар әртүрлі тілдер мен грамматика бар, бірақ бір ғана логика бар екендігін, сол ақыл арқылы әр халықтың сыртқы әлемі мен мәдениетінің жағдайына сәйкес әртүрлі жолмен көрінетіндігін және бір тілді өзге тілдің көмегімен-ақ қиындықсыз жеткізуге болатындығын баса назарға алады.
Л. Вайсгербер атап өткен ғалымдар пікіріне қарсылығын тіпті бір-біріне жақын тілдердегі берілетін ойды аудармашылар бұрмаламай аудару мүмкін еместігін алға тартады. Бір сөйлемді, мысалы, неміс тілін еуропалық мәдениеттің шеңберінен тыс тілге қалай аударуға болады, оны толығымен қайта қарастыруға мәжбүр болмай ма деген риторикалық сұрақпен де өзінің пікірінің дұрыстығын дәлелдей түседі.
Автор ары қарай өз еңбегінде туыстық атауларға тоқталып өтеді.
- Vater (әке), Mutter (ана), Bruder (брат), Großvater (ата), Onkel (көке), Neffe (жиен) , Enkel (немере) - неміс тіліндегі халыққа ортақ туыстық атаулар
- Сербхорват тіліндегі туыстық атаулар:. Vater, Mutter, Sohn, Tochter, Bruder, Schwester, GroЯvater и Enkel секілді атаулар бұл тілде де бар. Алайда кей туыстық атаулар неміс тілінде, кей ұғымдар сербхорват тілінде кездеспейді. Неміс тіліндегі Onkel ұғымы жоқ. Алайда нақты әкенің ағасын (strie), шешенің ағасын (ujak) және әкеңнің әпкесінің күйеуінің (tetak) нақты атаулары кездеседі.
- Түс атауларының әр халықта әртүрлі берілуі, бір түстің бірнеше затқа қарай ауыстырыла қолданылуы немесе өзге тілде жоқ түс атауларының екінші бір тілде болуы. Мысалыға roudho грекше вино түсіне қолданса, rudhira көнеүнді тайпаларында қан түсін білдірген. Араб тайпаларында қою қара түсті білдірер azlam деген атауды тек еркек страусқа, терең шыңырауға қолданған. Ары қарай тереңінен кетер болсақ, негретяндық тайпаларда 500-800 шамасында қоңыр түстің атаулары кездеседі екен. Әрине бұл дегеніміз шөлді аймақта, құмды жерде өмір сүрген халық танымы үшін, қоңыр құмның бірнеше түсін айыра алатындығы мен байқағыштығын білдіреді. Соған орай, осындай атаулар беріліп отырғандығын көрсетеді.
Ғалым бірнеше мысалдар келтіре отырып, қарапайым туыстық атауларды салыстыра отырып, халық дүниетанымы әртүрлі болатындығы, соған қарай тілдегі атаулар туатындығын, басымдықты қай дүниеге берсе, соларға атау берілетіндігін айтып кетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz