Онкологиялық аурулармен ауыратын науқастармен әлеуметтік жұмыс



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Онкологиялық аурулармен ауыратын науқастармен әлеуметтік жұмыс.
Онкология жоғары әлеуметтік маңызы бар мәселелердің біріне жатады, өйткені, халық өлімінің, жұмысқа деген қабілеттілігінің жойылуының және халықтың мүгедектенуінің негізгі себептерінің бірі осы онкология болып табылады. Соңғы онжылдықта онкологиялық аурудың көбею тенденциясы айқын көрінуде.
Профилактикалық онкологияда рак профилактикасының бірінші, екінші және үшінші түрлерін ажыратып көрсетуге болады.

Бірінші рак профилактикасы - бұл әлеуметтік-гигие - налық және халықтың күш салуымен жүзеге асатын шаралар жүйесі. Яғни, қауіпті ісіктердің пайда болуының алдын алу, ісік жағдайындағы қоршаған ортаның әр түрлі әсер еткіш факторларын жою немесе заласыздандыру, сонымен қатар ағзаның төзімділігін жоғарылату жолымен анықталады.

Екінші рак профилактикасы - бұл ісіктің пайда болуының алғышартын және ісіктің бастапқы деңгейін анықтауға бағытталған іс-шаралар жүйесі. Негізінен бұл профилактиканы қоғамның қамқорлығынан көре аламыз, себебі, ауруды анықтау мен ауру адамдарды диспансерлік бақылаудағы негізгі рөлді санитарлық-ағарту жұмыстары, тұрғындарды аурудың алғашқы белгілерімен таныстыру жұмыстары мен амбулаторлық-поликлиникалық мекемелер атқарады. Бірақ жекелей алғанда, әр адамның рөлі де маңызды: адамның өз денсаулығына назар аударуы, әрдайым медициналық профилактикалық тексеруден өтіп отыруы.

Үшінші рак профилактикасы - бұл әлсіз немесе жоғалған қызметтік және психологиялық ерекшеліктерді қайта қалпына келтіру және хирургиялық, дәрі-дәрмектік, шипажайлық емдеу, еңбек және физиотерапия жолдарымен компенсаторлық механизмдерді ңығайтудан тұратын онкоауруды әлеуметтік-медициналық реабилитациялау.
РЕКЛАМАЯндекс.Директ
Әлеуметтік және медициналық жұмыскерлердің рөлі - халықты осы қауіптің және оның жекелей алдын алу іс-шараларының бар екендігі туралы хабардар ету.
Басқа шаралар жалпы қоғамдық сипатта жүзеге асады және олар адамның барлық өмірін қамтуы тиіс:
► Онкогигиеналық профилактика - қоршаған ортаның канцерогенды факторларының, соның ішінде ауа, су және азық түліктің адамға әсерін анықтау және кері әсерін заласыздандыру.
► Биохимиялық рак профилактикасы әр түрлі химиялық препараттар, өнімдер мен қосуларды (С, Е витаминдері және құрамында осы витаминдер бар өнімдер; антиоксиданты бар препараттар) пайдалану арқылы, канцерогендік фактор іс-әрекетінен пайда болатын бластомогенді эффектінің алдын алу.
► Медициналық-генетикалық профилактика ісік және ісік алды аурулары тұқым қуалау арқылы берілетін отбасыларды, хромосомалық тұрақсыздығы бар адамдарды анықтау, оларға канцерогендік фактордың әсер ету қаупін төмендету шаралары (жұмыспен қамтуды ұйымдастыру, үйлестірілімді тағамдануға кеңес беру, зиянды әдеттерден бас тартқызу, диспансерлік бақылау және т.б.).
► Иммунобиологиялық профилактика канцерогендік әсерлерден қорғануға және түзету шараларын жүзеге асыруда иммунологиялық жетіспеушілігі бар контингенттің құрылуын және жеке адамдарды анықтау.
► Эндокринді-жастық профилактика дисгормониялық жағдайды, сонымен қатар ісіктің пайда болуына және асқынуына негіз болатын гомеостаздың жастық бұзылуын анықтау және оны түзету.
► Ақпараттық профилактика: әңгіме-кеңестер өткізу, халықты рак профилактикасына байланысты танымал-ғылыми әдебиеттермен және брошюралармен қамтамасыз ету, рак ауруы және оған дейінгі кезеңдегі көріністер сипатталған плакаттар мен фотовитриналар жасау.
Әлеуметтік-медициналық профилактикалық бағыттағы іс-шараларға қауіп-қатерлі топтарды құру мен осы топтағы пациенттерді емдейтін кешенді іс-шаралар жүргізу арқылы оларды белсенді түрде бақылауға алуды жатқызуға болады.
Қауіп-қатерлі топқа келесі көрсеткіштерге байланысты балалар мен ересек адамдарды жатқызуға болады:
► ісік алдындағы ауруы анықталған;
► жоғары деңгейдегі генеалогиялық қауіп-қатер;
► радионуклидпен ластанған аймақта өмір сүретін;
► канцерогенді факторлардың әсері бар өндірісте жұмыс жасау;
► шылым шегу;
► ұзақ уақыт бойы иммунодепрессивті және гормональді терапия алу.

Онкологиялық профтексеру ұйымы қауіп-қатерлі топқа жататын адамдарды бірінші скрининг бойынша іріктеп алумен айналысады. Іріктеу бағдарламасына төмендегілер жатады:
1. Цитологиялық, эндоскопикалық зерттеу әдістері мен ірікадрлық флюорография арқылы халықты профилактикалық тексеру. Бұл әдістермен қоса анкеталық әдісті жүргізген жөн, себебі, бұл диагностиканың тиімділігін жоғарылатады және топтар арасындағы профтексеруге шығынды азайтады, әсіресе ұйымдастырылмаған тұрғындар арасында;
2. Емдік-профилактикалық мекемелерде және стационарларда жатқан ауру адамдардағы ісік немесе ісікке дейінгі ауруларды анықтау мақсатында жан-жақты онкологиялық тексеруден міндетті түрде өткізу;
3. Онкологиялық қауіпті орындарда жұмыс істейтін адамдарды бірінші цитологиялық скринингтен өткізу.

Әлеуметтік жоспардың профилактикалық бағыттағы іс-шараларына төмендегілерді жатқызуға болады:
► Мақсатты профилактикалық бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру;
► әлеуметтік-гигиеналық мониторинг жүргізу;
► қауіп-қатер факторларын анықтау.

Әлеуметтік-медициналық реабилитацияның негізгі бағыттарының бірі жұмыс терапиясы болып табылады. Ол адамның бойында қоғамдық пайдалы жұмысқа бейімделу мен өзін-өзі күту дағдысын қалыптастырады.

Онкопатологиялық аурумен ауыратын адамдар әлеуметтік-медициналық қызметтің маңызды объектісі болып табылады. Отбасында бір онкологиялық ауруы бар адам отбасының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Онкологиялық науқастардың ауруға қатынастарының ерекшеліктері
Паллиативті көмек көрсетудегі мейірбикелік күтім
ҚР тұрғындарына онкологиялық көмек ұйымдастырудың өзекті мәселелері
ДӘРІГЕР ЖӘНЕ ҚИЫН НАУҚАС
Мейірбикенің коммуникативтік қарым - қатынас дағдылары
Өкпеден тыс туберкулезбен ауыратын науқас жағдайы
Мейірбикеге арналған медициналық мекемелердегі биологиялық қауіп факторлары
Сүт безі қатерлі ісігінің этиологиясы
Науқас психологиясы
Кәсіби күйзелістің нәтижесі ретіндегі күйзеліс синдромы және оның белгілері
Пәндер