Қазақстанның білім беру сапасы қандай


Аты-жөні: Турганбек Айдос
Мамандығы: Тасымалдауды және қозғалысты ұйымдастыру
Курсы: 1
Тобы: ОП-19-1К(11)
Күні:
Сөз саны:
Жазба жұмысының тақырыбы: Қазақстанның білім беру сапасы қандай?
Қазақстанның білім беру сапасы қандай?
Кіріспе
Білім беру деңгейі экономикалық және ғылыми-техникалық прогрестің ең негізгі көрсеткіші екені белгілі. Ол - мемлекет пен қоғамның табысты дамуының кепілі. Білім берудегі артта қалушылық мемлекеттің бәсекелестік қабілеті мен ұлттың болашағына ықпалын тигізеді. Сондықтан білім берудің дамуы - үлкен ұлттық мәні бар міндет.
Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев елімізге “қазіргі заманғы экономикалық және қоғамдық модернизацияның сұраныстарына сай келетін білім беру жүйесі қажет” екенін атап көрсеткен болатын.
Біздің мемлекеттің жақын 10 жылдағы стратегиялық міндеті - елімізді мейлінше бәсекелестікке бейім 50 елдің қатарына қосу. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс - тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
Әдебиеттерге шолу
ХХІ ғасыр - Білім мен ғылым ғасыры. Елбасы Н. Назарбаев «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған ел, тығырыққа тіреледі» - деп, білім саласының елдің өркениетті дамуындағы орнын нақты айтқан болатын.
ХХІ ғасыр - дамыған елдердің білім беру жүйелерінің өзара бәсекелестікке түскен ғасыры. Орта білім беру жүйесін алып қарастыратын болсақ, білім сапасын анықтауда PISA, TIMMS, PIRLS сияқты халықаралық зерттеулер жүйесі кеңінен қолданылуда. Қазақстан 2007 жылдан бастап PISA, TIMMS зерттеулеріне қатысып келеді[1] . Нәтижеге бағдарланған білім беру парадигмасымен жұмыс жасайтын мектепте кәсіби деңгейі жоғары ұстаздардан білім алып, оны үздік бітірген, бойында ұстазға қажетті адами қасиеттері бар, бакалавриатура, одан кейін магистратура бітіріп, тәлімгермен жұмыс жасаған ұстаз бен «білім, білік, дағды» білім беру парадигмасы негізінде білім беретін мектепте орташа оқып, педагогикалық оқу орындарында орташа білім алған, тәлімгермен жұмыс жасамаған колледж түлегі немесе бакалаврдың кәсіби құзіреттілігінің арасында қандай айырмашылық болса, олардан білім алған оқушылардың білім сапаларында да сондай айырмашылық болады. Себебі, оқушы алатын білімі ұстаз беретін білімнен жоғары болмайды. Мұның щындығын PISA зерттеулерінің нәтижелері дәлелдеп отыр[2] .
Зерттеу әдісі
TIMMS зерттеулері бойынша қазақстандық 4-сынып оқушылары 2007 жылы математика пәні бойынша 5-орын, ал жаратылыстану пәні бойынша 11-орын алған болса, 2011 жылы қазақстандық 4- сынып оқушылары математика пәні бойынша 27-ші, ал жаратылыстану пәні бойынша 32-орын алды. Бұл еліміз 4 жылда білім сапасының көрсеткіштері бойынша 22-21-орын кейінге шегінді, яғни осынша елді алға жіберіп алды деген сөз.
2011 жылы 8-сынып оқушылары, яғни 2007 жылы 4-сыныпта оқыған оқушылар осы жылы 8-сынып оқушылары болды ғой, математика пәнінен 17-ші, ал жаратылыстану пәнінен 20-орынды иеленді. Бұл осы оқушылар өз білім сапалары бойынша 4 жылда 12 және 9 елдің оқушыларынан кейін қалып отырғандарын көрсетеді[3] . Бұл да бізді қатты алаңдатады.
PISA зерттеулеріне Қазақстан 2009, 2012 жылдары қатынасты. Бұл зерттеуге 65 ел қатысқан болатын. Қазақстандық 15 жастағы оқушылар 2009 жылы оқу сауаттылығы жағынан 59-орын, математикадан 53-орын, ал жаратылыстану пәндерінен 58-орын иеленген болса, 2012 жылы оқу сауаттылығынан 63-орын, математикадан 49-орын, жаратылыстану пәндерінен 52-орынды иеленді. Бұл көрсеткіштер де төменгі деңгейдегі көрсеткіш болып есептелінеді[4] .
2013 жылы Қазақстан ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша дамыған 50 елдің қатарына қосылды. Бұған бәріміз де қуандық. Бәсекеге қабілеттілік 13 көрсеткіш бойынша анықталады. Осы көрсеткіштердің екеуі білімге қатысты: «Денсаулық және бастапқы білім», «Жоғары білім және кәсіптік дайындық». Міне, осы көрсеткіштер бойынша 2006 жылмен салыстырғанда 2013 жылы Қазақстан 11 және 3-орынға кейін жылжыған. Бұған да ешкім мән бермеді. Біз 50-орынды негізінен «Институттар сапасы», «Технологиялық дайындық», «Қаржы рыногының дамуы» сияқты көрсеткіштердің жақсаруымен иелендік.
Енді елімізде жыл сайын өткізіліп жатқан Ұлттық Бірыңғай Тест (ҰБТ) қорытындысын алып қарастырайық. 2012 жылы мектепті 125 576 бала бітірген. Олардың 25%-ы ҰБТ-ға қатынаспаған, ал қатысқан 75% оқушының 36, 8%-ы шекті деңгейден төмен білім көрсеткен, яғни олар ҰБТ тапсыра алмаған. Бұл жалпы мектеп бітірген оқушылардың 27, 6%-н құрайды. Бұған, ҰБТ тапсыруға қатынаспаған 25% баланың 1%-ы олимпиадалардағы және басқа да жетістіктері үшін одан босатылған деп есептеп, қалған 24%-ын қосатын болсақ, сонда жалпы мектеп бітірген түлектердің 50%-дан астамы ҰБТ тапсыра алмаған болып шығады. Бұл, мектеп бітіруші әрбір екінші түлектің білім деңгейі қанағаттандырарлықтан төмен болғанын көреміз. 2013 және 2014 жылдардағы ҰБТ қорытындыларын саралайтын болсақ, онда да 50%-дан аса мектеп түлектерінің білім деңгейлерінің қанағаттандырарлықтан төмен болғаны байқалады[5] .
Зерттеу нәтижесі
Халықаралық зерттеулер және ҰБТ нәтижелері еліміздің орта білім сапасы төмен екенін көрсетіп отыр. Mc&Kinsey компаниясы ғалымдары жүргізген көлемді зерттеулердің және біздің де жүргізген зерттеулеріміздің нәтижесінде, қандай болмасын елде білім сапасын көтеру мақсатында тиімді іс-шаралар жасау үшін, ең алдымен, елдегі білім жағдайына шынайы баға беру қажеттігі айқындалды. Шынайы жағдай ашық айтылып, білім беру жүйесінің барлық жетістік-кемшіліктеріне нақтылы баға беріліп, оның алдында тұрған проблемалар ғылыми негізде жүйеленіп, атқарылуы қажетті іс-шаралар жүйесі дайындалған жағдайда ғана, білім сапасын арттыру мақсатында атқарылатын реформалар нәтижелі болады.
Қазіргі ғылыми зерттеулер мұның шындығын толығымен дәлелдеп отыр. Mc&Kinsey компаниясы ғалымдарының АҚШ-тың 3 штатында жүргізген зерттеулері негізінде, бастауыш мектепте 20% үздік ұстаз бен 20% құзыреттілігі төмен ұстаздан білім алған оқушылардың білім сапаларының айырмашылығы 52% болатындығын көрсетті. Ал, бастауыш мектепте нашар ұстаздан білім алған оқушылардың тек 25%-ның ғана орта мектеп стандарты деңгейінде білім алуға қабілеттері жететіні дәлелденген.
Бұдан бастауыш мектепте, шын мәнінде, білімнің негізі қаланатынын, бастауыш мектепте жақсы білім алмаған бала жоғары сыныптарда жақсы білім ала алмайтынын көреміз. Білім сапасы жоғары жүлдегер елдерде бастауыш мектеп ұстаздарын дайындауға ерекше көңіл бөледі.
- Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында көрсеткен «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағдарламасында мектеп түлектерінің қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеру қажеттілігі атап көрсетілген болатын. Осы арада 1-сыныптан бастап үш тұғырылы тілге көшудің қажеттілігі қаншалықты қажет деп ойлайсыз? Өйткені, бұл туралы да педогог-мамандар тарапынан келіспеушілік аз емес.
Талқылау
Балаларға шет тілдерін үйрету проблемасы - үлкен ғылыми проблема. Ғаламдану заманында дүниежүзінде ағылшын тілі үстемдік құрып, дүниеде ашылып жатқан жаңалықтардың дені ағылшын тілінде жазылып, жарияланып жатқандықтан, оны жас ұрпаққа меңгерту проблемасы барлық өркениетке иек артқан дамыған елдерде іске асырылып отырған проблема.
Біз дамыған 20 елдің бастауыш мектеп оқу бағдарламаларын зерттедік, зерделедік. Байқағанымыз, бірде-бір елде бастауыш мектепте 3 тіл қатарынан оқытылмайды. 2 тіл 1-сыныпта 4 елде, 2-сыныпта 5 елде, 3-сыныпта 10 елде, 4 және 5-сыныпта 13 елде ғана оқытылады екен.
Көріп отырғанымыздай, біздің ҰБТ-да қолданып жүрген тестілер шетелдерде қолданылатын тестілермен салыстырғанда әлдеқайда қарадүрсін. Тестілеудің ең қара дүрсін әдісін елімізде ендіре отырып, соңғы 15 жылда балалардың барлық пәндерден іргелі білім алуға талпыныстарын қайтарып тастадық. Жоғары сынып оқушылары оқулықтарды, көркем әдебиетті оқуды, мәселенің мәнісіне үңілуді, теорияларды, құрылыстарды, бейнелерді талдап-түсіндіруді, өз ойларын жүйелеуді, негіздеуді қойды. Тестілеудің бұл жүйесі еліміздің білім беру жүйесіне орны толмас нұқсан келтірді. Бұл проблема Һакім Абай айтқандай: «Баяғы жартас - бір жартас, Қаңқ етер түкті байқамас» - қалпында қалып отыр.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz