Саясаттың негізгі түсініктемелеріне салыстырмалы талдау
Конысбаева Мөлдір ХИ - 211 К
Саясаттың негізгі түсініктемелеріне салыстырмалы талдау
Саясат (гр. politika -- мемлекетті басқару өнері) - алғашында мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны білдірген. Кейін келе оның мағынасы кеңейіп, ол бірнеше мағынаны білдірді:
өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған және саяси билікті қолында ұстауға, оны пайдалануға байланысты мемлекеттер, әлеуметтік топтардың, жеке адамдар мен бірлестіктердің қызметі;
мемлекеттің істеріне қатынасу, оның қызметінің мақсатын, мазмұнын анықтау;
адамдардың өзара қатынастарында белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған іс- әрекеттің сипаты;
мемлекеттік және қоғамдық өмірдің күнделікті оқиғалар жиынтығы.
Саясаттың негізгі мақсаты - қоғамдық өмірдің негізгі салаларын интеграциялау, қоғамның біртұтастығын және тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Саясат саласында қолданылатын негізгі түсініктемелер саясаттың құрамдас бөліктері болып табылады. Оларға: билік, саясат субъектілері, саяси ұйым, саяси қатынастар, саяси сана, саяси мәдениет жатады. Кейде олар саясаттану ғылымының басты категориялары деп те аталады. Бұл құраушы бөліктер немесе саясаттың элементтері, саясатқа бағдар, сипат, мақсат береді. Мәселен билік саясатты жүзеге асыру бағыты мен тәсілін ұсынады. Биліктің көмегімен мемлекеттің белгілі бір таптардың, топтардың саясаты жүзеге асырылады. Саясаттың сипаты мен бағыты биліктің оның ресурстарының, құралдары мен қайнар көздерінің, қоғамда орнаған режим мен жүйелердің ерекшеліктерінің көмегімен өзгеруі мүмкін. Көптеген жағдайларда саясат жекеленген субъектілердің: саяси көшбасшы, саяси топтар, таптарға, партиялардың әрекеттеріне де байланысты болады. Олар қоғамның саяси саласындағы өзгерістерге үлкен ықпал етеді. Саяси ұйымдар мен мекемелер болса халықты саяси топтастыруға мүмкіндік беріп, олардың әрекеттеріне бағыт бағдар ұсынып, идеологияны қалыптастырады. Бұндай ұйымдарға саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, қозғалыстар жатады.
Саясаттың негізгі түсініктемелерінің бірі ол саясат субъекктілері болып табылады. Саясат субъектілеріне жататындар, саяси іс-әрекеттерін басты мақсат көрмейтін, бірақ саяси тіршілікке қатысып, өз ықпалын тигізіп тұратын тұлғалар немесе мекемелер. Саясаттың субъектілері - басты субъектісі - тұлға одан кейін, мемлекеттік билік органдары мен басқармалары, көшбасшылар мен саяси партиялар, қозғалыстар, әлеуметтік топтар жатады. Бұлар саясат тіршілігіне араласып, өз мүдделерін іске асыруды мақсат етеді және әрқайсысының арқауында белгілі бір әлеуметтік топтар тұрады. Сонымен қатар, саясаттың субъектісі ретінде тұлғалар мен әлеуметтік ұжымдарда, көздеген саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін, өздері жоспарлаған бағдарламаларын іске асыру барысында таныла алады. Саясат субъектілерінде өз мүдделерін қорғау барысындағы саяси кеңістікте жүріп жатқан саясат тіршілігіне зор ықпалын тигізіп жататын саяси көшбасшылары да табылып жатады.
Саяси ұйым - белгілі бір ниеттер мен мақсаттарды орындау үшін кұрылған және ережелердің ресми құрылымымен, биліктік қатынастармен, шектеулі қабылдаумен сипатталатын ұжым түрі. Қазіргі таңда Қазақстанда саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар көп. Олардың бағдарламалары, алдарына қойған мақсаттары анық көрсетілген. Партиялар мен ұйымдардың демократиялық қоғамды орнатуда маңызы өте зор. Қазақстандық ұйымдар мен партиялар әлі де даму үстінде деп айтуға болады.
Саяси сана - өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт - бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы. Яғни, адамдардың саяси өмірді түсініп, сезінуі. Оған ең алдымен қоғамдағы саяси идеяларды, көзқарастарды, мақсат-мүдделерді ұғынуы, саяси билікке қатынасуы жатады. Олар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz