Педагогиканың ғылым ретінде дамуының негізгі кезеңдері
1 - апта
Педагогиканың ғылым ретінде дамуының негізгі кезеңдері.
Педагогика өркениетті қоғамның даму тарихынан, жас ұрпақ тәрбиелеу тәжірибесінен бастау алады. Педагогика ұғымы екі мағына береді. Біріншіден -- білімнің ғылыми аумағы, ғылым; екіншіден -- өнер, қолөнер, педагогикалық іс-әрекет аумағы. Педагогика атауының түп-төркіні гректің пайдос -- бала және аго -- жетектеу деген сөздерден алынған. Пайдагогос сөзін тура мағынасында аударса, бала жетектеуші деген ұғымды білдіреді. Яғни баланы өмірге жетектеу, оқыту, оны тәрбиелеу, жан мен тәннің дамуына бағыттау.
Жазу пайда болғаннан бастап, педагогикалық пайымдаулар ауызша тұрмыстық және біздің заманымызға дейін мақалдар, мәтелдер, афоризмдер, қанатты сөздер түрінде жеткен. Халықтық педагогиканың қайнар көздері, педагогиканың бірінші даму кезеңдерін біз ертегілерден, әндерден, мысалдардан және т.б. табамыз. Содан соң жазу пайда болғаннан кейін олар құрғақ жаттау, басқаша формаға еніп, жазудың ережелері мен емлелеріне айналып, жазбаша сипат алды.
Мыңдаған жылдар бойына қажетті білім негіздері жиналып қордаланды, ең өміршеңі, ең пайдалысы қалып, берік орныққанша талай педагогикалық жүйелер кезектесе өмірге келіп, уақыт сынынан өтті, жарамсыздары тарих сахнасынан кетті.
Педагогика -- қоғам мен табиғаттың теңдесуін, өмірге қанағаттандыруда толық белсенді шығармашылық, рухани байлығына көмек беру, адамды тәрбиелеуді зерттейтін ғылым. Педагогикалық білім адамды жан-жақты дамытудың тәсілдері мен жолдарын әмбебап оқытуды тұтасымен зерттейді.
Педагогика басқа ғылымдар сияқты дамушы ғылым, оның негізгі категорияларының ойлау аспектілері үнемі кеңейтіліп қарастырылып отырылады. Ал педагогикалық шығармашылық тәрбие мен оқу күшінің шектеусіз көпқырлы тәжірибесінде дамиды.
Ғылыми педагогика XVII ғасырдың екінші жартысында пайда болды, яғни бірінші ғылыми-педагогикалық жұмыстар мен жаппай мектептер пайда болған кез. Бұл жаңалықтар чех педагогі Я.А. Коменский атымен байланысты. Ол бірінші рет оқушылардың жүріс-тұрыс ережелерін, сонан соң өзінің ең ірі Ұлы дидактика атты еңбегін жазды. Оның барлық еңбектері біздерге ешқандай мағынасын жоғалтпай жеткен. Эксперименталды педагогика ХІХ-ХХ ғасырлардың тоғысында пайда бола бастады.
ХIХ ғасырға дейінгі ғылыми ізденістердің пәндік саласын анықтауға байланысты ғылымдардың бөлінуі (даралануы) белсенді жүріп жатты. Педагогика да бірте-бірте жалпы пәнмен байланысты бола отыра, мақсаттары, жас ерекшеліктері, оқу- тәрбиелеу, оқу орындарындағы типтері бойынша ерекшілігі бар салалар айқындала түсті.
Педагогикалық ғылымдарының жүйесіне: жалпы педагогика, жас ерекшілік педагогикасы, мектепке дейінгі педагогика, кәсіби педагогика, педагогика мен білім берудің тарихы, салалық педагогика, корекциялық педагогика, салыстырмалы педагогика , жеке пәндер әдіснамасы және т.б. жатады.
Жалпы педагогика педагогикалық процесс білім берудің негізгі заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшілік педагогика (мектепке дейінгі, мектеп, ересектер педагогикасы) анотомиялық және физиологиялық және әртүрлі жастағы топтардың психологиялық ерекшіліктеріне сәйкес педагогикалық процесс пен білім берудің ерекшелігін зерттейді.
Кәсіби - техникалық білім беру педагогикасы, арнаулы орта білім беру педагогикасы, жоғары білім беру педагогикасы - пәндері (дисциплины) ,олардың пәні педагогикалық процесс және жұмысшы кадрларын кәсіби және сонымен бірге әртүрлі деңгейдегі мамандарды даярлаудың заңдылыққтары б.т
Әскери педагогика әртүрлі рангтағы әскери қызмет атқаратындарды әскерге шақыру жасындағылардан бастап әскери мамандықты игергендер мен офицерлер құрамының тәрбиелік іс- әрекетінің тәрбиелік заңдылықтарын зерттейді.
Еңбекпен түзету педагогикасы түрмеде отырған азаматтарды қайта тәрбиелеудің теориясы мен практикасын құрастырады. Мұнда жас ерекшілігі ескеріледі, оларда әсіресе балалар мен жасөспірімдер қылмысына қатысты кездесетін заң бұзу зерттеледі.
Педагогика тарихы - адамзат тарихындағы педагогикалық идеялар мен мектептердің қалыптасуын зерттейтін ғылым.
Салыстырмалы педагогика әрбір елдегі білім беру және тәрбие жүйелерінің дамуын, олардың жалпы өзіндік ерекшіліктерін салыстыра , дамуын зерттейді.
Жеткілікті дәрежеде дербес педагогикалық пәндер тобын жеке немесе пәндік педагогика құрайды, онда жалпы - бұл педагогикалық заңдар мен заңдылықтар, танымдық әрекет әдістері, ал жеке ерекшілік берілетін сабақ пәнінің мазмұны.
Педагогика тәрбиелеудің қатынастары туралы тәрбиелеудің өзара байланысының процесінде пайда болған, білім беру және оқыту өзін-өзі тәрбиелеу, өз-өзіне білім беру және өзін-өзі оқытумен бірге жеке адамның дамуына бағытталған.
2-апта
Педагогикалық ой-пікірлердің даму тарихындағы тәрбие мақсаттары.
Адамзат тарихының қай кезеңінде болмасын, тәрбиенің тиімділігін жетілдіру ісі жүзеге асырылып келеді. Бұл істі жүзеге асыру процесі әрбір қоғамдағы мемлекет қажеттіліктеріне бағындырылады.
Тәрбие мақсаты - нақты тәрбие міндеттерінің жүйесі, ол педагогикалық процесс пен қоғам қажеттілігіне қарай өзгеріп отырады. Тәрбие мақсаты қоғамның әлеуметтік сұранысына байланысты және оның табысты орындалуы ұстаздың кәсіби даярлығына байланысты, мұраттарға қол жеткізуге бағытталған. Тәрбие мақсаты - педагогиканың ең маңызды мәселесі.
Мақсат - тәрбиенің жалпы мақсаттылығынан, тәрбие жүйесінің сипатын айқындаушы ретінде көрінеді. Мақсат пен міндет бүтін және бөлшек ретіндегі арақатынаста, жүйе мен оның компоненттеріне тәуелді болады.
Тәрбие мақсаты жалпы және жеке болып келеді. Біріншісінде барлық азаматтардың сапалық құндылықтары қарастырылса, екіншісінде жеке тұлғаның қалыптасуы көзделеді. Тәрбие мақсатын тұжырымдауда табиғат, адам, қоғамның объективті даму заңдылықтары міндетті түрде есепке алынады.
Тәрбие мақсатын анықтауда маңызды себептердің қатарына жататындар - мақсатты құрастыру, оны белгілі бір заңдылыққа негіздеуді есепке алу. Тәрбие мақсатының ең алғашқы әлеуметтік негізі - әрбір даралықтың дамуы табиғаттың адамға генетикалық тұрғыдан берген мүмкіндіктерін дамыту, сол арқылы оның тұлғасын қалыптастыру. Өйткені тұлғаның дамуы белгілі бір әлеуметтік жағдайға байланысты жүзеге асады. Адам мен қоғамның өзара тәуелділігі тәрбие мақсатының екінші негізі болып табылады.
Тәрбие мақсатының негізгі компоненттерін философиялық категориялардың тізбегімен сипаттауға болады: мотив - қажеттілік - қызығушылық - мақсат.
Сонымен, мақсат - іс-әрекет нәтижесін күні бұрын ой-тұжырым арқылы болжау болып табылады.
Жалпыадамзаттық тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты - тұлғаны жан-жақты және жарасымды, үйлесімді етіп тәрбиелеу. Тәрбие мақсатына байланысты балаларға білім мен тәрбие берудің негізгі жолдары белгіленеді, тәрбиелік іс-әрекеттердің мазмұны анықталады, білім беру мен тәрбиелеудің нақты әдістері қарастырылады.
Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсаты жеке адамды жан-жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын етіп тәрбиелеу деп қарастырады. Тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, дамыту деген ұғымды оқу мен жастардың практикалық еңбегінің тікелей байланысы, дененің және ақыл-ой дамуының біртұтастығы ретінде түсіну керек.
Адам баласының жарқын болашағы толығымен жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне тәуелді. Мектептегі тәрбиенің басты мндеттері - теориялық білімді еңбекпен, өмірмен байланыстыра жүргізу, оларды политехникалық, экономикалық, экологиялық білімдермен қаруландыру, кәсіптік бағдар беру. Сондықтан әрбір азамат, тәрбиеге қатысы бар адамдар, ұйымдар мен мекемелер тәрбиенің мәнін, мақсаты мен міндеттерін жете түсінуі қажет. Осыған орай тәрбиенің негізгі мақсаттары: а) жастардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру; ә) тұлғаның рухани және дене қабілеттерін жан-жақты дамытып, эстетикалық талғамдары мен сезімдерін қоғамның талаптарына сай тәрбиелеу.
Тәрбиенің жалпы мақсатын жүзеге асыру ең алдымен тәрбие бөліктерін байланыстырып шешуді талап етеді. Тәрбиенің құрамдас бөліктері: ақыл-ой тәрбиесі, құқықтық тәрбие, эстетикалық, экономикалық тәрбие, дене тәрбиесі, т.б.
Тәрбиенің құрамдас бөліктерінің бірлігі мен өзара байланысының нәтижелі болуы ең алдымен мұғалімнің шеберлігіне, жалпы дайындығына байланысты. Сондықтан ол өзін-өзі дамытып, барлық іскерліктері мен білімін баланың бойына қоғамда өмір сүру үшін және оның істерін басқару үшін қажетті адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге және қалыптастыруға әрқашан дайын болуы керек.
Адам іс-әрекеті, сезімі мен ойлау ерекшеліктері оның өмір сүріп отырған қоғамдық-тарихи жағдайларына тәуелді болады. Қоғам дамуының белгілі сатысында педагогикалық, философиялық ой-пікірлер пайда болып, қалыптаса бастады. Тәрбие беру мақсатын анықтау ең басты мәселеге айналды. Осыған орай балаларға білім мен тәрбие берудің негізгі жолдары белгіленеді, тәрбиелік іс-әрекеттердің мазмұны анықталады, білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудың нақты мәселелері мен әдістері қарастырылады.
Тәрбие мақсаты төңірегіндегі пікірталас ежелгі дәуірден-ақ басталған. Ежелгі ойшылдар тәрбиенің мақсаты - ізгі рақымшыл азаматтарды тәрбиелеу деп түсінді.
Тәрбие мақсатының уақыт өте келе өзгеруі
Сократ
Өзіңді-өзің тану, аса құлықтылықты жетілдіру
Рақым
Платон
Ақыл-ой, ерік және сезімді тәрбиелеу
Аристотель
Ақыл-ес пен ерік-жігерді дамыту
Я.А. Коменский
Өзіңді, қоршаған ортаны тану, құдайға сиыну
Дж.Локк
Азаматты қалыптастыру (өз істерін ақылмен және байыппен жүргізетін адам)
Ж.Ж. Руссо
Қоғамдық құндылықтарды қалыптастыру
Пестолоцци
Адамның табиғи күш-қуаты мен қабілетін жан-жақты, үйлесімді дамытуға негіздеу
И.Гербарт
Қалыптасқан қарым-қатынастарға бейімделе алатын, қоғамдағы белгіленген тәртіпті сыйлайтын, оған бой ұсынатын рақымды адамды қалыптастыру
А.Дистервег
Ақиқат, сұлулық және мейірімділікке өз ынтасымен қызмет ету
В.Г .Белинский
Күрескер тәрбиелеу
А.И. Герцен
Қоғамдағы әділетсіздікпен күресетін еркін ойлы, адамгершілігі мол, қайраткер, жан-жақты тұлғаны дайындау
Көп уақытқа дейін тәрбие мақсаты идеалды адам мұратына, жан-жақты, үйлесімді дамыған, рухани байлығы мол, моральдық қылықтары таза және дене күші дамыған тұлға тәрбиелу ретінде түсіндірілді, бұл позиция - тәрбиенің негізгі мақсаты.
Егер тәрбие мақсатының қалай өзгеріп отырғанына көз жіберсек, тәрбие мақсатын белгілеудің қаншалықты маңызды екенін анық байқауға болады. Тәрбие қоғамның пайда болуымен бірге пайда болады, онсыз қоғам жоқ, ол өмір сүруін тоқтатады, ілгері дамымайды. Философия, социология, этика ілімдерімен қаруланған педагогика ғылымы адамды барлық жағынан дамытып, жарасымды етіп тәрбиелеуді өз алдына айқын мақсат етіп қойды.
3-апта
Педагогикалық құндылықтарды топтап бөлу. Педагогикалық құндылықтар.
Аксиология (грек, axios -- құнды, logos -- ілім) -- құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік шындықта аталған орны және құндылық әлемінің құрылымы туралы философиялық ілім.
Құндылық термині қоғамдық мұраттар қамтыған, сонысымен де міндеттілік өлшемі (эталон) ретінде танылған нысандар мен құбылыстарды, олардың қасиеттерін, сонымен бірге бейнақты идеяларды белгілеу, əрі сипаттау үшін қолданылады. Құндылықтар заттасқан жəне субъектив болып ажыралады. Сан қилы адамзат қызметінің, қоғамдық қатынастардың өнімі жəне олардың аймағына қосылған табиғат құбылыстары заттасқан құндылықтар сапына кіреді. Ал субъектив құндылықтар - бұлар бағалау - баға негізіне алынған өлшем-шектері (критерий), өрнек үлгілер, əлеуметтік стандарттар. Бұлардың бəрі идеялар, принциптер, мұраттар, іс-əрекет мақсаттары ретінде қоғамдық санада бекіп, ол сананың бағыт-бағдарын айқындап отырады.
Адамзат дамуының əрқилы кезеңдерінде де өзгеріске түспей, тұрақты қалпында сақталатын құндылықтар болады. Мұндай құндылықтар: өмір, бейбітшілік, еңбек, денсаулық, махаббат, əсемдік, шығармашылық жəне т.б. - адамзат қауымының гуманистік бастауы болған бұл категориялар мəңгілік, ешбір төңкеріс не идеология, саясат оларды жоюы мүмкін емес. Əр тарих кезеңде олар мəні қайта қарастырылып, жаңа көзқараспен басқаша бағалануы ықтимал.
Жалпы құндылықтар арасында педагогикалық құндылықтар өз алдына дербес топ құрайды. Олардың мəні тəрбиелеу жəне білім беру қызметінің ерекшелігі, оның əлеуметтік ролі жəне жасампаздық мүмкіншіліктерімен анықталады.
Педагогикалық құндылықтар білім саласында қалыптасқан қоғамдық дүниетаным, көзқарастар мен педагог қызметтері арасында жанама жəне тікелей байланыстырушы ретінде, əрі педагогикалық іс-əрекетті реттеуші талаптар (нормы) ретінде қабылданған. Барша құндылықтар сияқты педагогикалық құндылықтар да қоғамдағы əлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастарға тəуелді. Олар тарих желісінде қалыптасып, ерекше танымдық бейне жəне ұғымдар түрінде қоғамдық сана формасына енеді. Өмірдің əлеуметтік шарттарының өзгеріске келуімен, тұлға, қоғам қажеттерінің дамуымен педагогикалық құндылықтар да ауысып барады.
4-апта
Педагогикалық үдеріс-тұтас құбылыс. Әртүрлі білім беру мекемелеріндегі педагогикалық үдерісті ұйымдастыру.
Қойылған мақсатқа жету үшін тұлға дамуын ұйымдасқан түрде жүргізу қажет. Басқаша айтқанда, белгілі бір нәтижеге жету үшін тәрбиеге мұғалімдер мен оқушылардың өзара әсерлесуі біріктірілген, басқарылатын үдеріс пішінін беру керек. Мұндай үдерісті оқу-тәрбие немесе педагогикалық процесс деп атайды. Бұл үдеріс алдын ала анықталған мақсатқа қол жеткізуге және алдын ала белгіленген өзгерістерге, тәрбиеленуші қасиеттері мен белгілерін түрлендіруге алып келеді. Педагогикалық процесс - тәрбиешілердің әлеуметтік тәжірибесі тәрбиеленуші тұлғасының қасиеттеріне айналатын өзара әсерлесуі.
Педагогикалық процестің ең басты ерекшелігі - оның тұтастығы.
Пайда бола бастаған кезден тәрбие тұтас үдеріс ретінде қалыптасты. Алғашқы кездегі тәрбие формаларының өзінде-ақ - салт, ритуал, ойындар барысында аға ұрпақ білімдері мен іс-әрекет тәжірибелерін беруге ғана емес, мінез-құлықты қалыптастыруға да мән беріп отырған.
Келесі кезеңдерде тәрбие оқытудың құрамды бөлігі ретінде қарастырылды.
Қоғамдағы еңбектің әрі қарай бөлінуі оқыту мен тәрбиелеудің жіктелуіне алып келді. ХІХ ғасырдың өзінде-ақ оқыту мен тәрбиелеу бірлігін дәлелдейтін фактілер пайда бола бастады. Олар И.Ф. Гербарт, К.Д. Ушинский, Н.Ф. Бунаков, В.П. Вахтеров т.б. еңбектерінде талдана бастады. Педагогикалық үдеріс тұтастығын дамытуға Н.К. Крупская, С.Т. Шацкий, А.С. Макаренко, А.П. Пинкевич көп үлес қосты. Бірақ 30-жылдары оқыту мен тәрбиелеу ерекшеліктерін тереңдете зерттеу үшін оларды бөліп қарастыру көзқарасы басым болды.
Тұтас педагогикалық процесс мәселесіне 70-80-ші жылдар аралығында Ю.К. Бабанский, М.А. Данилов, В.С. Ильин, В.В. Краевский, Б.Т. Лихачев және т.б. көңіл бөле бастады.
Ғалымдар мен педагогтер тұлғаны дамытуға жан-жақты амал жасау тек педагогикалық процесс тұтастығы негізінде жүзеге асырылатындығын баса көрсетті.
Қазақстанда тұтас педагогикалық процесті дамыту мәселесін кеңінен қарастырған ғалым-педагог Н.Д. Хмель және оның шәкірттері болып табылады.
Жоғарыда аталған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz