Стресс психодиагностикасы


ХИ - 211К Конысбаева М
- Стресс психодиагностикасы
Стресс дегеніміз - ағзаның қиын жағдайға қайтаратын жауабы. Бұл кезде адамның миы бүкіл ағзаға өте көп мөлшерде гормон бөліп, нәтижесінде жүрек қатты соға бастайды, қан қысымы жоғарылайды, тыныс алу жиілейді, бұлшық еттер жиырылып қалады. Не болып жатқанын сіз өзіңіз толық сезінбей жатқанда-ақ, ағзаңыз қауіппен күресуге дайын тұрады. Стрестік жағдай аяқталған соң, ағзаңыз “дабыл қағатын” күйден қалыпты күйге түседі.
Стресс - қиын немесе қауіпті жағдаймен күресуге көмектесетін табиғи реакция. Ол мида басталады. Пайдалы стресс сізге бірден әрекет етуге көмектеседі. Белгілі бір шамадағы стрестің арқасында сіз мақсаттарыңызға жете аласыз, емтихан тапсырғанда, жұмысқа тұру үшін сұхбатқа барғанда я спорттық жарысқа қатысқанда жақсы нәтиже көрсете аласыз.
Дегенмен ұзаққа созылған, шектен тыс, созылмалы стрестің зияны бар. Ағзаңыз қайта-қайта не толассыз “дабыл қағу” күйінде жүрсе, бұл тәндік және эмоциялық саулығыңызға кері әсерін тигізіп, ақыл-естің бұзылуына әкеп соғуы ықтимал. Мінез-құлқыңыз құбылып, адамдармен қарым-қатынасыңыз да өзгеруі мүмкін. Созылмалы стрестің кесірінен кейбірі ішімдікке я нашақорлыққа салынады, дәрі-дәрмекті мөлшерден тыс қабылдайды, темекі шегеді, мешкейлікке я басқа да зиянды әдеттерге салынады. Түбінде бұл депрессияға, қажып-тозуға я тіпті өз өміріне қол жұмсау жайлы ойларға әкеп соғуы мүмкін.
Сонымен, стрестен бәрі бірдей зардап көрмесе де, ол сан түрлі ауруларға себепші болады. Сондай-ақ ағзаның әрбір мүшесіне ықпалын тигізуі мүмкін.
- Эмоция және эмоциялық интеллект
Эмоционалды интеллект дегеніміз - адамның өз эмоциясын қабылдап, кәдеге жарата білуі. Кез келген тапсырманы тиімді шешу үшін эмоциясын игеру қабілеті. Эмоция - энергияның көрінісі. Сондықтан барынша эмоциялық ойлауды дамыту керек.
90-жылдардың ортасында Дэниел Гоулманның «Эмоционалды интеллект: IQ-дан да маңызды» психологиялық бестселлері жарық көрді. Белгілі журналистің зерттеу еңбегі көпшілікке ой салды. Кітабында ересектер мен балаларды бірге зерттеген. Қорытынды шығарғанда баланың қандай отбасында тәрбиеленгені, мектепте, университетте алған бағасы үлкен өмірге сүйеу бола алмайтынын көрсеткен. Адамның қоршаған ортамен байланысы, яғни эмоцияны игере алуы болашағына кепіл бола алатынын жазған. Жеке өмірде де эмоцияның ықпалы зор. Қарым-қатынас орнату, жаңа ортаға сіңісу аталған тақырыппен байланысты екен. Ежелгі гректер ақылды адам деп ақыл-ой, логика, эмоция үштігін біріктіре алатын тұлғаны айтқан. Эмоциялық интеллектпен ойлауды алдыңғы орынға қойған.
1920 жылы америкалық психолог Эдвард Торндайк алғаш рет әлеуметтік ақыл-ой ұғымын ғылымға енгізді. Ол мұны «Адамның қоршаған ортамен қарым-қатынаста ақылға қонымды әрекет ету қабілеті» деп түсіндірді. 1983 жылы Говард Гарднер интеллектін Ішкі және тұлғааралық деп бөліп, интеллект теориясын ұсынды. Дегенмен Гоулман еңбегі бәрінен асып түсті. Ұғымды көпшілікке кеңінен танытып, өзінше әрекет етуге үйретті.
IQ - ақыл-ой қабілетінің объективті көрсеткіші. Интеллект коэффициенті адамның мектептегі, жұмыстағы деңгейін анықтайды. Ал эмоционалды интеллект ұжымда жұмыс істеу қабілетіне және әріптестерінің көңіл күйіне әсер етеді. IQ-ге қарағанда EQ-ді реттеу мен көтеру оңай.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz