ТүркIлердIң ислам тарихы және мәдениетIндегI ерекше орны



ТҮРКIЛЕРДIҢ ИСЛАМ ТАРИХЫ ЖӘНЕ
МӘДЕНИЕТIНДЕГI ЕРЕКШЕ ОРНЫ

Исламият алып елдердің, мәселен Әмәуи (661.750), Аббаси (751.1258), Селжүк (1040.1157), Осман (1299.1922) патшалықтары сықылды әлемдiк мемлекеттердің ресми дiнi болған дәуiрде, азат етiлген немесе олжаланған өңiрлердiң тұрғындарын жаппай дiнге енгiзу яки мұсылман болуға зорлау уақиғалары байқалмайды. Әуелi, ғайримұслимдерді мұсылмандандыру туралы қажеттiлiк һәм мемлекеттік саясат болмаған секілді. Бодандар мен қамқорлыққа (вассал) алынған елдерге толық еркiндiк берiлген. Ислам билiгiндегi жөһит, несториан, православ, католик, бұдда дiндерiнiң мансұбтары шат.шадыман өмiр сүрген, олар дiни.рухани өмiрiнiң ең гүлденген дәуiрiне мұсылмандардың жанашырлығының арқасында жеткен. Мисалы, сан ғасырлар бойы Османияның билiгiнде болған Грекия, Бұлғарыстан, Мажарыстан, Сербістан, Рұмыныстан, Әрмәния, Гүржістан (Грузия) сықылды мемлекеттер; Африкадағы мұсылман билеушiлердiң құзырында болған халықтар; Моғолдардың иелiгiнде болған Үндiстан халықтары өз дiнiнен аластатылған емес. Олардың өз дiнiн, тiлiн, әлiппесiн һәм ежелгi салт дәстүрiн емiн.еркiн сақтап келгенi айқын.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Мұртаза БҰЛҰТАЙ
ҚР Білім қайраткерлері одағының мүшесі

ТҮРКIЛЕРДIҢ ИСЛАМ ТАРИХЫ ЖӘНЕ
МӘДЕНИЕТIНДЕГI ЕРЕКШЕ ОРНЫ

Исламият алып елдердің, мәселен Әмәуи (661-750), Аббаси (751-1258),
Селжүк (1040-1157), Осман (1299-1922) патшалықтары сықылды әлемдiк
мемлекеттердің ресми дiнi болған дәуiрде, азат етiлген немесе олжаланған
өңiрлердiң тұрғындарын жаппай дiнге енгiзу яки мұсылман болуға зорлау
уақиғалары байқалмайды. Әуелi, ғайримұслимдерді мұсылмандандыру туралы
қажеттiлiк һәм мемлекеттік саясат болмаған секілді. Бодандар мен
қамқорлыққа (вассал) алынған елдерге толық еркiндiк берiлген. Ислам
билiгiндегi жөһит, несториан, православ, католик, бұдда дiндерiнiң
мансұбтары шат-шадыман өмiр сүрген, олар дiни-рухани өмiрiнiң ең гүлденген
дәуiрiне мұсылмандардың жанашырлығының арқасында жеткен. Мисалы, сан
ғасырлар бойы Османияның билiгiнде болған Грекия, Бұлғарыстан, Мажарыстан,
Сербістан, Рұмыныстан, Әрмәния, Гүржістан (Грузия) сықылды мемлекеттер;
Африкадағы мұсылман билеушiлердiң құзырында болған халықтар; Моғолдардың
иелiгiнде болған Үндiстан халықтары өз дiнiнен аластатылған емес. Олардың
өз дiнiн, тiлiн, әлiппесiн һәм ежелгi салт дәстүрiн емiн-еркiн сақтап
келгенi айқын.
Мәзкүр (аталмыш) елдерде Исламияттың жайылуы ғасырларға созылған
табиғи барыстардан (процесс) кейiн, яғни қабылдаушы адамдардың өз
ықтиярымен болғаны байқалады. Мұсылман билеушiлердің әдiлеттiлiгiн көрiп,
осы дiннiң мансұбтарының таң қаларлық сипаттарымен танысқан басқа дiн
уәкiлдерi аралас-құралас мұсылман қоғамдарын қалыптастырған. 1372 ж. қайтыс
болған Ибни Кәсiрдiң “әл-Бидая уән-Ниһәя” атты кiтабында айтуына қарағанда,
Мұса Нұсайырұлы Солтүстiк Африка аймақтарын мұсылман билiгiне қосқаннан
соң, жергiлiктi халықтар еркiнше иман келтірген [1]. Түркiстан өңiрiне
Ислам билiгiн әкелген басшылардың аса даңқтысы, ақылгөйі һәм мұжаһиді Ғазы
Құтайба Мүслiмұлы едi. Аталмыш кiтаптың 167-бетiнде Ибни Кәсiр былай дейдi:
“Құтайба Мүсiлiмұлының еңбегiмен шексiз көп адам мұсылман болды, олардың
дәл санын Аллаһ Тағала ғана бiледi!” [2].
Әсiресе, X-ғасырда мұсылманшылықтың толқын-толқын таралғаны байқалады.
Со кездегi Орта Азия тұрғындарының лек-лек болып Исламға қосылғаны тарихи
әдебиеттерде баяндалады. Мәселен, 960 ж. 200 мың шатыр (үйтүтін) түркi
халқы Ислам дiнiн қабылдаған. Ұзақ саны 2 миллионға жететiн осы көпшiлiктiң
мұсылмандыққа кiруi бәшәриет уә түркi халықтарының тарихындағы аса iрi
уақиға. 1232 ж. қайтыс болған көрнектi тарихшы Ибн әл-Әсир осы уақиғаны
қысқа һәм нұсқа ғып келтiрген; “Түрiктерден екi жүз мың шатыр адам мұсылман
болды!” [3].
Шындығына келгенде, Әмәуи дәуiрiнде басталып, Аббаси дәуiрiнде
кемеліне жеткен түрiк қуаты, түрік факторы 10 ғасырдан астам уақыт
Исламияттың қызметшiсi һәм қылышы болғаны хақ [4]. Ислам дiнiнiң осы
күнгi жағырапияларға таралуында, ғылым-бiлiм, техника, өнер салаларындағы
теңдессіз туындыларда түркі халықтарының үлесi мұғаззам (аса зор). XXI-
ғасырға қадам басайық деп тұрған шақта, түркiлердің Ислам үмбетiнiң
құрамындағы және халықаралық аренадағы маңыздылығының тағы да өсiп келе
жатқанын байқаймыз. Иә, осы түркі халықтары құрған мемлекеттер мұсылман
үмбетiнiң басын қосқан, бiр билiкке ұюына атсалысқан, Қытай мұхитынан
Әндүлүске, яғни Атлант мұхитына дейiнгi шетсiз-қиырсыз аумақтағы
мұсылмандардың бiртұтас сипаттарға ие болуына қызмет еткен-ді.
Пайғамбарымыздың замандас түрiк қағандығы және түрiктер туралы
хабардар болғаны, хатта түрiктер хақында хадистер айтқаны көптеген
әдебиеттерде келтiрiледi. Жоғарыдағы тарауларда көрсетілген “Түрiктер
сендерге тиiспесе, сендер де оларға тиiспеңдер!” сықылды хадистер осының
айғағы болса керек [5].
Ұзақ ғасырлар бойы Ислам әлемiнiң дүние жүзiлiк саясаттағы
уәкiлшiлiгiн түркілер жасағаны мәлiм. Негiзiнен миладтан бұрынғы ғасырларда
белгілі мөлшерде отырықшы болған, кейін көбінесе көшпелi өмiр салтын
ұстанған түркі халықтарының ұлан-ғайыр аумаққа тарап, әр түрлі бөтен
ұлттармен бiрге өмiр сүрiп, олардың мәдениетiнiң, дiнi мен тiлiнiң тәсiрiне
ұшырағаны мәлiм. Кей жағдайларда антропологиялық кескiн де мүлдем өзгерiп
кеткен [6]. Оғыз тобындағы батыс түркілері ежелгі бракисефальдық кескінін
сақтағанымен, қарлұқ-қыпшақ тобындағы шығыс түркілері мұңғұлбейнелі
(монголоид) типке қосылған. Мәдени ықпалдасудың қаншалықты дәрежеге жеткенi
Орхон тастарында, түрiк қағанаты құлап бара жатқан шақтың өзiнде ел билеушi
ханзадалардың, бекзаттардың, ақсүйектердің табғачтарға (қытайларға)
елiктегенi, ат пен атақтарын қытайшалағаны суреттеліп, ашына мысал етiледi
[7].
Әсіре ұлтшы зерттеушi Зәкария Китапчының пiкiрi бойынша түрiктер
арасында таралған Арилық және Сами (семит) дiндер, атап айтқанда
бұддашылық, отқақұлдық, христиандық түрiктердiң мәрттiк, батырлық,
жауынгерлiк сықылды ұлттық қасиеттерiн, аң-сезiмiн қоректендiрудiң орнына
қаймықтырушы рөл атқарған [8]. Нәсілшіл автор аталған еңбегiнде Жiбек
жолы керуендерi арқалы жиi жолаушылайтұғын миссионерлердiң жылмың еңбегiнiң
арқасында көптеген түрiктердiң бұдда дiнiне кiргенiн айта келiп, дiн
ауыстырудың жоғары дәрежелі мемлекет қайраткерлерiне дейiн жұққанын мысалға
келтіреді. Шынында, атақты түрiк билеушісі Бiлге қаған бұддашылықты түрiк
мемлекетiнiң ресми дiнiне айналдыру туралы ұсыныс жасаған-ды. Бiлге қаған
“Қытай патша әулетiнiң ресми, мемлекеттiк дiнi бар, түрiк мемлекетiнiң де
ұлттық дiнi болу керек” деп, осындай ойға келгенiн айтады. Алайда, қытай
елiнде оқып, тәлiм-тәрбие алған Тонйұқұқ (644646?-731) уәзiр, қағанға
бұдда дiнiнiң түрiктердiң жауынгерлiк рұхына сәйкес келмейтұғынын,
мемлекеттiк билiкке керi ықпал тигiзетұғынын айтып, әрең-зорға дегенде
райынан қайтарады [9].
Жоғарыда келтiрiлген дәйектерден байқалғандай, Исламға дейiн түркi
халықтарында тұтастай біркелкі бір дiн болған емес. Түрiк ұлыстары,
тайпалары мәдениет сатысы өскен сайын көптәңiрлi нанымдардан алыстап бірте-
бірте бiр-тәңiрлi дiндерді қабылдай бастаған. Олардың Исламияттан бұрын
тұрпайы қоғамдарға тән дiндерді тастап, отқақұлдық, бұддашылық,
манихейшілік т.т. сықылды өз шамасынша ахлақи (этикалық) және фәлсәфалық
түсiнiктерi бар нанымдарды қабылдауы табиғи құбылыс. Орталық Азияда наным-
сенімдердің таралу үрдісін былайша көрсетуге болатын секілді:

Тотемизм
Анимизм
Натұризм
Ханиф Діні Зороастризм ИСЛАМ
(Ежелгі Ислам) Манихейзм
Бұддизм
Йаһұдилік
Христиандық

Мүмкiн, осы сатылардан өтудiң өзi хақ дiн Исламның теңдессіз
алыптығын, шексiз ұлылығын, Бiр Аллаһ Тағалаға ғана тәсiлiм болатұғын
ықыласын, шынайылығын түсiнуге зерделердi, жүректердi дайындаған шығар.
Бiртәңiрлi дiндердi кезегiмен жөһиттiк, христиандық ретiнде қабылдағаннан
кейiн, Ислам туын көтерген Пайғамбарымыздың VII-ғасырда хақ дiнге бүтiн
адамзатты шақыруына түрiк ұлыстары да қүлшына һәм ұмтыла қосылғаны хақ!
Содан бастап Исламият барша түрiктердің бiртұтас дiнiне айналды, олардың
бiртұтас ұлт болып қалыптасуына ұйытқы болды, өзара қырғын соғыстарды
тоқтатты, тiлдiң бiркелкiлiгiн сақтады! Түркілер Исламның жауынгерi һәм
жаршысы сипатында тарихта аса маңызды орынға ие болды. Еуропалықтар үшін
түрiк және мұсылман атаулары мағна жағынан тым жақын сөздерге айналды,
тіпті синоним болып кетті десек жаңылмаспыз. Түркілер Африка құрлығының
iшкi аймақтарында, Еуропаның орталық елдерінде, Азия құрлығының көптеген
түкпiрлерiнде Исламның нұрын шашқан, Исламдық құрылымдар мен ұғымдарды
апарған, орналастырған, әдiлеттiліктің белгiсiне айналған мұсылман халқы
болды. Осы күннiң өзiнде Еуропаның барлық елдерінде, Америка құрлықтарында,
Тынық Мұхиттағы дәулеттерде мектептер, мешiттер, қоғамдар ашып,
мұсылманшылықтың қызметiн iстеп жатқан тағы солар. Түрiктер бұрынғы
дiндердiң ешқайсысына осындай берiк болып, құрбандыққа жанын фида еткен
емес. Шынтуайттап айтатұғын болсақ, бұрынғы дiндердiң бүгiнде аты
аталғанымен заты түгiмен жоғалып кеткен. Осы тұрғыда белгiлi ағылшын ғалым
Леуис (Lewis) былай дейдi ;
“Түрiктер Исламға кiргеннен соң, олар осы дiннiң арқасында жап-жаңа
бiр тұлғаға ие болды және де олар өздерiнiң өткен тарихтағы қылықтарынан
тез алшақтап кетті, тiптi ұмытып кеткен деуге болады” [10].
Ислам түрiктердiң жүрегiне соншалықты орналасқан-кім, оны қияметке
шейiн ешкiм орнынан қозғалта алмақ емес. Тарихта болған көптеген
тырыспалардың нәтиже бермегенiн көкiрегi ояу ағайын өте жақсы бiледi.
Түрiктердiң Ислам тарихында жасаған еңбегi мен қызметiнiң көлемiн осы
кітаптың құрамында айтып жеткiзу мүмкiн емес. Аллаһ Тағала қасиеттi Құран
Кәрiмнiң Маида сүресiнiң 54-аятында мұсылман үмбетiне былай деп бұйырған;
“554: Ей имандылар! Сендерден кім діннен қайтса, ол білсін-кім,
шүбәсiз Аллаһ Өзi сүйетін һәм олар да Оны сүйетін, мүминдерге дегенде өте
кiшiбейiлдi, кәпiрлерге дегенде абыройлы уә паң бiр қауымды әкеледi! Олар
Аллаһ жолында күреседі және ешкiмнiң сөгуiнен, жазғыруынан тайсалмайды.
Бұл, Аллаһ тарапынан бiр абырой және мейiрiм, оны кiмге қаласа соған
бередi! Аллаһ, ихсаны мол, ең көп бiлiмдi!” [11].
Тарих беттерiн ашқанымызда Аллаһ Тағаланың Құранында баяндалған осы
уағдасын орындағанын көремiз, ағайын. Ислам нұрымен абыройланған
түркiлердiң алдында, ендеше, аса ұлық мақсаттар пайда болған-ды: Аллаһ
ризалығы үшiн өмiр кешу, Оның Баянын жан-жаққа тарату, Исламның хақ туын
шартарапта желбiрету! 623 жыл құдіреттілікпен, абыройлылықпен билiк
жүргiзген Осман Патшалығы осының нағыз айғағы. Түркiлер өздерінің
кеңбейілділік, мәрттік, жомарттық, батырлық сықылды қасиеттерiн одан ары
дамытқан хақ дiннің жолында бiр сәт ойланбай жанын фида ететұғын, сондай
шәһидтер қиыр шығыстан қиыр батысқа дейiнгі топырақтарда, өздерiнiң
мәңгiлiк мекенiнде жатыр, оларды өлiктер деуге болмайды, үйткенi, олар
шәһидтер!
Ислам дiнiнiң түркілердiң ұлттық қасиеттерiн қорғап қана қалмай, одан
ары дамытқанын жоғарыда атап өттiк. Бұл шындық тек қана түркiлер үшiн емес,
Исламиятты қабылдаған басқа ұлттардың барлығында бірдей. Ислам дiнiн
қабылдаған түркi халықтарының ешқайсысы да араб болған жоқ. Керiсiнше,
арабтар, парсылар және мұңғұлдар түрiктенiп кетті. Бұл Исламның бiр ұлтқа
ғана тән дiн емес екендiгiн, күллі адамзаттың дiнi екенiн дәлелдейдi.
Мұсылмандық дәуірде Жүсіп Хас Хажибтің Құтты Бiлiк” (1069-70), Қашғарлық
Махмұдтың“Түрік Лұғатының Диуаны” (1072-74), Әбіл Қасым Махмұд Омарұлы әз-
Замахшаридің (1075-1144) “Мұқаддимат-ұл Әдеб”, Сүлеймен Бақырғанидің (1104-
1186) “Бақырғани Кітабы” (XII ғ.), Ахмед Йүгнекидің “Һибат-ұл Хақайық” (XII-
XIII ғ.), “Қорқыт Ата Кітабы” [12] (XIV-XVI ғғ.), Ахмед Йесеуидің “Хикмет
Диуаны”, “Оғұзнама” [13] (XIV-XV ғғ.), Насреддин Рабғұзидің “Қиссас әл-
Әнбия” (1310), Құтыб жазған “Хұсрау уә Ширин” (1341-1342), Хорезми жазған
“Мұхаббат-нама” (1353), Хұсам Кәтібтің “Жұм-жұма Сұлтан” (1370) нәсірі,
Сәйфи Сарайи (1320-1396) жазған “Гүлистан би-т-Тұрки” (аударма, 1391 ж.),
Сәййід Ахмедтің “Тағашшұқ-нама” (1435-36) атты еңбегі т.т. жазылды, яғни
түрiк әдебиетiнің алтын дәуiрi Исламнан кейiн ғана басталды. Исламнан
бұрынғы тарих пен әдебиет туралы шағын мөлшерде ғана (тас жазулар, ыдыстар)
материал болғанымен, Ислам дәуiрінен қалған әдебиет пен өнер туындылары
бүгiнде мұсылман елдерiнiң мұражайлары мен архивтерiн толтырып, бұған қоса
Лондон, С. Петірбор, Мәскеу, Парис, Берлин, Рим, Нью-Йорк, Вена, Пекин,
Киото, Ватикан т.т. қалаларындағы кітапханалар мен мұражайлардың ең бағалы
экспонаттары қатарында аталуда. Ислам дәуіріндегі әдебиет шығармаларымызды
100 мыңдық, миллиондық цифрлармен ғана айтуға болады.
Исламият дәуірінде түркі тілдерінің зерттелуіне, үйретілуіне, жоғары
оқу орындарында (медреселер) сабақ ретінде оқытлыуына мүмкіндік жасалды.
Мәселен, Мұхтар Махмұдұлы әз-Закиди, Махмұд Ахмедұлы Мұсаұлы сықылды мәшһүр
араб ғалымдары Сарай қаласында ғылыми жұмыстармен шұғылданған. Осы сәтте,
мұсылман-қыпшақ ғалымдар Махмұд Фатшаһұлы әс-Сарайи, Шаһабұддин әс-Сарайи,
Махмұд Абдұллаһұлы әс-Сарайи Ислам әлемінің мәшһүр орталықтарынан Қаһирада
сабақ оқушы еді. Түрік тілінің грамматикасы, сөз байлығы туралы мұсылман
авторлар тарапынан жазылған еңбектерден бірнешеуін атайық: Әбу Хайан жазған
“Китаб әл-Идрак ли лисан әл-Әтрак” (Түрік тілінің түсіндірме кітабы),
жазушысы беймәлім “Китаб әт-Тұхфат әз-Зәкия фи лұғат әт-Түркиййа” [14]
(Түрік тілі туралы ерекше зерделі кітап), “әл-Қауа-а-нийн әл-Кұллия ли-забт
әл-Лұғат әт-Тұркиййа” (Түрік тіліне толық ие болдыратын құрал) [15].
Мұның бәрі де мұсылмандардың түрік тілін зерттеуге һәм үйретуге қатты назар
бөлгенін дәлелдейді.
Жә, ендi, басқа дiнге енген түркi тектес халықтардың тiлден уә ұлттық
қасиеттерден айырылғаны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркілер дәуіріндегі түрлі мәдени байланыстар
Түркілер дәуіріндегі түрлі мәдени байланыстар тарихы зерттеулерде
Орталық Азия халықтарының өзара байланыстары және түркі жеріндегі Ислам дініне дейінгі діндер
Мәдениет морфологиясы туралы
Түркілердің ежелгі сенімдері
Түркі халықтарындағы тәңіршілдік пен ислам дінінің арасындағы тарихи, рухани сабақтастықтарды қазақ тарихы негізінде дәлелдеу
Х–XII ғасырлардағы Қарахандар мемлекетінің мәдени мұрасы
Ұлттық діндердің рухани құндылықтары
Тіл мәдениет құралы ретінде
Зороастризм тарихы
Пәндер