Тарихи шынайылықтың әсерінен тұлғаның түрлену үдерісі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

<Халықаралық туризм және меймандостық университеті>

Тақырыбы:

БОӨЖ 6

Тақырыбы: Тарихи шынайылықтың әсерінен тұлғаның түрлену үдерісі.

Дайындаған: Ауезова. Ғ. Б. хит21-04

Қабылдаған: Толқын Амантайқызы

Түркістан 2021

БОӨЖ 6

Тақырыбы: Тарихи шынайылықтың әсерінен тұлғаның түрлену үдерісі.

Тарихи теория - тарихи білімнің ерекше формасы. Курстың методологиялық негізі бірнеше идеялармен анықталады. Біріншіден, тарихи танымның ерекшелігі және тарихи зерттеудегі ақиқаттылық пен шынайылық критерийлерінің салыстырмалылығын мойындау. Тарихи білімнің салыстырмалылығы бірнеше факторларға байланысты. Олардың ең негізгісі - тарихи зерттедің үш негізгі компоненттері - тарихи факт, тарихи дерек және тарихи зерттеудің көпмағыналылығы. Екіншіден, тарихи зерттеудің пәні мен әдістерінің өзгеше ерекшелігі. Тарих ғылымының қалыптасуы барысында оның пәніне берілген анықтаманың өзі үнемі өзгеріске ұшырап отырды. Қазіргі заманғы тарихи зерттеу тәжірибесі тарихи зерттеу өрісінің кеңдігін ғана емес, сонымен қатар, оны зерттеу әдіс-тәсілдерінің де кең базасын мойындайды. Басты мақсаты мемлекеттердің дамуының негізгі кезеңдерін қарастыру үшін саяси маңызды оқиғаларды зерттейтін эмпирикалық ғылымнан тарих қоғамды оны даму динамикасы барысында зерттейтін пәнге айналды. Тарихшы өзінің зерттеу объектісіне қоғам өмірінің барлық қырын ала алады. Осындай диверсификацияның өзі - тарих ғылымының зерттеуйінің түпкі негізгі объектісі табиғаты мен жүріс-тұрысы саналуан АДАМ екендігін көрсетеді. Үшіншіден, тарихи таным мен білім таза академиялық білім болған емес. Оның қызметтері өзінің әлеуметтілігімен ерекшеленеді. Тарихи білім мен өткенге деген қызығушылық әрқашан қоғам үшін өзекті мәселені қарастыру қажеттілігімен де ерекшеленді.

Осы тұрғыдан алғанда тарих немесе өткеннің суреті әлеуметтік сананың бөлігі, саяси-идеологиялық түсініктің бөлшегі, әлеуметтік даму стратегиясын анықтаудың ең бастапқы материалы болып табылады. Тарих ғылымының методологиясы - тарих ғылымдары жүйесінің іргетасы. Тарихты танудың методологиясы - тарихты зерттеу тәсілдерінің және зерттеушінің дүниетанымының ұштасқан кешені ретінде. Методология мен әдістердің мағынасы және оларды теңгерудің мүмкін еместігі мен гносеологиялық қауіп. (Философияның құрамдас бөліктері: Онтология - тұрмыс туралы ілім; Гносеология - таным туралы ілім; Эпистомеология - ғылыми таным туралы ілім; Антропология - адам туралы ілім; Аксиология - құндылықтар туралы ілім. Философияның негізгі сұрағы: адамның әлемге деген қарым-қатынасы) . Тарихи білімнің мәні, жалпы даму тенденциялары мен заңдылықтары, ғылыми және әлеуметтік статусы. Казіргі кезендегі тарихи-методологиялық зерттеулердің отандық және шетелдік тәжірибе контексінде тарихты зерттеудің және оқытудың концептуальдық принциптерін анықтау қажеттілігі.

"Тарихи бейнелеудің ерекшелігі. Тарих философиясының өзектілігі және казіргі кезеңдегі міндеттері. Тарих философиясы методологиясының дамуы және оның негізгі белестері.

Тарих түсінігінің кең мағыналылығы. Пәннің категориялық аппараты: әдіс, методология, тарихтың философиясы, тарихи философия, эпистемология, танымның әдістері, тарихи таным, тарихи үдеріс, тарихилық, тарихи теория, өркениет, мәдени-тарихи жүйе, тарихи сана.

Тарих ғылымының методологиясының ғылым ретіндегі даму тарихы. Өткен заманның тарихшыларының оқиғалардың ақиқаттылығы және маңыздылығы туралы түсінігі қазіргі заман тарихшыларының түсінігінен әлдеқайда өзгеше болуы мүмкін. Олар үшін фактілерді мүмкін және адам сенгісіз фактілер деп бөлетін дұрыс ой (здравый смысл) болуы керек. Ежелгі және орта ғасырлардағы адамдар қазіргі кездегі адамдар тәріздес шын болған оқиғаны өтірік сөзден ажыратып алуға қарсы болған жоқ. Алайда, шынайылық пен жалған дүниенің арасын бөліп тұрған шекараны әр дәуірдің адамдары әртүрлі белгілейді. Көптеген дәуірлер үшін таңғажайыптар әлемі егіннің шығуы, соғыстың болуы және осыған ұқсаған фактілер тәріздес өте шынайы болып есептелді; адамдар таңғажайыптың болғандығын дәлелдейтін фактілерді іздесіріп, оны «тапқаннан» кейін ғажайып дүниені болған факт деп есептеді.

Аңыздар мен ата-бабалардың әңгімелерінің өзі осы таңғажайып фактілердің болғандығын толығымен дәлелдейтін еді - осылайша тарихи жады мен тарихи сананың ерекше формасы ретінде мифтер мен аңыздар пайда болды. Оның үстіне өткен туралы есте сақталған оқиғаларды «жөндеу» де жүзеге асырылып отырылды: мысалы, ортағасырлық орыс монахы монастырьлық хрониканы жаза отырып, оның арасына хроника жазылған нақты кезеңдегі болған оқиғаларды да кіріктіруі мүмкін. Осы кездегі монахтың әрекетін жалғандық деп танимыз ба, әлде, әділеттілікті өзінше қалпына келіру әрекеті деп қарастырамыз ба? Өткендегі болған оқиғаның болуы дұрыс, әділетті деп шешкен жылнамашының қимыл-әрекеті жалған емес, керісінше тарихи шынайылық пен ақиқатты қалпына келтірудің өзінше әрекеті. Тарихи жады, және оған негізделетін тарихи сана қоғамның әлеуметтік және мәдени өмірінің мазмұны әртүрлі қауымдастықтар мен оптардың шынайылық, ақиқаттылық уралы түсінігімен анықталатын құбылыстарына жатады. Бұл түсініктер уақыт өте келе өзгерісерге ұшырап, әртүрлі халықтар мен өркениеттердің дүниетанымы мен интеллекуалдық дәстүрінде белгілі бір формада сақталып қалды. Әртүрлі қауымдастықтар және олардың ішіндегі әртүрлі жекелеген әлнуметтік топтар тек өздеріне ғана тән тарихи сана мен тарихи жадының типтерін ғана қалыптастырып қана қоймай, өткенді түйсінудің әртүрлі дәрежесін де қалыптастырады.

Адамдар болған белгілі бір оқиғаны бірқатар уақыт мерзімі өткеннен кейін ұмытып, басқа оқиғаның маңыздылығын жоғарыға көтеруге (яғни, өзектілендіруге, көкейтестілендіруге) бейім болады. Әлеуметтік жады мен тарихи сананы зерттеушілер өкендегі адамдар нені және не үшін ұмытқанын ескеруі керек деп есептейді. Жекелеген фактілер мен оқиғаларды өзінің ұжымдық санасынан не үшін өшіріп тастаған себептерін анықтау осы қауымдастықың өзінің тарихтағы орнын қалай деп түсінгендігін көрсетеді. Өткеннің әртүрлі аспектілерін ұмыту әртүрлі себептер арқылы болып отырды.

Тарих ғылымының саяси функциялары және әлеуметтік статусы. Тарих ғылымының әлеуметтану ғылымымен ұқсастығы мен ерекшеліктері. Тарихи тәжірибе және бүгінгі заман. Тарих ғылымындағы өзектілік және көкейтестілік. Тарих және қоғамдық сана. Тарих ғылымы және тарихи сана. Тарихи сананың құрылымы. Гуманизмді тарихи құбылыс ретінде түсіну жаңа тарихи ой-пікірдің пайда болуы кейінгі ортағасыр дәуіріне сәйкес келеді. Бұл кезеңде Батыс Европаның алдыңғы қатарлы елдерінде феодалдық қарым-қатынастың шапшаң ыдырауы үдерісі жүріп жатқан болатын. Осының негізінде капиталистік өндіріс тәсілі пайда бола бастады. Бұл абсолюттік монархия түрінде тұтас елдің көлемінде орталықтандырылған мемлкеттің қалыптасуы, яғни, өтпелі кезең болатын. Буржуазиялық ұлттардың қалыптасуының алғышарттары пайда болып, әлеуметтік қатынастардың өте күрделі шиеленісуі болып өтті. Қала халқының жоғарғы тобының негізінде пайда болған буржуазия ол кезде жаңа тап болатын. Олар ескі тап - феодалдармен ой-пікірлік күреске түсіп, бірқатар жаңа көзқарастарды қалыптастырды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихи шынайылықтың әсерінен тұлғаның түрлену процесі
Ақиқат ұғымы
Философиялық сана таным және ондағы адам мәселесі
Педагогикалық ғылымның құрылымдық элементтері
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ МАМАНДАРЫН КӘСІБИ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДАЙЫНДАУ
Мен тұжырымдамасы. Мен бейнесін психодиагностикалау
ПЕДАГОГИКАНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ҚОРЫ
Миллионер қалалар
Философия дәрістер
Әлеуметтану агенттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz