Ақаба суларды тазалау əдістері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Жаратылыстану факультеті
Химия және химиялық технологиялар кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы:
Ақаба суларды тазалау əдістері
(6-апта)

Орындаған: ХҚБ-212 тобының студенті Байдолла Л.А
Тексерген: оқытушы Рахметова Г.А

Ақтөбе, 2021ж
Ақаба су (Сточная вода) -- 1) бұрын өндірісте, тұрмыста немесе ауыл шаруашылығында пайдаланылған, сондай-ақ қандай да бір ластанган аймақ, соның ішінде (өнеркәсіп, ауылшаруашылық, коммуналдық-тұрмыстық, нөсер, т.б ағындылары) елді мекен арқылы өткен су; 2) адамның тұрмыста және өндірістік іс әрекетінде пайдаланылғаннан кейінгі су. Ақаба судың әрбір текше метрі таза судыц 60 м3ін ластайды.
Ақаба су шаруашылық тұрмыстық, өндірістік және атмосфералық болып бөлінеді. Акаба судың шаруашылық-тұрмыстық ластағыш түріне байланысты физиологиялық қоқыстармен және шаруашылық ағындыларымен ластанған түрлері ажыратылады. Өндірістік ақаба су кұрамы ақаба су түзілетін технологиялық процестермен, сондай-ақ материал мен шикізаттың химиялык қасиеттерімен анықталады. Ластанған және нормативті таза (яғни, тазалауды қажет ететін) өндірістік ақаба су болып ажыратылады. Атмосфералық ақаба су нөсер (жаңбыр) және қар суы болып бөлінеді.
Ақаба су тұнбасы (Осадок сточных вод) -- ақаба сулардың әуітте, сүзілу алаңында жиналатын, оның түбіне шөгетін әр түрлі тұнбалы заттар мен химиялық элементтердің жиынтығы. Ақаба су тұнбасы арнайы өңдеуден өткеннен кейін егістік жерлерді тыңайту үшін тыңайтқыш ретінде пайдаланылады.
Ақаба суды биологиялық тазалау (Биологическая очистка сточных вод) -- заттектерді минералды немесе одан да қарапайым органикалық қосылыстарға дейін ыдырататын микроорганизмдерді өсіру арқылы ақаба суды ластағыш негізгі органикалық заттектерден тазалау.
Ақаба суды биосүзгімен тазалау(Очистка сточных вод на биофильтрах) -- ақаба суды активтелген тұнба қабаты немесе ластағыштарды тұтып, ұшырататын арнайы егілген су өсімдіктері (қалың өскен қамыс) арқылы өткізіп тазалау.
Ақаба суды жасанды тазалау(Искусственная очистка сточных вод) -- арнайы технологиялық құрал-жабдықтар аркылы ақаба судың кез келген түрін тазалау. Ақаба суды жасанды тазалау судың өздігінен табиғи тазалануынан тезірек жүзеге асады.
Ақаба суды залалсыздандыру(Обеззараживание сточных вод) -- ақаба судың құрамындағы патогендік және санитариялық көрсеткіш микроорганизмдерді жою үшін өндеу.
Ақаба суды иіссіздендіру(Дезодорация сточных вод) -- иісті кетіру және сонымен қатар ақаба су жинақталып қалған кезде, сондайақ оларды биологиялық жолмен тазалау барысында, өндірістік процестер кезінде (жанғыш газдар, т.б. алу), жағымсыз иісі болатын материалдар мен шикізаттардан буланғанда түзілетін газдың зиянды құрамды бөліктерін жою.
Ақаба суды механикалық тазалау(Механическая очистка сточных вод) -- тез тұнатын және қалқып шығатын заттектерді техникалық құрылғылармен және әдістермен жою. Көбіне ірі түйірлі және ұсақ түйірлі (малтатас қүмтас) сүзгіш арқылы іске асырылады.
Ақаба суды мұқият тазалау(Глубокая очистка сточных вод) -- бірін бірі толықтыратын механикалық, биологиялық, химиялық тазалау, электродиализ, кейде дистилляция жолымен іске асырылатын шаралар арқылы ақаба суды ластағыштардан толық тазалау.
Ақаба суды пайдалану(Утилизация сточных вод) -- тұрмыстық, нөсер немесе өндірістік ақаба су құрамындағы пайдалы құрамды бөліктерді пайдалану немесе бұл суды тазартқан соң егістікті немесе ормандағы екпе ағаштарды суаруға, т.б қолдану.
Ақаба суды табиғи тазалау(Естественная очистка сточных вод) -- судың өздігінен тазаруы барысында немесе суармалау танабының, сүзу танабының, топырақ асты суармалау үлескілерінің, аэробты және анаэробты биологиялық тоғандар мен тотықтырғыш каналдардың көмегімен ластағыштарды ыдырату.
Ақаба суды тазалау(Очистка сточных вод) -- ақаба судағы адам денсаулығына және табиғатқа қолайсыз әсер ететін организмдерді, салынды және еріген заттектерді жою.
Ақаба суды тазалау әдістері(Способы очистки сточных вод) -- табиғатты және қоршаған ортаны ластанудан қорғаудың маңызды шараларының бірі. Ақаба суды механикалық (тұндыру, сүзу, флотация), физикалық-химиялык (ірілендіру, бейтараптау, хлормен өндеу, т.б.) және биологиялық (суармалау танап тарында, биологиялық бассейнде, биосүзгіште) әдістермен тазалайды.
Ақаба суды механикалық жолмен тазалау
Механикалық әдіс, лас судың құрамындағы күрделі минералды заттарды, ерітілмейтін қоспаларды ұстау үшін қолданылады. Жалпы механикалық әдіс сирек қолданылады. Өндірістік лас суды тазартуда жеке қолданылуы мүмкін, ал көбінесе басқа әдістердің алдында қолданылады. Механикалық әдістерге төмендегідей қондырғылар мен ғимараттар жатады: қабылдау камерасы, кереге, құмұстағыштар, тұндырғыштар. Су тұндырудың жұмыс істеу қабілетін көтеру үшін төмендегідей әдістер және қондырғылар қолданылады. Олар лас суды жай аэрациялау, биокоагуляторлар, табиғи аэрациялау бар мөлдіреткіштер, мөлдіреткіш-шіріткіштер, екі қабатты тұндырғыштар, флотаторлар, мұнай ұстағыштар, май ұстағыштар. Тұндырғыштардың тұндыру эффектісі 60%, органикалық заттарды ұстау эффектісі - 10 15%-тен аспайды.
Ақаба суды химияық жолмен тазалау
Қалдық суларға химиялық реагенттерден (басқа затпен қосылып химиялық реакция жасайтын заттар) қосып еріген және ерімеген заттарды бөліп алу кейбір заттарды ертіп зиянсыз ету арқылы тазалайды.Бұл әдіспен тазалағанда ермеген қалдықтың 95, еріген қалдықтардың 25% бөліп алуға болады.
Химиялык (реагентті) тазалау - бейтараптаудан (нейтрализация) және тотығу-тотықсызданудан тұрады. Бейтараптау - сілтілердің әсерімен ерітіндінің қышқылдық қасиетін жоюға, ал қышқылдармен ерітіндінің сілтілік қасиетін жоюға алып келетін химиялық реакция. Кез-келген тотығу- тотықсыздану реакциясы сол мезеттегі кейбір компоненттердін тотығуының, кейбіреулерінің тотықсыздануының нәтижесі. Кең тараған тотықтырғыштарға: оттегі, ауа, озон, хлор, гипохлорит, сутегі қос тотығы, ал тотықсызданғыштарға - хлорит, темір сульфаты, гидросульфит, күкірт диоксиді, күкірттісутек жатады.
Ақаба суды физикалық жолмен тазалау
Ағынды судағы ластағыштардан құтылу үшін іс жүзіңде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Молдова КСР жемісті-көкөністі консерві өнеркәсібінің ақаба суын тазалау технологиясы
Суды тазалаудың жаңа технологиялары туралы
Суды тазалаудың жаңа технологиясы
Братья Махмадовы ЖШС- гі жайлы жалпы мәліметтер
Суды қорғау дисциплинасы
Мұнай өңдеу зауыттарындағы ақаба суларын өңдеудің кешенді схемалары
Суларды бояғыштардан тазалаудың мембраналық аппараттын жасау
Ағынды суларды аэрациялау туралы ақпарат
Былғары өңдеу кәсіпорындарының ақаба суларының құралу ерекшеліктері және оларды канализациялау жолдары
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ АҚАБА СУЛАРДЫ ТАЗАРТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ (АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ТОСПА СУ» МЕКЕМЕСІ МЫСАЛЫНДА)
Пәндер