Еңбек ресурсы туралы
Еңбек ресурстары - бұл еңбекті жүзеге асыру үшін дене күші және рухани қабілеттерге ие болатын халықтың бір бөлігі. Біздің елде еңбек заңына байланысты ерлер 16-63, жас аралығында, әйелдер - 16-58 жас аралығында еңбекке қабілетті, І,ІІ топтағы мүгедектерді қоспағандағы, адамдарды айтамыз. Шын мәнінде оған жұмыс істеп жүрген зейнеткерлер мен жасөспірімдер (16 жасқа дейінгі) де кіреді.
Қазіргі адам өзінің көптеген қабілеттеріне ие бола отырып, еңбек үдерісінде олардың барлығын қолдана бермейді. Еңбек нарығы біріншіден еңбек күшіне сұранысымен, екіншіден адам қабілеттерінің бір бөлігін қолданумен, үшіншіден жұмыс күшін қолдану уақытымен, төртіншіден жаңа пайда болған құнды қайта бөлумен байланысты әлеуметтік-еңбектік қатынастарды көрсетеді. Тек осы жағдайда ғана еңбек нарығы, еңбек ресурстарының нарығы, еңбек қызметтерінің нарығы, жұмыскер күшінің нарығы терминдерін синоним ретінде пайдалануға болатын, өзара тең ұғымдар ретінде пайдалануға болады.
Егер нақтырақ айтар болсақ, онда еңбек нарығы ұғымы жұмыс күшін пайдалану құқығын белгілі бір уақытқа жұмыс берушіге берумен, еңбекақы көлемін, жұмыс күнінің ұзақтығын, еңбек жағдайын, төленетін демалыс ұзақтығын, ауру немесе мүгедектік алу жағдайында өтелім көлемін анықтаумен, өндірісті белгілі бір уақытқа тоқтатумен байланысты әлеуметті-еңбектік қатынастарды көрсетеді.
Сонымен, еңбек нарығы - бұл жұмыс күшін пайдалану мен жалға алу шарттары бойынша сатып алушы мен сатушы арасындағы әлеуметтік-еңбектік қатынастардың жиынтығы. Аталған жиынтықтың негізін білдіретін, орталық қатынас ретінде жұмыс күшінің өмірлік қаражаттарға айырбастау арқылы қатынас орнатылады. Бұл қатынастың іске асуы жұмыс күші ретіндегі тауары мен өмірлік қаражаттарға сұраныс - ұсыныс тетігі негізінде жүзеге асады. Бұл үдерісте мемлекет қатысады. Ол еңбек ақысының ең аз мөлшерін және жұмыс күнінің ұзақтығын, жұмыссыздық бойынша жәрдемнің көлемін және басқа көрсеткіштерді тағайындайды. Жалпы алғанда әлеуметік-еңбектік қатынастардың жүзеге асуы мемлекеттік-нарықтық ретінде орын алады. Нәтижесінде еңбектенушілер, жұмыс берушілер мен мемлекет арасында қызығушылықтардың тепе-теңдігі орнайды.
Нарықтық қатынастар жүйесінде еңбек ресурстары маңызды орынға ие. Бұл нарықта мемлекеттік қоғамдық және жеке ұйымдардағы жұмыс берушілер мен еңбекке қабілетті тұрғындардың мүдделері түйіседі. Еңбек нарығының тетіктері арқылы тұрғындардың жұмысбастылық деңгейі және еңбек ақысы анықталады. Тұрғындардың жұмысбастылығы оның ұлғайымы өндірісінің қажетті жағдайын қалыптастырады.
Тұрғындардың өмір сүру деңгейі мамандарды іріктеу, дайындау және қайта дайындау, оларды жұмысқа орналастыру мен материалдық көмекке кететін қоғам шығындарының барлығы тұрғындардың жұмысбастылығымен тығыз байланысты. Сондықтан тұрғындардың жұмысбастылығы жұмыссыздық және оларды әлеуметтік қорғау, еңбек нарығын талдау кезінде негізгі мәселе болып табылады.
Еңбек нарығы -- бұл жұмыс күшін адамның еңбек ету қабілеті тауар түрінде сатуға және сатып алуға байланысты болатын экономикалық қатынастар жүйесі. Еңбек нарығы жоғары мамандықты талап ететін еңбектің беделінің сөзсіз көтерілуіне әсер етеді. Осының арқасында әрбір жұмыс орнының бағасы артады. Жұмыскерлерге және олардың еңбегіне, санасына деген талап күшейеді. Еңбек нарығына барынша қабілетті және іскер жұмыскерлерді ынталандыру керек. Ол жалқауларды, әлсіздерді және еңбек етуге қабілетсіздерді аямайды. Еңбек нарығы жұмыс күшін толық бағалауды қамтамасыз етеді. Оның жоғары қозғалысына себепші болады, іскерлік пен белсенділікке ынталандырады.
Экономикада тұрақты түрде үнемі экономикалық өсім бола бермейді. Кейде экономикалық тұрақсыздық, яғни жұмыссыздық, инфляция, өндіріс деңгейінің төмендеуі, бағаның өсуі орын алады. Еңбек нарығында жұмыссыздық айқын білінеді.
Жұмыссыздық -- қоғамдағы аса ауыр экономикалық және әлеуметтік қайшылық. Егер жұмыс күшінің ұсынысы сұраныстан көп болса, онда жұмыссыздық көбейеді деген ұғым бар. Жұмыссыздық нарықтық экономикаға тән құбылыс болып табылады. Бірақ оның әр елдің ішкі жағдайына байланысты белгілі бір мөлшері болады. Егер жұмыссыздар сол мөлшерден асып немесе кеміп кетсе, онда нарықтық экономикаға зардабын тигізеді, ал кажетті деңгейде тұрса, онда экономиканың тиімді дамуына қолайлы жағдай жасайды.
Нарық экономикасы сөзсіз жұмыссыздыққа алып келеді. Себебі нарық экономикасына жұмысқа қабілеті барлар қажет.
Халықты жұмыспен қамту өте өткір проблеманың бірі болып отыр. Оның түп негізі елімізде жаңа жұмыс орындарын кұрудың экономикалық және құқықтық тетіктері әлі толыққанды жазылып, жасалмағанында жатыр. Өйткені жұмыспен қамту туралы заң өкіметті қанағаттандырмайды. Сондықтан жаңа заң кабылдау күн тәртібіне қойылды.
Қазакстанда еңбек нарығы енді қалыптасып келеді, сондай-ақ онда көптеген компоненттер жоқ. Ол өзіне жұмыс күші қозғалысын бақылау қызметін жүктейді. Халықтың жұмыспен қамтуды өсірудің жаңа мүмкіндіктерін қарастыру қажет.
Дамыған елдерде соңғы 20-25 ж. ішінде жұмыссыздық деңгейі айтарлықтай өсіп отыр (8-12%), бұл өз кезегінде біліктілігі жоқ жұмысшылардың жұмысқа орналасу мүмкіндігін төмендетеді және біліктілігі жоқ мамандар арасындағы төлемақының көлемі төмендейді.
Қазақстанның экономикасын қайта құру кезінде бірнеше күрделі мәселелерді шешу керек екендігі байқалды. Ол негізінен халықтың төмен деңгейлі өмірі негізіндегі жоғары еңбек белсенділігімен және еңбек тиімділігімен, кадрлардың аумақтық, салалық икемділігінің жеткіліксіздігінен, нарықтық экономикаға сай бола бермейтін мамандарды даярлау мен қайта даярлаудың төмендігімен, еңбек нарығы бойынша инфракұрылымның дамымағандығымен байланысты болып отыр.
Қазақстандағы еңбек нарығының басты мәселесінің бірі және әлеуметтік мәнге ие болатын мәселе жасырын жұмыссыздық немесе толық емес жұмысбастылық. Ол өндірістегі еңбек өнімділігінің төмендігіне, әр түрлі экономикалық және қаржылық жағдайлармен байланысты болып отыр. Еске түсіретін болсақ 1998 жылы Қазақстандағы жасырын жұмыссыздық деңгейі 3,2% болды. Мысалы. 1998 жылы мемлекетік жұмыспен қамту қызметіне 537,2 мың адам ғана тіркелген. Жұмысбасты азаматтар саны 105,3 мың адам (тіркелгендердің 19,6%-ғана), соның ішінде жастар (16-23 жастағы -- 35,4%).
Республикадағы соңғы жылдардағы еңбек нарығындағы күрделі мәселе ресми емес жұмысбастылық, яғни заңды түрде ресімделмеген қатынастар болып отыр. Ресми емес жұмысбастылық әлеуметтік амортизатор рөлін атқарып, халықтың өмір сүру деңгейін төмен көрсетуге себеп болып отыр. Сонымен қатар ол әлеуметтік және құқықтық қорғау шеңберін кеңейтіп, қылмысты құбылыстардың орын алуына жағдай жасап отыр. Осыған байланысты қарсылық және құқықтық саясат көптеген кәсіпорындардың екі жақты бухгалтерия жүргізуіне институттық орта құрумен жағдай күрделене түсу нәтижесінде жалпы еңбек қатынастарының жүйесі еңбек туралы заңға бағынбайтындай және өзіндік жеке мөлшерлермен реттеліп, ол көп жагдайда қылымысты жағдайлармен сипатталады. Бұл жұмыстың жағдайын айтарлықтай нашарлатып отыр және еңбек нарығын қылмысты топтардың басқаруына жол ашып отыр. Бұл жағдай көптеген өндірістердің уақытша тоқтап, ондағы жұмыскерлердің мәжбүрлі түрде демалысқа шығуымен және еңбекпен қамтамасыз етілмегендіктен елден мәжбүрлі миграциясын тудырып отыр. Осылайша, жұмыс күшін біртіндеп босату, артық жұмыс орындарын сақтау, оның екінші реті, бейресми түрлерін азайту. Қазақстандағы еңбек нарығының қалыптасу моделін сипаттайды. Ол экономика және қоғамның реакциясы ретінде және өтпелі кезеңде әлеуметтік және экономикалық тиімділік арасындағы байланысты тұрақтандыруға, экономиканың қайта құрылуы мен адам әлеуетін сақтаудың қажеттілігін қамтамасыз ететін институттардың жоқтығымен сипатталады.
Жұмыспен қамтамасыз ету адам әлеуетін сақтау мен дамытудың негізгі факторлары болып табылады. Сондықтан, мемлекеттік жұмыспен қамту саласындағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz