Өмірдің түрлі кезеңдеріндегі адам үшін отбасының рөлі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

Реферат
Тақырыбы: Өмірдің түрлі кезеңдеріндегі адам үшін отбасының рөлі

Курс:2
Тобы: ДОВ 20-1
Орындаған:Иманжан Жаннат
Қабылдаған:Макашкулова Г.Б

Тараз қ. 2021 ж.
Өмірдің түрлі кезеңдеріндегі адам үшін отбасының рөлі
Отбасы -- әр адам үшін ең жақын әлеуметтік ортасы, қоғамның маңызды бір бөлшегі. Отбасы бала үшін өмір мектебі, онда алғаш рет қарым-қатынас түрлеріне үйренеді, қоршаған ортамен танысады, мінез-құлық нормаларын меңгереді, адамгершілік қасиеттері қалыптасады және дамиды. Сондықтан да келер ұрпақты тәрбиелей отырып, оларды өмір жолында кездесетін қиыншылықтарға қарсы тұра білуге үйрете білу керек. Отбасында орныққан қарым-қатынас түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады. Бала әрқашан да ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды, оларға қарап бой түзейді, үлгі алады. Балалық шағында отбасында алған, меңгерілген қасиеттер бала бойында өмір бойы сақталады.

Жас адамды саналы, есті, мәдениетті, сергек етіп тәрбиелеу - отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден-бір парызы. Яғни, балаларды тәрбиелеу тек ата-ананың жеке ісі емес, бұған барлық қоғам қызығушылық танытуы керек. Өйткені Ес түзелмей, ел түзелмейді, олай болса егемен еліміздің болашағы отбасында тал бесіктен бастау алып,оқу тәрбие орындарында тәрбиеленген саналы ұрпақтың қолында.

Бұл мәселе еліміздің Заңдарында да көрініс тапқан. Қазақстан Республикасының ата заңында Біздің мемлекеттің ең басты байлығы, қазынасы - адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары делінген. Осыған сәйкес елімізде адам және оның өмірі үшін барлық жағдайлар жасалып жатыр. Ата заңымызға сүйенсек Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата ананың табиғи құқығы әрі парызы делінген. Мемлекеттің бұл саясатын жүзеге асыру үшін бізге бірлік керек.

Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас ең басты іс-әрекеттердің бірі болып табылады. Қарым-қатынас -- адамзат өмірінің аса маңызды және негізгі сферасы болып, соның нәтижесіде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамиды. Қарым-қатынас - тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты.

Қарым-қатынас барысында екі не бірнеше тұлға арасында рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар, келісім, не өзара түсіністік тұрғысында, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдіс іске асады.

Отбасылық қарым-қатынаста оның осы функциялары толық орын алады. Егер тартыс-талас, қарама-қайшылық, түсінбеушілік басым болса отбасында балаға дұрыс тәрбие беру мүмкіндіктері төмендейді.

Қарым-қатынасы бұзылған отбасыларына психологиялық және психотерапиялық көмек көрсетуге көптеген психотехникалар пайдаланылады. Отбасының екі тармағы -- ерлі - зайыптылар мен ата - ана - бала қатынасы кеңінен қарастырылып, олардың ерекшеліктері, артықшылықтары және қиындықтары талданып, одан шығару жолдары көрсетілді.

Бала тәрбиесі әр отбасынан басталатыны анық. Қазіргі уақытта бала тәрбиесінің табысты болуы ата-аналарының тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне, ынтымақтастығына, отбасы мүшелері бір-бірін түсінушілігіне, өзара қарым-қатынасына,көзқарастарының және мақсаттарының бірлігіне байланысты. Ол үшін ата-аналар күнделікті өмірде балаларының мінез - құлқына, қажетті қасиеттердің қалыптасуына назар аударуды, тәрбие үрдісінде теріс қылықтарды болдырмауды ойластыруы шарт.Отбасында тәрбие үрдісін шебер басқару үшін ең алдымен ата-ана өз өмірін, өз ісін дұрыс ұйымдастыра білуі қажет. Баланың көпшілік уақыты сәби шағынан бастап отбасында өтеді. Оның өмірін, іс-әрекетін, демалысын бірқалыпты ұйымдастырып, реттеп отыру үшін қажетті жағдай керек. Ал жағдай ұтымды күн ырғағы негізінде жасалады.Күн - ырғақ бұл өмір тәртібі. Ал бала сол отбасы мүшесі және ол өз міндетін қашанда орындауға тырысады.Отбасында бала әр нәрсені естиді, көреді, қалай өмір сүру керек, өзін-өзі қалай ұстай білу керек, жағымды, жағымсыз мінез құлықтарды байқайды. Кейде жағымсыз мінез-құлықтарды бойына сіңіріп, дағдыға айналдырып жатқан балаларды байқауға болады.

Адам баласы дүние есігін ашқан сәттен бастап, өмірінің соңына дейін өзіне оттай ыстық, жанға жақын сүйікті адамдарының жанында болып өтеді. Жанұя - бұл әр адмның өміріндегі баға жетпес қазынасы. Әр адам бақытты болуға құқылы, бірақ кейбіреулер бақыттың сыры отбасыда екенін ұмытып жатады.
Біздің өміріміз сан алуан қызықтарға, оқиғаларға, неше түрлі жетістіктерге толы, бірақ соның ішіндегі ең елеулі жетістік - отбасынның амандығы, саған деген қолдауы мен сенімі болып табылады. Бұл жалған дүниеде ешкім жақын адамдарының шапағатынсыз, дем берер қолдауынсыз, жан жылуынсыз өмір сүре алмайды. Өмірдің мәні де сәні де сені жақсы көретін жанұянда деп ойлаймын.
Өкінішке орай, бұл байлықтын құнын қадірлемейтіндер де жетіп артылады. Қазағымыздың халық жазушысы Ғабиден Мұстафин айтып кеткендей, "Ата - ананы ұмытқан жас - опасыздың опасызы, рақымсыздың рақымсызы". Менің ойымша, бір алдамшы құмарлыққа бола жанұянды естен шығару бұл нағыз ақымақтық. Қаншалықты алыста болып, жұмыстан бас алмай жеткен жетістіктерін, ата-ананың саған берер ақ батасының қасында құр тиынға тең.
Неліктен адам өмірінде отбасы өте маңызды рөл атқарады? Себебі, өз жанұяна жетер еш нәрсе жоқ. Жастың ерекшелігіне қарамастан қаншалықты алыс шалғайда жүрсен де, бәрібір өз отбасынды, туған адамдарынды сағынасын. Қиын-қыстау сәттерде еңсенді түсірмей тосқауылға төтеп беруін, жанына жақын адамдарының қолдауының арқасында. Өмірде өз орнынды тауып, қадірлі тұлға атануын отбасыннан алған тәлім-тәрбиенің есебінде.

От басы - жылы ұямыз,
Тірегі - ата-анамыз.
Уыз сүт еміп осында,
Уылжып біздер өсеміз.
Осында үлгі аламыз,
Осында адам боламыз.
Еркелеп, ойнап, еліктеп,
Осында өсіп толамыз

Деген өлең жолдарының өзі де , егер адам баласы отбасының қадірін біліп аялаған алақанында ұстай білсе, қолына бақ құсын қондырады деген сөзді білдіреді. Сондықтанда әр бір отбасы бір-біріне қызғыш құстай қорған болып, бірін-бірі демеп, сүйеу бола біліп, өмір бойы ынтымағы жарасқан отбасы қатарынан қалмау тырысу керек деген ойдамын. Сол кезде ғана адам өзін нағыз бақытты сезініп, отбасының қадірін түсінеді.

Отбасы -- ежелден қалыптасып қана қойған жоқ, сонымен бірге қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі элементтерінің біріне айналды. Отбасы ерлі-зайыптылардың арасындағы, ата-ана мен балалар арасындағы, басқа да туыстық тұрпаттағы қарым-қатынастарды негіздей отырып, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуына орай қоғаммен, мемлекетпен тығыз органикалық байланыста болады.

Отбасында пайда болып, тұрақты орныққан әлеуметтік жағдайды сараптау, оның мән-мазмұнын ашу, сонымен бірге сол ортадағы әке мен шешенің, олардың ұрпақтарының алатын орнын, рөлін, отбасының ішкі құрылысын, атқаратын функциясын және т.б. зерттеу әлеуметтану ғылымының алға қояр аса маңызды талаптары.

Отбасы -- белгілі бір әлеуметтік нормалар, санкциялар, мінез - құлық (жүріс-тұрыс), құқық және міндеттер үлгілерімен, ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастарды реттеушілікпен сипатталатын әлеуметтік институт болып табылады.

Сонымен қатар отбасы -- некеге немесе қаны бір туыстыққа негізделген, ал оның мүшелері тұрмыстың ортақтығымен, өзара жауапкершілікпен және өзара көмек көрсетумен байланысқан шағын топ.

Қалай десек те, ең мықты,
Табиғи мектеп - отбасы.
Осында қалыптасқан барлық жақсы
Қасиеттер өмір бойына серік болады.
Отбасынан кеткен қателікті
Ешбір мектеп түзете алмайды...
( Мұхтар Арын)
Отбасы - барлығымыздың жүрегімізге ең жақын сөз. Ол - махаббат пен тыныштықтың, мейірім пен жарасымның, қуаныш пен мерекенің мекені. Алғаш дүние есігін ашқанымызда қым-қиғаш өмірдің салқынын сездірмей, аялы алақан мен мейірімді жүректің шуағына бөлейтін де осы жер. Осында қабырғамыз қатайып, буынымыз бекиді. Ата-анамыздың қамқорлығы мен тәрбиесінің арқасында өмірдің қатал заңына қарсы тұрудың да қыр-сырын меңгереміз. Әйтеуір, отбасының тыныштығы мен жарасымы алдағы өміріміздің көрсеткіші іспеттес. Отбасы балғын балалық шағымызда еркелігімізді көтеріп, барша қауіп пен қатерден қорғайтын, оның үстіне бар жағдайымызды жасайтын асыраушымыз болса, ержеткенде қуанғанда бөлісіп, қиналғанда дем беретін, адал ақылшымыз әрі жақын досымызға айналады. Ал қартайғанда еткен еңбегіміз бен төккен теріміздің қайтарымы ретінде қамқоршымыз болмақ. Демек, адамның жер басып өмір сүруі, қоғаммен араласуы, еңбек етуі, нығметке бөленуі тікелей отбасымен байланысты. Өйткені біздің қандай адам болмағымыз, яки қандай жағымды не жағымсыз мінездерге ие болуымыз немесе өмірдің қатал сынында сыр бермей, сыбағамызды ала алуымыздың да түпкі мәні отбасыға келіп тіреледі. Осылайша Барлығымыздың көкейімізде қат-қабат мән арқалаған осы бірауыз сөздің астарында не жатыр? Онымен біздің байланысымыз қандай? Отбасының негізгі ерекшелігі қайсы? деген сансыз сұрақ туындайды. Себебі ол - біздің өткеніміз, бүгініміз әрі болашағымыз. Сондықтан отбасының мәнін түсініп, тереңіне бойлау баршамыздың азаматтық парызымыз болмақ.

Отбасы - қастерлі ұғым

Үлгілі отбасын құрып, адал ұрпақ өсіру - кімнің де болса, ең бірінші алға қойған үлкен мақсаты әрі асыл арманы болса керек. Жастайынан кері идеологияның ықпалына ұшыраған не психологиялық өзгешелігі бар адам болмаса, дені осы пікірді жақтайтыны анық. Әлемдік тарихта ойып тұрып орын алып, саясат әлеміндегі талай мықтыны еріксіз мойындатқан әрі өзін темір ханым атандырған 1979-1990 жылдары Ұлыбританияның премьер-министрі болған әйгілі Маргарет Хильда Тэтчерден бір журналист Өмірдегі ең үлкен жетістігіңіз не? деп сұрағанда, ол ойланбастан Отбасын құрып, ана болғаным деген екен. Демек, отбасы - барлық адамзат қоғамы үшін теңдесі жоқ құндылық. Алайда, осы бір отбасы болудың өзіндік тарихы мен даму ерекшелігі бар. Сондықтан отбасы мәселесі ежелгі заман ойшылдарынан бастап бүгінгі ғалымдарды да бейжай қалдырған емес.

Отбасы мәселесін жан-жақты қарастырып, оның түпкі мәнін шешу үшін көптеген ойшылдар мен ғалымдар барынша ізденіп, тұңғиық ойдың тереңіне ұмтылды. Мәселен, әлемнің бірінші ұстазы атанған Аристотель Отбасы - адамдардың қарым-қатынастарының ең бірінші түрі және ол - мемлекеттің бірінші кішігірім бөлігі деп санаған. Ал классикалық неміс философиясының өкілі Э.Кант отбасы мәселесін қарастыра отырып, ондағы адамдардың құқықтық мәселелеріне көп көңіл бөлген. И.Фихте Отбасының негізі - махаббат десе, Г.Гегель бірінші болып отбасы мен некенің тарихи формаларын көрсеткен.

ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап отбасына деген тарихи көзқарастарға байланысты ғылыми ізденістер көптеп жасалып, оның қалыптасу жолы туралы теориялар толықтырыла түсті. Оның қатарында 1877 жылы шыққан Л.Морганның Ежелгі қоғам атты кітабы бар. Онда отбасының тарихы, некелік қарым-қатынастар мен экономикалық, әлеуметтік дамуы және қызметін қарастырды. Одан кейінгі уақыттарда отбасы туралы маркистік философтар да көптеген еңбектер жазды. Соның бірі - Ф.Энгельстің 1884 жылы шыққан Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы атты еңбегі. Мұнда Ф.Энгельс жанұяны тарихи категория ретінде қарап, ондағы формалардың байланысын, даму жолдарын көрсетті.

Сонымен бірге, француз ағартушысы Ж.Ж.Руссо, швейцарлық ойшыл И.Г.Песталоцци, орыс педагогтары К.Д.Ушинский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко,т.б. тұлғалар өз еңбектерінде отбасы тәрбиесін жан-жақты талдады. Тіптен отбасын қалай құру туралы ежелгі грек ойшылы Платон да Адамдар отбасын құру үшін болашақ өмірдегі серігінің қандай отбасынан шыққанын, оның әке-шешесі мен ата-бабаларын жақсы білуі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жас отбасының әлеуметтік мәселелері
Оқушылардың жеке ерекшеліктері
Қазақ отбасы
Отбасылық қатынастардың негізі - неке
Агрессивті мінез - құлыққа жасөспірімдердің бейімділігі
Толық емес отбасында балаларға тәрбие беру мәселелерінің зерттелу жайы
Әлеуметтік қызмет көрсету - әлеуметтік жұмыстың ажырамас бөлігі
Әлеуметтік педагогтың толық емес отбасындағы балалармен, ата - аналармен және педагогикалық ұжыммен жүргізілетін жұмыстары
Балалардың әлеуметтік кызметтері
Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекеттің құрылуы. Құқықтық мемлекеттің ерекшеліктері
Пәндер