Бұқаралық ақпарат құралдары туралы


Қазақстан Республикасы
Ғылым және Білім министрлігі
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Министерство Образования и Науки Республики Казахстан
Актюбинский региональный университет имени К. Жубанова
Тақырыбы: Бұқаралық ақпарат құралдары
Орындаған: Қазыбекқызы Ж.
магистратура 1 курс ПжП
Тексерген: Таганова А. М.
Ақтөбе қаласы, 2021
Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер.
Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі зор. Наполеон: "Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор", - деген. 1840 ж. француз жазушысы О. де Бальзак баспасөзді «төртінші билік» деп атады. Билік институтында БАҚ-тың тура мағынасындағы орны болмағанымен, оның саяси процестегі орнын асыра бағалау мүмкін емес. Қазіргі кезде электронды ақпарат құралдарының пайда болуымен бұл әлеуметтік институт бүгінгі қоғамның, саяси биліктік қатынастардың барлық қырларын түбірімен түрлендіріп жіберді.
- БАҚ-тың атқаратын қызметі әртүрлі, сарапшылардың пікірінше, олардың аса маңыздыларына мыналар жатады: ақпараттық, білімдік, әлеуметтендірушілік, мүдделерді тоғыстырушы, саясат субъектілерінің ықпалдасуы, жұмылдыру және т. б.
- БАҚ-тың ақпараттық қызметі азаматтарға, билік органдарына, қоғамдық институттарға аса маңызды жалпы оқиғалар, құбылыстар, процесстер жайлы мағлұматтарды таратудан тұрады. Бұл қызметсіз кез келген қоғамның толыққанды өмір сүруі мүмкін емес.
- БАҚ-тың білімдік қызметі азаматтарға әртүрлі ғылым саласынан - қоғамдық-гуманитарлықтан жаратылыстану ғылымдарына дейінгі танымдық хабарларды дайындап, таратуынан көрінеді. Əрине, ол толыққанды, жүйелі, арнайы оқу орындарында берілетін ғылымды қамтамасыз ете алмайды. Дегенмен де, қазіргі қоғамда адам өз өмірінің әр кезеңінде білімнің басым көпшілігін осы БАҚ арқылы алады.
- БАҚ-тың әлеуметтендіруші қызметі адамдардың әлеуметтік ережелерді, құндылықтарды сіңіріп, мінез-құлықтарын қалыптастыруға септігін тигізеді. БАҚ-тың жүйелі түрде күнделікті қалың қауыммен қауышуы оны жеке тұлғаны әлеуметтендіруші алғашқы институттар - отбасы, дін, мәдениет ошақтарымен қатар бір орынға қойды. БАҚ арқылы адамдар өздерін жалпы әлеуметтік, жалпы әлемдік процестердің бір бөлшегі ретінде әрі өзінің қоғамға, мемлекетке, саясат әлеміне қатысы барлығын сезінеді. Саяси журналистердің үгіт-насихатының арқасында азаматтар әлеуметтік-саяси процестердің белсенді қатысушыларына айналады.
- БАҚ-тың мүдделерді тоғыстырушы қызметі - БАҚ қызметінің міндетті тұсы. Саяси мүдделер тек БАҚ арқылы ғана емес, сонымен қатар азаматтық қоғамның басқа да институттары (мысалы, партиялар, қоғамдық бірлестіктер) арқылы жүзеге асырылады. Бірақ кейбір жағдайларда тек бұқаралық баспасөз бен теледидар ғана алғашқылардың бірі болып қоғамдағы өзекті мәселелерге назар аударады, ықтимал әлеуметтік және саяси қақтығыстар жайлы дабыл қағып, билік құрылымдарына жағдайды саралап, арнайы шешім қабылдауына итермелейді.
- БАҚ-тың жұмылдырушы қызметі адамдарды нақтылы бір іс-әрекеттерге немесе саналы әрекетсіздікке шақырады. БАҚ-тың осы қызметі саяси қатынастар саласында аса маңызды болып табылады. Азаматтардың белсенділігін ынталандыра отырып, БАҚ сайлау кампаниялары мен дауыс беру қорытындыларына айтулы ықпал етеді. Олар қоғам мен билікте дағдарыс туғызатын жаппай наразылық немесе саяси жанжалға апарып, арандатулары әбден мүмкін. Сондай-ақ олар қоғамға өмірлік маңызы бар міндеттерді шешуге азаматтарды жұмылдыруда биліктің тиімді одақтасына айнала алады.
- БАҚ-ты саналы түрде саяси алдап- арбау мақсатында қолдану азаматтарға және қоғамға аса қауіпті болып табылады. Оған өз мүдделеріне қайшы келетін әрекеттерге баруға мәжбүрлеу үшін адамдардың санасы мен мінез-құлқын жасырын басқару жатады. Алдап арбау БАҚ-та таралатын, шын мәнінде жалған ақпараттарға адамдардың сенуіне негізделеді. Оған тапсырыс берушілер үшін ол пайда, ал қоғам үшін орны толмас өкініш. Осы орайда қазіргі кезде өз қызметінің тиімділігін арттырғысы келетін қоғам қандай да бір жолмен БАҚ-тың қызметін реттеуге тырысады. БАҚ-тың жағымсыз салдары оның қоғамдық ұйымдарымен шектелуі мүмкін. Қазіргі қоғамдарда БАҚ-ты ұйымдастырудың үш негізгі жүйесі қолданылады: жеке (коммерциялық), мемлекеттік және қоғамдық-құқықтық. АҚШ-та қолданылатын бірінші жағдайда бұқаралық ақпарат құралдары жекеменшік нысанда және тек жарнамадан, жеке жәрдем берушілердің есебінен қаржыландырылады. Алайда бұл елде жекелеген азаматтар мен жалпы қоғамның мүддесі сотпен қорғалады, БАҚ- тың онымен келіспеуге еш шарасы жоқ. Екінші жағдайда, бұқаралық ақпарат құралдары негізінен мемлекеттің қарамағында. Олар парламентке, үкіметке бағынышты, ол үшін арнайы қызметтер құрылады. Электронды бұқаралық ақпарат қүралдарын ұйымдастырудың үшінші түрі Германияда басым. Бұл жерде радио мен теледидар азаматтардан жиналатын арнайы салық есебінен қаржыландырылады. Олардың заңдық тұлға құқы және өзін-өзі басқару құқы бар. Алайда, бұл аталған ұйымдастыру, бақылау түрлерінің ешқайсысы да әмбебап әрі мінсіз деп айтуға келмейді.
Қазақстандағы БАҚ-тың дамуы
Қазақстан халқы Ассамблеясының үшінші сессиясы 1996 жылдың 29 сəуірінде өтті жəне ондағы елбасының баяндамасы «Қоғамдық келісім - Қазақстанның демократиялық дамуының негізі» деп аталды. Онда «Қазақстанның азаматтары елдің мемлекеттік тілін құрметтеуі керек жəне оны оқып-білуге дайын болуы керек, өйткені бұл - ел тұрғындарының көпшілігінің ана тілі əрі ол болашақта мемлекеттік тіл ретінде үстемдік ететін болады»[4] . Одан əрі келесі, төртінші сессиядағы баяндама «Тарихи жады, ұлттық келісім жəне демократиялық реформалар - Қазақстан халқының азаматтық таңдауы» деп аталды да, Президент мынаны атап өтті: «Ең алдымен мемлекетқұраушы этнос ретіндегі қазақтардың рөлі туралы айту керек. Қазақстанның тəуелсіздігі - қазақтарға сыйланған тағдырдың тартуы емес, күреспен келген өз ата-бабасынан қалған жерінде өз мемлекеттілігін құруға деген лайықты құқығы. Бұл кесімді тарихи жəне саяси айғаққа ешкім де күдік келтіре алмайды»[5] .
Қазақстан халқы Ассамблеясының 1999 жылдың 21 қаңтарында өткен бесінші сессиясында Елбасы былай дейді: «Қазақ халқының ұлттық тəуелсіздікке деген ішкі терең қажеттілігін қайта бағалау өте қиын. Ол ел тұрғындарының абсолюттік көпшілігін құрайды жəне өзінің тарихи-этникалық территориясын мекен етеді. Өзінің жалғыз тарихи Отанын үнемі қорғайтын қазақ халқының арқасында ғана қазақстандықтар территориясы жағынан əлемде тоғызыншы орын алатын мемлекетте тұрады»[6] .
Қазақстан - Тәуелсіздік дәуірінің алғашқы жылдарынан бастап баспасөз саласындағы халықаралық беделді құжаттардың аясында БАҚ-тың еркіндігін қамтамасыз етіп келе жатқан мемлекет. Ата заңымыз және Республика Президенті - ақпарат құралдары бостандығының кепілі. Осы орайда БАҚ-ты құруда болған қиындықтарға тоқталар болсақ, қоғамдар алмасып, нарықтық экономикалық қатынастар орныға бастаған тұстан бергі уақытта БАҚ саласындағы өзгерістермен сараласақ, ақпарат көздерінің даму сатыларын үш кезеңге бөлуге болады[7] .
Біріншісі кезең. Жалғыз идеологияның пәрменінде болып келген біртұтас ақпарат жүйесінің ыдырауы және қаржылық, идеялық тоқырауға ұшырауы.
Екінші кезең. Ақпарат әлемінің мемлекеттік және жекеменшік түрінде қайтадан қалыптасуы, кәсіпкерлік баспасөздің құрылуы.
Үшінші кезең. Еліміздегі экономикалық-әлеуметтік, мәдени реформалардың тереңдеуіне сәйкес әлемдік ақпараттың республиканың эфирлік кеңістігіне енуі және Қазақстанның ғаламдық ақпарат айдынына талпынысымен сипатталады.
Алғашқы кезеңдердің қиындыққа толы болғаны белгілі. Сол күрделі тұста Республика Президенті жаңа қоғамға ақпараттық берік демеу керектігін ойлап, баспасөздің беделін және ел мен мемлекет алдындағы жауапкершіліктің жоғары екендігін сезінді. Президент 1998 жылдың 3-шілдесінде БАҚ-ты өндірістік және тарату кезіндегі қосымша құн салығынан босату туралы Жарлыққа қол қойды. Республика 1991 жылдан бері қарай ақпарат құралдары туралы заңнаманы ұдайы жетілдірумен болды. Осы жылғы 28-тамызда «Баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң қабылданды. Ол елімізде мемлекеттік емес БАҚ-тың пайда болуына және жедел дамуына қолайлы жағдай туғызды. Ақпарат әлемінде бәсекелестік орнады. Баспасөз бен эфирлерге жаңа мазмұн берген ірі медиа бірлестіктер өмірге келе бастады.
Халықтың ақпарат алу және талдау мүмкіндігі молайды. Енді осы оң үрдісті одан әрі дамытудың құқықтық негіздері қажет бола бастады. Осыған орай, елбасы 1997 жылы 3-желтоқсанда «Қазақстан Республикасының біртұтас ақпарат кеңістігін қалыптастыру туралы» Жарлыққа қол қойды. Президенттің тапсыруымен жылы жаңа заң күшіне енді. Көп ұзамай, 2001 жылы оған елеулі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Осы заңдардың қай-қайсы да БАҚ-ты демократияландыру, әлемдік талаптарға сай жетілдіру және саясаттан тыс дамуына жол ашу үшін арынша тиімді болғаны ерекше атап айту керек.
Бастау бұлағы сонау көне Түрік заманынан бастау алып, Алаш қозғалысынан терең тамыр тартатын, байырқалайтын тұсы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісімен тұйықталатын тағлымы зор тарихи бірізділігімен ерекше Ұлттық идея - Алаш идеясының бүгінгі жаңа буын, жас ұрпаққа берер сабағы мен философиялық салмағы, əлеуметтік қуаты жоғары. Бұл ретте тарихи тұрғыдан тəрбиелеу мəселесi, атап айтқанда, сол аға буынның қабырғасын «Қазақ елі - мəңгілік ұлттық идея. Мазмұнын ашуда тың түсініктер керек, олардың біразын атап айтсақ: өркениеттік өлшем, өркениеттік шешім, өркениеттік келісім, өркениеттік ізденіс, өркениеттік сана, өркениеттік тұрмыс, əлем халықтарының өркениеттік үрдістерін қабылдай білу жəне соған бейімделе отырып, елдік құндылықтарымызға жаңа сапалық өріс ашу, соның нəтижесінде Президент Нұсұлтан Назарбаев көрсеткендей, əлемдегі өркениетті елу елдің қатарына ену».
Одан əрі академик ойын былайша жалғастырады: «Қазақ елі - мəңгілік ұлттық идея. Елдің мəңгілігін армандаудан асқан қандай асқақ идея болмақ. Əрбір жеке адамның ғұмыры өлшеулі болғанымен, ол ұрпағымен мəңгілік. Сондықтан бұл болашаққа бастайтын, келешекке деген нық сенім қалыптастыратын идея. Сонымен бірге, қазақ елі мəңгілік деу - ұрпақтар алмасуына, олардың сабақтастығына, солармен бірге халықтың табиғи құндылықтарының жасампаздығына деген сенім. Осылай дей отыра, қазақ елі - мəңгілік дегенде, біз бүгінгі бар тарихымыздың баяндылығы туралы қалыптасатын байсалды сана туралы айтпақпыз»[8] .
Жетістігің бар болса, желпінтіп айтсаң да, жалауларып айтсаң да жарасады. Қазақстанда БАҚ-ты саяси-экономикалық даму сатыларына сәйкес жетілдіру үрдісі осылай ұдайы жүріп жатты. Тұжырымдамада мына маңызды міндеттерге айрықша назар аударылды және жүзеге асырылу жолдары белгіленді:
- Ақпарат саласы мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру.
2. Отандық және мемлекеттік БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін дамыту.
3. Ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымын дамыту. Сандық теледидарды енгізу.
Осы үш міндеттің бәрі республикадағы барлық сипаттағы БАҚ-тың
одан әрі өркендеуіне айрықша ықпал етуде.
БАҚ-тың “төртінші билік” болып саналатынын жоғарыда да айтқан болатынмын. БАҚ еркіндігі адам бостандығының маңызды алғы шарты болып және қоғам мен мемлекеттегі жоғарғы құндылық екені даусыз. Себебі, бұқаралық ақпарат еркіндігінсіз, яғни сөз еркіндігісіз азаматтық қоғамды елестету мүмкін емес. Демек, тәуелсіз қоғамдық бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі мен оның демократия үшін маңыздылығын зерттеп, ескеруіміз тиіс.
БАҚ қызметі өткен, болып жатқан және алдағы уақытта болатын әлеуметтік өзгерістер жөнінде тәжірибелі түсініктерге негізделе отырып, қоғамдағы өзгерістерге нақты көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді. Себебі, төртінші билік - бұқаралық ақпарат билігінің құдыреті күшті, оны ешкім ешнәрсемен теңестіре алмайтынына дау жоқ.
Билікке оппозицияда жүрген қоғам қайраткері Дос Көшім мемлекеттік саясаттағы ұлтсыздық идеологиясына назар аударса[9], Берік Əбдіғалиев пен Асқар Ахмеджанов ұлттық идеяны «қазақ миссиясынан» көреді[10] . «Қазақ миссиясы» қазақ ұлтының жаңару (модернизация) тұжырымдамасын білдіреді жəне бұл құжатта «қазақ арманы», «қазақ тағдыры», «қазіргі қазақ болмысы» сөз болады жəне «қазақ миссиясы» тарихи тұрғыда соңғы сатысы азаматтардың саяси ұлтының құрылуы болып табылатын ұлттық өзіндік сананың қалыптасу кезеңі ретінде» қарастырылады[11]
Қазіргі таңда тек қана Қазақстанда емес, әлемнің көптеген елдерінде сауда мен өндіріске негізделген БАҚ - адамгершілік және моралдық құндылықтарға емес, экономикалық пайда жағын алға тартуда.
Бұл жерде маңызды әрі шешім қабылдайтын нәрсе: ұлттық және жергілікті ақпарат құралдарының не қалайтынын және БАҚ-ның елімізге, Қазақстан Республикасының болашағына қалай қызмет ететіні маңызды болуда.
Өзінің «Ұлттық идея жəне идеология» деп аталатын еңбегінде академик Д. Кішібеков оны былайша тарқатып айтады: «Мемлекеттік ұлт деп, егер ол тұтас мемлекетті қамтыған жағдайда (ұлттық біртұтас мемлекет) немесе ұлттық гомогендіктің (біртектіліктің) тасымалдаушысы болған жағдайда аталады. Алайда бұл ұғымның астарынан, сондай-ақ бірнеше ұлттарды қамтитын кейбір мемлекетте (мультимəдени) қалыптаса алатын біртұтас сананы білдіретін жетекшілік рөлді аңғаруға да болады. Ал егер ұлттық əралуандылықты құрайтын бір ұлттың жағдайына келсек, онда ол субұлтты білдіреді. Ақырында, мəдени ұлт дегеніміздің мемлекетке бірегейленуге қатысы жоқ ұлтты айтады. Бұл ұлт біртұтас ұлттық мемлекет құруға қабілетсіз немесе бірнеше мемлекеттерге бөлінген болуы да мүмкін»[12] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz