Тілдік жүйе, тілдік құрылым


Тілдік жүйе, тілдік құрылым деген терминдердің өзара тығыз байланысын талдаңыз.
Жүйе дегеніміз - өзара байланысты бір тектес элементтердін бірлігі. Ол заттық негіз (материя, субстанция), құрылым және қызмет деген үш ұғымның ұштасып келуінен, олардың бірлігінен және өзара қатынасынан құралады. Бұлар бір-бірімен тығыз байланысты. Жүйе материя мен құрылымның бірігуі, қосылуы түрінде өмір сүреді және белгілі бір қызмет атқарады. Сондай ақ, жүйе дегенді - өзіне тән айрықша кұрылымы бар кіші жүйелердің жиынтығы деп те айтуға болады. Тіл құрылымының жеке қабаттарының жүйелері бір-бірімен қарым-қатынаста, өзара байланыста тұрып тілдің жалпы жүйесін құрайды.
Тілдік жүйе, тілдік құрылым деген терминдердің өзара тығыз байланысты, бірақ олардың тепе-тең емес, бір-бірінен өзгешеліктері барлығы, тіл білімі үшін ол өзгешеліктерді анықтаудың қажет. Жүйе тілдік құрылым деген ұғымға қарағанда кең мағынаны білдіреді, бүкіл тілдік фактілердің барлығының жиынтығына, бірлігіне қатынасты ұғым ретівде қолданылады, ал кұрылым тілдік элементтердің тек қарым-қатынасына ғана қатысты, жүйенің айырықша бір бөлшегі ғана деп саналады.
Тілдік жүйе тілдік элементтер мен құрылымдардың жиынтығы. Құрылым - жүйедегі тілдік элементтер арасындағы қатынастардың жиынтығы. Яғни тілдік құрылым - тілдік жүйенің құрамдас бөлігі. [1]
Синтагмалық қатынас
Синтагмалық байланыс - элементтер байланыстарының ең алғашқысы. Ол сөйлеуге тіл және тілдің құрылымдық элементтері байланыстарының бәрінде де болады.
Грек тілінен тараған бұл атау алғашқыда бір нәрселердің қосылуы, жалғасуы деген мағынаны білдірген. Қазіргі заман тіл білімінде ол тілдік элементтердің бір-біріне тіркесе жалғасуы дегенді білдіреді. Ал тіркесетін, жалғасатын элементтердің сипатын айқындауда ғалымдар арасында бірізділік жоқ: бірсыпыра зерттеушілер, фонемадан бастап, кұрмалас сөйлем компоненттеріне дейінгі “аралықтағы элементтердің барлығы да синтагмаға мүше бола алады деп, дыбыстың дыбысқа, (к-ө-л, с-т-о-л), морфеманың морфемаға (көл-шік, стол-ик), сөздің сөзге (алыс жол, новый учебник), сөйлемнің сөйлемге (жаңбыр жауып, жер көгерді) тіркесулерінің; барлығын да синтагмалық байланысқа жатқызады. Біраз, ғалымдар синтагмалық байланысқа тек толық мағыналы сөздердің өзара байланыстарын ғана жатқызады.
Қалай болған күнде де, мүшесінің сипатына қарамастан синтагмалық баланысқа кейінгісі алдыңғысына тіркесе жалғаса айтылатын я жазылатын элементтер байланысы жатады. Тілдік тұлғалар байланыстары ішінде синтагмалық байланыстың мәні ерекше. Тіл өзінің қатынас құралындық қызметін элементтердің синтагмалық қатынасы арқыры атқара алады. Сөйлеу, сөйлесу процестерінің барлығы да тілдік тұлғалардың синтагмалық байланыстары нәтижесінде іске асады. Синтагмалық байланысқа келетіндер бір тектес тұлғалар: морфема мен морфема, сөз бен сөз. Құрылымы, мағынасы, қызметі жақтарынан әртектес болып келетін тұлғалар синтагмалық байланысқа келе алмайды. Мысалы: дыбыс пенморфема, сөз бен сөйлем т. б. [2]
Жүйе элементтерін атаңыз .
Тілдік жүйең бірліктері - фонетика, лексика, грамматика. Бұлар ғылымда ярус, уровень, немесе жүйе я құрылым элементтері деп аталады. Бұл элементтер бірлігі, белгілі тәртіпке, ретке келтірілген, біріне-бірі жалғасып, бірінен-бірі туындап өрбіп, ұлғайып жататын өзектес, әрістес, бірінсіз-бірі өмір сүре алмайтын шартты қатынастағы біртұтас бірлік.
Тілдің дыбыстық жүйесі - тіл білімінің фонетика саласында, сөздік құрамы - лексикология саласында, грамматикалық құрылысы - грамматика саласында қарастырылады.
Тілдің жүйелілік сипаты оның барлық деңгейінен (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық) көрінеді. Мысалы, кез келген тілдің фонетикасында "дауысты дыбыстардың жүйесі", «дауыссыз дыбыстардың жүйесі" деген тақырыптар бар. Ол, әрине, тегін емес. Дауыстылар жуан-жіңішке, еріндік-езулік, ашық-қысаң болып бөлінеді. Бұлай жұп-жұбымен және бір-біріне қарама-қарсы топтасуы тілдің дыбыстық қабатында белгілі бір жүйе бар екендігінің белгісі. Дыбыстар бір белгісі бойынша бір-біріне қарама-қарсы қойылса, екінші белгісі бойынша олар біртектес больш келеді. Мысалы: ы мен і дыбыстары тілдің қатысы жағынан бір-біріне қарсы дыбыстар (ы - жуан, і - жіңішке), ал еріннің қатысы жағынан олар біртектес дыбыстар (екеуі де езулік) . Бұл сияқты жүйелілік дауыссыз дыбыстарға да тән. Мысалы, П мен Б дауыс қатысы жағынан бір-біріне қарама-қарсы (П-қатаң, Б-үяң), ал жасалу орны жағынан - біртектес дыбыстар (екеуі де ерін дауыссыздары) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz