Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндеттері

Жоспар
Кіріспе:
1. 1. Негізі құралдардың мәні, құрамы мен құрылымы
1. 2Негізгі құралдарды қалыптастыру мен ұйымдастыру
Ненізгі құралдарды есепке алу
2. 1 Негізгі құралдар, оларды жіктеу және бағалау
2. 2 Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндеттері
2. 3 Негізгі құралдардың түсуін құжаттармен рәсімдеу және есепке алу
Кіріспе
Негізгі құралдарға олардың құнына байланыссыз, бір жылдан астам қызмет ету мерзімі бар ғимараттар, құрылыстар, кеңселік заттар, есептегіш техникалар, компьютерлер, көлік құралдары жатады.
Негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес бағытта болуы мүмкін.
Өндірістік емес бағытка - жарғылық қызметпен байланысы жоқ негізгі құралдар жатады.
Өндірістік бяғыты бойынша - жарғылық қызметті жүзвге асырумен және нәтижесінде пайда алумен байланысты құралдарды жатқызуға болады. Сонымен қатар өндірістік бағыттағы негізгі құралдарға банктің дәрежесін жоғарылатуға арналған заттар (кар-тиналар, вазалар, сервиздер) жатады, себебі клиенттерді тартуда банк беделінің маңыздылығы сондай, банк қосымша пайда алуына ықпалын тигізеді. Алғашқы нақты түрін сақтай отырып, олар өздерінің кұнын жұмыстарды орындауға немесе есептелген амортизация (тозу) сомасында көрсетілген қызметтерге аударады.
Келесі топтарға бөлінеді:
а) ғимарат және құрылыс;
ә) компьютерлер;б) көлік құралдары;
в) құралдар және басқа да шаруашылық құрал-саймандар;
г) басқа да негізгі құралдар.
Банкке негізгі құралдардың бухгалтерлік есеп үрдісіндегі келесі сұрақтарға жауап беру қажет:
1. Активтерді қай уақытта тану қажет?
2. Олар баланста қандай құнмен көрсетіледі?
3. Амортизациялық аударымдар мөлшері қандай?
4. Ақпараттарды алу үшін қандай талаптар қойылады?
16 «Негізгі құралдар» бухгалтерлік есептің Халықаралық стан-дартына сәйкес (БЕХС) актив ретінде негізгі құралдар объектісін тануга болады егер төмендегі шарттар орындалса:
- берілген активтен банк келешекте экономикалық пайда алады деген ықтималдық бар болса;
активтің өзіндік құны операцияларды жүргізу кезінде сенімді түрде оліпенуі мүмкін.
Банктердегі негізгі құралдар мен . . .
Негізгі құралдардың есебі жинақталған амортизацияларды есеп-тегеннен кейін әділ баға болып табылатын, не бастапқы кұн, не қайта бағалану сомасы принциптері негізінде жүзеге асырылады. Енді осыдан, негізгі қүралдарды бағалаудың төрт түрін көрсетуге болады:
• бастапқы;
• ағымдағы;
• баланстық;
• өтімділік.
Негізгі қүралдардың бастапқы қүнына сатып алу, жеткізу баға-лары және активтерді пайдалануға дайындау үшін қажетті басқа да шығындар кіреді. Сонымен қатар Халықаралық стандарттың қаржылық есебі (16 ХСҚЕ) бойынша бастапқы қүнға өтелмеген салықтар, импорттық төлемдер де кіреді.
Егер клиентке экономикалық тиімділік алынады деп күтілсе, жаңалықтарды алуға байланысты шығындар негізгі қүралдардың ағымдық бағалық құнына қосылады.
Егер активтердің пайдалану мерзімі ұзартылса ғана банк эконо-микалық пайда ала алады.
Жөндеу мен техникалық қызмет көрсету шығындары оларды жүзеге асыру шаралары бойынша жүргізіледі. Бухгалтерлік есептің жалпы қабылданған қағидаларына сәйкес негізгі құралдардың бастапқы құны - бүл негізгі қүралдарды сатып алуга, жүргізуге, өңдеуге немесе жақсарту үшін нвгізгі қүралдарды сатып алумен, жеткізумен немесе жақсартумен тікелей байланысты, арнайы пайдалану үшін қажетті жағдайда орнатуды қоса есептегендеғі барлық шығындарды қамтитын төленген сомалар.
Ағымдьщ - анықталған күнге, нарықтағы сәйкес бага бойынша негізгі қүралдардың қүны.
Бяланстьщ - активтердің есеп және есеп беруінде сипат-талатын жинақталған амортизация сомасын есептен шығарғаннан кейінгі негізгі қүралдардың бастапқы немесе ағымдық қүны.
Өтімділік - бүл негізгі қүралдарды жою кезінде істен шығару бойынша күтілетін шығындарды есептегеннен кейінгі пайдалану мерзімі аяқталған уақытта туындайтын қосалқы бөлшектердің, металл сынықтарының, қоқыстардың болжанатын қүны.
Нарықтық құнның өзгеруімен байланысты олардың құнының көбею коэффициентінің есебімен негізгі қүралдарды қайта бағалау индекстеу жүргізіледі. Индекстеу кезінде толық қайта қалыптасу құны келесі әдістердің бірімен анықталады: қайта есептеудің үсынылатын коэффициенттері немесе кезекті жылдың 1қаңтарында жазылатын негізгі құралдардың сәйкес түрлері мен көрсетілген
құралдардың нарықтық құны туралы құжаттар мен сараптаушы қорытындыларына жататын бағаға сәйкестендірілетін баланстық құнды қайта есептеу. Банк өзінің негізгі құралывдағы кез келген бөлікті бір әдіспен, ал басқасын екінші әдіспен қайта бағалауға құқығы бар. Негізгі құралдардың қайта бағалануы ағымды құн бойынша жүргізіледі. Егер өндірісті алдын ала белгіленген нормативтен асырып орындаған жағдайда ғана, 16 БЕХС сәйкес негізгі құралдар объектісімен байланысты шығындар актив ретінде танылуы мүмкін. Келешек экономикалық пайданы көбейтуге әкелетін жақсартудың үлгілері:
- негізгі қүралдардың қуаттылығын жоғарылата отырьш,
пайдалану мерзімін көбейту модификациясы (модернизация) ;- өндірілетін өнім сапасын айтарлықтай жақсарту мақсатында
машина бөлшектері мен буындарын игеру;- бұрын есептелген өндірістік шығындардың қысқаруын
қамтамасыз ететін жаңа өндірістік үрдісті енгізу.Негізгі құралдарды пайдаланғанға дейінгі алғашқы операциялық жүмсалымдар шығындар ретінде таныладьц
Негізгі кұралдардың орталықтандырылған есебі кезінде банктің бэк-офисінде негізгі қүралдар есебінің тобы бойынша әрбір бөлімшелерге шот жоспарына сәйкес келетін нұсқаумен жекелей шоттар ашылып жүргізіледі.
Франт-офистен негізгі күралдарды, кіріске алу немесе істен шығару туралы алынған мәліметтер негізінде банктің бэк-офисі, баланстан шығатын негізгі қүралдардың шығуы немесе қабылдануы бойынша өткізбелерді жүзеге асырады. Ақпарат амортизация ауда-рылып және қайта бағалау жүргізілгеннен кейін олардың баланстан тыс шотта көрсетілуі үшін банк филиалдарына жібереді. Негізгі құралдарды балансқа алу теңгемен жүзеге асырылды. Банктің бэк-офисі әр айдың аяғында ағымдағы айдың 1-күніндегі жағдай бойынша банктің негізгі қүралдарының тізімдемелерін қолма-қол екі дана етіп, банктің әрбір бөлімшелеріне есеп тобының бөлігінде басып шығарады. Бірінші данасы банктің бэк-офисінде хронология-лық тәртіппен тігіледі, екіншісін банктің филиалына жібереді. Со-дан кейін банктің бэк-офисі өндірістік төлем төленгеннен кейін ке-лесі күннен қалдырылмай төлем ордерінің қосымшасының көшір-месімен жеке шот бойынша көшірмені банк бөлімшелерінің бэк-офисіне жібереді. Бөлімшелердің бэк-офисі төлем ордерінің көшір-месінде керсетілген сомаға қосылған дербес шот бойынша көшірме алу кезінде капитал салымдары бойынша лимит қысқартылады.
- Негізгі құралдардың мәні, құрамы мен құрылымы
Негізгі құралдар дегеніміз ұзақ кезең бойына қызмет ететін материалдық-заттай құндылықтардың жиынтығы; олар өндіріске қызмет көрсете отырып, өзінің табиғи-заттай нысанын сақтайды, өз құнының бір бөлігін жаңадан жасалған өніммен көрсетілген қызметтерге көшіреді. Негізгі құралдардың екі түрі болады: өндірістік негізгі құралдар және өндірістік емес негізгі құралдар. Материалдық өндіріс саласында жұмыс істейтін негізгі құралдар - өндірістік негізгі құралдар (оларға: ғимараттар, құрылыстар, көлік құралдары, жабдықтар мен басқа да еңбек құралдары, т. б. жатады) деп, өндірістік емес бағыттағы негізгі құралдар - өндірістік емес негізгі құралдар деп аталады (тұрғын үйлер, мәдениет, спорт мекемелері, балабақшалар, емдеу орындары және басқа да кәсіпорын балансындағы жұмысшыларға қызмет ететін объектілер) . Негізгі капитал - бұл материалдық құндылықтың ұзақ кезеңдегі жұмыс істеп тұруы ретінде негізгі құралдардың ақшалай бағалануы. Осыған байланысты құралдар өзінің құндылығын өндіретін өнімге жартылай апарады. Кәсіпорындарда өндірістік құралдар өндіріс процесінің материалдық-техникалық негізі болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында өндірістік құралдардың алғашқы қалыптасуы, олардың жұмыс істеуі мен ұлғаймалы ұдайы молайтылып отыруы қаржылардың тікелей қатысуымен жүзеге асырылады: олардың көмегімен еңбек құралдарды сатып алу, пайдалану және қайта қалпына келтіру жүзеге асыратын арнайы мақсатты ақша қорлары құрылып пайдаланылады. Негізгі құралдар - ұлттық байлықтың маңызды бөлігі болып табылады және олардың құрамы мен құрылымын анықтау үшін негізгі қорлардың сыныптамасын жасау қажет. Негізгі құралдарды бағалаудың өндіріс процесінде ұзақ жылдар бойы қатысып, тозуына байланысты бірнеше түрі болады. Олар - негізгі құралдардың бастапқы құны, қайта өндіру құны және қалдық құны. Негізгі құралдардың бастапқы құны - құралдарды дайындауға, жинауға, әкелуге кеткен шығындардың жиынтығы. Қайта өндіру құны (қалпына келтіру) - негізгі құралдарды қайта өндіруге кеткен шығындардың жиынтығы. Қалдық құн - негізгі құралдардан тозуды алып тастағандағы бастапқы немесе қалпына келтіру құны. Негізгі өндірістік құралдардың құрылымына мынадай факторлар әсер етеді:шығарылатын өнім түрі, оның жалпы көлемі, автоматтандыру және механикаландыру деңгейі, мамндандыру және бірлестіру деңгейі, кәсіпорын орналасуының климаттық және географиялық жағдайлары және т. б. Негізгі өндірістік құралдарды қолданудың көрсеткіштері үш топқа бөлінеді:
1. Негізгі өндірістік құралдарды экстенсивті қолдану көрсеткіштері;
2. Негізгі өндірістік құралдарды жедел түрде қолдану көрсеткіштері;
3. Негізгі өндірістік құралдарды интегралды қолдану көрсеткіштері.
1-топ көрсеткіштеріне: құралдарды экстенсивті қолдану коэффициенті, құралдардың сменалық жұмыс жасау коэффициенті, құралдардың толық пайдалану коэффициенті жатады, яғни бұл көрсеткіштер құралдардың уақыт мөлшерінде қолданылу деңгейін көрсетеді. Құралдарды интегралдық қолдану коэффициенті құралдарды экстенсивті және интенсивті қолдану коэффициенттеріне көбейту арқылы анықталады және ол құралдарды уақыт бойынша және өнімділігі бойынша қолданылуын сипаттайды. Өндірістік негізгі құралдардың тиімділігін көрсететін жалпы көрсеткіш болып - қор қайтарымы есептеледі. Қор қайтарымы - бұл өнім өндіру үшін пайдаланылғын негізгі өндірістік құралдардың теңгеге шағып есептелгендегі өндірілген өнім көлемін сипаттайтын экономикалық көрсеткіш, сондай-ақ ол өндіріс тиімділігінің аса маңызды көрсеткіші болып табылады:
ФО = Т / Ф
Мұндағы: Т - тауар өнімінің көлемі;
Ф - негізгі өндірістік құралдардың орташа жылдық құны
Қор қайтарылымын ұлғайту - бұл халық шаруашылығының аса маңызды міндеті болып есептелінеді. Қор қайтарымына кері көрсеткіш - қор сыйымдылығы. Қор сыйымдылығы - бұл негізгі өндірістік құралдар құнының өндірілген және сатылған өнім құнына қатынасын сипаттайтын экономикалық көрсеткіш. Өндірістің негізгі құралдарының көлемі және олардың қолданылу дәрежесі кәсіпорынның өндірістік қуатының көлемін анықтайды. Өндірістік қуат - саланың, цехтың, агрегаттың жабдықтарды неғұрлым озық үлгіде ұйымдастыру негізінде тиісті уақыт ішінде өнімнің белгілі бір түрін шығаруға барынша жоғары қабілеттілігі. Өндірістік қуат берілген уақыт ішінде саланың, цехтың, агрегаттың өндіріс пен еңбекті неғұрлым озық үлгіде ұйымдастыра отырып, құрал-жабдықтарды неғұрлым тиімді пайдаланып, өнімнің белгілі бір түрін шығаруға барынша жоғары қабілеттілікті айтамыз. Негізгі құралдар қолданылуына байланысты өндіріс процесінде тозады. Тозудың екі түрі бар: табиғи тозу және моральдық тозу. Табиғи тозу дегеніміз - негізгі құралдар элементтерінің материалдық тозуы, олардың өндірісте тұтыну барысында және табиғаттың табиғи күштерінің әсерінен тұтынылу құнын жоғалтуы. Моральдық тозу - жабдықтың техникалық прогреске байланысты ескіріп құнсыздануы. Неғұрлым жетілдірілген және өнімді машиналардың пайда болуы нәтижесінде пайдаланылып жүрген машиналар табиғи қалпына және өндірісте пайдалану дәрежесіне қарамастан моральдық жағынан ескіріп құнсызданады. Тозған негізгі құралдарды жаңарту үшін амортизациялық аударымдар қолданылады. Амортизация - негізгі құралдардың тозуы салдарынан оның құндылығының бірте-бірте төмендеуі, сондай-ақ негізгі құралдарды жаңарту үшін, қаражатты қорландыру мақсатымен, осы қорлар құнының өндірілген өнімге бірте-бірте көшуі. Амортизацияның ақшалай сипаты болып табылады. Амортизациялық аударым - негізгі құралдардың тозығын толтыру үшін осы құралдар құнының бір бөлшегін аударып отыру. Ол өнімнің өзіндік құнының және айналыс шығындарының элементін құрайды. Амортизациялық аударым көлемі амортизация нормасы арқылы анықталады. Амортизацияның жылдық жиынтығын негізгі қорлардың бағасына бөлу арқылы амортизация нормасын анықтаймыз.
Ол пайыз арқылы беріледі:
Н = (Ф 1 - Ф ж ) / (Ф 1 • Т) • 100 %
Мұндағы: Ф 1 - негізгі құралдардың баланстық бастапқы құны, теңге;
Ф ж - жайылған негізгі құралдардың құны, теңге;
Т - амортизациялық кезең (негізгі құралдардың нормативтік
қызмет ету уақыты), жыл.
Негізгі құралдарды толық қайта құруға кеткен амортизациялық аударымдардың көлемі мына формула арқылы анықталады:
А = Н • Ф
Мұндағы: Н - амортизация нормасы (%) ;
Ф - негізгі құралдардың орташа жылдық құны, теңге.
Амортизация нормасы негізгі құралдарды өз уақытында қалпына келтіруге бағытталады және амортизация нормасын есептегенде мынадай факторларды қолдана отырып, негізгі құралдардың қызмет ету уақытын дұрыс анықтай білу керек:
Негізгі құралдардың ұзақ мерзімділігі;
- Моральдық тозу;
- Техникалық қайта құрудың жоспары;
- Жабдықтардың балансы;
- Модернизациялау және күрделі жөндеу мүмкіншіліктері
1. 2 Негізгі құралдарды қалыптастыру мен ұйымдастыру
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz