Қазақстанның үшінші жаңғыруының дұрыс және бұрыс жағы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

Технология және биоресурстар факультеті

Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі кафедрасы

ТАҚЫРЫБЫ:
Қазақстанның үшінші жаңғыруының дұрыс және бұрыс жағы

Оындаған: Сансызбаева Ұ.Ж. ТПП 20-06К
Тексерген: аға оқытушы Сембаев Руслан

Алматы, 2021
Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған заман ағымы, кезең тынысы болады. ХХІ ғасыр бүгінгі ұрпаққа, яғни біздерге бұйырған бақыт деп ойлаймын. Ендігі болашақ жастардың қолында деп өлеңдетіп, жырлап жазған ақын аға-апаларымыздың өлеңдерінен де көруге болады. Халық, ел жастарға сенеді. Ал ол сенімді бүгінгі жастар қалай ақтауда? Әрине, бес саусақ бірдей емес, олай болса жастардың барлығына кінә тағуға болмайды. Десе де бүгінгі жастарға рухани байлық, таза ой, терең білім, адамгершілік, адалдық, қайрат, қала берсе, денсаулығымыз да жетіспейтін секілді. Елбасымыздың Халыққа Жолдауында ХХІ ғасыр білім ғасыры делінген. Олай болса, елімізді өркендету үшін білімді жастар керек, жақсы оқып, жан-жақты білім мен ғылым алуымыз керек. Ел ертеңі - біздердің, келер ұрпақтың қолында деп айтып та, жазып та жатыр. Елімізді көркейту, оны өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізу-біздің борышымыз деп білем... Болашақта ел тізгінін ұстайтын, еліміздің әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті, экономикасы дамыған, өркениет көшінен лайық орын алатын, еліміздің қарқынды дамуына өзіндік үлес қосатын қоғамның негізгі белсенді күші жастар екені сөзсіз. Мемлекетіміздің басшысы Н.Назарбаевтың Еліміздің келешегі жастардың қолында деген сөзі жастарымызға қандай жауапкершілік жүктеліп отырғанын айқын көрсетеді. Ел ертеңі-бүгінгі ұрпақ екенін үнемі жадымызда сақтайтын біздер Президентіміз бағыт-бағдар берген сара жолмен ілгері басайық. Жас ұрпақты талапты да тапқыр, талғампаз да терең ойлы, төзімді де табанды етіп тәрбиелеу - біздің басты мақсатымыздың бірі болып қала береді.
Төртінші басымдық атай келе - адами капитал сапасын жақсарту.
Бірінші. Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс.
Біздің міндетіміз - білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет. Сонымен бірге, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажет. Үкіметке тиісті ұсыныстар беруді тапсырамын. Атап айтқанда, үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу мәселесі бойынша ұсыныстар әзірленсін. Қазақ тілінің басымдығы сақталады. Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, бүгінде ағылшын тілі - жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі. Қазіргі кезде 90% ақпарат ағылшын тілінде жарияланады. Әрбір екі жыл сайын олардың көлемі 2 есе ұлғайып отырады. Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайды.
2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқытатын боламыз. Бұл мәселені тиянақты ойланып, ақылмен шешу қажет.
Мектептердің және мұғалімдердің деңгейі, әсіресе ауыл мен қалада әртүрлі. Білікті педагогтардың жетіспеу проблемасы да бар. Сондықтан, осының барлығын ескеріп, ағылшын тілін кезең-кезеңмен енгізуіміз керек.
Тиісті ұсыныстар беруді тапсырамын. Менің бастамам бойынша биыл Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру жобасы іске асырыла бастады. Тегін оқытумен ең әуелі жұмыссыз және өзін өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған жастар, сондай-ақ кәсіптік білімі жоқ ересек адамдар қамтылуы тиіс. Кәсіптік білім беру жүйесінде, мен айтқандай, экономикадағы жаңа өндірістер үшін мамандар дайындауға ден қою керек. Ол үшін кәсіптік стандарттар еңбек нарығының талаптарына және ең үздік әлемдік оқу-өндірістік тәжірибелерге сәйкес жаңартылуы қажет.
Сонымен қатар, жоғары білім беру жүйесі сапасына ерекше назар аударылады. Жоғары оқу орындарының кадрлық құрамына, материалдық-техникалық жабдықталу деңгейіне, білім беру бағдарламаларына қатысты бақылау мен талап күшейтілуі қажет. Бізде қазірдің өзінде оларды мектепке дейінгі білім беру ісіне тарту саласында жақсы нәтижелер бар. Өткен 3 жылда мемлекет 40 мың орынға арналған 189 балабақша салса, жекеменшік сектор 100 мың орынға арналған 1300 балабақша ашты. Статистика агенттігінің жүргізген мониторинг қорытындысы бойынша мемлекетіміздегі адам санының 4,5 миллионнан астамы жастардың үлесінде. Бұл дегеніміз жалпы халықтың 30 пайызы жастар деген сөз. Ендеше, еліміздің ертеңгі болашағы жастардың бүгіннен бастап, қандай тәрбие алуы мен отансүйгіштік қасиеттің дамуы аса маңызды. Ең әуелі жастар бойында рухани-адамгершілік, саяси интеллектік, құқықтық тәрбие басым болғаны жөн. Қазіргі заман талабына сай білім беру- бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейлік және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі екендігі белгілі. Сондықтан еліміздегі ұлттық қоғамды кемелдендіру ел болашағы-жас ұрпақты жаңа инновациялық әдісте рухтық тәлім және білім негіздерімен қаруландырып, қалыптастыру қажет. Ал енді жоғарыда айтылған оқытудың педагогикалық технологияларын оқу-тәрбие процесіне біртіндеп енгізетін болсақ, онда білім сапасын арттыруға, оқушылардың дамуына бақылау жасауға, оған сәйкес бағалауға, басқару тиімділігін жетілдіруге мүмкіндік болатыны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭТИКА. ҚҰНДЫЛЫҚТАР ФИЛОСОФИЯСЫ ТУРАЛЫ
Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеу формалары
Н.Ә. Назарбаев
Қазақстан Республикасындағы ішкі саяси тұрақтылығы
Рухани жаңғыру
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНДЕРДІҢ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУЫ
Тәрбие жұмысындағы мұғалімнің жеке – дара тәрбиесі
Xvii ғасырдың екінші жартысы мен xviii ғасырдың аралығындағы қазақ қоғамындағы саяси-әлеуметтік хал-ахуал жайлы
Баспасөз материалдарына шолу
Туған жер
Пәндер