1921-1922 жылдардағы ашаршылық


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Факультет:Ақпараттық технологиялар

Кафедра:Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері

СӨЖ

Тексерген: Козгамбаева Г. Б

Студент: Байқонысов Е. О

Алматы 2021

Жоспары:

  1. Кіріспе
  2. 1921-1922 жылдардағы ашаршылық
  3. Ашаршылықтың көп аймақтарды қамтуы
  4. Ашаршылық көп аймақты қамтуы
  5. Ауылды кеңестендіру
  6. 1932-1933 жылдардағы ашаршылық
  7. Ашаршылықпен күрес

Кіріспе

1920 жылы 26 тамызда Орынборда Астанасы бар Қырғыз АССР-і және республика тап болған алғашқы сынақ, жалпы - Кеңестер, - аштық пайда болды. Ол 1921-1922 жылдары Поволжье мен КАСССР-де басталды. 1921 жылдың күзіне қарай бүкіл ел бойынша 20 миллионға жуық адам аштыққа ұшырады. Мұның көптеген себептері болды: тек аяқталған азаматтық соғыс, азық-түлік салғырты, егіннің жетіспеушілігі және джут 1920-21 жылдың қысында және ауыл шаруашылығының артта қалуы. 1921 жылдың шілдесінде Кеңес үкіметі шет мемлекеттерден көмек сұрады. Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағатында сақталған құжаттар негізінде жас Қырғыз АССР басшылығы апатты жеңу үшін не істегені туралы айтамын.

1921-1922 жылдардағы ашаршылық

1921-1922 жылдардағы ашаршылық Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Кеңестер елін тағы бір ауыр сынақ күтіп тұрды. 1921-1922 жылдардағы ұзаққа созылған қарсыз қыс жауынсыз жазға ұласты. Қыста қардың, көктем мен жазда жауынның болмауы қатты құрғақшылықты, оның салдары ашаршылық нәубетін әкелді. 1921 жылдың жазында ол елдің көптеген өңірлерін, әсіресе Еділ бойы аудандарын жайлады. 1921 жылдың күзіне қарай бүкіл ел бойынша 20 млн астам адам аштыққа ұшырады.

Етек алған ашаршылыққа байланысты РК(б) П Орталық Комитеті 1921жылғы 17 шілдеде партияның барлық мүшелеріне арнайы үндеу жолдады. «Ашаршылық, - делінді үндеуде, - тек құрғақшылықтың нәтижесі емес, оның себебі аграрлық сектордың артта қалуында, ауыл шаруашылық білімі денгейінің төмендігінде, ауыспалы егіс нысандарының ескілігінде, бұл және соғыс пен әскери қоршаудың, сондай-ақ помещиктер мен капиталистердің және олардың итаршыларының бізге қарсы күресінің бәсеңсімей отырғанынын да салдары». Партия құжаттарында көрсетілген себептермен бірге, жаппай ашаршылық Кеңес өкіметі қатаң жүргізген, халық шаруашылығына, әсіресе ауыл шаруашылығы саласына қатты соққы болып тиген «әскери коммунизм» саясатының нәтижесіндегі төтенше экономикалық жағдайларға да байланысты туындады.

Қазақстанның көпшілік аудандары етек жайған ашаршылық құрсауында қалды. Орал, Орынбор, Қостанай, Бөкей, Ақтөбе губернияларында себілген астық қатты құрғақшылықтан шықпай қалды, шыққандары жазғы ыстықта қурап калды. Мал өсірумен айналысатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардағы жайылымдар мен шабындықтар толықтай күйіп кетті. Оның үстіне 1920-1921 жылдардағы ұзаққа созылған қатал қыс Торғай уезінде малдың жаппай қырылуына әкеп соқты. Шұбалаң, Майқара, Сарықопа және басқа болыстар да зардап шекті. Ашаршылық құрбандарының, аштан өлгендердің саны күн сайын көбейе берді.

Ашаршылықтың көп аймақтарды қамтуы

Ашаршылық отырықшы аймақтарды да қамтыды. 1921 жылғы ақпан-наурыз айларында Қостанай губерниясындағы Исаев-Дедов аудандық кеңесі атқару комитетінің Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесіне жолдаған есебінде аудан тұрғындарының аш екендігі, сондай-ақ жекелеген ауылдардың наразылық білдіріп жатқаны туралы айтылды. Бірқатар аймақтарда шаруалар арасынан мемлекеттік тапсырыс бойынша жиналған астықты рұқсатсыз бөліп алған фактілері атап көрсетілді. Мәселен, Дмитриев селосының екі жүзге жуық әйелі көршілес кенттерден қосылған әйелдермен бірге жиналған астықты Орынбор астық қоймасына тапсыруға ашық қарсылық білдірді, «егер сіздер жиналған астықты әкететін болсаңыздар біз аштан қырыламыз» деген ұранмен шықты. Ал Васильев селосының тұрғындары кәдімгі күн сайынғы таңғы жиында шіркеу қоңырауымен бір мезгілде бір үзім нан мен мал азығы төңірегінде қызу айтыс ұйымдастырды. Олар кеңестердін жергілікті өкілдерін: «бізге астық беріңіздер, әйтпесе біз аштан қырыламыз» деген айқаймен қарсы алды. Никольск селосының тұрғындары, сол кезде көктемгі дән себу науқанына әзірленген тұқымдық астықты рұқсатсыз өзара бөліп алды.

1921 жылғы тамыздан бастап Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Орал және Қостанай губерниялары аштықтан зардап шеккен аймақтардың тізіміне ресми түрде енгізілді. 1921 жылдың күзіне қарай Қазақ АКСР-інің жеті губерниясының бесеуі: Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Орал және Қостанай губерниялары (Түркістан АКСР-і құрамындағы Сырдария және Жетісу губернияларын қоспағанда) және Адай уезінің тұрғындары аштыққа ұрынды.

Жұқпалы аурулардың таралуы

Аштықпен бірге сүзек, тырысқақ, оба, дінгене және басқа аурулар да қатар келді. Жұқпалы аурулармен ауырған адамдардың саны республиканың емдеу мекемелерінің мүмкіндіктерінен едәуір асып кетті. Аштық пен қайыршылық күй, эпидемия, ауруханалардың жетіспеуі, осының бәрі аурулар арасындағы өлімнің санын көбейтіп жіберді. Мысалы, Қостанай губерниясында аштар мен аурулардың 75%-ға жуығы көз жұмды. Республиканың Денсаулық сақтау халық комиссариатының деректері бойынша Орынбор, Орал, Ақмола және Ақтөбе губернияларында 1921 жылдың 1 қарашасы мен 1922 жылдың 1 шілдесі арасында 37 657 адам ашаршылық құрбаны болды. Ашаршылық Қазақстанның басқа аймақтарын да айналып өткен жоқ. Сол кезде Тарғын-Бөкей губерниялы кеңесі атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарған Х. Д. Чурин өз естелігінде: «1921 - 1922 жылдардың қысында уезд орталығы болған кенттің көшелерінде біз таңғы сағат 5-6-ларда кейде ондаған адам өліктерін жинайтынбыз» деп жазды. Ата-анасы көз жұмып, қараусыз қалған балалардың күн сайын 50-60-ын жергілікті өкімет органдары балалар үйлеріне бөлді. Егер 1921 жылғы 1 желтоқсандағы деректер бойынша қараусыз қалған аш-жаланаш балалар саны Қазақ АКСР-і бойынша 128 000 болса, осы жылдың соңында бұл көрсеткіш 158 000-ға, ал 1923 жылғы 1 наурызға қарай 408 022-ге жетті. 1922 жылғы наурыз-сәуір айларында Қазақстанды қысқан ашаршылық мүлде асқынып кетті. КазОАК-нің Төрағасы С. Мендешевтің 1922 жылғы 8 шілдеде КазОАК-нің III сессиясында жасаған баяндамасында осы жылдың көктемінде алынған толық емес деректер бойынша Қазақстан бойынша аштыққа ұрынғандар саны 2 832 000 адамды құраған. Ал 1920 жылдың соңында республиканың барлық тұрғындарының саны 4 781 263 адам еді. Оның 50, 3%-ы - қазақтар, 31, 2%-ы - орыстар, 14, 4%-ы - украиндар болатын.

Қазақ республикасында 1922 жылдың наурыз және сәуір айларындағы дерек бойынша, Семей губерниясының тұрғындарын қоспағанда, алты губерния тұрғындарының 68, 2%-ы ашықты. Кейбір губернияларда ашыққандар саны орта көрсеткіштен де асып кетті. Мәселен, Орал губерниясында тұрғындардың 99%-ы, Орынбор губерниясында -80, 3%-ы, Қостанай губерниясында 74, 5%-ы аштық құрсауында қалды. Бөкей губерниясында осы көрсеткіш 29, 5%-ды, Ақмола губерниясында 40, 2%-ды құрады.

Аштық пен құрғақшылықтан зардап шеккен губернияларда мал саны күрт азайды. Тек Қостанай губерниясында ғана 1920 жылмен салыстырғанда 1922 жылы жылқы 63%-ға, ірі қара (сауын малы) 50%- пайызға, ұсақ мал 65%-ға азайды, егіс алқабы 62%-ға қысқарды (РК(б) П Қостанай губерниялық комитеті мен бақылау комиссиясының есебінен, Қостанай. 1923 жыл, 10-мәлімет) .

Республиканың ашаршылық жайлаған губернияларының тұрғындары жан сауғалап өз еріктерімен оңтүстікке - Түркістан республикасына, шығыста - Ақмола және Семей губернияларына қарай босты. Еділ бойының тұрғындары Орынбор жәнеТүркістан губернияларына қарай ығысты. Мұның өзі Қазақстандағы жағдайды одан әрі күрделілендіріп жіберді.

Көршілес республикалардан босып келген аш адамдардың толассыз ағыны астығы жақсы деп есептелетін Ақмола және Семей губернияларының да ашыққан халық санын көбейте түсті. 1922 жылдың наурызында-ақ ашыққандар саны 472 мың адамды құрады, ал бұл губернияның 1921 жылғы барлық тұрғындарының жалпы санынан сәл ғана кем еді. Республиканың ашаршылық өршіген аймақтарының халқы азық-түлік қорындағы болмашы астықты талау әрекетіне кірісті.

1922 жылғы 19-27 ақпанда Орынборда өткен екінші жалпы қазақстанды өңірлік партия конференциясында Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы С. Мендешевтің «Қазақ АКСР-індегі ашаршылық және онымен күрес» деген тақырыпта баяндамасы тыңдалды. Конференция көрсеткендей, ашаршылық Семей және Ақмола губернияларын қоспағанда, республиканың барлық аймақтарын қамтыды. «Ашаршылықтың ғаламат болғаны соншалық, жүрек жалғайтын түк таппаған аш-арықтар өлгендер мәйітін де талғажу етті . . . Бүкіл елге тараған зұлмат аштық Қазақ АКСР-інің шаруашылық-экономикалық өмірін дамытуда басты кедергі болды, ол кеңестік құрылыс іргетасын шайқап қана қойған жоқ, сонымен бірге халықтың басты көпшілігін қайыршылыққа ұшыратты» деп жазылды конференция қарарында. Құжатта ашаршылықпен және оның салдарымен күресуге бағытталған бірқатар нақты шаралар белгіленді. Конференция ашыққандарға көмек көрсету жөніндегі комиссияны жұмысына партияның белсенді қызметкерлерін тарту қажеттігін атап көрсетті. Конференция делегаттары РКФСР көлік қызметкерлеріне арнап ашаршылықтан зардап шеккен аймақтарға тамақ өнімдері мен астықты үздіксіз жеткізу туралы үндеу қабылдады. «Дала өлкесіндегі қазақ халқына көмек көрсетуге назар аударылсын, - деп айтылды қарарда, - сол үшін аппарат қызметін қайта құру қажет».

Республиканың губерниялық және уездік атқару комитеттерінің жандарынан ашыққандарға көмек көрсету жөнінде арнаулы комиссия құрылды. Алғашқы комиссиялардың бірі Кеңестердің Торғай уездік атқару комитетінің жанынан 1921 жылдың көктемінде-ақ ұйымдастырылып, жұмысын бастады.

Ашыққан ауылдар мен болыстарға алғашқы көмекті ұйымдастыру үшін уездік атқару комитеті мүшелерінің барлығы дерлік елге жіберілді, 1921 жылдың көктемінде әр селолық кеңестің жанынан көктемгі егіс жұмыстарын ойдағыдай өткізу үшін арнаулы комиссиялар құрылды, олар мүмкіндігінше қажетті астықпен қамтамасыз етілді. Аштық жайлаған Торғай уезінің тұрғындарына губерниялық азық-түлік комитеті көмек ретінде 50 000 пұт астық және көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге тұқым қорынан 500 пұтастық бөлді.

Торғай уездік атқару комитетінің 1921 жылғы 12 мамырдағы кеңейтілген отырысында ашыққан халыққа жедел көмек көрсету жөнінде мәселе қаралды. Отырысқа уездік атқару комитетінің Т. Жүргенов басқарған мүшелері, ОАК-нің өкілдері Ә. Жангелдин, С. Арғыншиев, Тимошенко мен Арынғазиев қатысты. Уездік атқару комитеті төрағасының басқаруымен жабдықтау бөлімі, экономикалық және азық-түлік бөлімдері өкілдерінен ашыққан халыққа жедел көмек көрсету үшін комиссия құру туралы шешім қабылданды. Жергілікті жерлерде Комиссия бөлімшелерін ұйымдастыру көзделді.

Ашаршылық 1921 жылы Қостанай уезінің барлық аудандарына дерлік тарады. Көптеген болыс тұрғындарының 75%-ына жуығы аштықтан зардап шекті. Болыстық, селолық және ауылдық кеңестер ашаршылық пен бала өлімін тексеру үшін аянбай күресті.

1. жылдың екінші жартысында уездің ауылдары мен селоларында 10 балалар үйі ашылды, онда 1000-ға жуық ашыққан балалар орналастырылды. Балалар үйі азық-түлік салығы есебінен тамақпен қамтамасыз етілді, отындық ағаш дайындау шаруашылық қаражатымен жүзеге асырылды. Осыған қоса барлық болыс орталықтарында ашыққандарды тегін тамақтандыратын асханалар жұмыс істеді Ауқатты адамдардан өндіріліп алынған қосымша салық асханаларды азық-түлікпен қамтамасыз етті. 1921 жылы осындай шаралар Қазақстанның басқа аймақтарында да жүргізілді. Мысалы, Ойыл уездік атқару комитетінің 1921 жылғы 16 шілдедегі шешіміне сәйкес қараусыз, ашыққан картгарды болыстардағы ауқатты адамдарға табыстады. Оларды тегін тамақтандырып, жатар жаймен қамтамасыз етуді міндеттеді.

2. жылдың көктеміне қарай республика бойынша ашыққандарға көмек корсету үшін барлығы 7 губернииялық, губерниялыққа теңестірілген 1 уездік (Адай губерниясы), 46 уездік және аудандық, 1127 болыстық, ауылдық және селолық комиссиялар ұйымдастырылды. Сонымен бірге 556 жергілікті өзара көмек комитеттері құрылды. Барлық комиссиялардың қызметін Қазақстан ОАК-і жанынан ұйымдастырылған, ашыққандарға көмек көрсету жөніндегі Орталық комиссия үйлестіріп отырды.

Комиссияларға ашаршылықпен күресуші губерниялық, уездік, болыстық, ауылдық және селолық төтенше органдардың әкімшілік тетіктерін кедергісіз пайдалану өкілеттігі берілді. Олардың кез келген мекен-жайына жөнелтілетін жүктерді комиссиялар бақылап отырды. 1920 жылдың 1 тамызынан бастап ашыққан губерниялардың атқарушы комитеттеріне аштықпен күресті күшейту үшін арнаулы салық жинау, ауқатты адамдар тарапынан ашыққандарға көмек ұйымдастыру, өз қаражаттары есебінен губерния аумағынан тыс жерлерде азық-түлік дайындау құқығы берілді. Комиссиялар жұмысының арқасында 1921 жылдың күзінен бастап көптеген аштыққа ұрынған елді мекендерде тегін тамақтандыратын асханалар ашылды, қараусыз балаларға арналып балалар үйлері ұйымдастырылды. Мысалы, Қостанай уезінің болыстарында 1921 жылы алты балалар үйі жұмыс істеді, мыңнан астам бала жатын жаймен және тамақпен қамтамасыз етілді. Бөкей губерниясында 15 мың аш адамдар, мардымсыз болса да, азық-түлік паегімен қамтамасыз етілді. Ақтөбе губерниясы Ойыл уездік атқару комитетінің 1921 жылғы 16 шілдедегі шешіміне сәйкес, ауқатты және күйлі адамдар ашыққандардың белгілі бір бөлігін жатын жаймен, тегін тамақпен қамтамасыз етуге міндеттелді.

1922 жылдан бастап аштық Бөкей губерниясында, әсіресе Тарғын, Талов және Жаңа қала аудандарында өрши түсті. Жергілікті өкімет органдарының аштықпен күрес жөніндегі қызметі және республика үкіметінің ашыққан аудандарға көмегі сол кезде Тарғын уездік атқару комитетінің төрағасы міндетін атқарған X. Чурин мен Ж. Сәрсековтың жазбаларында былай бейнеленеді: « . . . мемлекет тарапынан көрсетілген көмекке қоса жергілікті жерлерден қосымша көмек көздерін іздестіруге тура келді. Теміржолдан шалғайдағы құм жоталары арасында жатқан болыстардың бірқатар адамдарын құтқару үшін төтенше жедел шаралар қолданылды. Ашыққан халыққа көмек көрсету мәселесін шешу үшін Жәнібекке КазОАК-нің төрағасы С. Меңдешов келді. «Сіздер әлі жас болсаңыздар да, - деді ол, - дегенмен уезді басқарып отырсыздар . . . партия мен үкімет сіздерге барлық адамдарды аштықтан құтқару міндетін жүктеп отыр. Ауқатты шаруалардың мүмкіндіктерін қарастыру қажет, революциялық заңның революциялық қатал тәртібі де болады».

Ауылды кеңестендіру

Голощекин ауылды кеңестендіру жүмысы әлі де әлсіз, оны күшейту керек деп есептеді. Бұл істегі, яғни кеңестендірудегі кемшіліктерді қазақ байларына, рулық қатынастарға жапты. Оған жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып жүргізілетін шаралар ұнамады. Кеңестендіру ісінде де таптық тұрғыда қарау кажет дегенді желеу етіп, ауылдағы ауқаттыларға қарсы күресті күшейтуді ұсынды. Оның бұл солақай бағыты да қазақ басшылары мен зиялыларының қарсылығына кезікті. Оларды «оңшылдар», «солшылдар» деп топтарға бөліп, қудалады. Ақыры, Сталиннің тікелей қолдауымен 1927 жылы Қазақстандағы ауылдык кеңестерге жаңа сайлау өткізуді ұйымдастырды. Ол бойынша байлар деп есептелгендер сайлау құқынан айырылады. Ауылдарда кедейлер жиналыстары өткізілді. Сайлау науқанын жүргізу үшін аудандарға арнайы уәкілдер жіберілді.

1928 жылғы 1 қазанда Қазақстандағы барлық кеңестердің 2199-ы қазақ шаруаларының, 1209-ы орыс-украин шаруаларының кеңестері болды. Бірақ бұл жаңа сайланған кеңес органдары да өздерін жетекші күш ретінде көрсете алмады. Сондықтан да Голощекин жергілікті ұйымдар мен одақтарға, әсіресе «Қосшы» одағына көбірек арқа сүйеуді талап етті. Жергілікті кеңестердің белсенді органдарға айналуына жоғарыдан жіберілген уәкілдер де көптеген кедергілер келтірді. Олар жергілікті кеңестермен санаспай, басшылық жұмысты өз қолдарына алуға ұмтылды. Бұл кеңестердің беделін түсірді. Оның үстіне қазақ ауылдарындағы ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан рулық-туыстық жүйеге қарағанда көптеген мәселелерді шешуде кеңестер қауқарсыз еді. Мұнымен бірге қазақтар келімсек еуропалықтардың үкімет тарапынан өздеріне карағанда біршама жеңілдіктер алуына әрқашан наразы болды. Мұның өзі қазақтар тарапынан үкіметке, оның жергілікті органы деп танылған кеңестерге сенімсіздікті қалыптастырды.

Ал селолық кеңестер жиналыстарында кулактар мен ауқатты шаруалар өз ұсыныстарын өткізуге тырысып отырды. Әсіресе орыс қазақтары сословиелік қалдықтар мен атамандық ықпалды сақтап калды. Бұлар да кеңес жұмыстарының жандануына кедергі келтірді. Партиялық өктемдік пен тоталитарлық тәртіптің орнай бастауы вертикалды басқару жүйесін қажет етті. Сол себепті де кеңес ұйымдары демократиялық сипаттағы емес, әкімшіл-әміршіл басқарудың өзіндік сатысына айнала бастады.

1932 - 1933 жылдардағы ашаршылық

Шабындық және егістік жерді қайта бөлу, тәркілеу, азық-түлік салығы, күштеп отырықшыландыру мен ұжымдастыру барысындағы зорлық-зомбылықтардан көп азап шеккен ең алдымен қазақ халқы болды. Бар дүниесінен, мал-мүлкінен, құрал-саймандарынан, тіпті жертөлесінен де айырылған қазақтар ашаршылыққа ұшырап, босқын күйге көшті.

Ауыл шаруашылығында егіншілік көлемі күрт азайып кетті. Мал шаруашылығы терең күйзеліске ұшырады. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 40, 5 млн бас мал болды, ал 1933 жылдың 1 қаңтарында олардан қалғаны бар болганы 4, 5 млн бас еді. 1931-1933 жылдары бүкіл Қазақстанды құшағына алған аштықтан 6, 2 млн республика халқының 2, 1 млн-ы қырылды.

Өлкелік партия комитетініңТорғай ауданындағы уәкілі 1932 жылдың қыркүйегінде мұнда әр адам басына орта есеппен 56 килограмм ғана астық және бір ғана мал калғанын, ал бұлар алты айдан кейін мүлде таусылып, қаңтардың соңына қарай, қыстың кақаған, сары аязында нағыз қиямет-қайым орнайтынын алдын ала ескертіп, дабыл қақты. Ол сонымен бірге кейбір толық емес мәліметтер бойынша ауданда ең кемі 2042 адам аштық құрбаны болғанын, ал 8500 адам аштан өлейін деп жатқанын Құрамысов пен Кахианидің, Исаев пен Құлымбетовтың аттарына жолдаған ресми мәлімдемесінде ашық айтты. Анадан туғандай тыржалаңаш, аш адамдардың дала төсінде босып сандалып жүргендерін, басқасын былай қойғанда, олардың даладағы атқұлақ пен сарышұнақты түгін қалдырмай жеп койғанын жазды. Осындай қайғылы жағдайдың көрші Батпаққара ауданында да кеңінен орын алып отырғаны да айтылды.

Голощекин қазақ даласындағы жағдайды өзі жіберген уәкілдері арқылы жақсы біліп, толық хабар алып отырды. Арнайы тапсырмамен Сарысу ауданында болған О. Жандосов мынадай мәлімет берді:
«Ауылдарды аралаған кезімде мен ондаған күндер бойы жерленбеген мәйіттерді кездестірдім . . . Әйелдер жоқшылық пен аштыққа төзімділеу. Еркектердің бірден ұнжырғасы түсіп кетеді. Күйзелгендер қолдарына не түссе де түк қалдырмай жеп қояды. Сүйек-саяқты жинайды, оларды жүрек жалғау үшін ондаған мәрте қайнатады. Тамақ орнына жартылай өңделген терілер де кете береді. Мен иттің етін жеген және онысын жасырмайтын бірнеше адамдарды кездестірдім. Оныншы ауылдан келе жатқан жолымда елсіз жапаннан екі жасөспірімді көрдім, Олар қайдағы бір ескі жұрттағы, атылған иттердің терісін алу үшін қалған өлімтіктеріне бара жатыр екен. 5-ауылда аштықтан жартылай ісінген, аяғы ауыр әйел маған жақын келіп, оған ит атып беруімді өтінді ».

Голощекиндік геноцид қазақстандықтарды, ең алдымен, қазақ халкын аштыққа және босқындыққа ұшыратты. Зарлаған ана, шырылдаған бала, түнеріп, өлексе сасыған қазақ даласы - большевиктік эксперименттің нәтижесі осы еді.

Ашаршылықпен күрес

«Осыдан кейін біз әр болысқа бір-бір адамнан жібердік. Олар болыстық атқару комитеттерінің жандарынан комиссиялар ұйымдастыруы, көмек ретінде, кімде қанша мал, қанша астық, қанша ақша бар, соның тізімін жасауы тиіс болды; осы тізімдер болыстық атқару комитеттерінің бекітуіне жатқызылды».

Тарғын уезіндегі ашаршылықпен күрес жөніндегі төтенше комиссия Жәнібек кентінде орналасты. Кеңес аппаратының және партияның уездік органдарының барлық қызметкерлері дерлік ашаршылықпен күресті ұйымдастыру үшін шалғай ауылдарға жіберілді. Уезд орталығында ашыққандарға арналған 8 тегін тамақтандыру пункті жұмыс істеді, солармен іргелес қараусыз қалғандар үшін жатақхана ұйымдастырылды.

1922 жылы КазАКСР-інің партия ұйымдары мен кеңес органдарының барлық күш-жігері ашаршылықпен күреске бағытталды. Ашыққан халыққа көмек көрсету жөніндегі Орталық комиссия мен жергілікті кеңес органдары жүргізген жұмыстардың нәтижесінде 1922 жылдың ортасына қарай 777 192 адамды тегін тамақтандыру мүмкіндігі туды.

Елдің орталық аудандарындағы ауыр жағдайларға қарамастан РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі Қазақстандағы ашаршылық құрбандарына дәрі-дәрмек, азық-түлік, астық түрінде айтарлықтай көмек көрсетті.

1922 жылдың көктемгі тұқым себу жұмыстары қарсаңында Қазақстанның аудандары тегін көмек ретінде 907 501 пұт тұқымдық астық алды. Олардың тұқым сепкен алқабы 957 224 десятинаға жетті. Тұтас алғанда, барлық тұқымдық астық 1922 жылдың өзінде-ақ Қазақстанда себіліп болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1922 жылдардағы ашаршылықтың шығу себептері
Семей губерниясындағы ашаршылық және оның салдары
Аштықтың ауыр зардаптары
1921 жылдың күзіне қарай Қазақ АКСР - інің жеті губерниясының бесеуі
1921 - 1922 жылдардағы аштық
Ашаршылықтың халық демографиясына салдары
Ашаршылық нәтижесі
Ашаршылықпен күрес
Қазақстандағы 1921-1922 жж., 1931-1933 жж. аштықтар:құжаттар, статистика, ақпарат
1921 - 1922 жылдардағы ашаршылықпен күресі және балаларға көмегі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz