Зерттеліп жатқан белгінің деңгейіндегі ығысуларды айқындау. Т-Вилкоксон критерийі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Зерттеліп жатқан белгінің деңгейіндегі ығысуларды айқындау.
Т-Вилкоксон критерийі

Критерийдің жалпы тағайындалуы
Критерий сыналушылардың бір ғана таңдамасындағы екі түрлі жағдайларда өлшенген көрсеткіштерін салыстыру үшін қолданылады.
Ол өзгерістердің бағытын ғана емес, сонымен қатар олардың айқындылығын тағайындай алады. Оның көмегімен біз көрсеткіштердің ығысуы бір бағыттан екінші бағытқа қарағанда анағұрлым қарқынды екендігін анықтаймыз.

Т критерийінің сипаттамасы
Бұл критерийде белгілер ең болмағанда тәртіптік шкалада өлшенген болу керек және бірінші және екінші өлшемдерден кейінгі ығысуларды тәртіптеп шығу керек. Бұл үшін ол жеткілікті кең диапазонда вариациялануы керек.
Негізі Т критерийін ығысулар тек - 1, 0 және +1 - осы үш мәнді қабылдаған жағдайда қолдануға болады, бірақ бұл жағдайда Т критерийі таңбалар критерийі көмегімен алынған тұжырымдардан артып, ештеңе қосып айта алмас еді. Ал егер, айталық, ығысулар - 30-дан +45-ке дейін өзгеріп отырса, онда оларды рангілеп, сосын рангілердің қосындысын тапқан дұрыс болады.
Әдістің мәні мынада: екі бағыттағы ығысулардың айқындылығын абсолютты шамалары бойынша салыстырамыз. Бұл үшін барлық ығысулардың абсолютты мәндерін рангілейміз. Сосын рангілерді қосамыз. Егер оң және теріс бағыттағы ығысулар қарай кездейсоқ болса, онда олардың абсолютты мәндерінің рангілерінің қосындысы бірдейге жақын не тең болады. Егер бір бағытқа ығысу қарқыны басым болса, онда қарама-қарсы бағытқа ығысулардың абсолютты мәндерінің рангілерінің қосындысы, өзгерістер кездейсоқ болатын жағдайдағыдан да, анағұрлым төмен болады.
Типтік ығысу деп жиірек кездесетін бағыттағы ығысуды атаймыз, ал типтік емес ығысу деп сирек кездесетін бағыттағы ығысуды айтамыз.

Болжамдар
: Типтік бағытта ығысулардың қарқыны типтік емес бағытта ығысулардың қарқынынан аспайды.
: Типті бағытта ығысулардың қарқыны типтік емес бағытта ығысулардың қарқынынан асады.

Т критерийінің графиктік сипаты
Қарама-қарсы жаққа ығысуларды екі бұлт түрінде көрсете аламыз, таңбалар критерийіндегідей етіп. Бұлттың аумағы сәйкес ығысулардың санына ғана байланысты болмайды, оның қарқынына да байланысты болады. Қарқындылық стрелканың ұзындығымен бейнеленеді (3.3-сурет). Шын мәнінде, бұлттар бір-біріне қарама-қарсы әуе фронттары секілді: олар өлшемі жағынан ғана емес, күштілігімен де жарысады.

n-нің белгілі бір мәнінде, атап айтқанда n=18 болғанда, біз типтік ығысу ұғымынан бас тарта аламыз. Екі бағытқа ығысулар саны тең болуы да мүмкін, алайда, егер 9 аз ығысулар бір бағытта, 9 үлкен ығысулар қарсы бағытта болса, онда біз соңғы бағыттағы ығысулардың басымдылығына сенімді бола аламыз. Ал таңбалар критерийі мұндай жағдайдағы сенімді айырмашылықты анықтай алмас еді.

a) "ашық фронт" "қара фронттан" ығысулар саны жағынан да, қарқыны
бойынша да басым.

б) "ашық фронт" "қара фронттан" ығысулар қарқыны жағынан басым, бірақ ығысулар саны бойынша олар тең.

в) "ашық фронт" "қара фронттан" ығысулар саны жағынан кем, қарқындылық бойынша басым.

Сурет 3.3. "Ашық және қара фронттарды" - екі ығысу бағыттарын салыстыру нұсқалары

Т Вилкоксон критерийінің шектеулері
1. Екі түрлі жағдайда зерттеуден өткен адамдар саны 5. Кестенің жоғарғы шектеуінде көрсетілгендей максимал зерттеуден өтетін адамдар саны 50. Т критерийінің көрсеткіші VI кестеде 1 қосымшада көрсетілген.
2. Ноль мөлшеріндегі ауытқулар қарастырылмайды және бақылаудың n саны ноль мөлшеріндегі ауытқулар саны азаяды (McCall R., 1970, р.36). Бұл шектеулерді айналып өтсе болады, өзгерістердің жоқтығын ұстанатын гипотезаларды құрастырып, мысалы: Белгілердің өсуіне қарай ауытқу сол белгілердің азаюынан және өз қалпында сақталу тенденциясынан асады.
Мысалы
Әскери училищелерге курсантқа іріктеуде (18-20 жастағы жасөспірімдер) динамометрде физикалық ерікті күшке ұстап қалуға қабілеттілігі өлшенеді. Сыналып отырғандардан бірінші әр қолынан бұлшық еттік күш өлшенеді, ал келесі күні бұлшық еттік күштен тек 12 максимал бұлшық еттік күштен қозғалатын нұсқағышпен динамометрде шыдап өту ұсынды. Сыналып отырған шаршағанын сезіп тәжірибешіге хабарлауы тиіс, бірақ тәжірибені тоқтатпай шаршау және жағымсыз сезінулерін жеңіп шығып - ерік ойсырап қалғанша күресу. Тәжірибе екі рет жүргізілді: басында кәдімгі нұсқаулықпен, ал содан соң сыналып отырғанды А.Ц. Пуни (Пуни А.Ц., 1977), әдістемесі бойынша ерікті сапалардың өздігінен бағалар толтырған сияқты оған өзіне көрсету ұсынды, не ол ерікті сапаларға дамытуда идеалды енді қол жеткізді және көрсету күші идеалға лайықты. Идеалға жүгінуі ерікті күшінің себепкер болатыны экспериментатордың гипотезасы дәлелдендіме? Мәлімет көрсетілуі 3.5-кестеде.

Кесте 3.5
Физикалық ерік күшінің өлшемдерін салыстыруда Т критерийін есептеу

Сыналушылар
дың атының коды
Динамометрде күшпен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сырдария өзені бойындағы бекеттердің сипаттамасы
Қарастырып отырған территорияда атмосфералық жауын - шашынның таралуы тым бірқалыпсыз
Салыстырмалы жиіліктің интервалдық түрі
Вилкоксонның белгілері
Жүйелі қателіктердің классификациясы
2013 құрылыстағы Геодезиялық жұмыстар
Жоғарғы сынып оқушыларының мазасыздану мәселесі
Диcпeрcиялық жәнe рeгрeccиялық тaлдaу eceптeрін шeшу бaғдaрлaмacын құру
Дисперсиялық анализ мақсаты
Шарын өзенінің су ресурстарын бағалау
Пәндер