Кәсіпкерлік қызметті тоқтату және банкроттық: баланстың құрылымы, төлем қабілеттілігін бағалау және қалпына келтіру әдістері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Кәсіпкерлік қызметті тоқтату.

  1. Кәсіпкерлік қызметті тоқтатуға әсер ететін себептер, жағдайлар мен факторлар.
  2. Кәсіпкерлік ұйымдардың жойылуы.
  3. Кәсіпкерлік ұйымдардың тұрақсыздығы (банкроттығы)

1. Корпорацияның банкроттығы жайында шешімдер қабылдау үшін негіз ретінде кәсіпорынның баланс құрылымының қанағаттанарлықтай екенін бағалаудың белгілі жүйесі алынады. Ол Қазақстан Республикасындағы қанағаттанарлықсыз кәсіпорындарды жою, қайта құру, қаржылық-экономикалық сауықтырудың механизмі жағдайындағы Ережесімен, сонымен қатар кәсіпорындардың баланстық құрылымын бағалау тәртібі туралы Ережесімен белгіленген.

Осы Ережелерге сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік комитеті жанындағы кәсіпорындарды қайта құру Агенттігі «Төлем қабілеті жоқ кәсіпорынның қаржы жағдайын тереңдетіп талдау бойынша ұсыныстар» жасады. Бұл әдістемелік ұсыныстар қанағаттанарлықсыз кәсіпорындарды сауықтыру, қайта құру және жоюды орындау тәртібін бірдей әдістемелік жолмен жүргізуді қамтамасыз етті.

2. Баланстың құрылмын қанағаттанарлығын бағалау мен талдау келесі көрсеткіштер негізінде жүргізіледі:

1. Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жалпы жабу коэффициенті) ағымдағы активтердің (баланс активінің ІІ бөлімі) ағымдағы міндетемелерге (болашақ кезеңнің табыстары шегерілген баланс пассивінің ІІІ бөлімі) қатынасымен анықталады. Ағымдағы өтімділік коэффициенті кәсіпорынның шаруашылық қызметін жүргізу және ағымдағы міндетемелерді уақытында жабу үшін айналым қаражаттарымен жалпы қамтамасыз етілуін сипаттайды.

2. Меншікті қаражаттармен қамтамасыз етілу коэффициенті меншікті айналым қаражаттарының (меншікті капитал минус ұзық мерзімді активтер) ағымдағы активтер құнына (баланс активінің ІІ бөлімі) қатынасымен анықталады.

Корпорацияның баланс құрылымы қанағаттанарлықсыз, ал корпорация төлемге қабілетсіз деуге негіз ретінде келесі талаптардың бірінің орындалуы шарт:

-есепті кезеңнің соңындағы ағымдағы өтімділік коэффициентінің мәні 2, 0-ден кем;

-есепті кезеңнің соңындағы меншікті қаражаттармен қамтамасыз етліу коэффициенті 0, 1-ден кем.

Корпорацияның төлем қабілеттілігі жоқ деп тану оның жағдайының қанағатсыздығын білдірмейді, яғни меншік иесіне азаматтық-құқықтық жауакершілік жүктемейді. Бұл тек мемлекеттік органдар анықтаған қаржылық тұрақсыздық жағдайы, ол корпорацияның дағдарыс жағдайынан өз күшімен шығуын ынталандыру және қанағаттанғысыздықтың алдын алуға бағытталған шараларды уақытында іске асыруға бағытталды.

Баланстың құрылымы қанағаттанарлықсыз болған жағдайда корпорацияның төлем қабілеттілігін нақты қалпына келтіре алу мүмкіндігін тексеру үшін 6 ай мерзім ішінде төлем қабілеттілігін қалпына келтіру коэффициенті былай есептеледі:

К ққ =(К ағ. ө . +М б е ағ. ө с . -К ағ. ө б ) ) /К ағ. ө. норм ,

мұндағы: К ағ. ө с . және К ағ. ө б - есепті кезеңнің соңы мен басындағы өтімлік коэффициентінің нақты мәні; М б - төлем қабілеттілігін қалпына келтіру үшін белгіленген мерзім; М е - есепті кезең; К ағ. ө. норм - 2, 0.

Егер қалына келтіру коэффициенті 1-ден кем болса, бұл корпорацияның 6 ай ішінде төлем қабілетілігін қалпына келтіруге мүмкіндігі жоқ екенін көрсетеді. Егер қалпына келтіру коэффициенті 1-ден артық болса, онда бұл корпорацияның төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге мүмкіндігі бар екенін көрсетеді.

Баланстың құрылымы қанағаттанарлықтай болған кезде (К ағ. ө. >2 және К қ мақ >0, 1) қаржылық жағдайдың тұрақтылығын тексеру үшін 3 ай мерзімге белгіленген төлем қабілеттілігін жоғалту коэффициенті келесі формуламен есептеледі:

К тж ==(К ағ. ө . +М б е ағ. ө с . -К ағ. ө б ) ) /К ағ. ө. норм ,

мұндағы: М б - аймен есептелген белгіленген төлем қабілеттілігін жоғалту мерзімі.

Егер төлем қабілеттілігі коэффициенті 1-ден артық болса, бұл корпорацияның төлем қабілеттілігін жуық арадағы 3 ай жоғалтпайтындығын көрсетеді. Ал төлем қабілеттілігі коэффициенті 1-ден төмен болса, оның төлем қабілеттілгін жоғалтуы мүмкін, яғни кредиторлардың алдында міндеттемесін өтей алмайды. Корпорацияның төлем қабілеттілігін жоғалтуының нақты қаупі төніп тұруына байланысты, ол корпорациядарды қайта құру жөніндегі органдарда тиісті тіркеуге тұрғызылады.

3. Банкроттық түсінігі, белгілері, принциптері. Корпорацияның қаржылық жайсыздығы бұл сол шаруашылық субъектінің қаржылық-шаруашылық механизмінің дұрыс қалыптасуы себебінен, қаржылық, инвестициялық және баға саясатының дұрыс қалыптаспауы себептерінен болатын жағдай. Жалпы корпорацияның қаржылық жағдайын жақсату үшін көптеген іс-шараларды қарастыруға боолады. Мысалы, кез-келген заңды тұлғаның банкроттыққа ұшырау жағдайын бағалаған кезде келесі жағдайларға талдау жүргізу қажет:

  • активтегі айналым капиталы;
  • акционерлік капитал;
  • таза пайда;
  • негізгі капитал;
  • жалпы корпорацияның активі мен пассиві;

Корпорацияның банкроттыққа ұшырауының себептерінің негізгі белгілеріне келесілер жатады:

  • корпорацияның бағалы қағаздарының нарықтық құнының төмендеуі;
  • әр түрлі іс-әрекеттерден болған нақты ақша ағымының азаюы немесе кірістердің төмендеуі;
  • кәсіпорын банкроттық қауіпсіздігі жоғары болып саналатын салада жұмыс атқаратын болса;
  • дивиденттің қысқаруы;

Сонымен қатар, қаржылық қиындықты тудыратын кейбір қаржылық және өндірістік аспектілер бар:

  • болашақта ешқандай қосымша қаржылық қорлардың пайда болмау мүмкіндігі;
  • мерзімі өтіп кеткен міндеттемелерді жаба алмау мүмкіндігі;
  • қаржылық есеп беру жүйесінің дұрыс деңгейде қалыптаспауы;
  • кәсіпорынның шығңындарды бақылау қабілетсіздігі;
  • бәсекелестіктің жоғарғы деңгейде болу салдары;

Корпорацияда банкроттықты болдырмау үшін және оның төлемқабілеттілігін жақсарту үшін ең алдымен келесі қадамдарды жасау керек:

  • жылжымайтын мүліктің белгілі бір бөлігін сату;
  • шығыны көп тауарлы-материалдық құндылықтардан құтылу;
  • жарғылық капитал көлемін ұлғайту;
  • айналым капиталының көлемін толықтыру мақсатында ұзақ мерзімді ссудалар алу;
  • мемлекет тарапынан қайтарымсыз қаржылық қолдау табу;

Сондай-ақ, банкроттықты болдырмаудың тағы бір жолы - корпорацияда маркетингтік саясаттың дұрыс қалыптасуы болып табылады.

Жалпы шаруашылық субъектілерінің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесін жақсату үшін арнайы бағдарламалар жасалуы қажет. Мысалы, Батыс елдерінің тәжірбиесі бойынша банкроттық жағдайын болжау үшін арнайы экономико-матнематикалық модельдерді қолданады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік тәуекелдер: жіктелуі, бағалау әдістері және қызметті тоқтату тәртібі
Қазақстан жағдайында кәсіпорынның банкроттық ықтималдығын талдау және төлем қабілеттілігін болжау әдістері
Кәсіпорындардың банкроттық ықтималдығын бағалау: негізгі факторлар, талдау әдістері және алдын алу шаралары
Жеке кәсіпкерлік: жалпы сипаттама, мемлекеттік тіркеуге тұру тәртібі және қызметті тоқтату
Қазақстандағы сақтандыру ұйымдарының төлем қабілеттілігін бағалау
Кәсіпкерлік ұйымдарды қайта ұйымдастыру, тарату және банкроттық: Қазақстан Республикасының құқықтық тәртібі
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру тәртібі: теориялық негіздері, банкроттық себептері мен қылмыстық-құқықтық жауапкершілік
Компания банкроттығы мен төлем қабілетсіздігі: теориялық негіздер, жалған банкроттық және стратегиялық жоспарлау
Кәсіпкерлік тәуекелдер: түрлері мен факторлары және кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттігін бағалау
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен банкроттық ықтималдығын талдау: Индустриальное Снабжение жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мысалында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz