Түркі халықтарының ойшылы еңбектерінің тәуелсіз Қазақстанда бағалануы М. Х. Дулати


“Біз өз халқымыздың әлемдік өркениетке хал - қадірінше үлес қосқанын орынды мақтан етуге құқылымыз. Әл-Фараби, Қорқыт ата, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Ясауи, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыри секілді Шығыстың даналары осы даланың перзенттері”
Н. Ә. Назарбаев.
14. Түркі халықтарының ойшылы еңбектерінің тәуелсіз Қазақстанда бағалануы М. Х. Дулати.
М. Х. Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты классикалық тарихы шығармасы мен «Жаһаннаме» дастаны дүниежүзілік əдеби мұраға енді.
Белгілі ғалым Немат Келімбетовтың пайымдауынша [9; 404], жанрлық тұрғыдан келгенде«Тарих-и Рашидиді» ғылыми еңбек əрі түркі тілдес халықтардың шынайы шежіресі, сондай-ақ тарихи тақырыпқа жазылған көркем туынды деуге болады:
- «Тарих-и Рашиди - көне түркі, шағатай, араб, парсы, латын, ежелгі грек, үнді тілдерінде жазылған, есімдері əлемге мəшһүр Шығыс пен Батыс ғұламаларының тарихи зерттеулеріне негізделіп жазылған нағыз ғылыми еңбек.
- Хайдар Дулати еңбегі сан ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, ауызша айтылып келген тарихи деректерді, аңыз-əфсаналарды, хандар мен сұлтандардың генеалогиясын (ататегін) өз ішіне қамтыған шынайы шежіре кітап деуге болады.
- Қазақ зиялылары шежіре кітаптарды тарихи тақырыпқа жазылған көркем туынды ретінде таныған. Тіпті алғашқы ресми тарих ретінде жазылған шежіренің өзін айтушы жыршы-жыраулар оған көркем теңеулер қосып, бірте-бірте шежіре мəтінін тарихи тақырыпқа жазылған көркем туындыға айналдырып жіберетін болған.
М. Х. Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты еңбегін тұңғыш рет Англияның аса көрнекті тарихшысы Э. Денисон Росс (1871-1940) ағылшын тіліне аударып, оны 1895 жылы Лондонда бастырып шығарған. Осы кітап сол күйінде ешбір өзгеріссіз қайтадан 1972 жылы Лондонда жарық көрді.
Орыс ғалымы В. В. Вельяминов-Зернов 1864 жылы Санкт-Петерборда шыққан «Қасым хандары мен ханзадалары жайлы зерттеу» атты кітабының екінші томының Ораз-Мұхаммедке арнаған он екінші тарауында XV ғасырда өмір сүрген Жəнібек пен Əдік хандар тарихын жазғанда, Мырза Хайдардың «Тарих-и Рашидиі» туралы: «Жəнібек пен Əдік хан туралы тапқан деректердің ең нақтысы - «Тарих-и Рашиди».
15. Түркі халықтарының ойшылы еңбектерінің тәуелсіз Қазақстанда бағалануы Әбу Насыр Әл-Фараби.
Шығыстың ұлы ойшылының мол мұрасына бүкіл дүние жүзі қызығушылық тудыруда. 1975 жылы оның 1100-жылдығын атап өту шарасында үш халықаралық ғылыми конференция болды: Мәскеуде - «Әл-Фараби және әлемдік өркениет», Алматыда - «Әл-Фараби және Шығыс елдерінің ғылымы мен мәдениетін дамыту», Бағдадта - «Әл-Фараби және адамзат өркениеті». Осы халықаралық конференцияда өткен ғасырда пайда болған барлық рухани, прогресшіл және демократиялық идеяларын игеру жөнінде жер бетіндегі әртүрлі халықтардың ғылыми және мәдени ынтымақтастығын кеңейту үрдісі айқын аңғарылды. Ұлы ғұламаның 1100-жылдығына байланысты Қазақстанда тақырыптық жинақтар түрінде әл Фараби шығармалары орыс тілінде жарық көрді. Қазіргі кезде әл Фарабидің бес томдық трактаты баспадан шығарылды: «Философиялық трактаттар», «Әлеуметтік-этикалық трактаттар», «Логикалық трактаттар», «Математикалық трактаттар», «Птоломейдің "Алмагесіне" түсініктеме»; алғашқы екі томы қазақ тілінде жарық көрді. Әл Фарабидің шығармаларының орыс және қазақ тілінде жарық көруі ұлы ойшылдың толық шығармашылық бейнесін жаңғыртуда маңызды теориялық негізді құрайды. Әл Фарабидің 1100 жылдығы біздің еліміздің мәдени өмірінде маңызды орын алды, әлем мәдениетінің тарихына деген қызығушылық тудырды. 1951 жылдарға дейін әл Фарабидің «Софистика» және «Риторика» трактаттары сақталып келді: ең біріншісі - еврей тілінде, екіншісі - латын тілінде. Бірақ Ахмед Атеш 1951 ж. Стамбул кітапханасынан логикалық трактаттардың қолжазбасын тапты, ол қолжазбалардың арасында «Софистика» және «Риторика» трактаттары болды. 1960 ж. осы трактаттар қамтылған Братислава қолжазбасы табылды
16. Түркі халықтарының ойшылы еңбектерінің тәуелсіз Қазақстанда бағалануы Қожа Ахмет Иассауи.
Ғұлама ақынның «төрттаған» толғағанын қазақ ғалымдары да жоққа
шығармайды. Ақынды қазақтың «қара өлеңінен» толғаған деген пікірді алға
тосады. Х. Сүйіншәлиев өзінің «Қазақ әдебиетінің тарихы» [3] деген еңбегінде
«Ясауи шығармаларына ауыз әдебиетінің де ықпалы тиген. Оның кейбір
шығармалары 7-8 буынды жыр және 11-12 буынды қара өлең формасында
жазылған» [3, 133 б. ], деген пікірді келтіреді. Сондай-ақ, «Қожа Ахмет Ясауи
хикметінің (өлең) өлшемінде, құрылысында, ырғағында, буын санында артықкем дүние жоқ, бәрі біркелкі, көбінесе он бір буынды қара өлең түрі басым, бұған қарағанда, ол кісінің түрік халықтары ішінде қазаққа бір табан жақындығы байқалады . . . » [4, 116 б. ] - деген С. Дәуітұлының пікірі де ойымызды өрістете түседі.
17. Түркі халықтарының ойшылы еңбектерінің тәуелсіз Қазақстанда бағалануы М. Қашқари.
Бағдат қаласында біраз уақыт тұрғанда «Диуани лұғат ат-түрік» («Түркі сөздерінің жинағы») еңбегін жазды . «Диуани лұғат ат- түрік» - түркі халықтарының тамаша ескерткіші болып табылады. Сөздікте адамгершілік, тәлім-тәрбие, психологиялық қасиеттер, адамның бойында кездесетін жағымды және жағымсыз мінез-құлықтарға сипаттама береді. Ж. Баласағұнның ізімен М. Қашқари еңбегі негізінен сол дәуірдегі түркі тайпаларының тілдік құрылыстарын жүйе-жүйемен баяндауға арналған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz