Адамның психологиялық портреті



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Адамның психологиялық портретін қалай қалыптастыру керек - бұл сұрақ өздігінен білім алатын және жақын адамдарының сипаттамаларын білуге ​​тырысатын көптеген адамдарды қызықтырады. Жеке тұлғаның психологиялық толық портретін құрастыру үшін критерийлерді қарастыру керек:
# темперамент ;
# қабілеті;
# Директивалық;
# таңба;
# ерікті қасиеттер;
# басқару орны;
# өзін-өзі бағалау;
# ақыл;
# эмоциялар;
# қарым-қатынас жасау мүмкіндігі.
Заманауи басшы: табыс формуласы (эссе)
Директор - мұғалімнің мұғалімі.
Қазақ поэзиясының ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: оның бірі - жар таңдауда, екіншісі - мамандық таңдауда -деген екен. Міне, мен осы бір өмірлік қағидаға айналған ұстанымды өз болашағыма арқау еттім және қателеспедім. Алла тағаланың әр пендеге сыйлаған ең үлкен нығметі-өмір жолында жақсы адамдарды жолықтыру -деседі хадистерде. Менің 27 жылғы еңбек өтілімде ұққан және ұғынған тәжірибем ұжымда өз жұмысына деген сүйіспеншілігі мен түсіністігі мол адамдардың болуы. Мен оларға ынта-жігерді, шәкірттерін білімге баулудағы іс-тәжірибені үйренуден жалықпаймын. Өйткені, бұл менің табыс көзім болмаса да табыс формулам іспетті. Мамандық таңдаудағы әрекетіме, өткен шаққа, сол бір балалық шаққа көз жүгіртсем де осындай жаныңды жадыратып, саған жол сілтеп тұрғандай болатын адамдар есіме түседі.
Мен бұл мамандыққа қалай келдім? Ұстаз болуды бастауыш сыныпта оқып жүргеннен армандағанмын. Бір жағынан мектепте сабақ берген ұстаздарыма ұқсағым келсе, екінші жағынан нағашы апам Айжанға да қатты еліктейтінмін. Кішкене кезімде сабақтан келе салысымен тамағымды ішем де, бөлмемнің есігін жауып алып, мұғалім болып ойнайтынмын. Әрі нағашы атам Қара да, нағашы әжем Жеміс те елге сыйлы ұлағатты ұстаздар болатын. Оның үстіне нағашы атам Қара Тәшенов ұзақ жылдар мектеп директоры, Мақат, жылыой аудандарының білім беру бөлімі басшысы болып қызмет атқарған. Міне, осындай тұлғаларды көріп өскен маған бұлардың да әсері болды. Сол сияқты, алғашқы еңбек жолымдағы ұлағатты әріптес ұстаздарымның келбеті мен адами болмысының ықпалы да зор еді. Мен осындай өз ісіне берілген ұстаздарды үлгі еттім және еңбек жолымда олардың ақыл кеңесіне жүгіндім. Менің №1-табысқа жетелер формулам-осы ұстанымым.
Әрине, тәуелсіз еліміздің алдында тұрған басты міндет білімді де білікті болашақ ұрпақты оқыту, тәрбиелеу екені баршаға аян. Білім және тәрбие беруде жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық процесін жақсарту да кезек күттірмейтін мәселе екені түсінікті. Бүгінгі заманның талабы-өскелең ұрпақтың әлемдегі әрбір өзгерісті ұғына, өмір ағысымен жан-жақты жаһандану жүйесіндегі жүйелі жетістіктер мен жемісті жеңістерді ала білуі. Ал, мен осы талапқа саймын ба? Заманауи мектеп басшысы қандай болу керек? Дәлелденген мектеп директорының тұлғалық үлгісі: басқарушы-ұжымға жетекшілік жасаушы; көшбасшы-ұйымдастырушы, дипломат-әріптестерімен жоғары басқару органдары, ата-аналарқоғамдық ұйымдармен байланыс орнатушы; тәрбиеші-ұжымды қалыптастыратын және оның дамуына дұрыс бағыт беруші; жаңашыл-қазіргі кездегі ғылымның рөлін түсінетін, білім беру үдерісінде үнемі жаңалыө енгізуші; білім ұйымының болашағын ойлаушы, оның дамуын жүзеге асырушы яғни, бір сөзбен айтқанда қарапайым, қабілетті, мәдениетті, адал, өз бетінше шешім қабылдайтын, айналасындағы адамдар үшін тек үлгі бола алатын адам.
Жаһандану заманында, әсіресе білім беру жүйесіндегі қазіргі өзгерістер мен түбегейлі жаңарулар дәуірінде мектеп басшысы алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерді орындаудың маңызы орасан зор. Осы мақсатта елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын Мәңгілік ел идеясын жүзеге асыратын ұрпақ тәрбиелеуде қоғам алдындағы зор жауапкершілік те бірінші мектеп басшысына жүктелген. Сол себепті қазіргі заманауи әлемдегі мектеп басшысы-рухани жағынан дамыған, басқарудың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіругеұмтылатын білікті басшы болуы керек. Жалпы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси лидерлік және оның типтері, қасиеттері, қызметтері,белгісі мен сапасы
Ұлттық суретшілердің рухани әлемі
Ұлттық суретшілердің рухани үйлесімділігі
Жеке адамның құрылымдары және психологиялық портреті
Қазақстан музейлеріндегі Әбілхан Қастеев шығармашылығының көрінісі
Суретшілердің жанр саласындағы туындыларының көркемдік бейнелеу тілі мен мазмұндық ерекшеліктері
Қазақстанның ххғ-дағы бейнелеу өнеріндегі портреттер көрмесі
Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларға дизайнерлік іскерліктерді үйрету жолдары
Педагогтың кәсіби психологиялық денсаулығы
Аударма жасалатын тілдің дұрыстығы
Пәндер