1848-1849 жж. Германиядағы, Италиядағы революциялар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

C:\Users\Администратор\Downloads\4 (1).png

Семинар 5

Семинар 5. 1848-1849 жж. Германиядағы, Италиядағы революциялар.

Орындаған: Курбанкулиева Динара

Тексерген: Бисембаева Ляззат

ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Германия. Үш ғасыр бойы саяси ыдырау, экономикалық тоқырау, феодалдық шырмауда болған Герамнияға француз революциясы, Энгельс бейнелеп айтқандай, «Германия деген бейберекеттілікті жарып өткен жайдың оғындай болған еді». Герман мемлекетінің Францияға қарсы интервенцияға қатысуы, соғыс оқиғаларының Германия жеріне көшуі, революцияның ықпалы бұл елде феодализімнің күйзелісін туғызды. 1792-1794 жылдары Майнц қаласында алғашқы республика өмір сүрді. Рейін өзенінің бойындағы жерлерде, Оңтүстік-Батыс Германияда феодализм жойылды, буржуазиялық кодекс енгізілді. Пруссияда 1807 жылы жоғарыдан басталған реформалар өткізілді, шаруалардың басыбайлығы жойылды. 1813 жылы Наполеон империясы кірген кезде неміс халқы ұлт-азаттық өрлеуден үлкен үмітті еді. Бірақ Германияның азат етілуі ұлы төңкеріске күшпен биліктерін сақтап қалды. Вена конгресі Германияның мемлекеттік бытыраңқылығын бекітті. Герман одағы атты конфедерация 34 мемлекет пен 4 ерікті қаладан (Гамбург, Бермен, Любек, Майындағы Франкфурт) тұрды. Феодалдық қалдықтар мен саяси бытыраңқылық елдің өнекәсібі мен саудасының дамуына кедергі болды. Алайда буржуазиялық қатнастар біртіндеп өріс алды. 1834 жылы Пруссия Кедендік бірлестікке 20 шақты мемлекеттің басын қосты, елдің шығысы мен батысын байланыстыратын темір жолдар салына бастады. Демократиялық және жұмысшы қозғалыстары. 1813 жылғы революциялық ахуалды неміс буржуазиясы пайдалана алмаған еді. Бытыраңқы ұсақ мемлекеттерде көсемдік жүргізетін қуатты буржуазия қалыптасты. Неміс буржуазиясы жақсылықты жоғарыдан күтті. Демократиялық қозғалыстар студент жастардан басталды. 1817 жылы Иена қаласының студенттері ұсынысымен жастар Варбург замогі жанына (кезінде реформация көсемі Лютер жасырған жер) реформацияның 300 жылындағы және Лейпциг шайқасындағы жеңістің 4 жылдығын атап өтті. Король билігі мен реакцияға қарсы айтылып, революциялық әндер шырқалды. Осы жерде «Бүкілгермандық студенттер одағы» құрылды. 1819 жыдары осы ұйымның мүшесі Карл Занд реакцияшыл драматург әрі тыңшылықпен айналысқан жазушы А. Коцебуге қанжар салып өлтірді. Бұләрекетке орай «Қасиетті одақ» полицейліу жазалар қолдану, университеттері уақытша реакция асқақтады. Бірақ мұның бәрі елдегі революциялық қозғалысты тұншықтыра алмады. 1832 жылғы Франциядағы шілде революциясының ықпалымен Гамбах замогінің қирандысы төңірегінде елді біріктіру және конституциялық еркіндік талабымен ірі манифестация болып өтті.

Неміс халқының 40-жылдарда үлкен өзгерістер қарсаңында тұрғандығы байқалды. 1844 жылғы Силезия тоқымашыларының көтерілісі бұл елде жұмысшы табының қалыптаса бастағандығын білдірді. Революцияның басталуы. Наурыз оқиғалары. Париждегі ақпан революциясынан соң іле-шала 1848 жылы Францияға таяу Оңтүстік-Батыс Германияда революция басталды. Ақпанның соңғы күндерінде Баден, Гессен-Дармштадт, Вюртемберг, Бавария және шығыстағы Саксонияда халық бой көрсетулері болып өтті. Пруссиядағы оқиғалар да Францияға таяу Рейін бойындағы Кеьн қаласынан басталып, біртіндеп Берлинге де жетті. Берлинге Париж революциясының жеңгендігі жөнінде хабар жетісімен халық толқулары басталды. Наурыздың 19-на қараған түнде бүкілхалықтық көтеріліс тұтынып, баррикадалық шайқаста король армиясы жеңілді. 19-ы күні король халық жеңгенін сезіп, «Менің сүйікті берлиндіктерімен!» деген (үндеу жариялап, жаңа үкімет құрылатындығын, ландтаг шақырып, конституция сыйлайтындығын мәлімдеді. Берлин жеңісі нәтижесінде банкир Кампгаузен үкімет басына келді., халық саяси үйірмелер мен одақтар құруға мүмкіндік алды, жұмысшылар қаруланды. Сөйтіп, халық көтерілісінің арқасында үкімет билігіне ескі басқару тәртібіне бейім пруссиялық буржуазия келді. Буржуазияның шегіншектеуі. Алғашқы жеңістерден соңғы революцияның тағдыры екі ірі герман мемлекеттері - Австрия мен Пруссияға тәуелді болды. Австрия Италия мен Венгрияға қарсы ауыр соғыс жүргізіп жатты да, германдық мәселелерге қолы тимеді. Сондықтан оқиғалар негізінен Пруссиядағы революция барысына байланысты өрбіді. Германияны біріктіру мәселесі наурыз айының аяғында шақырылған парламентке дайындық жиналысында қарала бастады. Бұл жиналыстың буржуазиялық-либералдық көпшілігі демократтар ұсынған Германияны бітұтас және демократиялық республика етіп жариялау ұсынысын қабылдамады. Германияның біртұтастығы жолындағы 1849 жылдың көктемі мен жазындағы демократиялық - республикалық халық көтерілісі. Неміс халқы қайткенмен соңғы сөзді Франкфурттық Ұлттық жиналыс айтар деп күткен еді. Ұзақ мәжілістер ақырында 1849 жылдың наурызында парламент Конституцияны қабылдады. Германия біртұтас, екі палаталы рейхстагы бар Конституциялық империя деп жарияланды. Империя тағы мен тәжі Пруссия короліне ұсынылды. 1849 жылдың мамыр - шілде айларында әр уақытта тұтынған халық көтерілістері орын алды. 4-9 мамырда Саксония астанасы Дрезденде, мамырдың ортасында Рейін шет аймағындағы Эльберфельд, Бармен, т. б. қалаларда маусымда Баденде халық көтерілістері болып өтті. Германиядағы халық көтерілістерінің жеңілуінің себептері олардың бытыраңқы әрі бір уақытта болмағандығынан, бірліктің жоқтығынан еді. Австрия империясындағы революция. Венгриядағы тәуелсіздік жолындағы Революциялық соғыс. Революцияның міндеттері мен себептері. Тарихи жағдайларға байланысты. Австрия көп ұлтты империя болып қалыптасты. 1792-1815 жылдары соғыс пен қиыншылықтарды басынан өткізген Габсбургтер әулетінің империясы Оңтүстік және Оңтүстік - Шығыс Еуропадағы кішігірім халықтарға үстемдігін орнатты. Онда тұратын 34 млн халықтың жартысынан көбі славиандар болатын (чехтар, словактар, хорваттар, поляктар, сербтер, украиндар) 5 млн. Мадиярлар және соған жуық италияндықтар мен валахтар болды. Осы халқытардың әрқайсысын габсбургтер шенеуніктер мен әскерилердің полиция аппаратының күшімен басқарылды. 1848 жылы Германия мен Италияның алдында елді біріктіру міндеті тұрған болса, Австрия империясы алдында көптеген халықты Габсбургтер езгісінен азат ету мақсаты тұрды. Бұл жерде феодализімге қарсы күрес пен ұлт-азаттық күрестің мақсаттары ұштасып жатты. Революцияның басталуы. 1847 жылғы экономикалық дағдарыс пен ауыл-шаруашылық өнімдерінің шықпай қалуы империяда революцияға жағдай туғызды. 1815 жылдан бастап елде әскери полициялық тәртіп орнаған еді. Венадағы революция 13 наурыз күні бүкіл халықтың жаппай көтерілісімен басталды. Армияның көпшілігі Италия мен Венгрияда еді. Әскериліктер толқуда болды. Халық қаһарынан қорыққан император Меттернихті тез арада қызметінен босатты, ол болса әйелше киініп, астанадан қашуға мәжбүр болды. Үкімет амалсыздан студенттердің академиялық жасағы мен буржуазиялық ұланға қару ұстатуға рұқсат берді. Конституция қабылдауға уәде берді. Үкімет тез арада конституция қабылдады. Австрия империясы «біртұтас әрі бөлінбейді» деп жариялады. Монархия өзінің абсолюттік билігін сақтап қалды. Жұмысшылар мен халықтың тек азшылығы ғана сайлау құқығын алды. Бұл әділетсіздікке халқытың наразылығы мамыр айының ортасында үлкен толқулар мен саяси шиеленске әкеп соқтырды. Үкімет академиялық жасақ пен Ұлттық ұранды таратуға әрекет жасады Бұған қарсы Вена халқы түгелдей баррикадаға шықты. Осыдан кейін император мен үкімет Тирольдегі Инсбрук қаласындағы әскер қанатының астына тығылды. Италия мен Венгриядағы революциялық көтерілістер Вена халқының жеңіске жетуіне және Австрия шаруаларының бас бостандығын алуына сеьеп болды. Венгрияда революцияның басталуы. Венгриядағы революцияның себебі бүкілхалықтық басыбайлыққа қарсы наразылық пен халық құқығының шектеулі болды. Ұлттық қохғалысты кедейленген мадияр дворияндары мен интеллигенция бастады. Ұлттық қозғалыстың революциялық-демократиялық бағытын Венгер сеймінің көрнекті шешені Лайош Кошут, ақын Шандор Петефи, жазушы Михай Танчич басқарды. Венгриядағы революция 15 наурыз күні Пешт қаласында басталды. Ол жалпы Ұлттық сипат алды. Көтерілісшілердің гиміні ретінде Ш. Петефидің «Ұлттық әні» шырқалды. Австрия императоры Венгрияда автономиялық үкімет құруға келісуге мәжбүр болды. 1848 жылдың маусым айындағы Прагадағы көтеріліс. Ұлттық қозғалыс империяда славияндар тұратын ең дамыған аймақ Чехияны да қамтыды. Маусым айының басында ақсүйек славиян қайраткерлері Прагада реакцияшыл панславиандық сьезд шақырды. Бұл кезде қалада жұмысшы және демократиялық қозғалыс күшті өріс алған болатын. Үкімет Прагаға әскер күшін топтады. Демократтар оларды қаладан әкетуді талап етті. Екі арадаға шиеленіс 12-17 маусымдағы көтеріліске әкеп соқты. Контрреволюцияның шабуылы. Венадағы 1848 жылдың қазан айындағы шайқас. Революцияның тағдыры көбіне шаруалардың ұстанған бағытына байлансты болды. Италиядағы соғыс, Вена мен Венгриядағы көтерілістер нәтижесінде австриялық шаруалар феодалдық тәртіпті өздері жоюға мүмкіндік алған еді. 1848 жылдың маусым айында империяның құрылтай рейхстағы шаруалардың феодалдық міндеткерліктерін сатып алу тәртібін бекітті. Үкімет қазан айында Венада тұрған әскерлерге Венгрияға қарсы шығуға бұйрық берді. Вена демократтары монархия жоспарының зұлымдығын сезе бастады. Венгриядағы революцияның шырқау кезеңі. Венадағы көтерілісті талқандаған император үкіметі енді бүкіл күшін Венгрияға аударды. Венгрияда Лайош Кошут басқарған қорғаныс комитеті құрылды. Бүкіл халықтық көтеріліс, қару-жарақ жасау революцияға қарсы шыққандардың бәрін аяусыз жазалау - 1793 жылғы революцияға тән сипат алды, Венгрия революциясының да басты сипатына айналды. Венгер революционерлері тез арада хорваттар, сербтер және басқа мадиярлар езгісінде отырған халқытардың тәуелсіздігін жариялау қажеттігін ескермеді. Соған қарамастан Еуропаның түкпір-түкпірінен Венгрияға тәуелсіздігі үшін күресуге дайын революционерлер мен демократтар келіп қосылып жатты. жылдың күзінде император әскерлері басым болғандықтан революцияшылдықтар астанадан шегініп, Кошут үкіметі Дереценге көшті. Жылдың наурызында Габсбургтер империясы жаңа конституция қабылдады. Венгрия мәңгілік империя құрамында болды деп жарияланды. Бұл акт венгер халқының жаңа Ұлттық көтерілісінің өрлеуін туғызды. жылдың сәуірінде сейім Венгрия толық тәуелсіз мемлекет, ал Габсбургтер әулетінің венгер тағына құқығы толық жойылды деп жариялады. Осыдан бастап венгерлердің революциялық әскерінің атақты жеңімпаз жорықтары басталды. Бүкіл Венгрия азат етіліп қана қоймай, империяның астанасы Венаға қауіп төнді. Австрия императоры Франц-Иозеф патшалық Ресейден көмек сұрады. Алақандай революцияшыл Венгрияға қарсы екі алып- Австрия және Ресей империялары күш қосты. 1848-1849 жылдардағы революцияны сәтсіздікке ұшыратты. Шаруалар бейтарап қалды. Славиян халқытарының артта қалған кертарпа күштерін Габсбургтер демократиялық революцияға қарсы айдап салы. Патшалық Ресей үкіметі қас жауы екендігін көрсетті. Италиядағы 1848-1849 жылдардағы революция және контрреволюция. Жаңа замандағы Италия. Революцияның себептері. Италия жаңа заманға мемлекеттік бытыраңқылық күйде өтті. Елдің басым бөлігі Испанияның қол астында болды. Тек Савойя герцогтігі (Пьемонтты қоса алғанда), Венеция мен Папа мемлекеті дербестігін сақтап қалған еді. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда Голландия, Англия және Франциядағы мануфактуралардың күшті дамуы итальян тауарларын әлемдік рыноктан ығыстырды. Италияняі ішкі саудасы кеден кедергілерінің көптіщінен зардап шекті. Селолық жерлерде қанудың феодалдық түрлері басым болды. ХҮІІІ ғасырда Франциядағы революция итальн қоғамының барлық топтарына әсерін тигізді. 1815 жылғы Вена конгресі шешіміне орай Италияда бұрынғы феодалдық абсолюттік билік қалпына келтірілді. Италия шетелдік езгіге қайта түсті. Ломбардия мен Венеция Австрияға қосылды. Апеннин түбегінде Австрия билеп-төстеуші өктем күшке айналды. 20-жылдары Италияда құпия карбондық қоғамдар құрылу қозғалысы өршіді. 1820-1821 жылдары Неаполь корольдігі мен Пьемантта революция басталып, ол күшпен тұншықтырылды. 1831 жылы Парма, Модена және Папа аймағында революциялық көтерілістер болды. Оларды Австрия басып-жаншыды. ХІХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап бүкілиталияндық азаттық және демократиялық қозғалыстың жаңа түрі - мадзинизм қозғалысы басталды. «Жас Италиян» барлық мемлекеттерде өзінің жасырын ұйымдарын құрды. Сондықтан ол бүкіл Ұлттық, революциялық

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Австрия империясындағы революция
Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Қасиетті Одақтың қызметі
Бірінші дүниежүзілік соғыстың дипломатиялық дайындығы
XIX ғасырдың 40 - 60 жылдар аралығындағы халықаралық қатынастар
Италия мемлекеті
1848-1849 жылдардан кейінгі германия
1840 – 1860 жж Франция
Италиядағы 1848 - 14849 жылғы революция
Германия елі туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz