Кәсіптік білім



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
[13:59, 12.10.2021] Улдана: Парадигма, үлгі деген сөз) - зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде алынған теория; теориялық көз-қарастардың, методологиялық принциптердің, әдістемелік қабылдаудың және эмпиризмдік нәтижелердің бірігу жүйесі; ғылымның белгілі бір даму кезеңінде ғылыми қауымдастықпен қабылданған және болжамдарды ғылыми ұғыну үшін, ғылыми таным процесінде туатын міндеттерді шешу үшін үлгі, модель, стандарт ретінде пайдаланылатын теориялық және әдістемелік ережелер жиыны.

Мазмұны
1 Саясаттануда
1.1 Саясаттанудағы негізгі парадигмалар
2 Педагогикалық парадигма
3 Дереккөздер
Саясаттануда
Саясаттануда парадигма деп - саяси өмірді бейнелеуде білімді ұйымдастырудың сынын білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың бір тобын теориялық пайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама...
[14:01, 12.10.2021] Улдана: Кәсіби білім беру - өнеркәсіп, ғылым, техника және мәдениеттің әртүрлі салалары үшін жоғары, орта және төменгі білікті мамандар даярлау оқу орны.

Кәсіптік білім
Кәсіптік даярлық, кадрларды кәсіптік даярлау - білім беру жүйесінің маңызды саласы; мамандар мен жұмысшыларға кәсіптік білім беру, оларды мамандыққа даярлау, қайта оқыту және олардың біліктілігін көтеру. Бастауыш кәсіптік білім беру ісі негізгі жалпы білім беру базасы негізінде кәсіптік мектептер мен кәсіптік лицейлерде жүзеге асырылады және ол еңбек қызметінің түрлі бағыттары бойынша біліктіжұмыскерлерді (жұмысшыларды, қызметшілерді) даярлауға бағытталған. Кәсіптік мектепте оқу мерзімі 2 - 3 жыл, кәсіптік лицейде - 3 жыл, ал ерекше маңызды кәсіптер және бірегей жабдықтарға күтім жасауға байланысты кәсіптер бойынша - 4 жыл. Сондай-ақ, тікелей өндірісте, оқу-өндірістік комбинаттарда, оқу орталықтарында, курстарда және жұмысшылар мен қызметшілерді даярлайтын басқа да оқу-өндірістік құрылымдарда да кадрлар кәсіпке даярланады. Орта кәсіптік білім оқушыларға колледждер мен училищелерде беріледі, мұнда кәсіптік білім беру ісі арнаулы орта білім берумен ұштастырыла жүргізіледі және ол орта кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға бағытталған. Колледжде оқу мерзімі - 3 - 4 жыл. Жалпы орта білімі бар, сондай-ақ, сабақтас мамандықтар бойынша бастауыш кәсіптік білімі бар азаматтар колледждерде қысқартылған, жеделдетілген бағдарламалар бойынша орта кәсіптік білім алады. Колледждерде тиісті лицензиясы болғанда ғана бастауыш кәсіптік білім беру бағдарламалары іске асырылады.
Экономиканың нарыққа бағдарланып қайта құрылуына байланысты мамандардың біліктілік деңгейіне, олардың кәсіптік ілкімділігіне, ептілігі мен шеберлігіне, бастамашылдығына жоғары талаптар қойылып отыр. Осыған орай кәсіптік білім беру жүйесіне ерекше назар аударылып, дағдарысқа қарсы күрес барысында оған экономикада жүргізілетін құрылымдық өзгерістерді қамтамасыз ететін, нарықтық сауаттылықты енгізетін "қуатты фактор рөлі" жүктелуде. 1999 ж. колледждердің мемлекттік қазыналық кәсіпорындар қатарына жатқызылуына байланысты олар ақылы оқытуға көшті, олардың тек кейбіреулері ғана мемлекттік тапсырыс бойынша жұмыс істейді. Бұл тапсырысты тиісті мемлекттік органдар білікті жұмысшылар мен қызметшілерді даярлаудың мемлекттік бюджет есебінен іске асырылатын жоспары ретінде белгілейді. Қазіргі кезде колледждерде оқушыларға конкурстық негізде мемлекттік гранттар мен несиелер беру жолымен мамандар даярлаудың тетігі әзірленіп, тәжірибеге енгізілуде.

Жаһандану мен индустрия - ландыру жағдайында кадр даяр - лауды жақсарту мемлекет саясатындағы өзекті мін - деттердің бірі. Дамыған елдерде өндіріс үшін кадрлардың негізгі провайдері - техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) жүйесі. Сондықтан ТжКБ ұйымдарына ЮНЕСКО шең - берінде назар аударылады. БҰҰ декларациясы бұл жүйені мың - жылдық даму мақсатына жатқызды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында халықаралық талаптар мен цифрлы дағдыларды ескере отырып колледж бағдарламаларын жаңартуға, Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру жобасын жүзеге асыруға назар аударды. 2011 жылы құрылған Кәсіпқор холдингі КЕАҚ орта білімдегі Назарбаев зияткерлік мектептері мен жоғары білімдегі Назарбаев Университет сияқты колледждердің өсу нүктесі бола отырып, әлемдік озық тәжірибені барлық колледжге таратуды көздейді.

Egemen Qazaqstan

Басты мақсат - кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына жан-жақты жәрдемдесу, жа - ңарту. Яғни 4 стратегиялық бағыт - оқу үдерісі мазмұнын жаңарту, оқыту сапасын, тиім - ділігі мен дәрежесін арттыру, экономиканың сұранысқа ие және инновациялық бағыттары бойынша ағымдағы оқу орындарын дамыту және жаңаларын құру.
Еңбек нарығындағы ма - манның жұмыс берушінің талабына сай білім алуы, білікті болуы, технологиялық үдерістерді дереу меңгеруі, кәсіби машығы өте өзекті. ТжКБ беделінің жо - ғары болмауы оқыту сапа - сы - ның төмендеуіне соғады. Бұл білім беру бағдарламалары маз - мұнының жаңармауына да байланысты. Кәсіпқор жұмысшы және техникалық мамандарды даярлауға арналған жаңартылған білім беру бағдарламаларын түзу үшін халықаралық тәжіри - бені зерделеді. Шетелдік серік - тестермен бірлесе индус - трия - ландырудың басым бағыт - тары бойынша WorldSkills стандарттары ескерілген 61 білім беру бағдарламасы әзірленді. Оның 29-ы 2017-2018 оқу жылында 157 колледждегі оқу үдерісіне енді. 2016-2017 жылдары қолданыстағы 173 типтік білім беру бағдарламасын өзектендіру жұмысы жүргізілді. Барлық әзірленген және өзектендірілген білім беру бағдарламалары қатарынан үш жұмысшы бі - ліктілігін алуға және орта буын - дағы мамандықты иеленуге, қолданбалы бакалавриат білік - тілігін беруге жол ашты. Мысалы Түсті металдар металлургиясы. Ядролық отынды қайта өңдеу мамандығы бойынша алдымен аппаратшы жұмысшы біліктілігін, технолог орта буынын жә - не гидрометаллургиядағы қолданбалы бакалаврды алуға болады.
Бұл бағдарламалар модульдік-құзіреттілік тәсілге негізделген. Әр модуль нақты жұмыс пен біліктілікке сай құзіреттерді қалыптастыруға арналған. Білім ошақтарында курсты құрудағы икемділік пен мазмұнды анық - таудағы еркіндікті береді. Жұмыс берушілер тапсырысымен оқу орындары белгілі біліктілікке сай оқыту курсы модульдерін жинақтайды. Жұмыс беруші бағдарламаны әзірлеуге қа - тысып сараптама жасайды, тұжы - рымдама береді. Биыл да білім беру мазмұнына жаңа сипат беру, құрылымын жандандыру бойынша жұмыс жалғасады, 13 жаңа білім беру бағдарламасы әзірленіп, қолданыстағы 73 типтік білім беру бағдарламасы өзектендіріледі.
Әрине білім мазмұнын жаңар - туда мұнымен шектеліп отырған жоқпыз. Біріншіден, өмір бойы білім алу ұстанымын орындауға мүмкіндік беретін кредиттік оқыту жүйесіне қатысты жұмыс атқарылуда. Мәселен, кәсіптік білім берудегі Еуропалық кредиттік жүйені (EKVET) зер - делеп, жүзеге асырудың әдістемелік құралын әзірлеп, сондай-ақ кредиттік технологияны қамтитын нормативті-құқықтық құжаттарға өзгерту мен толықтыру енгізілуде. Екіншіден, ұлттық біліктілік жүйесінің 5 деңгейіне сәйкес қолданбалы бакалавриатқа қатысты бағыт зерделенуде. Қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасының пішіні мен әдісінамасы әзірленді. Биыл колледждерге қолданбалы бакалавриат бағдарламасын оқу үдерісіне енгізу бойынша әдістемелік көмек көрсету және 15 білім беру бағдарламасын әзірлеу жоспарда бар. Үшін - шіден, инклюзивті білім беру бағытына көңіл бөлінуде. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың кәсіптік білім алуы және олардың одан әрі қоғамға сіңіп, әлеуметтенуіне, қоғам өміріне толық қатысуын қамтамасыз етуге, түрлі кәсіби және әлеуметтік қызметте өзін-өзі тиімді жетілдіруге қатысты колледждерге әдістемелік және кеңестік көмек көрсетілуде. Биыл ерекше білім беру қа - жет - - тіліктері бар балаларды оқы - туға бағытталған 20 білім беру бағдарламасы әзірленеді. Төртіншіден, бағдарлама бойынша білім алған ТжКБ ұйым - дарының түлектеріне біліктілік беру мен сертификаттауды өткізуге арналған 45 мамандық бойынша теориялық және практикалық тест тапсырмалары әзірленді. Бесіншіден, Кәсіпқор 62 оқу-әдістемелік бірлестіктің жұмысын сараптап, оларға әдістемелік және консультативтік көмек көрсетеді. Олар ТжКБ жүйесіндегі 266 мамандық пен 1574 біліктілікке қатысты бағыттар бойынша жұмысты қадағалайды.
Сараптамаға сүйенсек, ел колледжерінің кітапхана қорын - да 1991 жылдан бері жаңар - тылмаған оқулықтар басым. Бұл сапалы маман даярауда айтарлықтай кедергі. Сондықтан кітапханаларды заманауи оқулықтармен қамту көзделген. Бұл тарапта 2016 жылы ТжКБ жүйесіне қазақ, орыс тілдеріне 100 оқулық аударылса, 2017 жылы 400 шетелдік оқулық қосылды. Кәсіпқор желісінен интернет арқылы 500 дана оқулықтың көшірмесін алуға жағдай жасалған. Оқулықтар мазмұны мамандықтар бойынша заманауи және өзекті мәліметтерді қамтиды. Барлығы АҚШ, Еуропа мемлекеттерінде және басқа да шетелдерде қолданысқа ие. Биыл 100 оқу құралын әзірлеу жоспарланды. Оны дайындауға қазақстандық кәсіби педагогтардан құралған авторлық ұжымдар қатысады. Бұл колледж педагогтарының кәсіби машығын көтеруге, оқулықтарды сапалы құрастыруға, еңбек нарығы сұраныстарына сәйкестендіруге мүмкіндік береді.
Стратегиялық бағыттың тағы бірі - оқыту сапасын арттыру. Кәсіби машығы мен құзіреттілігін көтеруге арналған педагогикалық кадрлардың сапасын арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл ТжКБ жүйесіндегі жаңа формациядағы педагогтардың санын арттыруға септігін тигізеді. Біздің педагогтарды оқытуда өзіндік ерекшелік бар. Яғни оқыту бағдарламасы құрылымына құзіреттілік көзқарас пен маз - мұнының модульдік құры - лысы, сапаны бағалаудың кри - териалдық жүйесі, оқытуда қазақ - стандық және шетелдік озық тәжірибенің ұштастырылуы, интерактивті, практикалық бағдарланған сипаттың және курстық оқытудан кейін де кеңес беру жұмыстарының әрі қарай жалғасуы кіреді. Жыл сайын курстық оқыту өзекті тақырыптар бойынша жүзеге асырылады. 2016-2017 жылдары Кәсіпқор 10 мыңнан астам ТжКБ ұйымы педагогтарын біліктілік арттыру курстарының бағдарламасы бо - йынша оқытса, оның ішінде 300 колледж басшысын Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымын тиімді басқару тақырыбы бо - йынша біліктіліктерін шыңдады.
ТжКБ тиімділігін, дәрежесін және тартымдылығын арттыру - өзекті бағыттардың бірі. Елімізде индустриялы-инновациялық да - - му - ға бағытталған жұмыстар барлық өңірді қамтып келеді. Бұл кәсіпорындарды сапалы жұмысшы маманмен қамтамасыз етуді талап етеді. Жұмысшы мамандығының беделі мен мәртебесін көтеру - өзекті мә - селенің бірі. Осы себеппен еліміз 2014 жылы WorldSkills ассоциациясына 70-қатысушы мемлекет болып тіркелді. WorldSkills Kazakhstan бо - йынша ұлттық оператор болып Кәсіпқор холдингі тағайындалды. WorldSkills - әлемнің 79 мемлекетіне таралған халықаралық қозғалыс. Негізгі мақсаты - жұмысшы мамандығын дәріптеу. Ұлттық біріншілікке жасы 18-22 аралығындағы өңірлік біріншіліктің жеңімпаздары қатыса алады. Бұл қозғалыс елі - міз - дің жас мамандарына ал - ған кәсіби дағдылары мен құ - зі - реттіліктерін көрсетуге мүмкіндік береді. Еліміздегі біріншіліктер кірпіш қалау, құрғақ құрылыс пен сылақ, сырлау және декоративтік жұмыстар, плиткамен қаптау, электромонтаждау, веб-дизайн, желілік және жүйелік басқару, мехатроника, дәнекерлеу, шаштараз ісі, кондитерлік, мейрамхана қызметі, мектепке дейінгі тәр - бие, киім дизайны және бас - қа кәсіптерді қамтиды.
Маман даяраудағы тағы бір тиімді бағыт - дуалды оқыту жүйесі. Дуалдық оқыту жүйесі - оқу орнындағы кәсіптік оқыту (теориялық оқыту) мен өндірістегі шәкірттікті (практикалық оқыту) байланыстыратын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Оқытушының оқу-тәрбие іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктері
Кәсіптік білім берудің моделі
Кәсіптік білім беру мекемесі - педагогикалық жүйенің бір саласы
Кәсіптік білім беру мекемесі педагогикалық жүйенің бір саласы. Кәсіптік білім берудің бастауы
Кәсіптік білім беру жүйесінің тарихы
Колледждердегі кәсіптік педагогикалық жүйе
Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидалары
Білім беруді ақпараттандыруда педагогикалық технология
Колледждегі оқушылар контингенті
Пәндер