Қоғамдағы тауар - ақша қатынастары
3.4 Қоғамдағы тауар - ақша қатынастары
3.4.1 Тауар қасиеттері және оның екі жақты сипаты
Тауар дегеніміз айырбастау және сату, тұтыну үшін шығарылатын еңбек өнімі. Ал ол тауардың айырбасталу, немесе сату үшін өзіндік бір қасиеті болуы шарт. Мысалы, нан, май, сүт адамдардың жеке тұтыну қажетін қанағаттандыратын болса, құрал жабдықтар өндірістік талғамды қанағаттандырады. Олай болса, заттың екі қасиеті болады екен, заттың қаңдай да болсын адамның бір қажетін өтейтін қасиеті оны тұтыну құны етеді, тауардың белгілі бір қажетті өтеу қасиетінің пайдалы да зиянды да болуы әбден мүмкін. Тағы бір ескертетін жәйт, адамның бір қажетін өтейтін заттың бәрін біз тауар деп атай аламыз. Мысалы, ауаны алайық. Адам баласының ең басты тіршілігін қамтамасыз ететін ауа екені белгілі. Алайда ол тауар емес, айткені ол адам еңбегінің жемісі емес, табиғаттың сыйы. Ол тауар болу үшін басқа бір қоғам мүшесінің қажетін қанағаттандыратындай айырбасқа түсуі шарт. Сонымен, тауардын екі жақсы қасиеті бар:
- ол адамның қандай да болса бір тұтыну қажетін қанағаттандыратын зат, ТҰТЫНУ ҚҰНЫ;
- ол басқа бір затқа айырбасталатын зат, ҚҰН.
Заттың пайдалылығы оны ТҰТЫНУ ҚҰНЫ етеді. Тұтыну құны -- тауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір қажетін қанағаттандыру қасиеті. Ол тұтыну бұйымдары, не өндіріс құрал-жабдықтары ретінде адамдар қажетін өтейді. Тұтыну құнының ерекшеліктері:
1) тұтыну құны негізінен сол заттардың табиғи қасиетімен байланысты. Мысалы, нан, май, ет, сүт, жеміс-жидектердің құрамында адам организміне қажетті витаминдер, қышқылдар, белоктар болады;
2) тұтыну құны сол затты шығаруға жұмсалған еңбек мөлшерінен байланыссыз;
3) тұтыну құны әр қоғамда да болып келеді. Бірақ өндіргіш күштердің дамуымен, өндірістік қатынастардың жетілуіне сай олардың атқаратын рөлі де өзгеріп отырады. Мысалы, адамның
көлігі есебінде ертеде негізінен ат пен арба пайдаланылса, қазір машина, поезд, ұшақтар атқарып отыр. Заттардың пайдалылығы да қоғам дамуымен кеңейе береді. Мысалы, ағаш ертеден құрылыс материалы, отын есебінде пайдаланылса, бүгіңде одан алынатын заттардың түрі де артып отыр.
Жоғарыда атап өтілгендей, тұтыну құны бар затты әлі тауар дей алмаймыз. Ол үшін екінші бір қасиеті АЙЫРБАС ҚҰНЫ немесе ҚҰН болуы керек. АЙЫРБАС ҚҰНЫ -- ең алдымен сан арақатынасы түрінде көрінеді. Мұнда біртектес тұтыну кұндары екінші біртектес тұтыну құралдарына айырбасталады. Бұл арақатынас уақыты мен орнына қарай ылғи өзгеріп отырады. Алайда осы кездейсоқ жайдың өзінде бір заңдылық бар. Оның негізі тұтыну құнында емес (екеуінде екі түрлі), осы тауарларды өңдіруге жұмсалған қоғамдық еңбекте. Тауар өндірушінің тауарға сіңірген қоғамдық еңбегі тауардың кұнын жасайды. Құн -- тауарға сіңіріліп, оңда затқа айналған қоғамдық еңбек. Тауардың құны қоғамдық категория, ол көрінбейді, бірақ ол тауарды тауарға айырбастағанда, бір тауарды екінші бір тауарға теңестіргенде айқындалып отырады.
Тауардың екі жақтылық қасиетінің болуы еңбекке байланысты. Тауар өндірушінің тауарға сіңірген еңбегінің екі жақты сипаты бар. Бірінші жағынан, ол нақты (тұтыну құнын жасаушы) түрінде көрінсе, екінші жағынан, абстракты еңбек (кұн жасаушы) түрінде көрінеді. Нақты еңбек адамның жұмыс күшін ерекше бір тиімді жұмсау. Ол тұтыну құнын жасайды. Нақты еңбектің әрбір түрі өз мақсатымен, белгілі бір өндіріс құралдарын, шикізат, қосалқы материалдарды пайдаланумен, қызметкерлердің белгілі бір дәрежедегі ептілігімен, тапқырлығымен, шеберлігімен, адамның өнімді өндіру процесінде атқаратын айрықша істерімен және әдістерімен, өзінің өндірістік қызметінің түпкі нәтижесімен сипатталады. Нақты еңбек тұтыну құнының бірлен бір кезі бола отырып, құнның негізі бола алмайды. Тауарлардың құнын жасайтын абстракты еңбек. Абстракты еңбек -- физиологиялық мағынадан адам күшін жұмсау. Біз ілгері атап еткендей, құн дегеніміз тауарға сіңген абстракты еңбек. Олай болса құн мөлшері тауар өңдірушінің жұмсаған жұмыс уақытының санымен анықталады. Сонымен тауардың құнынын мөлшері оны өндіруге жұмсалған қажетті жұмыс уақытының мөлшерімен анықталады.
Өндіргіш күштердің дамуы, онымен байланысты қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуі кездейсок айырбастан оның жүйелі нысанына, кұнның да толық нысанына көшуге негіз қалады.
3.5 Ақшаның қалыптасуы, мәні және атқаратын қызметі. Инфляция
Ақша дегеніміз тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың кандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай керінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың алтынды ақша ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі. Сонымен, ақша ерекше тауар, ол тауарлар дүниесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы эквивалент рөлін атқарады.
Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар:
- ол нақты бір заттың қоғамдық тұтыну құнының болатындығын;
- онда абстракты еңбек бейнелейтін құнның да болатындығын;
- тауар өндірушінін жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып табылатындығын көрсетеді.
Тауар мен ақша арасындағы бірлік те, қарама-қарсылық қайшылық та тұтыну құны арқылы көрінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды шығарса, ол сатылмайды, оны ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну құны тұрғысынан қоғамдық қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де қанағаттандыра алмағаны. Егер тауар жеке кажеттілікті қанағаттандырса, ол тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады. Міне, тауар мен ақша арасындағы әрі бірлік, әрі қарама-қарсылық осылай түсіндіріледі. Қазіргі рынок қатынасында бұл заңдылықты қатаң ескерген жөн. Ақша тауарлы шаруашылықта адамдардьің, қоғамдық қатынасын бейнелейді. Яғни ақша зат емес, адамдардың арасындағы өндірістік қатынас.
Ақшаның атқаратын қызметтері:
- құн өлшемі;
- айналыс құралы;
- төлем құралы;
- қазына жинау;
- дүниежүзілік ақшалар.
Ақшаның ең бірінші және басты қызметі -- ҚҰН ӨЛШЕМІ. Мұнда ол жалпы эквивалент рөлін атқарды. Оның мәні барлық тауарлардың құны ақша арқылы анықталады.. Мұндай қызметті өзіндік құны бар тауар ғана атқара алады. Бұдан шығатын қорытынды, барлық жағдайда кұн өлшеуіші қызметін алтын ғана атқарады..Ақшаның пайда болуымен байланысты бір тауардың екінші бір тауарға тікелей айырбасталуы (Т -- Т) біржола тауар айналымына (Т -- А -- Т), яғни ақша арқылы тауар айырбасына орын береді. Ақша тауар айырбасындағы аралық, яғни АЙЫРБАС ҚҰРАЛЫ қызметін атқарады. Мұндай қызметті атқару үшін нақты ақша немесе ақша белгісі қажет, өйткені тауар тек нақты ақшаға, ал ақша тауарға тікелей айырбасқа түседі. Экономикалық қатынастар шенберінің үлғаюымен ақша ТӨЛЕМ ҚҰРАЛЫ ретінде маңызды рөл атқарады. Атап айтсақ, қажеттіліктерді сатып алуда, салық төлеуде және т.б. Қазына жинау тауар өндірісінің объективті қажеттілігінен туындайды, әрбір тауар өндіруші өзіне өз тауарларының ету өтпеуіне қарамастан қандай жағдайда болсын басқа бір тауарды сатып аларлықтай, әр түрлі кездейсоқ рынок стихиясынан сақтарлықтай кепілдік жасауы керек.
Сатпай тұрып, сатып аларлықтай, кез келген затқа әрдайым айырбастай аларлықтай белгілі бір мөлшерде ақша қоры болуы шарт. Тауар-ақша ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz