Қазақ тілінің фонетикасы және тіл мәдениеті: фонетикалық заңдар мен тарихи даму


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Р Е Ф Е Р А Т

Тақырыбы: Қазақ тілі фонетикасы және тіл мәдениетті.

Орындаған:Тоғызбаева Назымгүл Мақсотқызы

Пәні: Тіл білімі және түркі философиясы.

Тексерген: Мухамбетов Ж. И.

2021-2022 ж

Қазақ тілі фонетикасы және тіл мәдениетті.

Қазақ тілі мемлекеттік тілі қызметінде қазіргі таңда күнделікті өміріміздің барлық салаларына терең бойлап, керегесін кеңге жайып келеді. Сондықтан тіл мәдениетіне де ерекше мән беріліп отыр. Тіл мәдениеті сөзді дұрыс дыбыстап айтудан басталады. Демек, тілдің дыбыстық заңдылықтарын біліп, оны дұрыс қолдануға үйренуіміз керек. Қазақ тілінің де өзіне тән дыбыстық заңдылықтары болатынын, осы заңдылықтарды тілді қолдану барысында ескеріп, басқа тілдің жетегінде кетпей, ана тіліміздің ғасырлар бойы қалыптасқан табиғатын сақтап сөйлеу әр азаматтың парызы деп білеміз. Тілді тіл етіп тұратын оның өзіне тән заңдылығының сақталуы, өз сөзінің мол болуы деп есептеледі. Тілдің тарихын және оның өзгеруі мен дамуын жете түсіну үшін фонетикалық заңдарды білудің айрықша маңызы бар. Алайда тек мұнымен шектеліп қою жеткіліксіз болады. Тіл тарихын жете білу үшін фонетикалық сәйкестілікпен бірге сөздердің семантикалық жақтан өзгеру, даму заңдылықтарын да есепке алу қажет. Лингвистикалық зерттеулерде фонетикалық заңдар мен семантикалық заңдарды ұштастыра білу - тіл тарихын, оның даму жолдарын танып білудің кілті.

1930-жылдан бастап салыстырмалы фонетика саласы пайда болды. Жұбановтың еңбектерінде тіл дыбыстарының фонологиясы мен жіктелуі, дыбыстардың өзгеру заңыдылығы, сөздердің буын құрылысы қарастырылды, араб графикасын латын жазуына ауыстыруға байланысты “Еңбекші қазақ” газетінде бас әріпті алу мәселелері көп талас тудырды. Жазу ауыстыруға орай әріп таңдау, қазақтың төл дыбыстарына әріп белгілеу төңірегінде баспасөз бетінде көптеген пікірталастар болды. Әсіресе, басқа тілдерден енген сөздерді жазу ерекше талас тудырды. Дұрыс айту ережелеріне ерекше мән беріліп, қазақ тілінің орфогр. сөздігі бірнеше рет жарық көрді.

Бұл саладағы іргелі зерттеулер 1960 жылдардан басталады. 1969 ж. Тіл білімі ин-ының жанынан Тіл мәдениеті бөлімі құрылғаннан кейін зерттеулер жүйелене түсті. Фольклор тілі, көркем әдебиет тілі 1970 жылдардан бастап зерттелді. Қ. т. б-нде кейінгі кездері тіл статистикасы, әлеум. лингвистика, психолингвистика‚ этнолингвистика, т. б жаңа салалар дамып келеді. Қ. т. б-нде жалпы тіл білімі, алтаистика, жалпы түркі тілдерінің қарым-қатынасы мәселелеріне байланысты бірқатар зерттеулер жүргізілді. 1991 жылдан кейінгі Қ. т. б-нің негізгі бағыттары: жалпыхалықтық тілдің, оның ішінде, әдеби тілдің тарихын жасау, Қазақстан аумағындағы түрлі ұлт тілдерінің өзара әсерін, қостілділік, көптілділік барысын зерттеу, жеке жазушылардың сөздігін жасау, қазақ тілінің тарихи грамматикасын жазу, диалектол. атлас жасау, тілдің дыбыстық жүйесін тәжірибелік тұрғыда зерттеу, шет ел сөздерінің сөздігін жасау, әр түрлі ғылым салаларына байланысты толық атаулық. сөздіктер шығару, лексикография теориясындағы мәселелерді шешу, көркем әдебиет, фольклор тілін, тіл мәдениеті мен стилистика мәселелерін дамыту, қазақ тілінің дыбыс жүйесін синхрония және диахрония тұрғысынан құрылымдық, математ., лингвистик. әдістер арқылы жан-жақты зерттеу, т. б.

19 ғ-дың 2-жартысында Ыбырай Алтынсарин қазақ жазуын орыс графикасына негіздеуге талпыныс жасаса, 20 ғ-дың басында Байтұрсынов қолданылып келген араб графикасын жетілдіре отырып, қазақ жазуына икемдеді. Бұл орайда ғалым қазақ

тіліндегі дауысты және дауыссыз дыбыстар санын анықтап, үндестік заңдылығын, тілдің фонол. ерекшеліктерін айқындап шықты. Байтұрсыновтың Қазақ тіл білімінің фонетика, фонология салалары бойынша жасаған тұжырымдары Е. Омаров, Қ. Кемеңгеров, Т. Шонанов, Ж. Аймауытов, Қ. Жұбанов еңбектерінде жалғасын тапты. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі, дауыстылар мен дауыссыздар санын дәл айқындау, қазақ жазуына негіз болатын принцип таңдау мәселесі көптеген талас тудырып, “Еңбекші қазақ”, “Жаңа мектеп”, т. б. басылым беттерінде мақалалар жарық көріп, қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде талқыланды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы: нысан, жүйе, бірліктер және фонетикалық заңдар
Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы: нысаны, жүйесі және фонетикалық заңдылықтары
Транслитерация мен транскрипция: қазіргі қазақ тілінің фонетикасы бойынша ғалымдар еңбектеріне шолу және он сөйлемнің фонетикалық талдауы
Қазақ тілінің фонетикалық жүйесі мен лексикологиясы
Қазақ тілінің стилистикасы мен фонетикасы: функционалды стильдер, көне түркі жазулары және тіл оқыту мәселелері
Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы: ассимиляциядан орфографияға дейін
Қазақ тілінің фонетикасы: буындар, екпіндер, дыбыс алмасулары және сингармонизм
Қазақ тілінің тіл мәдениеті мен тілдік нормалары: қалыптасуы және өзекті мәселелері
Қазақ тілінің лексикалық және фонетикалық жүйесі
Қазақ тілінің фонетикасы: теориялық негіздері мен оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz