Балқитын үлгілер арқылы құйма алу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Лабораториялық жұмыс №1

БАЛҚИТЫН ҮЛГІЛЕР АРҚЫЛЫ ҚҰЙМА АЛУ

1. Жұмыстың мақсаты: Балқитын үлгілер арқылы құйма алу технологиясымен танысу.

2. Жалпы мәлімет: Балқитын үлгі арқылы - құйма алу әдісі - ол көпқабатты қабыршақты қалып алу, олар балқитын, еритін үлгілер арқылы алынады.

Бұл әдіспен құйма алған кезде алынған құйма, болашақ бұйымға өте жақын. Бір реттік құм-балшық қалыпқа қарағанда бірнеше артықшылықтары бар: құйма беті таза, өлшемдері дәл, кейде механикалық өңдеуге әдіпсіз болып келеді, құйманың пішіні өте күрделі болуы мүмкін, олар бірнеше граммнан, бірнеше ондаған килограмм болады және қабырғаларының қалыңдығы 0, 5мм-ге дейін болып келелі,

2. 1. Үлгілер. Құйма үлгілері және құю жүйелерін металдан жасалған пресс-қалыптарда даярлайды.

Үлгі даярлау үшін төменгі температурада балқитын 50% парафин және 50% стеарин қолданады.

Бірінші суретте балқитын үлгілер арқылы құйма алу үрдісінің сұлбасы келтірілген.

Пресс-қалыпты толтырудың екі әдісі бар: сұйық үлгі құрамын қалыпты жағдайда пресс-қалыбына құю (2, а-сурет) және паста тәрізді модель қоспасын пресстеу арқылы толтыру (2, б-сурет) .

Бірінші әдісте пресс-қалыптың бетін жұқа қабат трансформатор майымен сүртеді, немесе спиртте араласқан кастор майын (1:1) жағады. Пресс-қалыпты жинап, воронка арқылы ковштағы модель қоспасын 60-70ºС температурамен құяды. 3-10 минуттан кейін пресс-қалыпты ашып, құю жүйесінің үлгісін қалыптан шығарып алады.

Екінші әдіс бойынша паста күйіне келгенше температураны төмендетіп, шприц арқылы пресс-қалыпты толтырады. 2-3 минуттан кейін қатқан үлгіні пресс-қалыптан босатып алады. Әрі қарай құйма және құю жүйесінің үлгілерін үлгі блогына жинайды (3-сурет) . Үлгілерді блокқа желімдеу арқылы жинайды. Тік арнаның төменгі жағын шпатель немесе 120-150ºС температурада қыздырылған пышақпен тегістеп ерітеді де, коллектор ортасымен қосып, толық қатқанша ұстап тұрады.

2. 2. Керамикадан қауыз жасау. Керамикадан қауыз жасау үрдісі келесі операциялардан тұрады: байланыстырғыш ерітіндіні және суспензияны жасау; үлгілер блогының бетіне керамикалық қауызды қалыптастыру, үлгілерді балқыту, керамикалық қауызды қалыптау және қалыпты қыздырып

Деталь сызбасы
Кұйма сызбасын өңдеу
Құю жүйесін есептеу

Пресс қалып сызбасын жасау

Пресс-қалып даярлау(деталь үшін және құю жүйесі үшін)

Детальдің және құю жүйесінің үлгісін жасау
Модель қоспасын даярлау
Құю- қоректендіру жүйесіне үлгілерді жинау
Суспензия даярлау
Үлгі блогына суспензия жағу және құммен себу
Қалып материалдарын даярлау
Суспензияның әрбір қабатын кептіру
Қауыз қалыптан үлгілерді шығару
Қауызды қақтау, оны құмға көму
Қалыпты құю
Суыту. Құйма блогын қалыптастыру
Құйманы қалдықтардан тазарту. Құйманы термиялық өндеуден өткізу. Ақауларды түзету.
Құю жүйесін құймадан ажырату. Құйманы қауыздан тазарту.

1-Сурет. Балқитын үлгі арқылы құйма алу процессінің сұлбасы

https://studfiles.net/html/2706/176/html_MNebnntDKf.gWQ9/img-wb_Tfh.jpg

2- Сурет. Пресс-қалыптарды үлгі массасымен толтыру әдістері.

а - сұйық үлгі массасын құю арқылы,

б - пресстеу арқылы.

https://studfiles.net/html/2706/176/html_MNebnntDKf.gWQ9/img-MB752P.jpg

3- Сурет. Құйма үлгілерін және құю жүйесінің үлгілетін бір блокта жинау.

1 - воронка, 2 - тік арна, 3- қоректендіргіш, 4 - құйманың үлгілері,

5 - коллектор.

https://studfiles.net/html/2706/176/html_MNebnntDKf.gWQ9/img-wMr4Aw.jpg

4 - Сурет. Құю қалыбы

кептіру. Байланыстырғыш ерітіндіні даярлауға этилсиликат, дистилляцияланған су, ацетон немесе этил спирт және тұз қышқылы пайдаланылады. Этилсиликат кремний органикалық қышқыл және ол эфир кремний қышқылдарының қоспасын құрайды. Этилсиликат маркасы SiO 2 шартты мөлшерінің шамасына байланысты белгіленіп, 28-42% аралығында жатады. Этилсиликаттағы жоғарғы молекулярлы эфирлердің мөлшері неғұрлым көп болса, соғұрлым ондағы SiO 2 мөлшері жоғары болып келеді. Көбіне 32 және 40 маркалы этилсиликат қолданады. Байланыстырғыш ерітінді алу үшін, этилсиликатты гидролиздеу керек (гидролиз дегеніміз - әртүрлі заттар мен судың арасындағы орын ауыстыру реакциясы) . Этилсиликаттың гидролизі кезінде түзілетін тұрақсыз кремний қышқылы, коллоидты қалыпқа айналып, кремний қышқылының күліне айналады да, қатты гельге өтіп, байланыстыратын цементтеуші қасиетке ие болады. Ортокремний қышқылының эфирінің гидролизін келесі формула арқылы сипаттауға болады:

( С 2 H 5 O ) 4 S i + 4 H 2 O = 2 H 2 O S i O 2 + 4 C 2 H 5 O {(С_{2}H_{5}O) }_{4} \bullet Si + 4H_{2}O = 2H_{2}O \bullet SiO_{2} + 4C_{2}H_{5}O

Этилсиликат сумен араласпайды, өйткені гидролизді дистилляцияланған ацетондағы сумен немесе спиртпен жүргізеді. Олар этилсиликатта да, суда да жақсы араласады. Гидролиз реакциясының катализаторы ретінде тұз қышқылын пайдаланады.

3. Суспензия жасаған кезде, үздісіз араластырылып тұрған гидролизді ерітіндіге 120-140ºС-де қыздырылған ірілігі 0-0, 063мм кварц құмын береді. Бірқалыпты масса алынғанда араластыруды тоқтатады да, ауа түйіршіктері шығып болғанға дейін бірнеше минут ұстап тұрады. Суспензияның құрамын есептеген кезде, 1% байланыстырғыш мөлшеріне 2, 4-2, 5% ұсақ кварц құмы алынады.

Керамикалық қауыз алу үшін, үлгі блогын суспензияға батырады. Блокты бірнеше рет әртүрлі бағытта айналдырады, сол кезде артық суспензия біркелкі жұғып, одан артығы ағып кетеді. Ары қарай елеуішпен ұсақ құмды біркелкі етіп блоктың үстіне себеді де, бөлме температурасында ауа сорғышпен жабдықталған шкафта кептіреді. Кептіру уақыты 4 сағаттан кем болмауы тиіс. Кептірген кезде, кремний қышқылының коагуляциясы нәтижесінде қату процесі жүріп, жабынды қатаяды. Осындай жолмен тағы да 3-4рет қайталап жабынды қабаттар алынады да, керамикалық қауыз пайда болады. Үлгіні балқытпастан бұрын егеумен құю жүйесінің түтігін тазалайды. Содан кейін блокты 85-90ºС температураға дейін қыздырған суы бар металл ыдысқа салады. 12-15 минуттан кейін (үлгі толық ерігенде) керамикалық қауызды ыдыстан шығарып, ондағы сұйықтарды төгеді. Дайын керамикалық қауызды металл опокаларға салып, жан-жағын құммен толтырады (4-сурет) . Керамикалық қауызға құм түсіп кетпеуі үшін құю воронкасын қақпақпен жабады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құйма жасау технологиясы және технологиялық құрал- жарақтары
Қалыпқа сұйық металды құю
Ортопедиялық стоматология клиникасында қолданылатын материалдар
Жылына 30000 тонна алюминий қорытпаларынан құйма өндіруге қуаты бар құю цехын жобалау
Жылдық өнімділігі 45 мың м2 фасадты керамикалық плиталар өндіретін заводтың технологиялық шешімдері
Металдар туралы ұғым
Тіс техникалық материалтану ПӘНІ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ
Қазақстан аумағынан табылған сақ дәуірінің археологиялық ескерткіштеріне жалпы сипаттама
Цирконның қасиеттері
Мышьяк негізіндегі оңтайлы қасиеттерді қамтамасыз ететін легірлеуші кешендерді таңдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz