Әлихан Бөкейхановтың өмірбаяны



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Биыл Әлихан Бөкейхановтың дүниеге келгеніне 150 жыл толады. Қазақ халқының қуанышына бұл мереке ЮНЕСКО көлемінде аталып өтетін болды.
Бұл ғылыми жобамның өзекті мәселесі ол Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханов халқында зерттеу жүргізген ғалымдар мен тарихшылардың мағұлматтарына сыни көзбен қарап оларды бір ізге түсіріп реттеу. Сонымен қатар Қазақ елі біле бермейтін ақпараттар мен құжаттар және деректермен бөлісе отырып , Әлихан Бөкейханов туралы тың деректерді көпшіліктің назарына ұсынып насхаттау.
Хан баласының мойнында қазақтың өтелмеген қақысы бар еді, соны ақтауға тырысам, қазаққа қайтсем де қызмет қылам деген Әлихан Бөкейханов тірісінде қандай жан еді? Айтқан сөзін орындай алды ма? Бұл сұрақтың жауабын тарихтың қатпар беттерін ақтарып отырып табамыз. Иә, ол өзінің алға қойған мақсатына жетті. Қазақ елінің тағдыры талқыға салынған сын сағатта оқыған азаматтардың басын қосып, тұңғыш Қазақ Республикасының негізін қалады. Ол құрған Алашорда үкіметінің ғұмыры ұзақ болған жоқ. Бірақ сол аз уақыттың өзінде талай дүниенің басын қайырды. Қазақтың қазақ екендігін, азат ел бола алатындығын көрсетті.
Әлихан Бөкейхан - қазақтың басын бiрiктiрiп, ерiктi ел болуын көксеп, сол мақсатқа жету жолына өз бойындағы бар қасиетiн: ақыл-ойын, өнер-бiлiмiн, жiгер-қайратын, бар саналы өмiрiн арнаған адам. Егер ол өзiнiң бас пайдасын ғана ойлап, патша заманында мансапқор болып, шен-шекпенге қызығып, ұлық болғысы келсе, өзi ақсүйек, хан әулетi әрi оқымысты Әлихан Бөкейханға ол жол оңай едi.
Бiрақ Әлихан қара басының қамын ойлаған жоқ, туған халқының қамын ойлап, белiн бекем байлап, ел үшiн еңбек ету жолына түстi. Әлихан - қазақ тарихында демократиялы баламалы түрде сайланған Алаш Орда - Ұлт кеңесінің тұңғыш төрағасы! Ал оны үлгі ету үшін әр адамның санасына Әлиханның қандай намысшыл, ұлтын сүйген ұлы адам екенін жеткізу керек. Осы жолда кішкене болсада өз үлесімді қосу парыз деп санадым.
Алаш зиялыларын бастап Әлихан қазақ елін Батыс Еуропа өркениеті деңгейіне жеткізуді түпкілікті мақсат етіп алды. Осы мақсатқа ол мәдениеті мен әлеуметтік-экономикалық болмысы жағынан қазаққа бір табан жақын жапондардың әйгілі Мэйдзи төңкерісі тәжірибесі мен оның жемістерін ден қоя зерттеді.

I. БҮКІЛӘЛЕМДІК ШЫНАЙЫ ДАҢҚТЫ ҚАЙРАТКЕР
1.1. ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВТЫҢ ӨМІРБАЯНЫ
1.1.Кейінгілер ғибрат аларлық үлгі тастап кетіп алғыс алармыз ба ? Жоқ, далаға лағып, жөнсіз кетіп қарғыс-лағынет аламыз ба ? Кеудесінде көзі бар адам көп ойланарлық жұмыс.
Түрік баласы(Әлихан)
Әлихан Нұрмұхамбетұлы Бөкейхан- адамзат баласының тарихында сирек кездесетін тұлға. Әлихан- төрткүл дүниені дүр сілкіндіріп өткен Шыңғыс ханның 23-ші ұрпағы-Төре тұқымынан бола тұра, Қасым хан, Абылай хан, Бөкей хан, Кенесары сынды халық ақ киізге көтеріп, хан тағына отырған емес- оның заманы өтіп кетті. Қазақ халқының тарихында Шыңғыс ханның кейінгі ұрпақтары қарама-қайшы- екіұшты рөл атқарды: бір жағынан, алғашқы кезеңде олар көшпелі ру-тайпалардың бірігіп, жаңа және қуатты қазақ мемлекетінің құрылуына ұйытқы болса, екінші жағынан- олардың билік үшін ішкі күрес-тартысы салдарынан қазақэтнонимді құрағанымен де, бірегей халық, ұлт болып толық пісіп-жетілмеген халықтың Орта, Ұлы, Кіші жүздер ретінде үштік одаққабөлініп бытырауына түрткі болып, ақыр соңында бірінің соңынан бірін орыс империясының отарлығына душар етті. Міне,соңғы жайтты терең зерттеп білген Әлихан: Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!-деп ертеден-ақ халқы алдында серт беріп, сол сертіне ақырғы демі біткенше адал болып өтті. Бірақ өзінің шыққан тегін мақтан тұтты, шыққан тегінің абырой-намысын көзінің қарашығындай қорғады және атақты хан-сұлтандардың тікелей ұрпағы екенін сезініп, халқына кіршіксіз де шексіз қызмет етуді, Алашына қамқор болуды өзінің өтпес-өтелмес борышы, ер-азаматтық парызы санады.
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866 -- 1937) -- XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттык және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Бөкейхан Әлихан Нұрмұхамедұлы 1866 жылы 5-наурызда бүрынғы Семей облысы, Қаркалы уезі, Тоқырауын болысының 7- ауылында дүниеге келген. Әлихан Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы. Ата тегі: Бөкей -- Батыр -- Мырзатай -- Нұрмұхамед -- Әлихан. Жасынан зерек, алғыр өскен Әлиханды әкесі Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ ол молданың қолынан оқуды канағат түтпай, қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепке ауысады. Оны бітіргеннен кейін 1879-1886 жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды. 1886-1890 жылдар аралыгында Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны техник мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1890-1894 жылдар аралыгында Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факуль- тетінде оқыды. Мұнда ол студенттік қызу пікірталастарға қатысып, XX ғасырдың босағасын аттағалы түрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды, өз ойын да шыңдай түсті.
Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы (1870-1937) - көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы. Туған жері бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысы, қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Көкжал Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей хан осы Көкжал Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед.Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады. Бұдан кейін ол Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түсіп, оны да өте жақсы деген бағамен бітіріп шығады. Осыдан кейін он алты жасар Әлихан Омбының техникалық училищесіне қабылданады. Төрт жыл бойы үздік оқыған алғыр шәкіртіне риза болған мүмкіндік жасайды. Сөйтіп ол жиырма жасында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, Ресейдің астанасы Санкт Петербургке барып, Орман шаруашылығы иснтитутына түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады.Оны екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған халқының ауыр тағдыры қатты толғандыра бастайды. Қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған халқына білім мен мәдениет керек екенін ұғады, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қояды. Оқуын бітіріп, Омбыға оарлғанда Ә.Бөкейханов Ресей империясының қазақ даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, марксизмнің капиталистік қоғамның қанау тетіктерін ашып берген экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси астыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйреніп, білген, күрес тартыстан біршама тәжірибесі бар саяси күрескер болатын. Ол Омбыға келісімен қаланың саяси әлеуметтік, қоғамдық жұмысына белсене араласады. Халық бостандығы партиясының қатарына өтіп, өзі қазақ зиялылары мен саяси белсенділерінің арасында осы партияның шағын тобын ұйымдастырады.Әлиханның саяси көзқарасының пісіп, жетілуіне, кейін белгілі саяси, қоғам, мемлекет қайраткері әрі қазақ ұлт азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы және көсеі ретінде танылуына, саяси күрескер ретінде шыңдалуына Омбыдағы күндері ерекше ықпал етеді. XX ғасырдың басында қазақ даласында екі ағымның болғаны белгілі. Бірі Бұхара мен Түркістанға бет бұрған дәстүршіл, панисламшыл ағым, екіншісі негізінен Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл ағым. Осы екінші ағымның басында Әлихан бастаған орыс мектептерінен тәлім тәрбие алған озық ойлы қазақ зиялылары тұрады. Бұл топ саяси ұстамдылық танытып, Ресей империясына қарсы ашық күреске шығудың әлі ерте екенін анық түсінеді.
1.2. ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ - ПУБЛИЦИСТ
1.2. Әлихан Бөкейханов публицист ретінде тану, оның жеке тұлға ғана емес, үлкен ірі қоғамдық тұлға екендігін көрсетеді. Оның өмір баяны, жүріп өткен жолдары, өзіндік дүние танымы барлығы сол уақыттың сол қоғамның тыныс тіршілігін аңғартқандай. Әлиханның өз заманының жаршысы тегеуірінді публицис екендігін баяндамас бұрын, нені публицистика және кімді публицис деп айта аламыз. Осыған қысқаша мағлұмат бере кетейік.
Публицистика - ол уақыт пен қоғам арасындағы шындықты көрсететін бірде белгілі қаламгерлер қауымының айналысатын кәсібі, жұмысы, енді бірде өзіндік сипаты бар шығармалар тобы, яғни творчество саласы, журналистика жанры, тағы бірде өмірді зеріктеудің, қоғамдағы болмыс құбылыстарды бағалап, білудің әдіс тәсілі деген ұғымдарды білдіреді.
Ал, публицист болса осы творчестволық кәсіпте арқау болып отырнған салаға әбден машықтанып жан-жақты зеріттеп білуін және соны уақыттан қалмай не озбай дәл сол күн талабына сай жауап беруші тұлға.
Міне, біз публицист пен публицистиканың өзіндік бір тұлға екендігін аңғардық. Екеуі де бір талапқа сай заңды ғылым немесе ғалым.
Біз публицистердің ұдайы істейтін істерімен шұғылдануға - өз заманымыздың тарихын жазуға тиіспіз және біздің күнделікті өмірді жазуымыз қозғалысқа тікелей қатысушылар мен қаһарман тұлғаларға нақ сол қозғалыс үстінде мүмкіндігінше көмек беретіндей етіп жазуымыз керек, - жазғанда қозғалысты ұлғайтуға, күрес жүргізудің күш неғұрлым аз жұмсалып, неғұрлым көп және барынша баянды нәтижелер бере алатын құралдарын тәсілдері мен әдістерін саналы түрде таңдап алуға жәрдемдесетіндей етіп жазуымыз керек - деген талап қоямыз.
Енді, Әлихан Бөкейхановтың осы талаптарға қаншалықты деңгейде жауап бере алды соған тоқтала кетейік.
Біз Әлиханды еске алғанда көз алдымызға сонау ХХ ғасырдың басы, сол кездегі тыныс-тіршілік жалпы, қоғам көз алдымызға елестетеміз. Әрине бір перзентіміздің бойынан бүкіл біз уақытпен қоғамды көз алдымызға елестету ұлы істің жемісі міне, Әлихан турасында бір ауыз сөзбен айтар болсақ әйтсе де сөзіміз дәлелді болуы үшін оған жан-жақты кеңінен тоқтала кетсек.
Әлихан Бөкейханов замандастары Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мағжан Жұмабаев, т.б. сынды биігінде ел таныған азаматтарымызбен терезесі тең әрі өзіндік ерекшеліктері де, бар біртуар дара тұлға. Олай дейік себебіміз Әлиханның публицистика әлеміндегі өзіндік қолтаңбаларының аса сауаттылығы мен қоса оның өміршеңдігі. Яғни оның еңбектерінің уақыт талабының ауасындай құндылығында.

II . ӨШПЕСТЕЙ ІЗ ҚАЛДЫРҒАН ТҰЛҒА
2.1. ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН ЖӘНЕ ӘДЕБИ МҰРАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ
2.1. Алаш қайраткерлері ақталып, олардың әдеби, ғылыми мұралары халық игілігіне айналған ширек ғасырдан астам мерзімде алаштану бағытында көптеген зерттеу еңбектері жазылды. Бұл іс әлі жалғасып жатыр. Тілшілер қауымы да қазақ тіл ғылымының бастауында тұрған Ахаңның, сондай-ақ, тілге қатысты еңбектер жазған Алаш арыстарының мұрасына арналған диссертациялық зерттеулер жүргізіп, ғылыми монографиялар мен мақалалар жарияладық. Қазақ тіл білімін, әдеби тілді дамытуға қосқан үлесі, ғылыми жаңалықтары анықталды. Алайда, бұл оқығандарымыздың арасында Әлихан есімі атала бермейді. Осы кезеңде тарихи тұлғаның мұрасы тарихшылар тұрғысынан көбірек зерделеніпті. Оның ұлттық баспасөзді дамыту жолындағы қажырлы еңбегі мен аудармашылық қыры да жекелеген әдебиетші, журналист мамандар тарапынан сөз болған. Ғалымның соңында қалған мұрасының басым бөлігі осы салаларға қатысты болғандықтан, солай болуы да орынды сияқты. Дегенмен, оның өмір жолын, қоғамдық-саяси қызметі мен соңына қалдырған мұрасын мұқият зерттесек, қайраткердің қазақ тілінің дамуына да көп еңбек сіңіргеніне көз жеткізуге болады.
Өткен ғасыр басында-ақ Қошке Кемеңгерұлы: Әлиханның қазақ еліне сіңірген тарихи қызметі: әдеби тіл тууына себеп болды, деп жазыпты. Біздің бұл мәселеге ден қоюымызға да Қ.Кемеңгерұлының осы пікірі басты себеп болды. Неге? Өйткені, Қ.Кемеңгерұлы - Қазақша-орысша тілмаш (Мәскеу, 1925) тәрізді ғасыр басында жарық көрген едәуір көлемді сөздіктің редакторы болған, Грамматика казахского языка (1927) сынды еуропалықтарға арналған оқу құралының және Жауро-палықтарға арналған оқу құралы (1-кітабы. Ташкент, 1928; 2-кітабы. Қызылорда, 1929) кітаптарының авторы, тіл мәселесіне арналған Қотыр сөздер, Жат тілді оқыту әдісі, Мектеп қай тілде болу керек? Қазақша ай аттары, Дұрыс па? Бұрыс па? және басқа да бірқатар мақалалар жазған, тілдің жайын жақсы білген алаш оқымыстысы. ХХ ғасыр басындағы қазақ тіл білімінің дамуына елеулі үлес қосқан, есімі Ахаңнан кейін аталуға тиіс делініп жүрген Алаш білімпазы. Ахаңнан бастап тіл мәселесін зерттеген замандастарының еңбектерімен жақсы таныс, өзі де солардың қатарында болған білімпаз мұндай пікірді жайдан-жай айта салмасы анық. Сондықтан сол кезеңде өмір сүріп, Алаш мүддесі үшін Әлихан Бөкейханмен қатар еңбек еткен білікті ғалымның пікіріне ерекше мән беру қай жағынан алып қарасақ та негізсіз емес. Ендеше: Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан қазақтың әдеби тілінің тууына қалай себеп болды? деген сұраққа жауап іздеп көрелік.
Тарихымыздың ХХ ғасыр басындағы кезеңін Алаш көсемі Әлихансыз елестету мүмкін емес. Өйткені, ол осы кезеңдегі қазақтың тарих көшінің бағыт-бағдарын белгілеп, ел мен жер, тіл мен діл тағдыры, дін мен дәстүр тұтастығын сақтау үшін жұрт жұмысының жауапкершілігін мойнына жүктеп, басын бәйгеге тіккен тарихи тұлға. Иә, бұл кезеңде елге адал қызмет еткен ұлт зиялыларының әрқайсысының тарихымыздағы өзіндік орны, ұлтымыздың оянуына, өркендеуіне сіңірген зор еңбегі бар. Ол айдан анық. Алайда, солардың арасында қайсар мінез, табанды қайраткерлік болмысымен, саяси күрескерлік рухының биіктігімен және жан-жақты білімділігімен, бүтін бір елдің тағдыры мен оның алдыңғы қатарлы зиялы қауымын қалыптастыру, азаттық үшін бірігіп күресу жолында көшбасшылық қасиетімен ерекшеленіп, дараланып тұрған ең көрнекті тұлға - Әлихан. Мемлекет тізгінін ұстаған, ұлт көшін бастаған көшбасшылар мен көсемдердің сол қоғамға, сол халықтың өмір-тағдырына ілгерінді-кейінді ықпалы да зор болатынына адамзат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлихан Бөкейхановтың өмірбаяны. Ол -көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым
Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен қоғамдық - саяси қызметі
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан тарихы
Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы жайлы
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері жайлы
Әлихан Бөкейханов. Алаш Орда
Мұстафа Шоқайдың өмірбаяны
Абайтанудың негізін қалаушы
Ә. Бөкейхановтың өмірбаяны
Міржақып Дулатовтың өмірбаяны
Пәндер