Құқық негіздері туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Құқық негіздері

Құқық (ағылш. 1. law (наука); 2. right) - мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің ( нормалардың ) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ.
- қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау;
- қарым-қатынастарды реттеп, басқару;
- қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту;
- мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару.
біріншісі - құқықтың обьективтік түсінігі, қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы,
екіншісі - құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.
Құқықтың реттеу функциясы - нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Құқықтың қорғау функциясы - нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу. Жоғарыда айтылғандай, құқық - жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма - құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады.
Азаматтардың азаматтық қорғаныс жөніндегі құқықтары мен міндеттері (ағылш. rights and duties of individuals for civil defence) - Қазақстан Республикасының азаматтары, республика аумағында тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар: осы заманғы зақымдау құралдарын қолданудың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарынан өзінің өмірі мен денсаулығын қорғауға құқылы; азаматтық қорғаныс міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан жағдайда қаза тапқандардың отбасыларына Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес материалдық және өзге де төлемдер төленеді; сондай-ақ азаматтар: Азаматтық қорғаныс шараларын орындауға қатысуға, сондай-ақ азаматтық қорғаныс бойынша оқудан өтуге; Баршаңыздың назарыңызға! деген дабыл беру бойынша іс-қимыл жасаудың тәртібін, ұжымдық және жеке қорғану құралдарын пайдаланудың ережесін, корғанудың негізгі әдістері мен зардап шеккендерге алғашкы медициналық көмек керсету тәсілдерін білуге және орындауға міндетті
Құқық ұғымы. Адам әр түрлі әлеуметтік қатынастарға түседі. Қарым-қатынас нәтижесінде адамдар арасында өзара әрекеттестік қалыптасады, түсіністік пайда болады, қамқорлық жасау және көмек беру жүзеге асады. Қоғамдық қатынастар әлеуметтік нормалар арқылы реттеледі, олардың арасында құқық нормалары ерекше орын иеленеді. Құқық нормалары заңдар мен нормативті құқықтық актілерде көрініс табады. Жалпы адамзаттық құндылықтар және әділеттілік, ізгілік, теңдік, бостандық идеялары құқықтың негізі болып табылады. Құқық дегеніміз -- мемлекет арқылы қамтамасыз етілетін, әділеттілік туралы адамдардың көзқарастарынан көрініс табатын, жалпыға бірдей міндетті нормалардың жиынтығы.

Жеке бастың құпиясын сақтау құқығы (ағылш. right for private life secrecy) - Азаматтың жеке бас құпиясын, оның ішінде хат алысу, телефон арқылы сөйлесу, күнделіктер, естеліктер, жазбалар, ішкі жан сыры, бала асырап алу, туу құпиясын, дәрігерлік, адвокаттық құпияны, банктік салымдар құпиясын сақтауға құқығы.
Жеке бас құпиясы заң құжаттарында белгіленген реттерде ғана ашылуы мүмкін.

Күнделіктерді, жазбаларды, естеліктерді және баска құжаттарды жариялауға - олардын авторының келісімімен, ал хаттарды олардың авторы мен алысушысының келісімімен ғана жариялауға жол беріледі. Олардын қайсыбірі қайтыс болған жағдайда аталған құжаттар қайтыс болған адамнын артында қалған жұбайының және балаларының келісімімен жариялануы мүмкін
Құқық саласы, бұл - қоғамдық қатынастардың сапалы түрде біртекті тобын өзіне тиесілі ерекше құқықтық реттеу әдісі арқылы реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып келетін құқықтық жүйенің бір бөлігі. Сонымен әрбір құқық саласы өзгелерден айрықша нысанасымен және құқықтық реттеу әдісімен ерекшеленеді.
Құқықтық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық негіздері пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
Мемлекет, құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар туралы ақпарат
Құқық пәнін оқытудың бағдарламасы әдіс-тәсілдері және жетілдіру жолдары.
Құқық қорғау қызметінің қағидалары
Мамандықтың пәндер каталогы
Азаматтық сот ісін жүргізудің функционалдық әдістері
Англияның азаматтық құқығының негіздері
Құқықтық білім беруде адам құқығын оқыту мәселесі
Азаматтық - құқықтық жауапкершіліктің негіздері
Пәндер