Қылмыстық құқықтың түсінігі, пәні, жүйесі, міндеттері және қағидалары. Қылмыстық заң



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Қылмыстық құқықтың түсінігі, пәні, жүйесі, міндеттері және қағидалары. Қылмыстық заң.
Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қолсұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады. Оның біріншісі, қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы болып табылады. Ол қылмыс істеуге байланысты қылмыс жасаған адам мен (субъекті мен) мемлекет арасында пайда болады. Мұндай құқықтық қатынасқа қатысушылардың әрқайсысының өзіне тән құқықтары, міндеттері пайда болады. Субъект қылмыс істеуге байланысты қылмыстық жауапқа және жазаға тартылуға міндетті болса, екінші субъект әділ сот органдары (сот, тергеу, прокуратура) қылмыс істеген адамды сол міндетті орындауға күшпен міндеттейді. Сонымен, қылмыстық құқықтық қатынастарды реттейтін бұл функция орын алған қылмыс оқиғасына байланысты қылмыстық жауаптылықты және жазаны қолдану немесе қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату сияқты мәселелерді жүзеге асырады. Екіншіден, қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тыйым салынған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі.Яғни, қылмыстық заңның болуы және оны бұзған адамдарға қолданылатын жазаның қылмыстық құқықтық нормаларда көрініс алуы осы көрсетілген құқықтық функцияның толық жүзе-ге асырылуына мүмкіндік туғызады. Үшіншіден, қылмыстық құқық қылмыстық құқықтың нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат келтірілгенде олардың одан қорғануға байланысты қатынастарын ретке келтіреді. Мысалы, қажетті қорғану, мәжбүрлі қажеттілік немесе қылмыскерді ұстауда әрбір азамат заңда белгіленген тәртіппен қорғануға құқылы. Бұл мәселе тек қылмыстық құқықтық норма арқылы реттеледі.
Қылмыстық құқық -- қылмыстылықты және қоғамдық қатынастар жүйесіне қауіпті іс-әрекет үшін қолданылатын жазаны айқындайтын заң нормаларының жиынтығынан тұратын құқық саласы.

Қылмыстық құқық жүйесі
Жалпы бөлімде
Ерекше бөлімде
қылмыс пен жаза туралы ұғым;
қылмыстық заңның түсінігі;
міндеттері; қылмыстық жауаптылықтың негізі және одан босату;
қылмыс құрамының түсінігі;
қылмыстық заңның кеңістіктегі және мезгілдегі күші;
Іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін жоятын мән-жайлар туралы түсініктер;
қылмыс істеу сатылары туралы ұғым; қылмысқа бірге қатысу;
жазаның мақсаты және жүйелері;
жаза тағайындаудың немесе қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың мәселелері қарастырылады.
жалпы қылмыс құрамдары және оларды істегені үшін белгіленген жаза түрлері көрсетіледі.

Жалпы және Ерекше бөлім өзара тығыз байланысты, осы екі бөлімнің жиынтығы қылмыстық құқықты құрайды
Қылмыстық құқықтың міндеттері
Қылмыстық кодекстің 2-бабына сәйкес қылмыстық зандардың міндеттері болып:
Адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен занды мүдделерін, қоғамдық тәртіппен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Мамандықтың пәндер каталогы
Қылмыстық құқық міндеттері
Қылмыстық іс жүргізу құқығы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Қылмыстық құқықтың санаттары
Қылмыстарды алдын ала тергеу сатысы
Қылмыстық құқықтың түсінігі. .Қылмыстық құқықтың принциптері(қағидалары)
Мемлекет және құқық теориясының жалпы сипаттамасы
Мемлекет және құқық теориясы оқу құралы
Пәндер