Көлбай Төгісов



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Көлбай Төгісов (1879, бұрынғы Семей облысы, Зайсан уезі, Шорға болысы - 1919, Омбы) - қоғам қайраткері, журналист, драматург.
Найман тайпасының Қаракерей руының Байжігіт бөлімінен шыққан.[[1]] 1896 ж. Зайсандағы ауыл шаруашылық мектебін бітірген. Орыс тіліне жетік болғандықтан отарлық билік орындарының ұйғарымымен Зайсан уезінің бітімгерлік сотының тілмашы болып қызмет етті. Бірінші орыс революциясы тұсында Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, Ж.Ақпаев секілді қайраткерлермен бірге патша өкіметінің жүргізіп отырған отарлық саясатына қарсы шықты. Қарқаралы хұзырхатын әзірлеуге қатысты. 1906 ж. "Семипалатинский листок" газетінде патша өкіметінің қазақ халқына жасап жатқан қысымшылықтары жайлы мақалалар жариялады. Қазақ жеріне земство енгізу қажеттігін жақтады.[[2]]
1909 ж. патша өкіметінің ұйғарымына орай "халықты бүлікке үндеуші" ретінде тұтқынға алынып, 1912 жылға дейін түрмеде отырды. Абақтыдан босағаннан кейін Семей өңірінде үш жыл мерзім аралығында тұру құқығынан айрылып, Қапалға жер аударылды. Ол Қапалда жүріп, "Айқап" журналында қазақ халқы арасындағы халық ағарту ісінің ахуалы жайлы мақалаларын жариялады. "Мамания" мектебін ашқан азаматтармен және онда дәріс берушілермен тығыз қарым-қатынаста болды. 1915 ж. "Надандық құрбаны" атты пьеса жазды. Оның бұл пьесасы Уфа қаласында басылып шықты. 1916 ж. Ташкентке келіп, сонда "Алаш" газетін шығаруды қолға алды.
Ақпан революциясынан кейін жергілікті халықтың саяси белсенділігін арттыру бағытында өткізілген іс-шараларға қызу ат салысты. Ташкентте құрылған "Шура и-ислам" ұйымына мүше болып кіріп, Қазалыда осы ұйымның бөлімшесін ашуға қатысты. 1917 ж. мамырда Мәскеуде өткен бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне мүше болып сайланды. Осы жылы жазда Зайсан у-не оралып, онда қазақ еңбекшілерінің съезін өткізуді ұйымдастырды. М.Әйтпеновпен бірге Омбыда "Үш жүз" партиясын құруға басшылық етті. Осы партияның атынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. "Алаш" партиясына қарсы үгіт жүргізіп, кеңестік билікпен ымыраға келді. 1918 ж. 21 сәуірде В.И. Ленин мен И.В. Сталинге кеңестік билікті қолдайтындығы жөнінде жеделхат жолдады. 1919 ж. наурызда Омбыда А.В. Колчак үстемдігі орнаған кезде абақтыға жабылып, сонда қаза тапты.[[3]

Үш жүз партиясы -- Қазақстанда 1917 жылы қазан-қараша айларында дүниеге келген ұлттық-саяси ұйым. Үш жүз саяси ұйымындағы жетекшілік рольдерді бұрынғы қорғаушы адвокат, журналист және драматург Көлбай Төгісов, фельдшер және тілмаш Шаймерден Әлжанов, Әбілқайыр Досов, Ысқақ Көбеков, Мұқан Əйтпенов атқарды. ОК-тінің алғашқы төрағасы М.Әйтпенов, орынбасары К.Төгісов, хатшысы Ы.Көбеков болды. Орталық органы Үш жүз гәзеті, оған Төгісов редакторлық етті. Өзінің әлеуметтік тегі жағынан ұсақ буржуазияшыл демократтардың саяси ұйымы болды. Қазіргі уақытта көп тараған пікірге қарамастан, Үш жүз саяси ұйымы құрылған күнінен бастап социалисттік партия болған жоқ. 1917 жылы Мұқан Əйтпенов партия төрағасы болған кезде, партия өз гәзетінде русофобтық ойлар айтса, 1918 жылы Мұқан Əйтпенов қызметінен босатылып, орнына К.Төгісов тағайындалғаннан кеін Сталинмен тілдесудің нәтижесінде эсерлерді қолдап, олармен бірігуге ұмтылады.[[1]]Партияда әрдайым идеялық күрес жүрді. 1917 ж. қараша-желтоқсаны күрт тербеліс, шатасқан және қарама-қайшы шешімдер қабылдау кезеңі болды. Оның қызметі екі кезеңнен тұрады. Біріншісі-1917 жылғы қараша мен желтоқсан айын қамтитын ұйымдастыру кезеңі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Партия мүшелерінің әрекеті мен бағдарламасы
«Үш жүз» партиясының құрылуы
XXғ басындағы саяси партиялар, Алаш партиясы, "үш жүз" социалистік партиясы
Жаңа дәуірдегі ұлттық мемлекет. Ұлттық идея эволюциясы
Ілияс Жансүгіров прозасындағы образдық бейнелердің көркемдігі
Көлбай Тоғысовтың қызметі
Қазақ зиялылары туралы қысқаша түсініктеме
Қазақстанда уақытша үкімет органдары
Қазақ газетін зерттеушілер
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы ұлттық-демократиялық, реформаторлық қозғалыстар
Пәндер