Семей өңіріндегі алғаш ашылған жәрмеңкелер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Семей қаласы "Семей" Медициналық колледжі" мекемесі

Баяндама

Тақырыбы:Семей өңіріндегі алғаш ашылған жәрмеңкелер

Орындаған:Ашимова А.М.
Тексерген:Аманова Ж.К.
Топ:2леч.А.

Семей қаласы
2019-2020 оқу жылы.
Тақырыптың өзектілігі:
Біздің рухани, мәдени қазынамыздың қасиетті Тайқазандай тасытқан көне қаланың бірі-Семей. Семей өңірі ХІХ ғасырдың ортасына таман сауда орталығы ретінде атқарған қызметі, маңызы болды. Көпестердің саны артты. ХІХ ғасырдың ІІ-жартысынан бастап қазақ өлкесіндегі сауда-саттықтың ел аралайтын, жәрмеңкелік түрі пайда болды. Жәрмеңкелік сауда мал өсірушілер мен отырықшы диқандардың екі арасында делдалдық сипат алды. Сауданың бұл түрі мал сатушы қазақтарға өте тиімді болды.
Тақырыптың маңыздылығы:
Зерттеу жұмысының өзегіне айналып отырған мәселе бойынша кеңінен пайдаланылған архивтік және құжаттық негізінде жасалынғандықтан, Семей өңірінің тарихын, сауда-саттықтың дамуы және жәрмеңкелердің құрылу алғышарттары жайлы маңызды мағлұматтар бере алады.
Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты:
* Семей өңіріндегі алғаш ашылған жәрмеңкелердің тарихи құрылуына талдау жасау зерттеу жұмысының басты мақсаты болып табылады.
* Ғылыми-зерттеу жұмысының міндеттері:
* Семей өңіріндегі жәрмеңкелік сауданың қалыптасу мен дамуын жан-жақты зерттеп, толық мағлұматтар беру.
* Жәрмеңкелер жайлы құжаттар мен деректерді саралап, сауда-саттыққ саласында қызметінде талдау жасау.
* Семей қаласының сауда орталығы ретінде атқарған қызметі мен маңызының ерекшеліктерін анықтау
Хронологиялық-географиялық ауқымы:
XVIII ғасырдың аяғы-ХХ ғасырдың басы. Семей облысы, яғни Өскемен, Қарқаралы, Павлодар, Зайсан, Семей уездері
Дерек көздері:
Зерттеу жұмысының барысында Семей қаласындағы өлкетану мұражайындағы және қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталғындағы дерек көздері пайдаланылды.

Біздің рухани, мәдени қазынамыздың қасиетті Тайқазандай тасытқан көне қалалардың бірі-Семей. Семей өңірі ХІХ ғасырдың ортасына таман сауда орталығы ретінде атқарған қызметі, маңызы болды. Көпестердің саны да арта түсті. ХІХ ғасырдың ІІ-жартысынан бастап қазақ өлкесіндегі сауда-саттықтың ел аралайтын, жәрмеңкелік түрі пайда болды.
Жәрмеңкелік сауда мал өсірушілер мен отырықшы диқандардың екі арасында делдалдық сипат алды. Сауданың бұл түрі мал сатушы қазақтарға өте тиімді болды.
ХІХ ғасырдың І-жартысында Қазақстан Ресейдің Орта Азиямен сауда саттық жасауында аралық транзиттік маңыз алды. Орта Азия мен Қытайға баратын керуен жолдары Қазақстанның аумағын Орынбор, Троицк, Петропавл, Семей арқылы басып өтті. Орта Азиямен жүргізілетін сауда керуенінде жыл сайын 5,6 мың түйеге артылған жүк тасылды. Патша үкіметі Орта Азиядан мақта, жібек мата, елтірі және түрлі кілемдер алып тұрды.
Орта Азиямен сауда негізінен татарлар мен ортаазиялық көпестердің қолында болды. Егер бұрынғы кезде сауда-саттық тек қалаларда ғана жүргізіліп келген болса, енді ол қаладан тыс жерлерде ұйымдастырылды. Сауда айналымның көлемі әлдеқайда артты. Бірте-бірте уездік қалалардың өздері де ірі-ірі сауда орталықтарына айналды. ХІХ ғасырдың ІІ-жартысында қазақ өлкесінде сауда-саттықтың тұрақты және жәрмеңкелік түрі пайда болды.
Жәрмеңкелік сауда мал өсірушілер мен отырықты диқандардың екі арасында делдалдық сипат алды. Сауданың бұл түрі мал сатушы қазақтарға өте тиімді болды. Олар жәрмеңкеде өздерінің малдары мен мал өнімдерін көптеп айырбастай алды. Жәрмеңкелік сауданың кеңінен өріс алуына бірқатар себептер болды. Біріншеден, Қазақстанның негізгі өалқы көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтын кешті. Мұндай жағда йда олардың өз малдарын үлкен жәрмеңкелерде көптеп сатуы және егіншілікпен айналысатын отырықшы өалықтан азық-түлік өнімдерін молынан сатып алуы өте қолайлы болды. Екіншіден, қазақтың кең-байтақ даласындағы жол жүйесі нашар дамыған еді.
Қазақстандағы неғұрлым атақты жәрмеңкелер Қарқаралы уезіндегі Қоянды-Ботов, Семей уезіндегі Шар, Павлодардағы Тайыншакөл жәрмеңкелері болды.
1990 жылы қазақ өлкесінде 104 жәрмеңке бар еді. Олардағы сауданың жылдық айналымы 32,7 млн сомға жетті
Жәрмеңкелерге әкелінетін тауарлар 3 топқа бөлінетін. Қазақтардың тауарлары мал және мал өнімдері, тері-терсек, жүн-жұрқа, киіз, текемет сияқты заттар болды. Жәрмеңкелерге Ресейдің еуропалық бөлігінен киім-кешек, ағаштан жасалынған ыдыс-аяқтар, ұн, шай, білтелі шамдар, сабын, фарфордан және темірден жасалынған тұрмыстық бұйымдар жеткізілетін. Ал Орта Азия саудагерлері әртүрлі шапан, кілемдер, жібек және мақта мата кездемелерін, ер-тұрман әбзелдерін, сондай-ақ кептірілген жеміс-жидек өнімдерін сататын. Жәрмеңкелік сауданың дамуы, сатылатын малдың құрамы да өзгеріске ұшырады. Орыс көпестері бұрын көбіне жылқыға құмар еді, енді мүйізді ірі қара-сиыр малына деген сұранысын күшейтті. Ресей қалаларының сиыр етіне деген қажеттігі арта түсті. Мұның өзі сиыр түлігін көптеп өсіруге алып келді. Сиыр малын өсіретін негізгі аймақтар Семей, Торғай, Ақмола және Орал облыстары болды. Семей өңірінің басты тауары-мал болды. Мал айырбасы бойынша Семей өңірінде 1765-1774 жылдары аралығында 2,4 есеге өсті, малдан басқа мал өнімдері киіз, қой жүні, мал терісі, пима, түйе жүні жәрмеңкеге шығарылды. Қазақтар сыртқы саудаға негізінен жылқы, ірі қара,қой малдарын шығарды және мал өнімдері. Қытайлықтар әртүрлі бұйымдар ыдыс, барқыт, қытай бұлдарын саудалайды. Семейдегі 1756 жылы ашылған айырбас сауда алаңында қайсақтар сияқты ташкенттіктер бұқаралықтар өз керуендерімен келіп әртүрлі тауарларымен сауда жасайды. Сонымен қатар мұнда орыс көпестерінен 1783 жылы 599 рубль, 1784 жылы 840 рубль салық жиналды. 1783 жылы Семей қаласына бұқаралықтар, ташкенттіктер, қашқаралықтар әртүрлі жібек маталарын әкелді. Ташкент темекісі, өрік, алма, аң терілері, барыс, қасқыр, түлкі т.б. аңдар түрлері саудаға түседі.
Қазақстандағы сауда-саттық ХІХ ғасырдың ортасына дейін Орта Азияның көпестерінің, кейіннен орыс көпестерінің қолында болды.
Міне, осы келтірілген дәлелдер арқылы Семей қаласының сыртқы сауда қызметінің маңызды болғандығын көрсетеді. Семей қаласы орыс елінің қазақ даласымен, Орта Азиямен, Батыс Қытаймен саяси, экономикалық, мәдени байланыс қатынастарының өзекті орталық қаласына айналды. Семей облысына қарасты уездерде жәрмеңкелік сауданың маңызы арта түсті.
Семей сауда-саттықтың ірі орталығы болды. Бұл туралы Омбы қаласында көлемді архив томдары бар. Семей қаласының саудагерлері:
Плещеев, Арафьев, Мусиндер, Баймұратов, Каукенов т.б. болған. 1760 жылы Семейде азиялық көпестермен және шекаралық шептерге таяу көшіп-қонып жүрген қазақтармен сауда байланыстыратын ұлғайту үшін айырбас сауда сарайы салынды. 1778 жылы ол Ертістің оң жағалауына көшірілді. Семейде айырбас сарайының ашылуына тек орыс саудагерлері ғана ықпал еткен жоқ, айырбас сауданың дамуына Әбіл-Мәмбет ханның баласы Орта жүздің сұлтаны Әбілфайыз да ықыласты болды.
1762 жылы 21 қаңтарда Сұлтан Әбілфайыз император ІІІ Петрден Семей қамалында сауда-саттықпен айналысуға рұқсат сұрағаны жайлы жазылған мына дереккөзінде Всеподаннейше Вашего и.в. прошу всевысоччайше указать впредь, после всяких наших прощений и высочайшему двору Вашего величество, посылать и пересылку людей чинить в состоящую поблизости кочевания нашего Семипалатинскую крепость ... ...
Деректерге сүйенсе, 1795 жылы 9 сәуірде генерал-майор Я.Баувердің ІІ Екатеринаға Орта жүздегі сауда-саттық және оны өркендету жайлы жазған құжаттарға қарағанда, осы кезеңде Семейде сауда-саттықтың қарқынды жүріп жатқандығы көрінеді.
Семейдің сауда орталығы ретіндегі маңызы әсіресе 1804 жылдан бастап Батыс Қытаймен арадағы сауданың жандануына байланысты өсе түсті. Профессор Ж.Қ. Қасымбаевтың деректері бойынша 1891 жылы Шығыс Қазақстанда 14 жәрмеңке жұмыс істеген, олардың жалпы түсірген табысы 1736800 сомды құрады. Олардың ең ірісі Қоянды жәрмеңкесі болды.
1883 жылы Сибирская газета 47 санында Семейден хабар деген айдармен Семейде Сібір мен Орта Азия халқы бас қосып, сауда жасайтын тоғыз жолдың торабы болып, қайнаған өмірдің ортасы болды деп жазылған.
Сонау Бұхарадан өзбек көпестері келетін. Сібірден орыс көпестері құндыз терісін әкелетін. Шығыстағы Қытайдан әкелінетін жібек маталар мен фарфор ыдыстар осы Семей базарынан табылатын. Мал базарында мыңдаған қой-ешкі, қара мал мен жылқы табындарын саудаға салу үшін қазақтар сонау Қарқаралы, Ақсуат, Аягөз бен Ұржардан айдап әкелетін. Ыдыстары мен маталарын малға айырбастап ұзақ керуенмен Қашқар, Кашмир, Тибетке дейін сапар шегетін. Сол кездегі орыс саяхатшылары Семенов Тян-Шанский, Янушкевич, Паллас, Хоншин. Ш.Уалиханов Семей елі туралы мол естліктер, жылы лебіздер қалдырған.
Қазақстанның шығыс алтай өлкесі, яғни Ертіс бойындағы Семей өңірі ХІХ ғасырдың басында-ақ халықаралық сыртқы сауда өкілі ретінде шығаруға негізгі роль атқарды. Осы аймақтағы Ресей патшалығы тауарлары қазақ малымен оның өнімдері ХVІІІ ғасырдың басында Қытай сауда орындарына шығарылды.
Мысалы: Н.Г. Андреевтің жазуынша-Сауда қырғыз-қайсақтар мен шекаралас Қытайдың губерниялық қаласы Құлжа арқылы жүргізілді Құлжадан Ресей патшалығының шекараларына дейінгі қарауылдар-Қатонқарағай Ертіс өзені құятын ең шеткі Зайсан көлі Шұғышақ арқылы Ташкенттіктер Семей қаласымен сауда жасайды.
ХІХ ғасырдың І-жартысында Семей өңірінде өнеркәсіп орындары пайда бола бастады. Кең көлемде сауда орындарының, жәрмеңкелерлің ашылуы осы қалалардағы халық санының өсуіне де жағдай жасады, қалада сауда мәдениеті дамыды. Бұл туралы А.И. Левшин былай жазды Айырбас сауда жасау үшін олардың, яғни, қазақтардың келетін негізгі орыны Ресей шекарасындағы Семей, Өскемен, Петропавл, Омск қамалдары болды..
Міне, осылардың ішіндегі Семей қаласы уақыт өткен сайын аталған өңірлердегі негізгі сауда жүргізетін орындардың біріне айналды.
Мысалы: ХІХ ғасырдың І-жартысында Семей қаласы арқылы Орта Азия мемлекеттерінен сауда керуендері өткен. Міне, осылайша Семей қаласы Ресейдің Құлжа, Қашғармен сауда жасаудағы ірі орталығына айналды. Сонымен қатар Семейден Қытай қалалары Шұғышақ пен Қоқанд сауда керуендері өтетін болды. Бұл елдерден әкелінетін тауарлар түрлері де көбейді. Осы тауарларды сату үшін де өңірімізде жәрмеңкелердің құрылуына бірден-бір себепкері болуына жағдай туғызды.
1876 жылы 3 желтоқсанда Семей облысының әскери губернаторы В.Полтарацкийдің Батыс Сібір губернаторына Шар өзені бойындағы жәрмеңкенің ашылуы туралы жазған құжатында: В виду успешного развития торговли скотом у Куяндинского пикета в Каркаралинском уезде, послужившей основанием существующей ныне Ботовской ярмарки, некоторые семипалатинские и иногородные торговцы несколько лет тому назад сделали попытку завести подобную же торговлю Семипалатинском ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХІХ ғасырдың екінші шерігінде крепостнойлық правоның әсеріне қарамастан
ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ САУДА
Сауданың сипаты
Орта Азиямен керуен саудасы
Сауда және қалалар
ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОҢҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЛАЛАРЫ МЕН ҚОНЫСТАРЫ
Қазақстандағы 1867-1868 жылдардағы реформа
XIX ғ. екінші жартысы – XX ғ. басындағы Батыс Қазақстандағы жәрмеңкелер: тарихи талдау (1867-1917 жж.)
ХIX ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басындағы Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі сауда жүйесінің дамуы
1920-1930 жж. Ашаршылықтың себептері
Пәндер