Жердің өткен физикалық-географиялық жағдайы. Геология геоморфология негіздерімен


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Жаратылыстану-география институты

География-тарих кафедрасы 6В01516

География-тарих 2 курс

БӨЖ 1. Жердің өткен физикалық-географиялық жағдайы

Геология геоморфология негіздерімен

ОРЫНДАҒАН:ЕСЕНГЕЛДІ Ж. Б

ҚАБЫЛДАҒАН:БОРАНКУЛОВА Д. М

АЛМАТЫ, 2021

Жердің өткен физикалық-географиялық жағдайы

Жердің геологиялық дамуының осы кезеңінде әр түрлі маңызды оқиғалар болды. Орасан қарқынды магмалық әрекеттер заманы жанартаулық және магмалық қарқындылықтың әлсіз біліну кезеңімен ауысып отырды. Күшейтілген магматизм заманы тектоникалық қарқындылықтың жоғары көрсеткішімен, жер қыртысының континенттік блоктарының біршама горизонталды ығысуымен, қатпарлы деформациялар, айырылымды бұзылулар мен олардың жекелеген көрініс беруімен, блоктардың тік бағыттағы қозғалысымен сипатталды. Ал, біршама тыныштық геологиялық кезеңде жер беті бедері тегістелуге ұшырады.

Біздің ғаламшарымыздың даму тарихы туралы біршама мәліметтер сақталған ежелгі тау жыныстары мен минералдар арқылы қарастырылады. Жердің дамуының алғашқы заманында аккреция заттарының нәтижесінде газ шаңды тұманнан Күн жүйесі қалыптасты. Қазіргі таңда Жердің даму тарихы геологиялық кезеңге дейінгі немесе ғарыштық және геологиялық даму сатысы болып екіге ажыратылады.

Геологиялық кезеңге дейінгі уақыт. Жердің алғашқы планета болып қалыптасуынан бастап Жер қыртыстарының құралуына дейінгі аралықты қамтиды. Оның тарихын геологиялық әдістер арқылы зерттеп білу мүмкін емес. Жердің ғарыштық дене ретінде пайда болуы туралы ғылыми түсінік Күн жүйесіне кіретін басқа ғаламшарлардың жаратылысы жөніндегі көзқарастар негізінде қалыптасады. Бұл кезеңнің негізгі мазмұны ең алғашқы протопланеталық заттардың белгілі геосфераларға жіктеліп литосфера, атмосфера және гидросфера қабаттарының құралуымен сипатталады. Жер қыртысының қазіргі таңдағы күрделі құрамы, бедер пішіндері өзінің даму тарихында орасан көп геологиялық процесстерге (эндогендік, экзогендік, седиментациялық, тектоникалық т. б. ) ұшырағанының айғағы екені сөзсіз. Сонымен, геологиялық уақытты анықтау дегеніміз - Жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының жасын, не болмаса түзілген уақытын анықтау. Геологиялық уақытты анықтағанда салыстырмалы және абсолюттік жыл есептеу (геохронология) әдістері пайдаланылады. 3, 8-4, 0 млрд жыл бұрын Жердің шынай геологиялық өмірі басталады.

Қазіргі геохронологиялық шкала 2000 жылы Бразилияда (Рио-Де-Жанейро қаласында) өткен 31-ші халықаралық геологиялық конгресте қабылданған. Бұған дейін 1993 жылы қабылданған шкала қолданылып келді. Бұлардың айырмашылығы, 1993 жылғы шкалада акротема деген бірліктің болуы еді. Кейін бұл бірлік алынып тасталды да, архей және протерозой эралары эонға ауыстырылды, осыған байланысты Жер тарихындағы эон саны беске жетті. Олар мыналар: KZ - кайнозой, MZ - мезозой, PZ - палеозой, PR - протерозой, AR - архей.

Жерде алғашында ірі континенттер бірден қалыптаспаған, себебі, жер қыртысында геологиялық белсенділіктің біртіндеп артуы мүмкін еді.

Шамамен 3, 6 млрд жыл бұрын Жердің барлық континеттері бірігіп Вальбара суперконтиненті пайда болды. Геохронологиялық және палеомагниттік зерттеулер арқылы архейлік кратондарды - протоконтиненттер деп бөлді. Мәселен, кратондық Каапваль (ОАР) және кратондық Пилбара ( Пилбара ауданы, Батыс Аустралия) . Қосымша мәліметтерде осы екі кратонның шегінде жасыл тасты белдеулер мен гнейсті белдеулер кезектесіп кездеседі. Қазіргі кезде осы архейдің жасыл тасты белдеулері Канада Жоғарғы кратоны мен ежелгі континенттер Гондвана және Лавразия ежелгі кратондарының шекарасына сәйкес келеді.

Жердің тарихында бірінші рет шамамен 2, 8 млрд бұрын ежелгі суперконтинент бөлшектене бастады. Геохронологиялық және палеомагниттік зерттеу мәліметтері бойынша шамамен 2, 8 млрд жыл бұрын Каапваль және Пилбара кратондарының көлденең бағытта бөлшектенгендігі анықталған.

Жер бетінде шамамен 3, 8 млрд жыл бұрын алғашқы гранит, диорит және анортозит сияқты магмалық және метаморфтық тау жыныстары болғандығы анықталған. Мұндай тау жыныстары әртүрлі жерлерден: Гренландия аралы, Канада және Балтық қалқандарынан табылған. Соның ішінде Қанада қалқанының батысындағы Акаста гнейстері жер бетіндегі ең ежелгі жыныстар деп саналады, олардың абсолюттік жасы 3, 9 млрд жыл шамасында. Ал кейбір ғалымдар тау жыныстарының ең ежелгі жасын архейдің төменгі шекарасынан бастап қарастырады.

Бұдан 3 млрд жыл бұрын континенттік жер қыртысының қалыптасуының өте қарқынды кезеңі басталды. 500 млн жыл ішінде континенттік жер қыртысының 70 %-ы қалыптасты. Бірақта, ғалымдардың көпшілігі қазіргі континеттік жер қыртысының архейде 5-40 %-ы ғана қалыптасты деп санайды. Қазіргі материктер аса үлкен көлемде бірнеше километрлік тереңдікке дейін қабатты жыныстардан құралған. Оларда кейбір бөліктерінде үлкенді-кішілі магмалық жыныстар кіріккен, олар кейде қабаттарды тесіп шығып, олардың бетіне жайылған.

Орасан қарқынды магмалық әрекеттер заманы жанартаулық және магмалық қарқындылықтар біртіндеп оның әлсіз біліну кезеңімен ауысты.

Жер ғаламшарының геологиялық тарихы бойынша мынадай қорытынды жасауға болады : Жер ғаламшары қалыптасуының алғашқы кезеңінің палеогеографиясы түгелімен Архей эрасы туралы мәліметтерді қарастырған. Архей эрасының 213 ұзақтығы шамамен 1, 5 млрд жылдан аса уақытты алады. Архей қазіргі кезеңде төртке бөлінеді: эоархей, палеоархей, мезоархей және неоархей.

Архей эрасының жыныстарында сол кездегі Жердің дамуының тарихи оқиғаларының іздері толық сақталмаған. Архейдегі тау жыныстары өте күрделі түрде қатпарланған. Жердің гидросфера қабатының негізі қалыптасып, атмосфераның құрамында оттегі мүлдем болмаған. Архейде материктік жер қыртысы қалыптаса бастап, магмалық процестер күшейді. Қуатты жанартау атқылаулары болды. Тіршіліктің алғашқы иелері - бактериялар пайда болды. Архейде темір кені, құрылыс материалдары кең таралды. Архей эрасының жыныстарында сол кездегі Жердің дамуының тарихи оқиғаларының іздері толық сақталмаған. Архейдегі тау жыныстары өте күрделі түрде қатпарланған.

Протерозой палеогеографиясы протерозой эрасындағы аса маңызды оқиғаларды қарастырады. Алғашқы протерозойда протоплатформалар мен протогеосинклинальдар қалыптасқан. қарқынды қозғалысының әсерінен протоплатформалар бірігіп, Пангей І континентінің жер қыртысы қалыптасқан. Органикалық дүние кең түрде дамып, цианофиттер және эукариоттық жасушалар пайда болған. Атмосфера мен гидросферада оттегі пайда бола бастаған. Соңғы протерозойда геосинклинальды белдеулердің белсенділігіне байланысты Пангей І континентінің жер қыртысы бөлшектене бастаған. Байкал қатпарлығы жүрді. Климат жылы болып, соңғы рифейдің екінші жартысында бірнеше мұздану кезеңдері жүрген. Рифейдің соңында көп жасушалы омыртқасыз организмдер пайда болып, вендте олар алуан түрлігімен ерекшеленген. Қаңқалы организмдер шыға бастаған. Протерозойда байкал қатпарлығы басталды. Қуатты жанартау атқылаулары болды. Ежелгі платформалар фундаменті қалыптасты. Бактериялар мен көк-жасыл балдырлар дамыды. Протерозойда темір кені, слюда, графит мол қоры пайда бола бастады.

Палеозойдың палеогеографиясы Палеозой эрасының маңызды оқиғаларын қарастырады. Палеозой - фанерозой заманының ең алғашқы эрасы (62-сурет) .

Палеозой әртүрлі геологиялық процестер эрасы болып саналады. Алғашқы палеозойда континеттік жер қыртысы жеке материктерге бөлініп, олардың негізін ежелгі платформалар құрады. Палеозойдың соңында Пангей ІІ сурепконтиненті қалыптасты. Байкалдық қатпарлану аяқталып каледондық, герциндік тау жасалу процестері жүрді. Теңіз маржандары, трилобиттер, ірі қос мекенділер кең таралды. Өсімдіктер құрлыққа шықты. Папоротниктер мен плаундар қаулап өсті.

Кембрийде құрлықтың төмен түсуі байқалды. Үлкен батпақты алқаптар пайда болды. Теңіздік шөгінділер жиналды. Теңізде омыртқасыздар қарқынды дамыды. Алғашқы қаңқалылар (трилобиттер) пайда болды. Кембрийде фосфорит, боксит, марганец пен темірдің шөгінді кендері анықталды.

Ордовикте күшті жанартау атқылаулары болды. Құрлық ауданының артуына байланысты теңіз алаптары азайды. Омыртқасыз жануарлар көбейді, алғашқы омыртқалылар пайда болды. Ордовикте жанғыш тақтатас, фосфорит, темір, марганец кендері көптеп кездесті. (63-сурет) .

Силурда каледон қатпарлығы жүрді. Гондвана құрлығы қалыптасты. Теңіз деңгейі қарқынды көтерілді. Скандинавия мен Британ аралдарының таулары, Сарыарқа, Тянь-Шань, Алтай, Саян, Аппалач таулары көтеріле бастады. Құрлықта алғашқы өсімдіктер - псилофиттер пайда болды. Балықтар шықты. Силурда темір, мыс кендері, алтын, фосфорит, жанғыш тақтатас, гипс, тұз кендеріне бай.

Девонда каледон қатпарлығы жүрді. Теңіздер кері шегініп, құрлықта қызыл түсті континенттік шөгінділердің қалың қабаттары жиналды. Ыстық, құрғақ климат басым болды. Балықтар қарқынды дамыды. Тіршілік судан құрлыққа шығып, өркендеді. Қосмекенділер пайда болды. Ашық тұқымды өсімдіктер пайда болды. Девонда мұнай мен газ, калий және тас тұздары, мысты құмтастардың мол қоры пайда болды.

Таскөмірде құрлықтың төмен түсуі байқалды. Оңтүстік жарты шар материктерінде мұз басулар жүрді. Батпақты ойпаттар ауданы ұлғайды. Ыстық, ылғалды климат қалыптасты. Ашық тұқымдылар қаулап өсті. Ірі таскөмір алаптары қалыптасты. Алғашқы қылқан жапырақтылар пайда болды. Алғашқы бауырымен жорғалаушылардың өкілдері пайда болды. Қосмекенділер қарқынды дамыды. Таскөмір дәуірі таскөмір, шымтезек, мұнай және мыс, қалайы, вольфрам полиметалл кендеріне бай болды.

Пермьде герцин тау жасалуы аяқталып, Аппалач, Орта Еуропа, Орал, Тянь-Шань, Алтай таулары қалыптасты. Теңіз деңгейі төмендеп, климат құрғақшылығы артты. Ашық тұқымды өсімдіктер біртіндеп жойылды. Теңізде тіршілік күшті дамыды. Құрлықта қосмекенділер, қарапайым бауырымен жорғалаушылар және жәндіктер пайда болды. Пермьде калий және тас тұздары, мұнай мен газ, фосфориттер кең таралды.

Мезозой эрасында Пангея континенті бөлініп, мұхит табандары қалыптасты. Пангеяның бөлінуі Тынық мұхит пен Тетис теңіздерінің аумағын бұрынғысынан кішірейтті. Мезозой эрасында тектоникалық қозғалыстардың күшеюіне байланысты жер қыртысында тау жыныстарының қабаты өзгерістерге түсті. Қатпарлану бірнеше фазаларға жіктелді: ларамийлік - бор дәуірінің аяғы палеогеннің басында, соңғы киммерийлік - (невадийлік, верхояндық) соңғы юра дәуірінде, алғашқы киммерийлік - (үндісинийлік) триас дәуірінің аяқ кезін қамтыған (64-сурет) .

Атлант, Үнді, Солтүстік Мұзды мұхиттардың табандары қалыптасты. Каледондық және герциндік құрылымдардағы жас плиталар одан әрі көтерілді. Құстар пайда болды. Алып бауырымен жорғалаушылар кең таралды. Ашық тұқымды өсімдіктер қаулап өсті. Пайдалы қазбалардан магмалық және шөгінді жыныстар басым болды.

Бор дәуірінде байкал қатпарлығында қалыптасқан ежелгі таулардың көтерілуі байқалды. Алып бауырымен жорғалаушылар жойылды. Сүйекті балықтар мен тісті құстардың өкілдері таралды. Жоғары сатыдағы сүт қоректілердің өкілдері шыға бастады. Жабық тұқымды өсімдіктер пайда болды. Бор дәуірінде мұнай, бор, жанғыш тақтатас, көмір, фосфорит, алтын, мыс, қорғасын, қалайы кендерінің мол қоры түзілді

Юрада Тынық мұхиттық геосинклинальдық белдеудегі (Кордильер) және Тибетте тау жасалулар жүрді. Материктік жер қыртысында жарықтар пайда болды, магмалық жыныстардың жаппай енуі байқалды. Қазіргі мұхит табандары ашыла бастады. Ыстық ылғалды климат орнады. Алып бауырымен жорғалаушылар кеңінен таралды. Сүтқоректілер одан әрі дамыды. Ашық тұқымды өсімдіктер көбейе бастады. Юрада тас көмір, мұнай, фосфориттер, жанғыш тақтатастар көптеп жиналды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Геология пәнінің мақсаты мен міндеті.Гелогия пәнінің зерттеу әдістері мен зерттелу тарихы. ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Геоморфология пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Геоморфология оқу - әдістемелік кешен
Геодезия және оның міндеттері
Карта туралы тарихи деректер
Географиялык карта туралы жалпы мәліметтер
Картографиялық өнімдердің географиялық сипаттамалары
Қазақстан Республикасы геоморфология ғылымының негізін қалаушы профессор Мұқатай Жандайұлы Жандаевтың өмір жолы
Қолданбалы геодезия туралы жалпы түсінік.пландық инженерлік-геодезиялық торлар.пландық толықтыру торларын жобалау.триангуляция жобасының дәлдігін бағалау
Неотектоникалық қозғалыстарды зерттеу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz