Педагогикадағы əдіснамалық білім деңгейлері жəне өзіндік ерекшеліктері, оларды жете ұғыну



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
1. Педагогикадағы əдіснамалық білім деңгейлері жəне өзіндік
ерекшеліктері, оларды жете ұғыну.

Педагогика – адамзат қоғамының даму тарихымен бірге өмір сүріп, дамып
келе жатқан, адамдардың тәрбие, оқыту, білім беру деп аталатын саналы
әрекетін зерттейтін ғылым. Тәрбие, оқыту мен білім беру ісінде қоғам мен
оның мүшесі болып табылатын жеке адам өзара мүдделес, мұраттас. Әрбір ата-
ана дүние есігін енді ғана ашқан нәрестесін өзінің үлкен саналы ғұмырының
жалғасы, бүгінгіні ертеңге жалғастырушы деп біледі, ал қоғам, дәлірек
айтқанда, оның саяси реттеушісі саналатын мемлекет, сол жас адамның
тәрбиелі тағылымды, білімдар және парасатты азамат болып өсуін өзінің
қуаттылығының, мызғымас беріктігінің, өркениеттілігінің кепілі деп санайды.
Осы ортақ мүдде мақсат бірлігі, сан ғасырлық тәжірибе, бұл саладағы алғашқы
зерттеулер, тұжырымдар, қоғамдық құрылыстардың өзгеруі кезінде болмай
қоймайтын сан қырлы, алуан саналы жүйелілік өзгерістер педагогиканың биік
мәртебелі, іргелі ғылым ретінде қалыптасуына негіз қалады.

Педагогиканың әдіснамасы бұл педагогикалық теориялардың негіздері мен
құрылымы, білімдердің жүйесі, педагогикалық құбылыстармен үрдістерді
зерттеу амалдары және білім алу амалдарының түрлері туралы білімдер
жиынтығы.

Педагогика әдіснамасының деңгейлері: 1. Логикалық гносеологиялық; 2.
Ғылыми мазмұндық; 3. Дүниетанымдық; 4. Гносеологиялық.

Әдіснама үшке бөлінеді: Жалпы әдіснама; арнайы әдіснама; жеке әдіснама
Жалпы әдіснама қоршаған әлем құбылыстары мен соның жағдайында адамдарды
оқыту мен тәрбиелеуүрдісіне диалектикалық амал тұрғысынан келу. Жалпы
әдіснама әлем дамуының жалпы заңдары туралы сол ғылым зерттейтін феноменнің
алатын орнымен ролі туралы неғұрлым дұрыс және нақты көзқарасты қамтамасыз
етеді. Арнайы әдіснама адам психикасы мен санасының, оған педагогикалық
және тәрбиелік ықпалдың мүмкіндіктері туралы көзқарасты қарастырады. Арнайы
әдіснама немесе нақты ғылымдардың әдіснамасы ғылымға зерттеуші феноменінің
қызмет етуіне, дамуына, қалыптасуына қатысты өзінің заңдылықтарын
нақтылауға мүмкіндік береді. Жеке әдіснамаға мінезқұлықтық құбылыстармен
үрдістерді зерттеудің әдістері мен ұстанымдары және т.б. кіреді. Жеке
әдіснама түрлі құбылыстарды нақты ғылымда зерттеу әдістемесін, оны талдау
нысанын, пәнін, амал тәсілдерін және әдістерінің жиынтығын білдіреді.

Э.Г.Юдин пікірінше, әдіснамалық білімнің төрт деңгейі белгілі:
Философиялық деңгейге ғылымның категориялдық тізбегі мен танымның жалпы
ұстанымдары кіреді. Жалпы ғылыми деңгейге ғылымның көбінде қолданылатын
теориялық тұжырымдамалар жатады. Нақты ғылыми деңгей нақты пәнде
қолданылатын процедура, ұстаным, әдістердің жиынтығы. Технологиялық деңгей
зерттеу әдістемесі мен техникасы жатады.

Педагогикадағы әдіснамалық амалдар: 1. Тұлғаға бағдарланған амал 2.
Құзырлылық амал 3. Жүйелілік амал 4. Тұтастық амал және т.б.

Әдіснаманы меңгеру арқылы мұғалім оның принциптеріне сүйене отырып,
ойлауға үйренеді. Бұл оған педагогикалық үдерістің заңдылықтары мен
мақсаттарының, принциптері мен ережелерінің күрделі сипатын түсінуге
мүмкіндік береді. Ең бастысы, әдіснаманы тек ғылыми зерттеулерге қатысты
жүйе ретінде ғана қарамай, оның күнделікті оқыту, тәрбиелеу және дамыту
практикасындағы, тұтас білім беру үдерісін жетілдірудегі мәнін жете түсіне
білу қажет.

Педагогикалық зерттеулерді үшке бөлеміз:
Іргелі - Бұл нәтижесі қорытындылаушы тұжырымдамалар болатын
зерттеулер.Ол педагогиканың теориялық және практикалық жетістіктерін немесе
педагогикалық жүйелердің даму моделін жобалаушылық негізде ұсынады.
Қолданбалы - Педагогикалық үрдістің жекелеген қырларын терең зерттеуге
педагогикалық практиканың заңдылықтарын ашуға бағытталған зерттеулер.
Өңдемелі - Ғылымда белгілі болған қағидаларды ескеретін нақты ғылыми
практикалық ұсынылымдарды (рекомендация) негіздеуге бағытталған.

Кез келген ғылыми зерттеу белгілі әдіснамалық өлшемдерді анықтауды
білдіреді. Яғни, бұл зерттеу тақырыбы, нысаны, пәні, мақсаты, міндеттері,
ғылыми болжамы және ұсынылатын қағидалары. Ғылыми зерттеудің сапасын
бағалау өлшемі оның тақырыбының өзектілігі, ғылыми аппаратының дұрыс
анықталуы, ғылыми жаңалығы және теориялық және практикалық мәнділігі.
Ғылымдардың бәріне ортақ әдістермен қатар, қоғамдық ғылымдар саласындағы
педагогика ғылымын зерттейтін зерттеу әдістері бар.

2. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің əдістері.
Әрбір ғылым өзінің дербес әдіснамасын, зерттеу әдістерін жасайды.
Педагогиканың да өзіне тән ғылыми – зерттеу әдістері бар. Бұл әдістерді
зерттеуші әрбір педагогикалық құбылыстың ерекшеліктеріне сәйкес
қолданылады.
Тәрбие мен оқытудың нәтижесі тек қана мұғалімнің тиімді әдістері қолдана
білуі мен педагогикалық шеберлігіне байланысты емес, ол оқушылардың
қабілеттілігіне, жан – жақты да мұны және осы сияқты толып жатқан
факторларға байланысты. Басқа дәл ғылымдарға (физика, математика, химия)
қарағанда педагогикалық құбылыстарды зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар.
Мысалы, дәл ғылымдар бойынша экспериментті қайталап жүргізуге болады. Егер
бұрынғы жағдай ескеріліп, сол кезеңдегі материалдар пайдаланылса,
эксперименттің нәтижесі өзгермейді. Ал педагогика ғылымы бойынша
экспериментті қайталап жургізу тиімді нәтиже бермейді. Себебі,
педагогикалық зерттеудің объектісі — баланы тарбиелеу. Сондықтан
педагогикалық процесте және кейбір сыртқы факторлар (даму барысында
оқушыларда пайда болатын өзгерістер, әлеуметтік және микроортада кездесетін
түрлі жағдайлар және т. б.) әсер етеді. Міне, осы тұрғыдан қарағанда ғыдыми
педагогикалық зерттеу әдістері баланың денсаулығына яғни келтірмейтіндей
және оқу-тәрбие процесін жетілдіру бағытында қолданылуы қажет.
Педагогика ғылымында қолданылатын зерттеу әдістеріне бақылау, әңгіме,
мектеп құжаттары, оқушылардың жұмыстары, эксперимент және т.б. жатады.
Бақылау әдісі. Бұл педагогикалық мәселелерді зерттеуде жиі қолданылып
жүрген әдістердің бірі. Бақылау деп әдеттегі жағдайда педагогикалық
құбылыстарды қабылдау арқылы тануды айтады. Ғылыми бақылау арнайы жоспар
бойынша жүргізіледі. Жоспарда бақылаудың мақсаты мен міндеттері, обьектісі
(сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу тәжірибе учаскесіндегі
оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен техиикасы дұрыс көрсетілуі тиіс.
Ғылыми негізінде шығар-машылықпен жасалған жоспар зерттеу жұмысының
нәтнжелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми бақылау зерттелетін педагогикалық
құбылысты дұрыс және шын дәлдікпен жазып алуды талап етеді. Сондықтан
бақылаудың нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және
оның жоғары дәрежелі сауаттылығына байланысты.
Педагогикалық бақылау — бұл белгілі бір құбылысты ұзақ және жоспарлы
түрде зерттеудің таным әдісі. Зерттелетін тақырыптық мақсаты мен мазмұнына
қарап, бақылауды жаппай және жоспарлы түрде жүргізуге болады. Оқу-тәрбие
процесінде жалпы мәселелерді зерттеу үшін (сабақ үстіндегі оқушылардың
таным іс-әрекеті, оқушылар зейінін жандандыру, балалар ұжымының іс-әрекеті
және т. б.) жаппай бақылау әдісі пайдаланады. Жеке мәселелерді (кейбір
оқушылардың кітаппен, картамен істейтін жұмыстарын, жеке оқушының мінез-
құлқын бақылау) зерттеу үшін ішінара бақылау әдісі қолданылады. Бақылау
нәтижелері дұрыс шығу үшін түрлі формулаларды, кестелерді, фотосуреттерді,
схемаларды, әсіресе техникалық құралдарды, қиноға түсіру, магнитофонға жазу
және т. б. кеңінен пайдаланылады. Бақылау материалдары арнайы күнделікке,
хатнамаға жазылады.
Кейде педагогикалық бақылау материалдарын зерттеуші сауалнама
мәліметтерімен толықтырылады. Оқушылардың мектеп қызметкерлерінің, ата –
аналардың сұрақтарға берген жауаптары зерттеліп отырған проблемаға
қорытынды жасау үшін зор тірек.
Бақылау әдісі зерттеу жұмысының алғашқы кезеңдерінде қолданылады.
Бақылау әдісі арқылы педагогикалық құбылыстың процесі (оқушы санасында
болатын психикалық процесс) жайлы толық сенімді мәліметтерді алуға болады.
Бақылау әдісіне сүйеніп, оқушылардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогиканың әдістері мен әдіснамалары
Педагогиканың әдістемелік негіздері
Қазақ педагогикасының тарихы
VI-XVҒ.Ғ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙДЫҢ ДАМУЫ
Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық негіздері мен әдістері
Ғылыми педагогикалық зерттеу және оның әдістемесі мен принциптері
Педагогиканың əдiснамалық негiздерi
Педагогиканың əдіснамасы
Педагогикалық зерттеу ұстанымдары
Педагог зерттеушінің әдіснамалық мәдениеті
Пәндер