ШЕТ ТІЛІН ҚАШЫҚТЫҚТА ОҚЫТУДА ИНТЕРНЕТ - ПЛАТФОРМАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Дулатова Дина Курмангазыевна

Абай атындағы ҚазҰПУ

Филология және көптілді білім беру институты

«7М01703-Шетел тілі: екі шетел тілі» 2-курс магистранты

ШЕТ ТІЛІН ҚАШЫҚТЫҚТА ОҚЫТУДА ИНТЕРНЕТ-ПЛАТФОРМАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИНТЕРНЕТ-ПЛАТФОРМ В ДИСТАНЦИОННОМ ОБУЧЕНИИ ИНОСТРАННОМУ ЯЗЫКУ

USE OF INTERNET PLATFORMS IN DISTANCE LEARNING OF A FOREIGN LANGUAGE

Аннотация: Қашықтан оқыту - бұл белгілі бір қашықтықта оқыту, яғни оқытушы мен оқушы бір-бірінен кеңістікпен алшақтатылған және оқу үрдісінің барлығы немесе оның басым бөлігін қазіргі ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырады.

Аннотация: Дистанционное обучение - это обучение на определенном расстоянии, т. е. преподаватель и ученик пространственно удалены друг от друга и осуществляют весь или большую часть учебного процесса с использованием современных информационно-телекоммуникационных технологий.

Abstract: distance learning is learning at a certain distance, that is, the teacher and student are separated from each other by space, and all or most of the educational process is carried out using modern information and telecommunications technologies.

Түйін сөз: онлайн оқыту, оффлай оқыту, вебинар, платформа, интернет ресурстары, қашықтықтан оқыту, ақпараттық технология.

Ключевые слова: онлайн обучение, оффлайновое обучение, вебинар, платформа, интернет ресурсы, дистанционное обучение, информационные технологии.

Key words: online learning, offline learning, webinar, platform, Internet resources, distance learning, information technology.

Қашықтықтан оқыту - білім берудегі жаңа технологиялардың бірі. Осы ұғымға тоқталатын болсам, қашықтықтан оқыту - адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде, мамандардың негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Және де бұл оқушының өз бетінше білім алу принципіне негізделген білім беру үдерісі.

Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз - интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы.

Оффлайн режимдегі оқыту дегеніміз - интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы.

Вебинар дегеніміз - интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренинтер өткізу формасы.

Қазіргі қиын сәтте сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда мұғалімнің атқарар рөлі орасан. Оған әрі ауыр, әрі жауапты міндет жүгі жүктеледі: ол қысқа мерзімді оқу жоспарын дайындап, оны қашықтықтан білім беру жүйесімен астастырып бейімдейді, оқу үрдісінің барысын қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен бақылау-пысықтау жұмыстарын орындау жөнінде ұсыныстар береді. Бұл ретте қашықтықтан оқыту жүйесінің әдістерінде көрсетілгеніндей, көңіл-күй, психологиялық қарым-қатынас бой көрсетеді. Қашықтықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін педагог оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен іс жүргізу ісін орындау шарт.

Бүгінгі таңда ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне баса мән бермейінше, білім берудің ақпараттық технологияларын, дәлірек айтқанда, электрондық оқулық және бейнефильмдерді, басқа да электрондық басылымдарды қашықтықтан оқытудың спутниктік арнасы арқылы ендірмейінше, кез келген әлеуметтік-экономикалық саланың алға басуы мүмкін емес. Осы орайда қашықтықтан білім берудегі педагогке төмендегі кеңестерді ұсынамын:

1. Дайындалу.

Ең алдымен, сіз өзіңіздің және оқушыларыңыздың қашықтықтан оқытудың сыныптағыдай маңызды екендігіне көз жеткізуіңіз керек, бірақ сіздің араңызда қашықтық болады. Оқушылар материалды өз бетінше зерделеуге мұқият болулары керек, бақылау олардың онлайн тапсырмаларын бағалау арқылы жүзеге асырылады.

Оқушыларға материалды игеруге және тапсырмаларды орындауға арналған уақытты нақты анықтаңыз. Сізден басқа сіздің басқа әріптестеріңіз де онлайн режимінде жаттығулар жасайтындығын ұмытпаңыз, сондықтан балаларға оқу материалдарының көптігін жүктемеуге тырысыңыз.

2. Оқу платформасын таңдау.

Материалды игеру сапасы білім мазмұны бар платформаға байланысты. Әрине, сіз балалар үшін Интернет-жаттығулар мен оқуға арналған әртүрлі интернет-ресурстарға сілтемелер жасай аласыз. Сіз сонымен қатар ашық құжаттарды пайдаланып мәтіндер мен тест формаларын өзіңіз жасай аласыз. Алайда, жаңа материалды зерттей отырып, оқытуды неғұрлым жан-жақты жүзеге асыру, оны жинақтау және тестілеу бір парадигмада тек білім беру порталының көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін.

Сонымен қатар қашықтықтан оқыту нысанын таңдау керек. Егер сіз балаларды экранға жинай отырып, онлайн режимінде сабақ өткізгіңіз келсе, сіз онлайн-веб-жүйелерді немесе онлайн-журнал функциясын пайдаланып, жұмыс үстелін көрсетумен онлайн сабақтар өткізе аласыз (ұсынылатын оқу платформалары BilimLand; Kyndelik. Kz; Darin online) .

Егер сіз асинхронды оқу режимін таңдасаңыз, онда сіз және сіздің оқушыларыңыз ресурстармен еркін режимде жұмыс жасайтын болсаңыз, сіз онлайн сабақтармен сәйкес платформаны таңдауыңыз керек.

3. Кері байланыс.

Қашықтықтан оқыту кезінде оқушылармен байланыс ең маңызды болып табылады. Тапсырманың анық-қанығын, оқу материалдарына толық қолжетімділіктің болуын және т. б. үнемі бақылау қажет. Электрондық күнделікте топтық хабарламаларды қолдануды ұсынамыз. Сондай-ақ, сіздер осы мақсатта оқушылар арасында танымал болған мессенджерді (Whatsapp және т. б. ), тіпті әлеуметтік желілердің ресурстарын пайдалануға құқығыңыз бар.

Сабақ кестесін сақтау керектігін ұмытпаңыз, ал жаттығу басталған кезде барлық материалдар орналастырылып, балаларға жеткізілуі керек. Сізге тексеруге жіберілген ашық тапсырмалар мен материалдарды жаңа сабақ басталғанға дейін 3 сағаттан кешіктірмей бағалау керек екенін ұмытпаңыз, әйтпесе балалар қашықтық сабақтың ынтасы мен маңыздылығын жоғалтады.

4. Сабақ.

Қашықтықтан сабақ өзінің құрылымындағы (дидактикалық бөлім) күндізгі сабақпен бірдей болатындығын есте сақтау қажет, атап айтқанда:

а) Ұйымдастыру сәті және міндеттер мен мақсаттардың құрылымы - оқушыларға материалды игеру уақыты, сабақ кестесі және т. б. көрсетілген нақты тапсырмалармен анықталады.

ә) Үй тапсырмасын тексеру - оқушылардың жетістіктері мен сәтсіздіктеріне жалпы шолу, қиын сәттерді түсіндіру және т. б.

б) Білімнің өзектілігі - жаңа материалды - бейнероликтерді, оқу тапсырмасын оқуға деген ынтасын арттыру үшін түрлі әдістерді қолдану. Егер сіз бұл кезеңді сыныппен бір уақытта жұмыс түрінде өткізгіңіз келсе - бұл маңызды емес, сіз сұрақтардың жауабын талап етпей жай ғана жариялай аласыз, өйткені олар өздері баланы жаңа білім беру тапсырмасына дайындайды.

в) Жаңа білімді игеру - бұл жалпыға қолжетімді ресурстарға орналастырылған білім беру порталдарының немесе мұғалімнің әзірлемелерінің ресурстарын пайдалану. Алайда, материалды оқымас бұрын оқушылар олардан не талап етілетіндігін нақты білуі керек, оған не назар аудару керек, қандай білім және практикалық дағдылар тексерілетінін көрсету қажет; тұтастай алғанда, оқушыларға жаңа материалды өз бетінше зерттеу алдында міндеттер нақты қойылуы керек.

г) Сабақты түсіну мен қорытындылаудың алғашқы сынағы - бұл жаңа материалды зерделеу, білім мазмұнын тапсырмалармен, интерактивті модельдермен және өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтармен тікелей байланыстыру кезінде осы кезеңді жүзеге асырудың тамаша мүмкіндігі.

ғ) Сабақты меңгеру, жіберген қателерді талдау және түзету - тесттер, кіріккен интерактивті модельдер және жауаптарды жинау формаларын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Тапсырмаларды уақтылы тексеруді және оқушыларға олардың жетістіктері мен қателіктері туралы көпшілікке немесе жеке ақпарат беруді ұмытпаңыз.

д) Үй тапсырмасы және оны орындауға арналған нұсқаулық.

е) Рефлексия және кері байланыс.

Енді білім беру мазмұны туралы - жаңа материалды зерттеуді ұйымдастыратын материалдар туралы айтатын болсам, өзіңізді оқушының орнына қойыңыз және барлық мұғалімдердің онлайн-тренингке жаппай көшуі жағдайында оған қанша жұмыс түсетінін елестетіп көріңіз. Осыған байланысты сізден жұмыста пайдаланатын материалдардың сапасына сыни тұрғыдан қарауыңызды сұраймын:

1. Ұзақ оқудан (ұзақ мәтіндерден) аулақ болыңыз. Мәтіннен ең маңыздысын қалдырыңыз, егер баланың тақырыбы қызықтыратын болса, қосымша материалдардың болуы туралы ескертулер жасаңыз.

2. Мәтінді құрылымдау, мәтінді бөліктерге бөлу керек. Соңында қысқаша түйіндеме ұсынылады.

3. Инфографика бар мәтіндерді қолданыңыз - сызбалар және басқа визуализациялар материалды жақсы түсінуге және есте сақтауға мүмкіндік береді.

4. Тапсырмалар мен оқу блоктары көлемі мен күрделілігіне қарай теңестірілуі қажет.

5. Интерактивтілік.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қашықтықтан оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыру
Бұқаралық ақпарат құралдардың классификациясы
Қашықтықтан оқыту технологиялары
Биологияны оқытуда қолдануға тиімді интерактивті әдістер
Шетел тілін оқытуда веб - сайттардың қажеттілігі
Кездейсоқ шамаларды бөлу функциялары
Биология сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АКТ КУРСЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Пәнаралық байланыстар
Ағылшын тілін оқыту барысында оқушылардың аудармашылық дағдысын дамыту жолдарын анықтап ұсыну
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz