Монтессори әдісі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
1.Қай кезеңде болмасын балабақшада Монтессори әдісі еш уақытта орнын жоғалтқан емес.
Мақсаты: Балалардың қоршаған әлемге қызығушылығын туғызу және оны зерттеуге ұмтылдыру. Сауалдар қою және оларға жауап іздеп табу.
Қазіргі таңда балабақшада Монтессори технологиясына көптеп көңіл бөлініп,арнайы бөлме дайындалып жасақталуда.Монтессори технологиясын қолдану арқылы балалардың қол маторикасын дамытып,өз беттерінше жұмыстар атқарып,қиыншылықтарды жеңе білуге,еркін ойлауға тәрбиелейміз.
Итальян педагог-гуманисі (1870-1952). Әлемге әйгілі педагог өзінің тиімді практикалық ісін іс жүзінде асыруда балаларды еркін тәрбиелеу идеясымен ерекшеленеді. Алғаш рет өз жүйесін ақылы кеміс мектепке дейінгі жастағы балаларға қолдануды 1907 жылы бастады. Ол қиындығы бар кішкентай балаларға ересен еңбек сіңірмей-ақ білім мен дағдыларды сондай-ақ жоғары деңгейде меңгеретіні соншалықты, олар тіпті дені сау құрдастарымен теңесіп, кейде асып түсетін ерекше дамытатын ортаны жасай алады. Қазір М.Монтессоридің педагогикалық жүйесі- әлемнің көптеген елдерінде ең танымал жүйелердің бірі. Бұл жүйемен көптеген балабақшалар, дамыту орталықтары, тіпті, мектептер жұмыс атқарса, солардың қатарында Қазақстан Республикасы да бар.
Мақсаты:
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында М.Монтессори технологиясын енгізудің тиімділігі мен ерекшеліктерін көрсету.
Міндеттері:
* Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде М.Монтессори методикасының маңыздылығы
* М.Монтессоридің педагогикалық жүйесінің негізгі қағидалары
:: М.Монтессори әдістерінің мақсаты, қолданылу ерекшеліктері
:: М.Монтессори технологиясы бойынша дамытушы орталықтардың жабдықталу ережесі
:: М.Монтессори бойынша баланың өз еркімен өсуіне және шығармашыл тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін өсиеттері
:: Монтессори әдісінің негізгі ерекшелігі: Дәстүрлі балабақшаларда бала тұлғасына ерекшелікпен қарау, баланың жеке басын қайталанбайтын тұлға ретінде сыйлау, қоршаған ортаны танудағы өзіндік тәсілдері мен даму жоспарларымен ерекшеленеді.
:: Әдісінің негізгі идеясы: Баланың өзін алға талпынуға, дамуға жетелеу, ынталандыру, баланы психологиялық қажеттілігіне сәйкес нақты логикалық қисынды құра білетін, дайын ортаға орналастыру.
Күтілетін нәтиже:
:: 1.М.Монтессори технологиясының теориясын меңгереді, тәжірибеде жүзеге асыруға ықпал етеді;
:: 2. Монтессори- педагог баланың дамуына бағытталған заттық-кеңістік ортаны жасайды;
:: 3. Ата-анамен байланысты нығайтады;
:: 4. Баланың өздігінен еркін дамуға ықпал етеді;
:: 5. Педагог тәрбиешілердің жаңа технологияны меңгеру арқылы кәсіби құзіреттіліктері қалыптасады.
М Монтессори методикасын ерте жастан дамытудағы мақсаттары мен ерекшеліктері
- Баланың қоршаған ортаға өзінен-өзі бейімделуі болып табылады. Бала өзінің даму барысында қандай іс-әрекет жасаса да, ол өзі қол жеткізуі керек. Бұл ересектердің (ата-анасы, педагог т.б) бала өміріне қажеті жоқ деген сөз емес, олар балаға қажет кезінде көмекке келуші роль атқарады
-Баланы дұрыс қоршаған ортаға қалыптастыру
М.Монтессоридің көзқарасы бойынша балаға сәйкес қоршаған орта даярлау өте маңызды. Қарап отырсаңыз, барлық заттар: жиһаздар, киім, техника және т.б барлығы да ересектерге арналған, тек балаға емес. Сондықтан М.Монтессори балаға өзіне тән әлемі болуын ұсынады. Оларға ұнайтын ойыншықтар, кітапшалар, киім, ыдыстар, сүлгі, сабын, тіс щеткасы т.б. Ересектердің көмегінсіз өзі қолданатындай болуы керек.
-Баланы өз еркінен тыс жұмыс жасатуға, тіпті ойнатуға, қателігі үшін жазалауға болмайды. Балаға тапсырманы түсіндіргенде өте аз мөлшерде сөйлеуі керек, өйткені бала не жасау керектігін түсінетін жағдайда болады, ал артық сөз өзімен - өзі жұмыс жасауға кедергі келтіреді.
М.Монтессоридің педагогикалық жүйесінің негізгі қағидалары
- Антропологиялық - баланың рухани еркіндігіне құрметпен қарау;
-Бала дамуының еркіндігі - өздігінен ойлай алатын, өзін басқара алатын, жауапты жеке тұлға тәрбиелеу;
-Назарды шоғырландыру -"назардың поляризациясы" баланың өздігінен жұмыс жасауына кедергі келтірмеу;
-Арнайы дайындалған оқыту -"әлемге кілт",өзінің әлем жайлы хаостық ұғымдарын тәртіпке келтіруге және кұрастыруға үйренеді;
-Сензитивтілік - өзінің айналасы туралы толық ұғымды интуициялық сезінуі;
-Шектеу мен тәртіп - баланың тәртіпке деген сезімталдығы;
-Әлеуметтік тәрбиелеумен интеграция - аралас жастағы балалардың топ болып жұмыс жасауы.
Монтессори топтарында бала негізінен арнайы дайындалған қоршаған ортада жұмыс жасайды. Монтессори көрнекіліктердің көмегімен өз бетінше жұмыс жа-сауға үйренеді. Монтессори педагогикасының тағы бір ерекшелігі әртүр-лі жастағы балалар бір-біріне кедергі келтірмейді қайта бір-біріне көмектеседі.
Өзімнің жасауыма мүмкіндік бердейді мұндағы бала. Балаларға дауыстап сөйлеу бұл әдісте мүлдем жоқ. Балалардың жас ерекшеліктері әр түрлі, 3пен 6 жас бірге өз қалауларымен жұмыс жасайды. Бұл жастың қабілетін ашуға, үлкеннің кішіге мейірім, қамқорлығын сезінуге мүмкіндік берері сөзсіз. Қай салада жұмыс жасау бала қалауында: зертханада, жаратылыстану, аспан әлемі, асхана, қолөнер, бейнелеу, сумен, т. б. Еркін жұмыс жасау барысында жетістігін өзі көріп, қатесін де өзі жөндеуі - ішкі дүниесін тәртіпке баулып, жеке адамгершілік қасиеттерін дамытады Пайдаланған заттардың ең басында қалай тұрғанын бақылаған бала жұмыс аяғында тап солай жинастырып, тазартып қояды.
2. Баланың дамуын жетілдіру мақсатында арнайы дайындалған дамытушы ортамен жабдықталады. Бұл орта 5 аймаққа бөлінеді:
1. Күнделікті өмір жаттығулары
2. Сенсорлық аймақ
3. Космос аймағы
4. Математика
5. Тіл дамыту аймағы
Күнделікті өмір жаттығулары кішкентай балалар үшін ерекше маңызды.Күнделікті өмір жаттығулары аймағында бала өзіне және өз заттарына қарауға көмектесетін материалдар орналасқан.бала өзі киінуге (түйме, кнопка, сыдырма, жіпшелер, түйрегіштер, баулар, банттар, ілмектер сияқты заттар салынған рамкаларды пайдалана отырып) үйренеді; ұқыпты бір нәрсені құюға, төгуге, ыдыс жууға, айна сүртуге, киім-кешек жууға және шын үтікпен оны үтіктеуге, салаттар жасауға ( көкөністі тазалауға, кесуге, майдалауға) жаңғақ шағуғу, нан кесуге, тіпті аяқ киім тазалауға үйренеді.
Жаттығулардың негізгі мақсаты: баланы қоршаған ортаға деген жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.
Тәжірибелік жолмен іске асатын жаттығулардың түрлері:
1.Суды бір ыдыстан екінші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта М.Монтессори әдісін жүзеге асырудың педагогикалық шарттары (1 сынып оқушылары үшін)
Монтессори тобындағы шеңбер
МОНТЕССОРИ МАТЕРИАЛДАРЫМЕН ЖҰМЫСЖҮРГІЗУДІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Мария Монтессори технологиясы туралы мәлімет
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ МАРИИ МОНТЕССОРИ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Монтессори әдісін пайдаланудағы негізгі ойындаған сиияқты болу
М.Монтессори жүйесі бойынша балалардың өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру
Мектепке дейінгі мекемелерде Мария Монтессори әдістемесінің колданылуы
М.Монтессори педагогикасының жүйесі
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫНА АРНАЛҒАН М. МОНТЕССОРИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПАРАДИГМАСЫ
Пәндер