Өндіріс шығындарының есебі


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
МКҚК «Алматы мемлекеттік бизнес колледжі»
Алматы қаласы Білім басқармасы
ОҚУ ТӘЖІРИБЕСІ ТУРАЛЫ
ЕСЕП БЕРУ
Пән: «Қаржылық есеп»
Мамандық: 0518000 «Есеп және аудит»
Біліктілік: 051803 3 Экономист-бухгалтер
Тобы : 3 Есеп «А»
Студент: Алпысбай А. А.
Тәжірибе жетекшісі: Сериккулова А. Т
қолы
Бағасы
Алматы, 2021
Жоспары:
- Өндіріс шығындарының есебі және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы
- Дайын өнім және оны сату есебі.
- Қаржылық нәтиже және меншікті капитал есебі.
- Ұйымның есеп саясаты.
- Ұйымның қаржылық есеп беруі.
Өндіріс шығындарының есебі. Өндірістік есеп міндетіне қаржылық есептер жасау үшін тікелей өндірістік шығыстарды (өнімнің өзіндік құны) анықтау кіреді. Бухгалтерлік есептің мәліметтері көптеген сұрақтарды шешу үшін талап етіледі және бұл ақпаратты тіркеу мен жетіктеудің ықпалды жүйесін құру қажет. Бухгалтерлік ақпаратты жіктеудің көптеген сызбалары бар, олардың біреуін эталон деп бөлу мүмкін емес, өйткені жіктеу сызбасы ақпарат тағайындауына байланысты. Оңтайлы басқару шешімдерін қабылдау үшін ұйымның өндірістік қызметінің барлық кезеңдеріндегі шығыстарды білу қажет. асқару есебінде бухгалтерлік ақпаратгың қалыптасу қағидаттары үш бағытта қолданылады.
Бірінші бағыты - өндірістік есеп, негізгі мақсаты өнімнің (қызметтің, жұмыстың) өзіндік құнын анықтау үшін өндірісті шығындар және оны сатудан күтілетін табыс туралы есеп мәліметтерін алу болып табылады. Шығындардың тікелей және жанама болып бөлінуі, материалдардың қозғалысы мен олардың өндірісте қолдануының есебін ұйымдастыру, өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысын төлеу шығындарының есебі өндірістік үстеме шығындар есебі және олардың жеке өнім түрлерінің өзіндік құнына жатқызу тәртібі, сонымен қатар шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын кальқуляциялаудың жеке әдістерін қолдану - тапсырыстық, үрдіспе-үрдіс, қайта бөлу т. с. с - сұрақтар қарастырылады. Сонымен қатар, кешенді өндірістің жеке өнім түрлерінің өзіндік құнын калькуляциялау және кысқартылған (тұрақты шығындарсыз), және шығындарды толық тарату калькуляциясын қарастырады.
Шығыстарды талдау олардың тиімділігін анықтауға, олардың шектен тыс болу-болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаны дұрыс есептеуге, шығындарды реттеу мен бақылауға, өндірістің пайда мен тиімділігін жоспарлауға көмектеседі.
Сондықтан шығын басқару есебінің негізгі объектілерінің бірі болып табылады.
Шығындардың берілген пайда болу орнында барлық шығындар жинақталатын нұсқасы кезінде, шығындарга бақылау жүйесінде бюджетті-сметалық әдісті пайдалану шындыққа жакынырақ болады.
Экономикалық әдебиет пен тәжірибеде шығындардың пайда болу орны бойынша таңдалатын шығындардың құрамын топтастырудың екі тәсілі қарастырылады:
- кәсіпорынның қызметімен байланысты тікелей және жанама шығындар;
- өнімдердің барлық түрлері үшін жалпылама сипатқа ие болатын және жекелеген өнім түрлеріне тікелей жатқызбайтын кәсіпорында туындаған жанама шығындар. Тікелей шығындар өнімдердің жекелеген түрлері бойынша есептеледі.
Өндірістік есепті ұйымдастыру шығын есебінің объектісі болып не саналатынына байланысты кәсіпорынның белгілі бір топтасуын қарастырады. Мүндайда: шығындарды түрі, пайда болған жерлері, жауапкершілік орталықтары мен шығынды көтерушілер бойынша есептеу болуы мүмкін. Түрлер бойынша шығын есебі. Бұл шығынды қорытынды бақылау үшін қажетті шарт, ол кәсіпорынға өндірістік өнімнің өзіндік құн құрылымын - өзіндік құнның кейбір элементтерінің өндіріс шығындарының жалпы құнына проценттік ара қатынасын есептеуге, өзіндік құнды төмендету бойынша қолда бар резервтерді айқындауға мүмкіндік береді.
Өндіріске шығынды есептеу жүргізетін бағыт - өндіріске арналған шығындар есебін мақсатты түрде дербес есептеуді талап ететін қызмет аумағы. Тауардың өзіндік құнын калькуляциялау, яғни шын мәнісінде қайсыбір қызмет адамының пайдаланылған ресурстарды бағалау қажет деп ойлайтынның бәрі де өндіріске жұмсалған шығысты есептеу бағыттарының мысалы болып табылады.
Бұл есеп кәсіпорын басшылығына мыналарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тұтастай кәсіпорынның да, оның құрылымдык бөлімшелерінің де жұмысы тиімділігін ықпалды және жанжақты бақылау өнімнің өзіндік құнын калькуляцияда қажетті; өнімнің жекелеген түрлері арасындағы қосымша шығындарды бөлу.
Өндірістік есеп міндетіне қаржылық есептер жасау үшін тікелей өндірістік шығыстарды (өнімнің өзіндік құны) анықтау кіреді. Бухгалтерлік есептің мәліметтері көптеген сұрақтарды шешу үшін талап етіледі және бұл ақпаратты тіркеу мен жетіктеудің ықпалды жүйесін құру қажет.
Шығындарды жіктеу әр түрлі белгілер бойынша жүргізіледі: өндіріс процесіндегі экономикалық рөл (негізгі және қосымша) ; өнімнің өзіндік құнына кіргізу әдісі (тікелей және жанама) ; өндіріс көлеміне қатысты (өзгермелі және тұрақты) .
Өндіріс шығындарының басқару есебі кәсіпорынның негізгі мақсатын орындауға бейімделген басқарудың белгілі бір үлгісіне сәйкес өткен, осы және болашақ шығынды қолдануды талдаудан тұрады. Шығындар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды ғылыми негізделген жіктеудің мәні зор.
Өндіріс шыгындарын жіктеу
- негізгі
- қосымша
- тікелей
- жанама
- бірэлементтік
- кешенді
- өзгермелі
- тұрақты
- ағымдағы
- бір жолғы
- өндірістік
- әкімшілік
- коммерииялық
- өндірістік
- өндірістік емес
- реттелетін
- реттелмейтін
- жалпы
- орта
- өнімге
- кезеңге
Негізгілер - өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланыстылар: шикізат пен материалдар, қосалқы материалдар мен басқадай шығындар.
Қосымшалар - өндірісті ұйымдастыру мен оған қызмет етуге, оны басқаруға байланысты пайда болады.
Тікелейлер - өнімнің белгілі бір түрін өндіруге байланысты, оның өзіндік құнына тура және тікелей кіруі мүмкін (шикізат, негізгі материалдар, аударымдар (ақша аударулар) . Жеке бөлімшеге жатқызылуы мүмкін шығындар бөлімшенің шығындары деп аталады (автомеханиктің еңбекақысы - автосервис бөлімшесінің тікелей шығындары, автомобильді бояу цехында қолданылатын бояудың құны - тікелей бояу цехының шығындары) .
Жанамалар - өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей енгізілмейтін және жанама (шарты) түрде бөлінеді. Жеке бөлімшелерге жатқызылмайтын шығындар жанамалар (жарнамаға шығындар - субъектінің әрбір бөлімшесінің жанама шығындары) деп аталады.
Бірэлементтілер - бір элементтен тұратындар (еңбекақы, материалдар, ақша аударулар) .
Кешенділер - бірнеше элементтен тұратындар (құрамына тиісті риске құрамның еңбекақысы, аударымдар, материалдар, амортизация мен басқадай бірэлементті шығыстар кіретін цехтық шығыстар) .
Өзгермелілер - мөлшері өндіріс көлемінің өзгеруіне тура сайма-сай (пропорциональды) өзгеретіндер (өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы, технологиялық энергия, отын және т. б. ) және осы кезеңдегі өнім өндіруге сайма-сай бөлінеді.
Мысалы, егер өндіріс көлемі 10%-ға көбейсе, жалпы өзгермелі шығындар да 10%-ға ұлғаяды.
Өнімнің өзіндік құның калькуляциясы міндеттері мен маңызы Өнімнің, тауардың және қызметтің өзіндік құны деп өнімді дайындау немесе жұмысты орындау барысында тікелей пайдаланылатын негізгі қорлардың бүкіл ресурстарының, табиғи және өнеркәсіптік шикізаттың, материалдардың, жанар-май мен энергияның еңбектің шығындарының ақшалай формадағы көріністерін айтады. Өзіндік құнды калькуляциясын талдау міндеттері: 1. Шығын қозғалысын талдау және өзіндік құн мен өндіріс шығындары бойынша жоспардың негізделуін бағалау. 2. Өзіндік құн бойынша жоспардың орындалуының динамикасы мен дәрежесін анықтау. 3. Өзіндік құн динамикасының көрсеткіштеріне әсер еткен факторлардың анықтау, шынайы шығында жоспарланғаннан ауытқуының шамасы мен себептері. 4. Өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнын талдау. 5. Өнімнің өзіндік құнын әрі қарай төмендету резервтерін анықтау. Өнімнің өзіндік құнының құрылымы мен құрамы Кәсіпорындардағы өзіндік құнды жоспарлау және есепке алу шығындар элементтері және шығындардың калькуляциялық баптары бойынша жүргізіледіШығындар элементтері:
-материалдық шығындар;
-еңбекке ақы төлеу шығындары;
-әлеуметтік қажеттіліктерге төлемдер;
-негізгі қорлардың амортизациясы және басқа да шығындар.
Тікелей шығындар өнімнің белгілі бір түрлерін өндірумен байланысты (шикізат, материалдар, өндірістік жұмысшылардың жалақысы және т. б. ) . Олар калькуляцияның қандай-да бір объектіне тікелей жатады. Жанама шығындар өнімнің бірнеше түрлерін өндірумен байланысты және калькуляция объекттеріне сәйкес базаға (жұмысшылардың негізгі және қосымша жалақысына немесе бүкіл тікелей шығындарға, өндірістік алаңға және т. с. с. ) пропорционалды түрде үлестірілу арқылы жатқызылады. Жалпы шығындар - бұл өндіріске кеткен барлық шығындар және тұрақты, айнымалы шығындардан тұрады. Тұрақты шығындар - өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты өзгермейтін шығындар. Бұларға салықтар, жалға беру, төлемдер, сақтандыру, амортизация және т. б. Айнымалы шығындар - бұлар өнім көлемі өзгерсе бірге өзгеретін шығындар. Олар шикізатқа, жалақыға, энегияға, транпортқа, материалдарға кеткен шығындар.Дайын өнім және оны сату есебі.
Дайын өнім - барлық өндірістік процесттерден өткен пайдалануға дайын, стандарттарға және техникалаық талаптарға сай, тапсырыстармен қабылданған бастапқы құжаттармен рәсімделген өнім. Дайын өнім есебінің басты мақсаты - өнімді толық, дұрыс қабылдап алып, сақталынатын орынды қамтамасыз ету, келісім щарттар бойынша сатыпалушыларға жеткізіп беру. Өндірістен дайын өнім бастапқы құжат негізінде қоймаға тапсырылады.
Дайын өнім - негізгі және қосалқы цехтарының сатуға арналған өнімі.
Дайын өнімнің өндірісте жасалғаны, оның біртұтастығы, стандартпен немесе техникалық шарттарға сәйкестігі, техникалық бақылау (сынау) қызметінен өткендігі, паспорты, сертификаты (яғни сапасы) және басқадай құжаттармен куәландырғаны, қоймаға тапсырғаны, тапсырыс берушілердің қабылдап алғаны және басқа жайлары - міндетті түрде актімен рәсімделеді.
Дайын өнімді есептеу үшін 1320 «Дайын өнім» деп аталатын активті инвентарлық (мүліктік) шот пайдаланады. Дайын өнім кәсіпорынның айналым қаражатының құрамына кіреді және ол қаржылық есеп беруде нақты өзіндік құны бойынша көрініс табады.
Дайын өнімге сатылуға арналған өндірістік жұмыстар мен қызметтерді, сонымен қатар меншікті өндірістің жартылай фабрикаттардың құны апарылады.
Дайын өнім натуралды, шартпен (условно) - натуралды және құнды көрсеткіштермен бағаланады.
Натуралды - шығарылған өнімнің саны, көлемі, салғамы көрсетіледі.
Шартпен (условно) - натуралды біртүсті өнімдердің есебін қорытындылап көрсету (алу) үшін қолданылады. Өнімдердің санын коэффициент арқылы шартты салмаққа, сортқа, өлшемге қайта есептейді. Ал, құнды көрсеткіш өнімді сату (өткізу) кезде қолданылады. Дайын өнімнің өзіндік құннын барлық өндірістік процесс аяқталғаннан кейін шығарылған өнімнің көлемі анықталғаннан кейін анықталады.
Дайын өнімнің бухгалтерлік есебінің және оны сатудың негізгі міндеті болып табылады : өніммен болатын барлық операцияларды есепте көрсету және уақытында құжаттау, өнімді өндіру, сақтау, жылжу жоспарының орындалуын бақылау; босатылған тауарларды есептеу және босатылған тауарларды сатып алушылармен уақытында есептесуі; сату мақсатында дайын өнімдердің нормативтен жоғары қорын анықтау және басқалары.
Өнім есебі және оны сату өнімді өндіру және өткізуді басқару үшін қажет мәліметтерді уақытылы алуды қамтамасыз ететін мақсатты процесс.
Бұл есептің мақсаты сатып алушыларына қатысты кәсіпорын өзінің келісім-шарт міндеттемелерін және өнім өндірудің өндірістік бағдарламасын орындауды бақылау болып табылады. Сонымен қатар, есептің көмегімен кәсіпорынның қоймасындағы өнімдердің қолда бары, оның қабылданған қор нормасына сәйкестігі (құралдардың айналымын жеделдету үшін қажет), сату бөліміндегі тауарлардың көлемінің жеткіліктілігі, қомадағы және сатып алушыға жөнелтілген тауарлардың сақталуы бақыланады. Босатылу және сатылу операцияларының есебі сатып алушылар төлемдерінің уақытылы түсуін және сату барысында шығындар пайда болатын өткізу сферасындағы үнемдеу тәртібін қадағалау мақсатын көздейді.
Өндірісте өндірілген дайын өнім алдымен комиссиямен акт негізінде рассталады. Қоймадағы дайын өнім қозғалысының карточкасында, сандық-сомалық карточкада және жауапты тұлғаның есебінде жүргізіледі . Ол үшін алдымен кіріске алынған дайын өнімге номенклатуралық номер белгіленеді. Бастапқы құжаттар: шот фактура, накладной, төлем-талап тапсырма, тауар-көлік жүк құжаты, акт(қабылдау туралы), кіріс ордері, сенімхат, шығыс ордері, лимитік шектеулі картасы.
Өндірісте дайын өнім ассортиментінің көптігінен ұйымдарда олардың есебін рационалды ұйымдастыру мақсатымен біркелкі қасиеттері бойынша номенклатура құрастырылады. Әрбір дайын өнім атауына, сортына шартты сандық белгі беріледі - номенклатурлы нөмір, және ол кейіннен дайын өнімнің бар болуы мен қозғалысы жайлы құжаттардың барлығында қойылады.
Карточкадағы жазулар операция жасалған күні бірінші ретті кіріс-шығыс құжаттары арқылы жүргізіледі.
Дайын өнімді босату үшін бұйрық - жүкқұжаты жасалады, онда екі құжат біріктірілген: қоймаға берілетін бұйрықты және босату жүкқұжаты. Қоймада берілетін бұйрықты тиісті қызмет бөлімі сатып алушымен жасалған келісім шарттың негізінде, сатыпалушының атын, өнімнің көлемі мен түрлерін, жіберілу мерзімін көрсете отырып толтырады. Материалды жауапты тұлға әрбір бүйрық бойынша өнімдерді жинақтап, оларды босату үшін экспидиторға береді, «Жіберілді » деген графаға өнімнің саны көрсетіледі.
Құжатқа қызмет бөлімінің бастығы, қоймашы және экспидитор қол қояды. Бұйрық - жүкқұжатқа екі дана етіп жасалады: біріншісі экспидиторға беріледі, Ол тауарлы көліктік жүкқұжаты бойынша, сатып алушы қабылдап алатын стансаға дейін қанша сома тасмалдау құны төленгенін, қанша жүктің жіберілгенін, оның орнына санын көрсетеді; екінші жүктің жіберілгендігін растау үшіе қоймаға қалады, Осы құжат бойынша қойма есебінің карточкасында «Шығыс» графасында жөнелтілген жүктің мөлшері көрсетіліп, ол бухгалтерияға өткізіледі. Келесі күні экспидитор бұйрық-жүкқұжатын және көлік тасмалдау ұйымының түбіртегін, типтік формадағы және шот-фактураны сатып алушының атына жазып беру үшін ұйымның бухгалтериясына өткізеді.
Олар бұйрық - жүкқұжатынан басқа, теміржолдың, басқада тасымалдау мекемелернің стансадан жүкті жіберілгендігі туралы белгісі бар жүк тасмалдау құжаты немесе коносамент, жұмысы қабылдау актісі және басқа да тиісті құжаттар болуы мүмкін.
Жеткізушілерден түсетін немесе қайта өңдеуден келетін дайын өнімнің есебі үшін кіріс ордері қолданылады. Қоймаға түскен күнінде материалды жауапты тұлға бір данада кіріс ордерін жасайды.
Жеткізушінің берілген құжаттары бойынша сандық және сапалық сәйкессіздікте, сонымен қатар, дайын өнімді қабылдау кезінде, құжатсыз қабылданғанда қабылдау туралы акт қолданылады. Жеке кәсіпкермен немесе ұйым басқарушысының бұйрығымен тағайындалған комиссия, екі данада акт жасайды, міндетті түрде материалды жауапты тұлғаның және жіберушінің (жеткізуші) немесе басқа қатысты емес ұйымның адамының қатысуы қажет.
Дайын өнімді ұйым ішінде қозғалысына және оларды сыртқа шығару қозғалыс есебі үшін ішкі орын ауыстыру накладнойы қолданылады.
Дайын өнімді сыртқа шығару есебі үшін қорларды сыртқа шығару накладнойы қолданылады.
Дайын өнімді шығынға жазу актісі өнімнің бүлінген, сынған, құртылған, сонымен қатар дайындау немесе сақтау және өндіру процесінде жүрген өнімнің жетіспеген және жоғалтқан жағдайында, қорлардың есебін жүргізу үшін қолданылады. Рәсімделген акт жауапты тұлғаның есебінен шығарылғанда да негізгі құжат болып танылады. Комиссия мүшелерімен екі данада жасалады. Бірінші данасы бухгалтерияға жіберілсе, екінші данасы бөлімшеде қалады.
Негізгі өндіріс шығындарының талдау (аналитикалық) есебі №10 журнал-ордерге ашылатын №10 журнал-ордер мен №1, 2 ведомостарда жүргізіледі.
№10 журнал-ордерге ашылатын №1 ведомос (цехтарды бөліп көрсете отырып) өндіріс шығындарын есепке алуға арналған. Әрбір цех бойынша оның қызметіне қатысты бүкіл төте және үстеме шығындар көрсетіледі. Аталмыш шығыстар талдау (аналитикалық) есеп баптарында бөлек көрсетіледі. Әрбір айдың шығындары туралы жазулар әртүрлі бастапқы және жиынтық құжаттар, өзге журнал-ордерлер, шифрын ашушы - парақшалар негізінде корреспонденциялық шоттарда бөлек көрсетіледі. Кәсіпорын бойынша тұтастай, корреспонденциялық шоттарға бөле отырып өндіріс шығындарының жалпы сомасын есептеу №1 ведомостағы «Корреспонденциялық шоттар бойынша барлығы» кестесінде жүргізіледі. Негізгі өндіріс цехтарындағы өндіріс шығындары туралы жиынтық мәліметтер «Корреспонденциялық шоттар бойынша барлығы» кестесінен №10 журнал-ордердің бірінші бөліміне ауыстырылады. №10 журнал-ордерге тіркелетін №2 ведомосты пайда болған жері бойынша өндіріс шығыстарын топтастыруға, сондай-ақ дайын өнімдердің (жұмыс, қызмет) нақты өзіндік құнын анықтауға арналған.
Дайын өнім қозғалысы бухгалтерлік есепте :
1) кірістері - № 6 журнал-ордерлерінде,
2) шығыстары - №11 журнал-ордерлерінде жүргізіледі.
1010
1030
Қаржылық нәтиже және меншікті капитал есебі
Ұйымның қызметінің қаржылық нәтижесі - бұл есепті жылдағы кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі, табыстар мен шығыстар арасындағы айырмашылықты білдіреді. Қаржылық нәтижесін өлшеу элементі: табыс пен шығыс болып табылады.
Табыс - бұл есепті кезеңдегі активтердің өсуі, не міндеттемелердің азаюы; шығыс - бұл есептік кезеңде активтердің азаюы, не міндеттемелердің көбеюі. Бұл жерде иеленушілердің жарғылық капиталына салған салымы субъекттің табысы болып табылмайды, ал субъект иелеріне меншік капиталын таратып беру - шығыс болып танылады.
Шығыстар - өнімді өндіумен, жұмысты атқарумен, қызметті көрсетумен байланысты шығындар, негізгі және негізгі емес қызметтен шеккен зияндар және төтенше жағдайдан туындаған шығындар. Шығыстар, әдетте, шығыс нысанын қабылдайды немесе активтердің пайдалануын көрсетеді (ақша қаражаттары, материалдық қорлар, негізгі құралдар, т. б. ) . Зиян экономикалық олжаның азайғанын көрсетеді. Зиян өз табиғаты бойынша, шығыстан айтарлықтай ерекшеленбейді және ол жеке элемент болып та саналмайды.
Қаржылық есеп беруде шаруашылық жүргізуші субъект қызмет түріне (өндірісіне) қарап табыс пен шығысты бөліп көрсетуіне болады. Мысалға, өнеркәсіп өндірісі, делдалдық қызмет, ауыл шаруашылық қызметі бойынша және т. б., сондай-ақ табыс пен шығысты әдеттегі қызметі мен төтенше жағдайдан алатын табыстары немесе шығыстары бойынша бөлуі мүмкін.
Табыстар - бұл субъекттің негізгі және негізгі емес қызметінің нәтижесі. Негізгі қызметтен алатын табыстардың қатарына: өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан алынған табысы; сондай-ақ тауарлы-материалдық құндылықтардан, жалға беруден, инвестициялық қызметтерден түсетін табыстары жатады. Ал негізгі емес қызметтен түсетін табыстардың қатарына: негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, бағалы қағаздарды (акция бойынша табыс және пайыз түріндегі табыс) сатқаннан және бағамдық айырмадан түскен табыстары жатады.
Бухгалтерлік есептің біртіндеп халықаралық стандарттарына көшуі одан әрі нақты түсініктемелердің анықталуын талап етеді. Мысалы, қазақстандық стандарттарда ең маңызды түсініктердің бірі болмай тұр: пайда. Бірақ табыстың бірнеше түрлері бар, оларға мыналар жатады:
- өнімдерді (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыс;
- жалпы табыс;
- негізгі қызметтен түскен табыс;
- негізгі емес қызметтен түскен табыс;
- салық салынғанға дейінгі әдеттегі қызметінен алынған табысы;
- салық салынғаннан кейінгі әдеттегі қызметінен алынған табысы;
- төтенше жағдайдан алынған табысы;
- таза табыс;
- кәсіпорын қызметінің қорытынды қаржылық нәтижесі болатыны.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz