Сауат ашу үдерісі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

БАОӨЖ

Пән:Сауат ашу әдістемесі
Орындаған: Усерова Аружан Хамитқызы
Қабылдаған: Абуова А
Тақырыбы: Сауат ашу үдерісі

2021-2022 оқу жылы

Сауат ашу үдерісі
Жоспар:
1. Сауат ашудағы дамыта оқыту сабақтарының құрылымына талдау жасау.
2.Сауат ашу сабағына дайындық және жоспарлау.
3. Сауат ашу сабақтарын ұйымдастыру және оқушылардың өзіндік әрекетіне жетекшілік жасау
Қазақша сауат ашуға арналған оқулықтарды жазу мен жасау қазақтың тұңғыш ұлы педагогі Ы.Алтынсариннен басталды. Ол: Мектеп-қазақтарға білім берудің басты құралы. Біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осында, тек осы мектептерде ғана, - деп қазақ халқының өркендеуі мен дамуы сауат ашу арқылы білімге қол жеткізумен тікелей байланысты екенін атап айтты. Ол қазақ балаларына Қырғыз хрестоматиясы, Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы және Мактубатты жазды және бұл еңбектерінде балалардың сауатын ашуда сол кездегі дидактиканың соңғы жетістіктерін орынды қолданды . Ы.Алтынсарин еңбектерінде дамыта оқыту мәселесі тікелей айтылмаған. Дегенмен, дамыта оқытудың алғашқы қадамы сол кезден басталған. Себебі, ұлы ұстаз жеңілден ауырға, оңайдан қиынға ұстанымын қолданған.
Сауат ашу жүйесінде деңгейлеп дамыта оқытудың элементтері Ә.Садуақасовтың, Ғ.Бегалиевтің, М.Жұбанованың еңбектерінде кездеседі. Атап айтқанда, Ә.Садуақасовтың Сауат ашу методикасы атты еңбегі. Ғалым бұл еңбегінде бастауыш мектепте сауат ашу жұмыстарын жүргізудің амалдарын бөлек-бөлек қарастырды, дыбыстарды оңай-қиындығына қарай бөліп оқытуды ұсынды. Сауат ашу сабақтарының құрылымын толыққанды етіп көрсетіп берді. Еңбек төрт бөлімнен тұрады; бірінші тарауда: сауат ашу әдістемесінің негізгі талаптары мен ұстанымдары; екінші тарауда: сауат ашу әдістемесінің тарихынан мағлұмат; үшінші тарауда: талдау - жинақтау әдісіне негізделген сауат ашу жолдары, төртінші тарауда: талдау-жинақтау әдісіне негізделген сауат ашу жұмысының сатылары мен сабақтары берілген.
Ол сауат ашу жұмыстарына қойылатын талаптарды топтастырып, мынадай ұстанымдар ұсынды:
- Оқуды әдетте сөйлеуден бір мағыналы өздерді талдаудан басталу керек. Сөзді оқуды жазудан бастасақ, оқушылар алма деген сөзді аылмыа деп оқиды. Бұлай болмас үшін алдымен сөзді ауызша айтып жаттатқызу керек, онан соң, ол алма деген сөзді буынға, буынды дыбысқа айыру керек, мұнан кейін сол сөзді жаздырту немесе кеспе әріптер арқылы құрату керек.
Сабақты жоспарлау - нақты оқу уақыты барысында оқытушы мен оқушы әрекеттесулерін құрастыру. Негізі оқытушының оқу-тәрбие іс-әрекетінің және оқушылардың оқу материалының мазмұнын меңгеруі, дамуы және тәрбиеленуі бойынша оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің мақсаттары, міндеттері, принциптері, әдістері және мазмұны болып табылады. Сабақ жоспары конспект түрінде жүзеге асады. Сабақ конспектісінің құрамына тақырыптың аты, сабақтың міндеттері, кезеңдері, құрал-жабдықтар, әрбір кезеңдегі оқушыларға арналған тапсырмалар, тапсырмаларды орындау алгоритмдері, мұғалім сөзінің үзінділері немесе жаңа материалдың толық мәтіні енеді. Жоспар-конспект:
- тақырып
- сабақтың міндеттері
- сабақ кезендері
- оқушыларға арналған тапсырмалар.
Оқулық материалдарын оқуоқыту төмендегі жұмыс түрлері арқылы жүзеге асырылады(практикалық түрде):
1) бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, бүкіл сыныппен);
2) жеке және бірлескен ізденіс пен зерттеу жұмыстары;
3) жағдаяттық және рөлдік ойындар;
4) дереккөздермен жұмыс жасау (кітап, интернет, құжаттар, мұражай);
5) шығармашылық жұмыстар.
Сауат ашу сабақтарында интербелсенді әдістерді қолдану бастауыш сынып оқушыларының мүмкіндіктерін ашып, қызығушылықтарын арттырады, белсенділіктерін дамытады. Интербелсенді әдістер арқылы оқушылар сабақ үстінде еркіндікте болып, бір-бірімен тығыз танымдық, қатысымдық байланысқа түседі және осы арқылы бір-бірін үйретеді. Интербелсенді сөзінің өзі (латынша interaction - интеракция, яғни өзара әсер ету) өзара әсер ету дегенді білдіреді. Бастауыш оқыту үдерісінде қолданылатын интерактивті әдістер оқушылардың сабақта белсенді
іс-әрекеттер жасап, оқу материалын өзара бірлесіп шешуіне мүмкіндік жасайды.
Интербелсенді әдістер арқылы өтілетін сауат ашу сабақтарында оқушылардың белсенділігін қимыл, әлеуметтік, танымдық, қатысымдық тұрғыдан арттыру көзделеді. Бастауыш сынып оқушыларының қимыл, әлеуметтік, танымдық, қатысымдық белсенділіктерін арттыру жолдарын төмендегіше жүйелеп көрсетуге болады:
1) оқушылардың қимыл белсенділігін арттыру жолдары: оқушының түсінбеген жерінен орнынан тұрып, екінші оқушыдан еркін сұрауы; жақсы оқитын оқушының өз тобындағы нашар оқитын оқушыға үйретуі; оқушылардың өз топтарында тапсырма бойынша бір-бірімен сөйлесіп,
ақылдасып отыруы; олардың тапсырманы орындап болғаннан кейін өзара тексерісуі;
2) оқушылардың әлеуметтік белсенділігін арттыру жолдары: олардың өзара оқушы-оқушы не мұғалім-оқушы, оқушы-мұғалім түрінде бір-біріне сұрақтар беруі; сабақта өзара пікірлесіп отыруы; қарсы топ оқушыларының қиын сұрақтарға жауап беру еркіндігінің болуы;
3) оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары: олардың қарсы топтың пікіріне өзіндік көзқарасын білдіруі; келіспеген жағдайда өзінің көзқарасын дәлелдеуі; өз тобындағы
жолдастарының сөзіне қосылатындығы жөнінде өз пікірін білдіруі;
4) оқушылардың қатысымдық белсенділігін арттыру жолдары: сабақ барысында оқушылардың бір-бірімен еркін тілдік қатынаста болуы; жауаптарын бірге жоспарлауы; сөйлейтін сөздерін нақты әрі қысқа жеткізуі; айтар ойларын әсерлі бере білуі; сөйлеушінің жаргон, диалект сөздерден таза болуы. Интербелсенді әдістер қолданылған сабақтарда сыныпты екі немесе үш, төрт ұялы топтарға бөліп, барлығына бірдей бір тапсырма не әр ұялы топқа бөлек-бөлек тапсырма беруге болады.
Оқыту тәжірибесінің барысы пікірталасқа негізделген және оқыту үдерісінде қолданылатын дидактикалық ойындар сияқты интербелсенді әдістерді пайдалану тиімді екенін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әріптерден сөз жасау
Бастауыш сыныптарда сауат ашу жүйесінде деңгейлеп оқытуды жетілдіру әдістемесін теориялық жағынан негіздеу
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ САУАТ АШУ ЭЛЕМЕНТТЕРІНЕ ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Сөздерден сөйлем құрау
Сауат ашу оқу бағдарламасына талдау
Сауат ашу жүйесінде деңгейлеп дамыта оқытудың теориялық негіздері
Сауат ашу кезеңінің ақыл, сезім және ерік процесінің дамуына әсері
Бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетінің теориялық негіздері
Балаларды мектепке сауат ашуға даярлау
Жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшеліктерімен тиімділігі
Пәндер