БИЗНЕС - ОЙЛАУ ПСИХОЛОГИЯСЫ
1-бөлім. БИЗНЕС-ОЙЛАУ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Тақырып 1.1. БИЗНЕС-МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
1. Кәсіпкерлік ойлау;
2. Кәсіпкерлік түрлері;
3. Кәсіпкерліктің мәні
1. КӘСІПКЕРЛІК ОЙЛАУ
Таяуда Қазақстан дамудың келесі кезеңіне өтті. 2017 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту" мақаласын жария етті. Осы еңбегінде Мемлекет басшысы қоғам мен әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың негізгі бағыттарын атап өтті: бәсекеге қабілеттілік; прагматизм; ұлттық бірегейлікті сақтау; білімнің салтанат құруы; елдің эволюциялық дамуы және сананың ашықтығы ("Рухани жаңғыру"бағдарламасы).
Кәсіпкерлер экономикалық қатынастардың қатысушылары ретінде осы процесте жетекші рөл атқарады. Қазақстанды және қазақстандық тауарларды халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті ету; әділдік пен прагматизм негізінде серіктестермен және тұтынушылармен қарым-қатынас жасау; ұлттық бірегейлікті жоғалтпай, бизнесті жүргізудің үздік инновациялық тәсілдері мен тетіктерін таңдау; бизнес-процестерге жаңа білім мен технологияларды әкелу кәсіпкерлердің қолынан келетін іс; олар елдің эволюциялық және ашық дамуына көмектеседі.
Кейінірек біз кәсіпкерлердің экономика үшін маңыздылығын талқылаймыз. Қазір кәсіпкерлердің кім екенін және олардың басқа - кәсіпкер емес адамдардан айырмашылығы қандай екенін екенін талдаймыз.
1-тапсырма
Төмендегі кестеге өз ойларыңызды жазыңыз.
Кәсіпкер
Кәсіпкер емес
Кәсіпкерлердің басқа адамдардан басты айырмашылығы -- олар ойлаудың ерекше үш қасиетіне ие - олар белсенді, жауапты және нәтижені мақсат тұтады.
XX ғасырдағы менеджменттің ең ықпалды теоретиктерінің бірі Питер Друкер айтқандай, ойлау типі осындай адамдар әрқашан өзгерістер іздейді, оларға жауап береді және оларды мүмкіндік ретінде пайдаланады. Олар әлемді өзгертуге ұмтылады және осы себеппен, Evernote бас директоры Фил Либин пайымдауынша, компанияларды ашады. Американдық инвестор Джеймс Алтачердің пікірінше, олар сәтсіздікке төзе алады, идеяларды генерациялай алады, осы идеяларды сата алады, осы идеяларды жүзеге асыра алады және өз қателіктеріне қарамастан, алға қарай келесі әрекеттерге ұмтылады. "Ашока: қоғам үшін инновациялар" коммерциялық емес қорының негізін қалаушы және төрағасы, әлеуметтік кәсіпкер Билл Дрейтон оладың қиындықты көре білетінін және оған жауап іздейтінін растайды. Garage Technology Ventures компаниясының басқарушы директоры, Apple Computer компаниясының алғашқы қызметкерлерінің бірі Гай Кавасаки олар үшін бизнес - жұмыс емес, болашақты өзгертетін ақыл-ойдың күйі екеніне сенеді.
Қарапайым адам пассионарлық тәсіл принциптерін ұстамайды (мақсатқа ұмтылу және көптеген адам үшін құрбандыққа шалуға дайындықты білдіреді), ол өте сақ болады, тәуекелге ұшыраудан қорқады және ешқашан өз еркімен ешқандай жұмысты мойнына алмайды, қиындықтардың алдында ол басын ала қашады және кім келіп, оған не істеу керек екенін айтар екен деп күтеді. Тығырықтан шығудың амалы ретінде ол кәсіпкерлік ойлау қабілеті бар адамдарға үміт артады.
Кәсіпкерлік ойлау - XXI ғасырдың қажетті дағдысы, бұл - ойлап табушылық, армандарды құру және әлі жоқ нәрсені - армандарды іске асыру қабілеті.
Сонымен қатар бұл - өте жоғары бейімделушілік (жаңа жағдайларға бейімделу қабілеті) және ұтқырлық (болған іске жылдам әрекет ете білу) - адамның өзгермелі жағдайларға икемделе алу қабілеті, икемді болу, қалыптасқан жағдайлардда эволюциялану (дами білу), қалыпты сценарийлермен әрекет ету мүмкін емес кез келген жағдайдан пайда таба білу, өмірге мүмкіндіктер әлемі деп қарау.
"Шын мәнінде, мен ақша таба аламын деп күткен жоқпын. Тапқан табысым жалдау ақысы мен азын-аулақ азық-түлік сатып алуға жетсе, маған сол жеткілікті болатын. Бірақ ақыр соңында, мұның бәрінің құнды екеніне көзім жетті. Қателесуден қорықпау керек. Ең бастысы - әр жолы жаңа қателіктер жіберу", - деп есептейді кәсіпкерлік ойлаудың символы болған Илон Маск. Дәл осы ойлау қабілеті Маскқа төлемдердің электрондық жүйесін жасап, қаржы әлемін өзгерткен PayPal стартапын құруға, ғарыштық зымырандарды құрастыратын әлемдегі алғашқы жеке компания - SpaceX негізін қалауға, Tesla электромобилін жасауға, бүкіл қалаларды және т.б. жабдықтау үшін күн энергиясын пайдалануды үйренуге мүмкіндік берді.
Жуырда ғалымдар адамның бизнестегі табысы үшін жауап беретін арнайы "кәсіпкерлік гені" жоқ па деген сауал қойды.
Көптеген табысты кәсіпкерлерді талдай отырып, зерттеушілер адамның бизнестегі табысқа жетуіне әкелетін қасиеттердің жиынтығын анықтауға тырысады.
Мысалы, Тулса университеті кәсіпкерлік кафедрасының профессоры Роберт Хисрич кәсіпкердің келесі басым мотивтерін атап көрсетеді: тәуелсіздікке, іс-әрекет бостандығына, шығармашылық жұмысқа және капитал құруға ұмтылу. Австриялық экономист Йозеф Шумпетер үстемдікке, билікке, ықпалға, жеңіске деген жігерге, қарсыластармен және өз- өзімен күресуде табысқа, шығармашылық қуанышқа ұмтылысты атап көрсетеді. Колорад университетінің кәсіпкерлік орталығының директоры Томас Дуэнинг кәсіпкерге қажетті бес негізгі дағдыны атап өтті: мүмкіндіктерді тану, жобалау, тәуекелдерді басқару, сәтсіздікті бастан кешіре білу, жоспарлауға емес, әрекеттерге бейімділік.
Массачусетс қаласындағы Бабсон колледжінің зерттеушілері 1985 жылдан 2009 жылға дейін 4000 студентті зерттеді және кәсіпкерлік бойынша бірнеше курсты таңдаған адамдар бір ғана курсты алған адамдарға қарағанда өз бизнесін жиі ашқанын анықтады. Цюрих университетінен Уши Бакес-Гельнер және Зигендік Петр Моог кәсіпкерлердің және жалданып жұмыс істейтіндердің арасындағы айырмашылықты анықтау үшін 2000 неміс студентін зерттеді. Олардың пікірінше, білімнің бір ғана нақты саласын игерудің орнына, жаппай бар нәрседен үстіртін хабары бар адам бизнес жүргізуге бейім болады. Тар шеңберлі мамандар оларға бағынышты болады. Олар стэнфордтық экономист Эдвард Лейзирдің кәсіпкер туралы теориясын "барлық іске шебер" деп растады. Ол көптеген пәндерді оқитын және түрлі салаларда жұмыс істейтін студенттер қалғандарына қарағанда кәсіпкер болады деп санайды.
Көптеген кәсіпкерлердің тәжірибесін жинақтап, мынадай қорытынды жасауға болады: кез келген адам кәсіпкер бола алады. Өз ісін өмір тарихы, мінез-құлқы мен мақсаттары мүлдем әртүрлі адамдар ашады. Тек бизнесте іс жүзінде табысқа жетуді қалайтындар төрт сатылы алгоритмді ұстануға тиіс. Біріншіден, олар шын мәнінде ойына алған істі істегісі келеді. Екіншіден, жетістіктерді үлкен емес, кішкентай қадамдардан бастау. Үшіншіден, әрбір кішкентай қадамнан кейін өз идеясын зерделеу және қайта бағалау қажет. Төртіншіден, келесі қадамды жасау.
2-тапсырма
Әр түрлі ғалымдар анықтаған кәсіпкердің барлық қасиеттерін жинақтайық. Олар: 1) тәуелсіздікке ұмтылу, 2) іс-әрекет еркіндігі, 3) шығармашылық жұмыс, 4) капитал құру, 5) үстемдікке, билікке, беделге ұмтылу, 6) жеңіске деген ерік-жігер, 7) қарсыластармен және өзімен күресте табысқа ұмтылу, 8) мүмкіндіктерді ажырата білу, 9) жобалай білу, 10) тәуекелдерді басқара білу, 11) сәтсіздікті бастан өткере білу, 12) жоспарлау емес, әрекеттерге бейімділік.
Енді сіз осы қасиеттерді кестеде тарата аласыз: бірінші бағанада - сізде бар қасиеттер, екіншісі-сізде әлі жоқ қасиеттер.
Бар
Жоқ
2. КӘСІПКЕРЛІК ТҮРЛЕРІ
Біз мұндай кәсіпкерлердің кім екенін анықтадық. Бірақ кәсіпкерлік дегеніміз не?
Кәсіпкерлік - адамдардың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын, оларға пайда әкелетін және рахат сезіміне бөлейтін игіліктерді өндіру.
3-тапсырма
Кәсіпкерлердің қандай игіліктерді ө ндіре алатыны туралы ойланып көрейі к.
Кәсіпкерліктің қандай түрлері бар, болжамдап көріңіз.
Не өндіріледі?
Кәсіпкерлік түрі қалай аталады
Кәсіпкерлік әртүрлі болады. Кәсіпкерлікті түріне қарай бөлудің ең қолайлы тәсілі мыналар болып табылады: B2C, B2B және B2G.
Business to Consumer B2C (яғни "тұтынушыға арналған бизнес") - бұл өндіруші немесе сатушы өз өнімін сату үшін тікелей тұтынушымен өзара әрекет жасайтын кәсіпкерлік түрі.
"Business to Business" B2B, (яғни, "бизнеске арналған бизнес") - өнімдерді немесе қызметтерді өндіруші және сатушы оларды соңғы тұтынушыға емес, басқа бизнеске өткізетін кәсіпкерлік түрі.
Business to Government B2G (яғни "мемлекетке арналған бизнес") - қызметтерді өндіруші және сатушы оларды соңғы тұтынушыға емес, басқа бизнеске емес, мемлекеттік құрылымға өткізетін кәсіпкерлік түрі.
Егер сіз кез келген дүкенге кірсеңіз, сөрелерде көптеген азық-түліктерді, мысалы, сүтті көресіз. Ол сүт фермасында өндірілген. Фермада сиырлар бар, оларды ең соңында соңғы тұтынушы - біздер сатып алатын негізгі өнім - сүтті алу үшін бағып-қағады. Бұл B2C бизнестің үлгісі.
Бірақ ол сүтті сату үшін оны Tetra Pak қаптамасына, пластик немесе шыны бөтелкеге құю қажет. Барлық осы қаптамаларда қақпақтар мен заттаңбалар болуы тиіс. Қаптаманы, қақпақтарды сататын және сүт фермасына арналған заттаңбалар шығаратын компаниялар - бұл B2B-бизнестің мысалдары.
Бизнес жасай алатындардың барлығын екі үлкен топқа бөлуге болады, бұл - тауарлар мен қызметтер.
Тауарлар - ұстауға, өлшеуге, сақтауға, буып-түйуге болатын материалдық заттар немесе бұйымдар. Тауарды кімнің өндіргені, станокта кімнің тұрғаны, оны кімнің қаптағаны тауарға маңызды емес. Тауарларды сатып алуға, үйге әкеліп, пайдалануға болады.
Қызметтердің заттай нысаны жоқ, олар қажет еткен адамдар үшін жүзеге асырылатын іс-әрекеттер болып табылады. Қызметтер деп шаштараз, мұғалім, пәтер сатушыға сатып алушыны, кеңесшіні және т. б. табуға көмектесетін риелтордың жұмысын атауға болады. Қызмет үшін оны кім өндіретіні өте маңызды, қызметтің нарықта танымал болуы қызмет
өндірушісінің шеберлігі мен кәсібилігіне байланысты. Нашар шаштаразға ешкім бармайды, сондай-ақ клиенттің қиындықтарына көмектесе алмайтын кеңесшіге де ешкім бармайды.
Осы екі жіктеменің тоғысында ("B2C, B2B, B2G" және "тауар немесе қызмет") бизнестің көптеген түрлері туады.
Олардың әрқайсысынан бірнеше мысал келтірейік.
B2C тауары - дүкенде сатып алуға болатын кез келген тауар - азық-түлік, киім, техника және т. б.
B2C қызметі - бұл сіз өмір бойы үнемі алатын қызметтердің кез келген түрі - шаштаразға бару, курстарда оқу, салтанатты іс-шарадағы фотограф қызметі, егер сізге сенімхат немесе ата-аналардан шетелге шығуға рұқсат алу қажет болса, нотариус қызметі және т. б.
B2B тауары - кейіннен пайдаланушылар сатып ала алатын соңғы өнімді алу үшін қажет кез келген қосалқы тауарлар. Бұған буып - түю, кез келген полиграфиялық қызметтер- компанияларға арналған заттаңбаларды, визиткаларды немесе баннерлерді басып шығару, автомобильдер мен техникаға арналған қосалқы бөлшектер, құрылыс компаниялары үйлер салатын кірпіш өндірісі және т. б. жатады.
B2C қызметі - бұл соңғы тұтынушы үшін емес, бизнес үшін көрсетілетін кез келген қызмет. Оған өзіне белгісіз нарыққа шыққалы жатқан фирмаға консалтингтік агенттік көрсететін консультациялық қызметтерді, бизнеске арнап сайттар жасайтын веб- студияларды, банктерді, зерттеу институттарын және т.б. жатқызуға болады.
Әдетте тауарлар өндірісі бастапқы үлкен шығыстармен байланысты. Егер сізде сүт фермасы болса, ол жұмыс істеуі үшін сізге сиыр сатып алу, сиырлар жайылатын жайылымдық жерлерді сатып алу, мал қора салу, жұмыскерлерді - мал дәрігерлері мен техниктерді жалдау керек. Есесіне сіз өз қаражатыңызды салып, процесті реттегеннен кейін, ол сіздің тұрақты араласуыңызды талап етпей, жұмыс істейтін болады, ал шығындар сіз алатын кірістермен өтеледі. Сиырлар сатып алынған жерде жайылады, жалданған сауынышлар сиыр сауады, мал азығы мен қызметкерлердің жалақысы сүт сату арқылы өтелетін болады.
Тауар өндірісі әр түрлі тәуекелдерге байланысты. Ол көптеген стандарттарды сақтауды талап етеді, яғни әр түрлі құзыреттердің болуын талап етеді. Сүт фермасын ашу үшін көп бастапқы салымдар қажет. Сонымен бірге сиырлар ауырып қалуы мүмкін, сүт қажетті сапаға сәйкес келмеуі мүмкін, кәсіпкер нарықтың қажеттілігіне қарағанда көбірек сүт өндіруі мүмкін және тауар көп мөлшерде артылып қалуы мүмкін және т. б. Бұл ретте өндірушінің жауапкершілігі де өте көп: ол серіктестермен жасалған ыдыс, қақпақ, қаптама және т. б. сатып алу бойынша барлық уағдаластықтарды сақтауы, мемлекетке салық төлеуі, сүт клиенттерге зиян келтірмеуі үшін санитарлық нормалардың сақталуын қадағалауы, фермадағы іс қалай жүрсе де барлық қызметкерлерге жалақы төлеуі, өз өнімдерінің сапасын қадағалауы және т. б. тиіс.
Қызмет көрсету өндірісі, әдетте, стартта азырақ қаржы құюды талап етеді. Егер сіз веб- бағдарламашы болсаңыз, сізге керегі - жұмыс іздеу сайтында өз қызметтері туралы хабарландыру орналастыру, қуаттылығы жеткілікті компьютер сатып алу және бірінші тапсырыстарды күту. Бірақ қызмет көрсету өндірісі өндірушілердің үнемі тұрақты назарын талап етеді. Өйткені оның сапасы, қызмет көрсету деңгейі және т.б. қызметтің өтуіне тікелей әсер етеді. Уақыт өте келе сіз жұмыстарыңызды атқаратын бағдарламашыларды жалдай аласыз, бірақ оған дейін қаражат табудың көзі сіздің толық назарыңыз бен еңбегіңізді талап етеді. Жұмыс істемесеңіз - қызмет көрсетпесеңіз немесе қызметті нашар көрсетсеңіз - сіз қаражатсыз қаласыз.
Егер сіз тұтынушыларға немесе басқа фирмаларға қандай да бір мәселелер бойынша кеңес берсеңіз де, сізге үнемі өзгерістерден хабардар болып отыру керек. Риелтор сатуға қойылған барлық пәтерлерден хабардар болуы, қаланың әртүрлі аудандарында пәтердің бағасы қандай екенін білуі, әртүрлі факторларға байланысты олардың өзгеруі мүмкін екенін түсінуі тиіс. Мысалы, бұрын үйдің жанында бос жер болды, терезеден қарағандағы көрінісі
онша тартымды емес еді. Енді ол жердің орнына саябақ салынды, саябақтың жанында сауда орталығы мен бірнеше мейрамханалар пайда болды, әрине үйдің де бағасы сәйкесінше өседі.
Қазақстандық бизнес әлемді жақсы жаққа қарай өзгертетін табысты В2В, В2С және B2G жобаларының көптеген мысалдарын паш етіп отыр. Мысалы, B2C Kaspi экожүйесі. "Kaspi дүкен" - Kaspi.kz онлайн-платформасының бір бөлігі, ол қаржы қызметтерін, онлайн- маркетплейсті, онлайн-төлемдерді, мобильді қосымшаны, бонустық бағдарламаны қамтиды. "Kaspi дүкен" әр түрлі сатушылардың тауар бағасын салыстыруға, қолайлы нұсқаны таңдауға, сатып алуды бөліп-бөліп немесе несиеге ресімдегісі келген жағдайда, сондай-ақ тауарды кеңсеге немесе жұмысқа жеткізуге тапсырыс беруге мүмкіндік береді. Мобильді қосымша интернет-дүкен, төлемдер, банк, бонустық бағдарлама, "Kaspi Гид" сұрақтарына жауап сервисі және Kaspi Bank бөлімшелері, терминалдары және "Kaspi Maps" барлық банктерінің банкоматтарын іздеу бойынша сервисті біріктіреді. 2018 жылы Kaspi.kz-тегі дүкен "Қазпошта" АҚ нұсқасы бойынша Қазнеттің интернет-дүкендері арасында бірінші орынды иеленді. "Kaspi дүкен" үшін маңызды оқиғалардың қатарына, сондай-ақ Kaspi Gold- пен төлемді қосу, жаңа 15 қаланы кеңейту, ассортиментті қосу (жиһаз, сантехника, Құрылыс материалдары, шиналар), "Kaspi жеткізу"сервисін дамыту жатады.
Қазақстандық В2С Power Wi-Fi стартап PowerBank пен 4GWI-Fi біріктіретін құрылғыны жалға алу бойынша сервисті ұсынады. Қызмет саяхатшыларға арналған: роумингте, SIM-картада және айлық интернет пакетінде үнемдеу. Клиент power Wi-Fi-ді әуежайдағы ақпараттық тіректен алып, ұшып келгеннен кейін қайтарады. Жалға беру құны баратын елге байланысты, бірақ ең төменгі баға 1Gb трафик үшін $2күннен басталады. Тағы $ 50 сервис депозит ретінде ұстап қалады, оны құрылғыны қайтарғаннан кейін дереу береді. Барлық төлемдер PayPal арқылы жүргізіледі. Сервис Ресейде, Қазақстанда және Ұлыбританияда жұмыс істейді.
SmartSatu В2В платформасы өзара тәуелді бизнесті біріктіреді: азық-түлік дүкендері, тауар өндірушілер мен жеткізушілері. Өнім жеткізушілер тауарларды жариялайды, ал сауда орындары өнімді таңдап, тапсырыс береді. Тапсырыстар тәулігіне 24 сағат онлайн қабылданады, яғни дүкен өнім жеткізуші компаниялардың жұмыс режиміне тәуелді болмайды. Осылайша өтінімдер тез өңделеді, ал өнімді есепке алу электронды түрде қалыптасып келе жатыр. Стартап негізгі өнім өндірушілермен әрекеттестік жасайды және Seedstars CEE халықаралық конкурсында 1-ші орынға ие болды.
В2В-SmartPay сервисі - бөлшек сауда дүкендерінде қолма-қол ақшасыз төлеуге арналған шағын терминалдар. Сатып алу үшін дүкен деректемелері бар QR-кодты сканерлеу, банк бетіне өтіп, төлем картасының мәліметтерін енгізу қажет. Технология тұрақты және мобильді төлем құрылғыларынан әлдеқайда арзан: бағасы 9900 теңгеден басталады. Қарапайым POS-терминал 95 000 теңге тұрады. Төмен баға мен қолжетімді технологияның арқасында тіпті шағын аулалық дүкендер қолма-қол ақшасыз төлем қабылдай алады. Терминал ұялы байланыс ұстайтын барлық жерде жұмыс істейді.
"Қазақтелеком" АҚ ауылдық елді мекендерді талшықты-оптикалық байланыс желілерінің технологиясы бойынша кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету үшін B2B, B2C, B2G секторларында жұмыс істейді. "Қазақтелеком" талшықты-оптикалық желілерді салады, оларға мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік ұйымдарды қосады және келісілген сапалық сипаттамалары бар қызметтерді қамтамасыз етеді. Өз кезегінде мемлекет ұсынылатын қызметтерді бекітілген тарифтер бойынша қаржыландырады. Бұл жобаның идеясы: мемлекеттік тапсырыс беруші құрылыстың өзін инвестицияламайды, ол қызметтерді кейіннен тұтынуға және олардың төлеміне кепілдік береді.
4-тапсырма
Енді бизнестің әр түрлі түрлері үшін өзіңіз 3 мысал келтіріп көріңіз: 1) B2C тауарлары, 2) B2C қызметтері, 3) B2B тауарлары, 4) В2В қызметтері, 5) B2G тауарлары немесе қызметтері.
Бизнес түрі
Мысал
В2С тауары
В2С қызметі
В2В тауары
В2В қызметі
В2G тауары немесе қызметі
3. КӘСІПКЕРЛІКТІҢ МӘНІ
Енді сіз кәсіпкерлік қандай әртүрлі болуы мүмкін екенін білсеңіз, сабақтың басталуына оралайық және кәсіпкерліктің мемлекеттің дамуы үшін неге маңызды екендігі туралы ойланып көрейік.
Біз сіздермен кәсіпкерлік - бұл тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын игіліктерді өндіру немесе қайта бөлу екенін айттық. Сондықтан кәсіпкерлік қызмет есебінен қоғамның байып жатқаны анық, тұтынушылар жаңа тауарлар мен қызметтерге қол жеткізе алады, кірістер мен шығыстарға байланысты неғұрлым сапалы немесе арзан тауарларды таңдай алады. Кәсіпкерлік бәсекелестіктің болуына немесе болмауына әсер етеді. Бір өнімді өндіретін бәсекеге қабілетті фирмалар неғұрлым көп болса, оның деңгейі соғұрлым жоғары, демек, тұтынушы алдында үлкен таңдау тұр.
Кәсіпкерліктің көмегімен елдегі жұмыс орындарының саны өсуде, соның салдарынан жұмыссыздық азаюда.
Сондай-ақ біз кәсіпкерліктің инновациялық қызметі туралы айта аламыз. Кәсіпкерліктің көмегімен және оның бәсекелестікке ықпал етуі нәтижесінде, экологияға зиянсыз, жұмысты жылдам немесе сапалы жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа технологиялар пайда болады.
Кәсіпкерлік елдің өзіне әлемдік деңгейге шығуға және басқа елдерден асып түспесе де, кем дегенде сол деңгейде болуға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлігі дамыған мемлекет елдегі артылған өнімді шығарып, оны сатуға жібере отырып, өндірістік-өткізу рөлін атқара алады. Осылайша, елдің табысы, оның әлемдік нарықтағы мәртебесі артады.
Кәсіпкерлік қызмет тауар өндірісін ұйымдастыруға, тауар массаларының бүкіл қозғалысына ықпал етеді және оларды нарық арқылы түпкілікті тұтынушыға дейін жеткізеді, осылайша қоғамның экономикалық өмірін бірыңғай тұтастырады. Тауарлар өндірумен қатар ол азаматтарға көптеген әртүрлі қызметтер көрсетеді, қаржы және қор ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz