Қызылша туралы


ҚЫЗЫЛША
Қызылша - аурудың жалпы жағдайынан бұзылуымен, жоғарғы тыныс жолдарының қабынуымен және денеге теңбіл, терінің үстіне көтеріліп бөртпе шығуымен сипатталатын жедел жұқпалы ауру.
Қоздырғышы: фильтрленуші вирус. Бұл вирус қоршаған ортада төзімсіз, бірақ өте ұшпа, яғни вирус ауамен тез және алысқа тарайды.
Эпидемиология:
Клиникалық белгілері: Қызылшаның 4 кезеңі бар
Жасырын кезең 9-10 күнге созылады, ал егілген балада 21 күнге дейін болады.
Катаральды бастапқы кезең 3-5 күнге созылады. Баланың дене қызуы 38-39 0 С-ға дейін көтеріледі, катаральдық белгілер пайда болады: мұрнынан су ағады, жөтел, түшкіру, коньюктивит, көз қарығу болады.
Осы кезде қызылшаға ғана тән Бельский-Филатов-Коплик белгісі пайда болады: ауыздың сілекейлі қабығында, азу тістерінің тұсында ұнтақ жарма тәріздес ұсақ ақ дақтар пайда болады, олар 2-3 күнге дейін сақталады. Мұнымен қатар жұмсақ таңдайдың сілекейлі қабығында қызғылт дақтар -энантэма пайда болады. ауырған баланың беті қабырынқы, көзі қызарып, жасаураған, қабақтары ісіңкі, көзі қарығулы, мұрнынан су ағып тұрады.
Бөртпе шығу кезеңі. Аурудың дене қызуы 39-400С дейін көтеріліп, көңіл күйі бұзылып, бас ауырғаны ұлғайып, тәбеті төмендейді, ұйқысы бұзылады, ен жар көңілді. Аурудың денесіне этаппен бөртпе шығады.
Бірінші күні ауырған баланың бетіне, құлақтың сыртына, мойнына, терінің үстіне көтеріліп теңбіл бөртпе шығады.
Екінші күні денесіне шығып, кейбір бөртпелер қосылып ұлғайяды.
Үшінші күні бөртпе қолдарына, аяқтарына тарайды. Бөртпе шығып болғаннан кейін аурудың дене қызуы төмендеп жалпы жағдайы жақсара бастайды.
Реконвалесценттік кезең - бөртпе шыққандағы кезекпен жоғалады да орнында қоңыр дақ қалады. Аурудың клиникалық көріністерінін жойылуы баланың толық айығып кеткендігін білдірмейді, оның организмі әр алуан микробтарға қарсы тұра алмайды.
Қызылшаның 3 түрі бар: жеңіл, орташа, ауыр түрі.
Асқынуы: пневмония, ларингит, бронхит, энцефалит
Емдеу:
1. Баланы оңашалау, ауырған балалар көбіне үйінде емделеді. Ауруханада қызылшаның тек қана ауыр түрі және ауруды оңашалауға мүмкіншілік болмаған жағдайда ғана жатқызылады.
2. Ауырған баланың жатқан жерін таза ұстап, желдетіп тұру керек. Балаға гигиеналық күтім өткізу: беті-қолын уақытылы жуу, көзін, мұрнын тазалау, еріндерін майлау, аузын шайдыру.
3. Тамақ баланың жасына сай болып, витаминдерге бай болуы керек.
4. Витаминдер комплексі
5. Симптоматикалық ем
Профилактикасы: Арнайы профилактика -бала 12 айға толған кезде қызылша вакцинасы 0, 5 мл. бұлшық етке еңгізеді. Ревакцинациясы 6-7 жасында.
Ауру ошағында эпидемиологияға қарсы жүргізілетін шаралар :
Қызамық
Қызамық- балалардағы жұқпалы аурулардың ең жеңіл түрі. .
Қоздырғышы- фильтрленуші вирус. сыртқы артада тұрақсыз.
Эпидемиологиясы:
Клиникалық белгілері : жасырын кезең-11-24 күн, бастапқы кезең бірнеше сағаттан 1-2 күнге созылады, кейде байқалмай өтеді, катар белгілері шамалы. Бөртпе бір мезгілде баланың барлық денесіне шығады. Бельский-Филатов-Коплик белгілері болмайды. Бөртпеден кейін дақ қалмайды. Дене қызуы 37-38 С көтеріледі . 2-3 күннен кейін дене қызуы төмендейді. Қызамық болып ауырған баланың желке бездері үлкейіп ісінеді, 7-10 күннен кейін бұрынғы қалпына келеді. Емі: симптоматикалық.
Профилактикасы- Ауырған бала 5 күнге оңашаланады. Қарым-қатынаста болған балаларға карантин тағайындалмайды. Қызамыққа егу- 12 айында 0, 5 бұлшық етке.
Қыздарға 15 жасында егіледі
Қызамық балаларда жеңіл өткенімен жүкті әйелге өте қауіпті, жатырдағы балаға әсер етіп, ақаулар пайда болуы мүмкін.
Желшешек
Желшешек - баланың терісіне, шырышты қабаттарында көпіршік тәріздес лимфаға толы бөртпе шығып, кейіннен бұл бөртпелер кеуіп, орнына ққабықшалардың қалуымен сипатталатын инфекциялық ауру.
Қоздырғышы- фильтрленуші вирус. сыртқы артада тұрақсыз.
Эпидемиологиясы:
Клиникалық белгілері :
Жасырын кезеңі орта есеппен 14 күн, бірақ кейде 21 күнге созылуы мүмкін. Бастапқы кезеңі көбінесе байқалмайөтед і.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz