Жалпы білім беру ұйымдарының педагогтарына кеңес беруге арналған ақпараттық материалдарды құрастыру


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті
ЭССЕ
Тақырыбы: Жалпы білім беру ұйымдарының педагогтарына кеңес беруге арналған ақпараттық материалдарды құрастыру
Орындаған: Қожанова А. Ж.
Тобы: 109-18.
Қабылдаған: Тұрмаханова С. А.
Шымкент - 2020.
Жалпы ережелер:
1. Осы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, орта білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметін ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңес қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесі (бұдан әрі - Педагогикалық кеңес) білім беру ұйымдарын алқалы басқару нысандарының бірі болып табылады.
3. Педагогикалық кеңес:
1) оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлау және іске асыру;
2) оқу жұмыс жоспарларын бекіту;
3) білім беру қызметтерін ұсыну сапасы;
4) инклюзивті, арнайы білім беруді қамтамасыз ету үшін білім алу-шылардың (тәрбиеленушілердің) үлгерімі және психологиялық-педагогикалық даму ерекшеліктері туралы алынған деректердің негізінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жеке ерекшеліктері ескеріліп, оқу-тәрбие және түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастыруға ұсынымдар әзірлеу;
5) білім алушыларға қорытынды аттестаттауды өткізу, оларды емтиханға жіберу, ұсынылған құжаттар негізінде білім алушыларды емтиханнан босату, білім алушыларды келесі сыныпқа ауыстыру немесе оларды қайталау курсына қалдыру, білім алушыларды грамоталармен, мақтау қағазымен марапаттау, негізгі орта білімді үздік бітіру туралы аттестат, негізгі орта білімді бітіргендігі туралы аттестат, жалпы орта білімі туралы үздік аттестат, жалпы орта білімі туралы аттестат, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес белгіленген үлгідегі анықтама беру туралы шешімдер қабылдау;
6) мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы педагогтердің оқу жүктемесін бөлу, оларды аттестаттауға дайындау, марапаттау және көтермелеу;
7) білім беру ұйымының үш тілде оқытуға ауысуы;
8) экстернаттық оқыту нысанындағы білім алушыларға рұқсат беру, қорытынды аттестаттау жүргізу;
9) зияткерлік, ғылыми, спорттық жарыстарға, музыкалық-шығармашылық конкурстарға қатысушы білім алушыларға жеке жұмысты ұйымдастыру;
10) сабақ кестесін құрастыру;
11) білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) қабылдау, ауыстыру және бітіріп шығару;
12) білім алушының (тәрбиеленушінің) эмоциялық-ерік және жеке дамуын зерделеу;
13) оқуы мен тәрбиесінде тұрақты қиындықтарға шалдығатын балалардың ерекше білім алу қажеттіліктерін анықтау үшін оларды психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға жолдау бойынша ұсынымдар беру;
14) кәсіби қызметке алғаш келген педагогке бір оқу жылы кезеңіне бекітілетін тәлімгерді анықтау мәселелерін қарастырады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02. 04. 2020 № 125 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Педагогикалық кеңестің құрамы және оны сайлау тәртібі
4. Педагогикалық кеңестің құрамына білім беру ұйымдарының барлық педагогтары кіреді.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс орыс тілінде енгізіледі, мәтін қазақ тілінде өзгермейді - ҚР Білім және ғылым министрінің 02. 04. 2020 № 125 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Педагогикалық кеңес өз құрамынан бір оқу жылы мерзіміне төрағаны, хатшыны сайлайды.
6. Педагогикалық кеңестің құрамы бір оқу жылына білім беру ұйымының басшысының бұйрығымен бекітіледі.
7. Білім беру ұйымындағы педагогикалық кеңестің отырысына педагогикалық кеңестің мүшелері шақырылады. Қарастырылатын мәселеге сәйкес қамқоршылық кеңестің, ата-аналар комитетінің мүшелері, білім беру ұйымдарына қарасты медициналық пункт қызметкерлері, сондай-ақ білім алушылардың ата-аналары қосымша шақырылады.
Педагогикалық кеңестің қызмет тәртібі.
8. Педагогикалық кеңестің жұмысы бір оқу жылына әзірленетін және білім беру ұйымының басшысы бекітетін жұмыс жоспары бойынша жүргізіледі.
9. Педагогикалық кеңестің отырысы жоспарлы (жылына кемінде 5 рет) және жоспардан тыс (туындаған проблемаларды талдауды, оларды еңсеру жолдарын пысықтауды, рұқсат берілетін жүктемені анықтауды, оқыту режимі мен нысанын өзгерту қажеттігін қарастыратын, педагогтардың немесе ата-аналардың сұраныстары бойынша ұйымдастырылады) болып бөлінеді. Педагогикалық кеңестің барлық мүшелерінің 1/4 ұсынысы бойынша педагогикалық кеңестің жоспардан тыс отырысы өткізіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz