Қашықтықтан оқытуды іске асыруға арналған MOODLЕ жүйесі
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қашықтықтан оқытуды іске асыруға арналған MOODLЕ жүйесі.
Тобы: 109-18.
Орындаған: Қожанова А.Ж.
Қабылдаған: Кадирбаева Р.И.
Шымкент - 2020
ЖОСПАР:
I. Кіріспе.
MOODLЕ жүйесі туралы түсінік.
II. Негізгі бөлім:
* MOODLЕ жүйесінің мүмкіндіктері;
* MOODLЕ жүйесіндегі ресурстар мен элементтер;
* MOODLЕ жүйесіндегі рольдер;
* MOODLЕ жүйесінің артықшылықтары.
III. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
I. Кіріспе.
Кейінгі уақытта қарқынды талқыланып жатқан тақырыптардың бірі - интернет желісін пайдаланып оқыту немесе қашықтықтан оқыту əдісі. Қашықтықтан оқыту əдісін көбінесе жабық оқыту жүйесімен байланыстырады жəне мұндағы негізгі тілтабысу құралы интернет болып саналады. Телекоммуникация құралдары мен ақпараттық технологиялар қашықтықтан оқыту жүйесінің негізгі құралы болып табылады. Кез-келген ақпараттық ортаны тиімді пайдаланудың негізгі шарты оның мазмұнды болуында. Қашықтықтан оқытудың мақсаты күндізгі оқытудың мақсатымен сондай мазмұнда сəйкес келеді. Бірақ материалды беру түрі мен оқытушы мен оқушының қатынасу тəсілдері өзгеше. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың əдістемелік принциптері күндізгі бөлімде оқытумен бірдей, бірақ оқытудың жаңа түрінің ерекшелігіне негізделген, ол интернет ақпараттық ортасының мүмкіндіктеріне жəне оның қызметтеріне тəуелді. Қашықтықтан оқыту - бұл кейінгі жылдары пайда болған оқыту түрі, ол өзара алыс қашықтықта тұратын оқытушы мен оқушының оқу арақатынасына негізделген жəне телекоммуникациялық технологиялар мен Интернет желісінің ресурстарымен іске асырылады.
2006 жылдың басынан РБАО жанынан Modular Object Oriented Digital Learning Environment (MOODLE) қашықтан оқыту порталы ашылды. Бұл жоба ЮНЕСКО жобасының ауқымында жүзеге асырылады жəне білім беру сапасын жетілдіруге бағытталған. Moodle - online сабақтарды ұйымдастыруға жəне білім беруші web-сайттарды құруға арналған қосымша. Бұл проект білім беруде əлеуметтік - құрылымдық тəсілді дамыту үшін ойластырылған болатын. Бағдарлама негізінде жаңа білім тек бұрын алынған білімнің жəне жеке тəжірибенің бар болуының арқасында жəне оқушы өзі жəне өзгелерге оқыған материалын өз сөзімен түсіндірсе өте жақсы игерілетінін алға тартады.Яғни, мұндай тəсілді пайдаланып адамдар əрбір маңызды материалды игеруге сəйкес келетін оқушының тəжірибесіне сүйеніп қолдана алады. Moodle - курстарды басқару жүйесі (электронды білім беру), сондай-ақ білім беруді басқару немесе виртуалды білім беру ортасы ретінде танымал.
Moodle бірнеше ондаған тілдерге аударылып 190 елдерде жүз мыңдаған кəсіпорындарда пайдаланылып келеді.Модульдік архитектураның дамуына байланысты Moodle-дың мүмкіндіктерін сырттан келген өңдеуші оңай кеңейте алады. Тілдік қолдаулардан жəне шаблондар жасаудан басқа Moodle модульдер жиынтығын қосуға мүмкіндік береді.
II. Негізгі бөлім.
Moodle жүйесі ақпараттық-коммуникациялық пәндік ортаны құруға, оның ресурстарын жобалауға және басқаруға мүмкіндік береді. Жүйе интерфейсі қарапайым болғандықтан, оқытушы оның анықтамалығы арқылы өзінің электоронды оқыту курсын құрып, басқара алады. Барлық ресурстар мен курс элементтерін енгізу үшін ыңғайлы WYSIWYG HTML редакторы қолданылады, ал формулалар TeX немесе Algebra форматында енгізіледі. Курстың ресурстарына кесте, кескін, графика, видео, флэш және т.б. қоюға болады. Қалыпқа келтірудің ыңғайлы механизімін қолдана отырып, HTML тілін игермей-ақ оқу материалын түстер гаммасымен әшекелеу мүмкіндігі де бар.
Электоронды курсқа әртүрлі элементтерді: дәрістер, тапсырмалар, формула, глоссарий және т.б. қосуға болады. LMS Moodle оқытушыға курстың оқу-әдістемелік материалдарын көрсету, теориялық және практикалық сабақтарды жүргізу, білім алушыларды оқыту жұмыстарын жеке немесе топтап өткізу үшін кең түрдегі құрал саймандарын ұсынады. Әкімшілік құқығы бар оқытушы басқа оқытушылар мен білім алушыларды олардың рөлдерін тағайындай отырып, курсқа тіркей алады.
Рөл қолданушының мәртебесін анықтайды. Олар - администратор, курсты жасаушылар, оқытушылар, студенттер мен қонақтар, тьюторлар. Олардың әрқайсысының өз рөліне байланысты рұқсат етілген ақпаратқа қол жеткізу құқы бар. Құқық пен рөлдердің саны қажеттілікке байланысты өзгеріп отырады.
Сайт әкімшілігі әрбір рөлдің нақты бір жүйе элементінің функциясына белгілі бір құқықтарды тағайындайды. Moodle жүйесіндегі рөлдер мен олардың құқықтары:
басқарушы - жүйені толығымен басқаратын қолданушы;
курс жасаушысы жаңа курстар жасайды, бірақ жүйенің ғаламдық орнатылымдарын басқара алмайды;
оқытушы нақты бір курсты оқытып, оқушыға іс-әрекет түрлерін тапсырып, баға қояды;
тьютор - өңдеу құқығы жоқ курс нұсқаушысы. Ол нұсқаулар бере алады, бірақ іс-әрекеттің жаңа түрлерін тапсырып, қолданушыларға баға қоя алмайды;
студенттің, әдеттегідей, нақты бір курста оқу құқығы бар;
қонақ - жүйеге тіркелмеген қолданушы.
Тіркелушілердің құқықтары бойынша оларды виртуальді топтарға бөліп, әрбір оқушы жайлы қорытынды ақпарат алуға болады. Орнатылған күнтізбе бойынша курстың басталу және аяқталу мерзімі анықталады. Түсіндіру және Форум құралдары арқылы тапсырмаларды тапсыру, тестілеу мерзімі және курс жайлы жаңылықтар жарияланады.
Moodle жүйесіндегі ресурстар - бұл оқу курсының статикалық мазмұны (контент), яғни курстың бөлімдерінде орналастырылатын теориялық материалдар. Олар Moodle деректер базасына жүктелетін файлдар түрінде немесе сыртқы сайттарға сілтемелер түрінде ұсынылуы мүмкін. Moodle жүйесі ресурстар ретінде файлдардың түрлі форматтарын пайдалана алады және оқу материалын таңдалған форматтағы ресурс түрінде ұсынады.
1. "Файл" модулі оқытушыға файлды курс ресурсы ретінде ұсынуға мүмкіндік береді. Мүмкін болған жағдайда файл курс интерфейсінде көрсетіледі, әйтпесе білім алушыға оны жүктеу ұсынылады. Файлда қосымша файлдар, мысалы, HTML бет кірістірілген суреттер немесе флэш нысандары болуы мүмкін.
2. "Бет" модулі оқытушыға мәтіндік редактордың көмегімен "веб-бет" ресурсын жасауға мүмкіндік береді. Бетте мәтінді, суреттерді, дыбысты, бейнелерді, веб сілтемелерді, сондай-ақ, Google Maps сияқты енгізілген кодты көрсете алады. Бет келесі жағдайларда пайдаланылады:
- курстың мерзімі мен шарттарын немесе курс бағдарламасының түйіндемесін ұсыну үшін;
- түрлі бейне немесе дыбыс файлдарын түсіндірме мәтінге кірістіру үшін.
"Файл" модулінен "Бет" модулін пайдаланудың артықшылығы, оның ресурсты қолжетімді етуінде (мысалы, мобильді құрылғыларды пайдаланушылар үшін) және оңай жаңартылуында. Егер мазмұн көлемі үлкен болса, онда Беттің орнына Кітапты пайдалану орынды.
3. Түсініктеме курс бетінде басқа ресурстар мен курс элементтеріне сілтемелер арасында мәтін мен мультимедианы кірістіруге мүмкіндік береді. Түсініктеме өте әмбебап және орынды пайдаланылған жағдайда курстың сыртқы түрін жақсарта алады. Түсініктемелер келесі жағдайларда пайдаланылады:
- тақырыптары немесе бейнесі бар қызмет түрлерінің ұзын тізбесін бөлу үшін
- курс бетінде тікелей орнатылған бейне немесе аудио файлын көру үшін
- курс бөлімінде қысқаша сипаттама қосу үшін.
4. "Бума" модулі оқытушыға курс бетінде жылжуды азайту үшін бір бумада бірнеше аралас файлдарды көрсетуге мүмкіндік береді. Бумада ZIP мұрағаты жүктелуі және оны көрсету үшін бумадан шығарылуы мүмкін.Сондай-ақ бос бума жасауға және оған файлдарды жүктеуге болады. Бума келесі жағдайларда пайдаланылуы мүмкін:
- бір тақырыптағы файлдар серияларына, мысалы, PDF форматында өткен емтихан жұмыстарының жиынтығын көрсету немесе студенттік жобаларға қажет болатын сурет файлдарын қою үшін;
- курс бетіндегі оқытушылардың материалдарды жүктеуге арналған жалпы кеңістігін қамтамасыз ету үшін (Бума оқушылардан жасырылады, оны тек оқытушылар ғана көре алады).
5. IMS мазмұнды пакеті келісілген стандартқа сәйкес түйіліп, әртүрлі жүйелерде қайта пайдаланылуы мүмкін файлдар жиынтығы болып табылады. IMS мазмұнды пакеті мұрағат ретінде жүктелуі және ресурс ретінде курсқа қосылуы мүмкін. Мазмұн әдетте бірнеше беттерден тұрады және олар шарлау арқылы көрсетіледі. IMS мазмұнды пакеті мультимедиалық контентті, анимацияны көрсету үшін пайдаланылуы мүмкін.
6. Кітап модулі оқытушыға тараулар иен тақырыптардан тұратын кітап сияқты көп беттік ресурс құруға мүмкіндік береді. Кітаптар медиа файлдарды, сондай-ақ бөлімдерден тұратын ұзын мәтіндік ақпаратты қамтуы мүмкін. Ол келесі жағдайларда пайдаланылады:
-жеке бөлімдер бойынша оқу материалын көрсету үшін;
-анықтамалық ретінде;
-студенттік жұмыстар үлгілерінің портфолиосы ретінде.
7. "Гиперсілтеме" модулі оқытушыға веб-сілтемені курс ресурсы ретінде орналастыруға мүмкіндік береді. Сілтеме Интернетте еркін қолжетімді кез келген ресурстармен байланысты болуы мүмкін (мысалы, құжаттар мен суреттер). Мүмкіндігінше, Сілтемені сайттың басты бетіне енгізбеу керек. Оқытушы YouTube, Wikipedia және т.б. сияқты қоймадан сілтемені пайдалана алады (сайт үшін рұқсат етілген қоймалардан). Нақты веб-беттің мекенжайын пайдаланған дұрыс. Бетке орналасқан немесе жаңа терезеде ашылатын Гиперсілтемені көрсету опциялары бар. Қажет жағдайда гиперсілтемеге (сұрау параметрі ретінде) қосымша ақпаратты, мысалы, оқушының атын қосуға болады. Сондай-ақ, гиперсілтемелер мәтін редакторын пайдаланып, ресурстың немесе курс элементінің кез келген басқа түріне қосылуы мүмкіндігін ескерген жөн.
Moodle жүйесінің элементтері.
Семинар
Тест
Форум
Чат
SCORM пакет
Moodle жүйесінің элементтері
Сауалнама
Тапсырма
Глоссарий
Вики
Дәріс
Moodle жүйесінде материалдарды ұсынатын түрлі ресурстармен қатар, оның курсты пайдалануға арналған бірнеше элементтері де бар:
:: "Чат" модулі қатысушыларға нақты уақытта синхронды жазбаша қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Чат бір реттік іс-шара болуы мүмкін немесе әр апта сайын бір уақытта қайталануы мүмкін. Чат сессиялары сақталады, ол барлық немесе тек кейбір пайдаланушыларға қолжетімді болады. Топ бір-бірімен кездесе алмайтын төмендегі жағдайларда чат өте пайдалы:
оқушылардың әртүрлі жерден тәжірибе алмасуға қатысуы үшін;
оқушы өзінің мұғалімімен сөйлесуге уақытында қатыса алмағанда;
оқушылар өз жетістіктерін бір-бірімен және оқытушымен талқылау үшін;
шақырылған баяндамашымен сұрақ-жауап сессиялары үшін;
оқушыларға көмек көрсетуде болжамды сұрақтар ұсыну үшін.
:: "Форум" модулі қатысушыларға асинхронды режимде, яғни ұзақ уақыт бойы сөйлесуге мүмкіндік береді. Ол тақырып бойынша дискуссия ұйымдастыруда, яғни тақырып құрылғанан кейін әрбір дисскусияға қатысушы өзінің жауабын қосу немесе берілген жауапты талқылау үшін қолданылатын элемент. Оның 3 түрі бар (сұрақ-жауап, әркім өз тақырыбымен, стандартты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz