Некенің бұзылуы туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті

Эссе

Тақырыбы: Некенің бұзылуы

Орындаған: Сапарбек Дастан
Тобы: ЭФ-21-4к
Қабылдаған: Шалдарбекова М.Б.

Шымкен, 2021

Некенің бұзылуы - отбасы өміріне ғана емес, қоғам өміріне де кері ықпалын тигізетін жағымсыз әрекет.

Көптеген мұсылман елдерінде әлі күнге дейін некені бұзуға тыйым салынған. Қазақ халқының дәстүрінде отбасын, некені сақтап қалуға арналған салттар аз болмағанын білеміз. Мысалы, құда түсу арқылы қыз алу, әмеңгерлік, т.б. салттар болашақ отбасының берік болуына ата-аналарының да мүдделі екендігін білдірген.
Ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік құқық қатынастарының тоқтатылуын некенің тоқтатылуы деп түсінеді. Неке заңда айқындалған белгілі бір оқиғалардың тууына байланысты немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің не екеуінің бірдей қалауымен тоқтатылады.
Некені тоқтататын окиғалар қатарына мысалар жатады:
ерінің қайтыс болуы;
соттың ерлі-зайыптылардың біреуін өлді деп жариялауы;
некенің бұзылуы (ажырасу).
Некені тоқтату негіздерінің тізімі толық болып табылады.
Ері қайтыс болған немесе ерлі-зайыптылардың біреуі өлді деп жарияланған жағдайда неке өздігінен тоқтатылады. Егер артында қалган адам жаңадан некеге тұрғысы келсе, бұрынғы неке бойынша ерінің өлгендігі туралы АХАТ органдары берген куәлікті көрсетсе де жеткілікті.
Соттың азаматты (ерлі-зайыптылардың бірі) өлді деп жариялау жөніндегі шешімі долбарға ғана негізделеді. Ол адамның өлгені туралы нақты ақиқат дәлелдер жоқ.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 31- бабына сәйкес, егер азамат тұрақты тұратын жерде үш жыл бойына ол туралы ешқандай мәліметтер болмаса, егер ол өлім кауігі төнген жағдайда немесе оның өлімі алты ай мерзім ішінде жазатайым оқиғадан болды деп есептеуге негіз болатын жағдайларда хабар-ошарсыз кетсе, ол азамат мүдделі адамдардың арызы бойынша сот арқылы өлді деп жариялануы мүмкін.
Ресейде бұлай деп жариялау үшін азаматтың тұрақты тұратын жерінде бес жыл бойы хабар-ошарсыз кеткені ғана ескеріледі.
Сот азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы шешім шығарған сөттен бастап, онымен неке тоқтатылды деп есептеледі. Кейде қайтыс болды деп жарияланған адамдардың шындығында тірі болып шығатын жағдайлары да кездеседі. Өлді деп жарияланған жұбайы тірі келген жағдайда сот өлгі шешімді бұзады, бірақ тоқтатылған неке өздігінен қалпына келтірілмейді. Ол ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша АХАТ органдары арқылы қалпына келтірілуі мүмкін. Егер қалпына келтіру туралы етініш берілмесе, ерлі-зайыптылардың екеуінің де тірі екендігіне қарамастан, неке тоқтатылған деп есептеледі. Басқа жұбай жаңа некеге тұрған жағдайда, бурынғы неке қалпына келтіріле алмайды. Жаңа некенің тағдыры түрліше шешілуі мүмкін: ол не сақталады, немесе бұзылады, бұл кейін бұрынғы жұбайымен некесін тіркеуге мүмкіндік береді.
Ерлі-зайыптылардың көзі тірі кезінде неке, олар ажырасса ғана токтатьшады.
Әр түрлі дөуірде ажырасу туралы түсінік те елеулі өзгеріске ұшырап отырды. Ежелгі Римде неке арнаулы рәсімді қажет етпейтін қарапайым азаматтық мәміле ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Некенің бұзылуы
Некенің сот арқылы сотсыз бұзылуы
НЕКЕНІ БҰЗУ. Некені тоқтату және оның негізі
НЕКЕНІ БҰЗУ ЖӘНЕ ТОҚТАТУ
Неке шарты (контрактісі)
Некені қию және бұзу
Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша некеге тұруды құқықтық реттеу
Қазақстан Республикасының неке туралы жалпы түсінік
Неке және отбасы ұғымы туралы
Халықаралық жеке құқықтағы неке қатынастарының түсінігі
Пәндер