Мәдениет және өркениет: өзара байланысы мен ерекшелігі


Семинар №1. Мәдениет және өркениет: өзара байланысы мен ерекшелігі
1. "Мәдениет" және "өркениет" ұғымдарының арақатынасы
2. Өркениеттің құрылымы мен типологиясы
3. Қазіргі мәдениеттегі жаһандық мәселелер
Бақылау сұрақтары
1. «Өркениет» сөзінің шығу тегі мен мағынасы.
2. "Мәдениет" және "өркениет" ұғымдарының арақатынасының негізгі мәні және олардың тарихи динамикасы.
3. Нақты мысалдарды келтіре отырып, шаруашылық қызметтің басым түрі, табиғи-географиялық, уақытша және діни қағидаттар бойынша өркениеттер түрлерінің негізгі сипаттамаларын анықтаңыз
4. Өркениетті типологиялаудың негізгі критерийлерін анықтаңыз
5. Өркениеттің негізгі төрт түрін сипаттаңыз (табиғи қоғамдастықтар, тіршіліктің прессивті емес нысандары) ; өркениеттің Шығыс түрі; өркениеттің Батыстық түрі; өркениеттің қазіргі (техногенді түрі) нақты мысалдарды келтірумен.
6. "Жаһандық өркениет" терминін қалай түсінесіз және оның негізгі мазмұнын сипаттаңыз
7. Қазіргі заманғы мәдениет дағдарысының ерекшеліктері. Рим клубы туралы не білесіз?
8. Техногенді дамудың мәдениетке әсерін атаңыз.
Әдістемелік ұсыныстар:
Бірінші сұрақ бойынша : "өркениет" ұғымының мәнін ашу; "мәдениет" және "өркениет" ұғымдарының тарихи динамикасындағы арақатынасының негізгі тәсілдерін анықтау.
Екінші сұрақ бойынша : өркениеттің типологиялануының негізгі түрлері, негізгі өлшемдері мен типтерін ашу; өркениеттің әр түрінің тән ерекшеліктерін қарастыру; Шығыс-Батыс дихотомиясына негіздеме беру.
Үшінші мәселе бойынша : "жаһандық өркениет", "өркениет аралық диалог" ұғымда-рының мазмұнын ашу, мәдениет дағдарысының жаһандық мәселелерін анықтау және оларды еңсеру жолдарын белгілеу.
Семинар №2. Мәдениеттің көшпелілік типтері: мәдени мәліметтерді кодтаудың формалары мен тәсілдері
1. Алғашқы қауымның тарихи-мәдени маңызы
2. Алғашқы адам әлемінің мифологиялық бейнесі.
3. Өнердің пайда болуы және ерте түрлері.
Бақылау сұрақтары
1. Алғашқы қауымдық қоғам дамуының негізгі кезеңдерін атаңыз және сипаттаңыз.
2. Алғашқы қауым мәдениетінің ерекшеліктері қандай?
3. Алғашқы қауымдық синкретизмге анықтама беріңіз.
4. Алғашқы мифологияға жалпы сипаттама беріңіз. Ол алғашқы қауымдық мәдениетте қандай функцияларды орындайды?
5. Алғашқы мифология мен діннің айырмашылығы неде?
6. Алғашқы қауымдық адам әлемінің негізгі мифологиялық модельдерін атаңыз.
7. Алғашқы қауымдық сенімдердің негізгі түрлерін атаңыз және сипаттаңыз. Олар заманауи мәдениетте көрініс табады ма? Егер " иә " болса, нақты мысалдар келтіріңіз.
8. Өнердің ерте формаларының пайда болуы мен қалыптасуының негізгі кезеңдерін атаңыз және сипаттаңыз.
9. "Аң стилінің" ерекшеліктерін сипаттаңыз.
10. Сіздің ойыңызша, әлемдік мәдениет тарихындағы алғашқы қауымның тарихи-мәдени мәні неде?
Әдістемелік ұсыныстар:
Бірінші сұрақ бойынша : алғашқы қауымдық қоғамның тарихи-мәдени маңызы туралы мәселені зерделеуді негізгі еңбек құралдарын дайындау үшін материал бойынша алғашқы жинақтылықты кезеңдандырудан, яғни алғашқы қауымдық адамның өндірістік мәдениетінен бастау орынды. Одан әрі осы кезеңнің мәдени ерекшеліктерін нақты мысалдар келтіре отырып егжей-тегжейлі баяндау.
Екінші бойынша : алғашқы қауымдық адам дүниесінің мифологиясы мен бейнесі туралы мәселе бойынша алғашқы қауымдық ойлаудың ерекшеліктерін қарастыру, алғашқы қауымдық мифологияға анықтама беру, оның функцияларын атап көрсету, мифтердің негізгі сюжеттерін айту керек. Осыдан кейін алғашқы қауымдық адамның оң білімінің мазмұнын сипаттап, олардың шектелу себептерін көрсету.
Үшінші сұрақ бойынша : өнер табиғаты мен оның пайда болу себептері туралы негізгі нұсқаларды, сондай-ақ оның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері мен формаларының сипаттамасын ұсыну. Міндетті түрде "палеолиттік венералар", үңгірлік кескіндеме, петроглифтерде, "аң стиліне"тоқталу.
Семинар №3 (Шағын жоба №1)
Грек-рим өркениеті тарихи-мәдени тип ретінде
1. Ежелгі грек-рим мәдениеті
2. Ежелгі грек-рим білімі мен ғылымының қалыптасуы
3. Грек-рим мәдениетінің тарихи даму кезеңдері
4. Гомер дәуірінің мәдениеті
5. Архаикалық грек мәдениеті
6. Орта ғасырдағы Батыс Еуропа мәдениеті
Әдістемелік ұсыныстар:
Бірінші мәселе бойынша : Ежелгі грек-рим мәдениеті бойынша Классикалық Грекиядағы қоғам өмірі, Архаикалық грек мәдениеті, Мифологиялық грек мәдениеті, Рим мәдениеті, Рим әдебиеті мен өнері тақырыптарына талдау жасау.
Екінші мәселе бойынша: Ежелгі грек-рим жеріндегі тәрбие мектебімен, грек-рим ойшылдары мен ғалымдарының еңбектерімен танысу және мәдениетке қосқан үлесін ашып көрсету.
Үшінші мәселе бойынша : Грек-рим мәдениетінің тарихи даму кезеңдерін жіктеп көрсету.
Төртінші мәселе бойынша: Ежелгі Грекиядағы Гомер дәуірі мәдениетінің ерекшеліктерін айқындау, Илиада және Одиссея дастандарын талдау, грек ақындары, философтары, тарихшылары, мүсіншілері мен ғалымдарынның еңбектеріне тоқталу, Гомер дәуіріндегі мәдени мұраларды талқылау.
Бесінші мәселе бойынша: Архаикалық кезеңдегі грек мәдениеті, ұлы отаршылдық кезеңі, құл иеленушілік құрылыстың кірігу кезеңі, грек мемлекет-қалаларының өзара саяси-әлеуметтік күрес жағдайында қалыптасу кезеңі, қоғамдық-саяси оқиғалар бойынша талдау.
Алтыншы мәселе бойынша: Орта ғасырдағы Батыс Еуропа мәдениеті бойынша Батыc Рим империясының мәдени дөстүрлері, Мыңжылдық «Орта ғасырлар» дәуірі, Бастапқы орта ғасырлар кезеңіне талдау жасау.
Зерттеу жобасын дайындау бойынша қысқаша нұсқаулық:
1. Жұмыс тобына бөлініп, аталған тақырыпшалар бойынша мәселені толық ашу;
2. Жоба тақырыбы бойынша қажетті ақпараттарды, статистикалық мәліметтерді жинақтау, талдау, салыстырмалы сипаттама жасау.
3. Зерттеу тақырыбын қорғау: жиналған мәліметтерді презентациялау, сабақ барысында талқылау,
4. Зерттеу жобасын талапқа сай рәсімдеп, Canvas жүйесіне бекіту.
Семинар №4.
Сақтардың, массагеттердің, ғұндардың, үйсіндердің және қаңлылардың мәдени мұрасы және олардың түркі халықтарының мәдени мұрасын қалыптасуындағы рөлі
1. Сақтардың, массагеттердің, сарматтардың, скифтердің номадтық мәдениеті.
2. Сақтардың, сарматтардың, скифтердің мифтері мен діни нанымдары.
3. Дәстүр мен әдет-ғұрыптар. Аты аңызға айналған кейіпкерлердің бейнелері.
4. Сақтардың, массагеттердің, скифтердің, сарматтардың өнері: қару-жарақ, сәндік-қолданбалы, мүсін, сәулет өнері.
Бақылау сұрақтары:
1. Сақтар дегеніміз кімдер? (ежелгі тайпалар, 1 мың б. э) .
2. Сақтар келтіретін үшкір бас киім . . . (тиграхауда)
3. Қытай көздерінде үйсіндердің келбеті қалай сипатталады? (ат жақты, көк көзді, ашаң жүзді)
4. Үйсін билеушісі қандай атқа ие? (гуньмо)
5. Қаңлылардың металл өндіру орталығы қай қала болды? (Шаш-Илак)
6. Қаңлылардың астанасы (Битянь)
7. Қаңлылардың билеушісі атағы? (ұлы хан)
8. Үйсін туралы қандай көздерден белгілі? (Қытай 2 ғасырдан бастап б. д. )
9. Сақ қоғамындағы қауым мүшелері кімдер? (малшылар, егіншілер, қолөнершілер)
10. Бай үйсіндерде қанша жылқы болған (4-5 мың)
11. Сақ өнерінің стилін атаңыз? (аң)
12. Томирис патшасы өмір жылдар? (570-520 жж. б. э. дейін) .
13. Үйсін тұрғын үй қабырғалары неден тұрғызылды? (тас)
14. Сақтарды Геродот қалай атады? (массагеттер)
15. Қаңлылардың қалалық мәдениет орталығы қай қала болды? (Көк-Мардан)
16. Қытай деректері бойынша қаңлылардың жауынгері саны? (120 мың жауынгер)
17. Томирис ұлының аты қалай? (Спаргапис)
18. Александр Македонский әскерлеріне қарсы сақ күресін кім бастады? (Арриан)
19. Үйсін мемлекетінің астанасы қала болды ма? (Чигучен)
20. Жетісуда тұрған сақтар қалай аталды? (Сақ-тиграхауда)
Әдістемелік ұсыныстар:
Бірінші сұрақ бойынша : сақтардың, массагеттердің, сарматтардың, скифтердің өзіндік мәдениетін қарастыру.
Екінші сұрақ бойынша : сақтардың, сарматтардың, скифтердің мифтері мен діни нанымдарының ерекшеліктерін ашу, мысалдар келтіру
Үшінші сұрақ бойынша : номадтық мәдениеттің дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын зерттеу; аты аңызға айналған батырлардың бейнелерін сипаттау.
Төртінші сұрақ бойынша : сақтардың, массагеттердің, скифтердің, сарматтардың өнерін талдау және сипаттау: қару-жарақ, сәндік-қолданбалы, мүсін, сәулет өнері.
Семинар №5 (Шағын жоба №2)
Діни сана ортағасырлық мәдениеттің негізі ретінде
- Дін және мәдениет
- Ортағасырлық Батыс Еуропа өміріндегі діннің рөлі
- Ортағасыр мәдениетіне христиан дінінің ықпалы
- Ортағасырлық мәдениеттегі діни сананың орны
Әдістемелік ұсыныстар:
Бірінші мәселе бойынша : Мәдениеттегі діннің рөлін анықтау. Ортағасырлық мәдениеттің негізінде дін мен мәдениеттін байланысын көрсету.
Екінші мәселе бойынша: Ортағасырлық Батыс Еуропа елдерінің мәдениетіне тигізген діннің рөлін анықтау.
Үшінші мәселе бойынша : христиан діні мен христиан шіркеуінің қоғамдағы рөлін айқындау.
Төртінші мәселе бойынша: Ортағасырлық мәдениеттегі халықтарлың діни ойлау санасы анықтау. Мұсылман мәдениеті бойынша талқылау.
Зерттеу жобасын дайындау бойынша қысқаша нұсқаулық:
1. Жұмыс тобына бөлініп, аталған тақырыпшалар бойынша мәселені толық ашу;
2. Жоба тақырыбы бойынша қажетті ақпараттарды, статистикалық мәліметтерді жинақтау, талдау, салыстырмалы сипаттама жасау.
3. Зерттеу тақырыбын қорғау: жиналған мәліметтерді презентациялау, сабақ барысында талқылау,
4. Зерттеу жобасын талапқа сай рәсімдеп, Canvas жүйесіне бекіту.
Семинар №6.
Түрік мәдени мұрасы мен өркениеті: Ұлы Жібек жолы халықтарының мәдениеті, әлемдік мәдениетке қосқан үлесі
1. Ортағасырдағы түрік мәдениеті: рухани және материалдық мәдениеттің қалыптасуы. Ұлы Жібек жолының бағыттары.
2. Түркі әдебиеті мен тілінің дамуы: Әл-Фараби, М. Қашқари, Ж. Баласағұн, А. Үгінеки, С. Бақырғани.
3. Сопылық: Қожа Ахмет Иассауи шығармашылығы.
4. Алтын орда кезеңінің мәдениеті, сәулет өнері, діни наным-сенімдері, поэзия мен ғылымның дамуы (Ұлықбек обсерваториясы, Әлишер Науаи, Нуриддин Джами)
5. «Сакральды (қасиетті) Қазақстан» бағдарламасы
Бақылау сұрақтары:
1. Номадизмнің символдық кодтарын атаңыз?
2. "Мәдени кеңістік" терминін қалай түсінесіз және оның құрамдас элементтерін атаңыз?
3. Түрік этномәдени тұтастығының, тарихи тұрақтылығының негізі қандай факторлар?
4. Түркі халықтарының мифологиясында ғарыштың құрылымы қалай сипатталады?
5. Әлемдік ағаштың символы дегеніміз не?
6. Түркі халықтарының мифологиясындағы күн мен Айдың рөлін сипаттаңыз? Бұл құбылыс қазіргі мәдениетте қандай көрініс табады?
7. "Батыр" - дегеніміз кім?
8. Мәдениет және еркіндік дегенді қалай түсінеміз?
9. К. Г. Юнг "архетип" ғылымына қандай түсінік берді?
10. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, қазақ мәдениетінің басты архетипі не болып табылады?
11. Қорқытаттың "Жер ұйық" ұғымына философиялық түсінік беріңіз?
12. Мұсылман Ренессансының негізгі өкілдерінің аттары мен еңбектерін атаңыз.
13. Әл-Фарабидің пікірлері қандай Араб ілімдерімен байланысты?
14. Неге Ислам әлеміндегі суфиялық бағыт оппозициялық ресми дін ретінде пайда болды?
15. Қожа Ахмет Иасауи өмірінің ерлігін сипаттаңыз?
Әдістемелік ұсыныстар:
Бірінші сұрақ бойынша : Ортағасырдағы түрік мәдениетінің ерекшелігі, рухани (жаратылыстану-ғарыштық ұғымдар, Әлем және Нұр, Күн-Ай, жұлдыз және т. б. ) және материалдық мәдениеттің қалыптасуы (Қарағандар дәуіріндегі қалалық мәдениет) . Ұлы Жібек жолының бағыттары мен мәдениетке әсерін бағалау.
Екінші-төртінші сұрақтар бойынша : мұсылман Ренессансының және түркі халықтарының мәдениетінің дүниетанымдық ерекшеліктерін ашу; Әл-Кинди, әл-Фараби, Ж. Баласағұн, А. Үгінеки, С. Бақырғани, Қожа Ахмет Иасауи және т. б. сияқты белгілі мәдениет өкілдерінің трактаттары мен пікірлеріне қысқаша сипаттама беру.
Бесінші сұрақ бойынша : «Сокральды (қасиетті) Қазақстан» бағдарламасы бойынша негізгі бағыттарды анықтау, ескерткіштердің тарихы мен қазіргі сақталуы туралы мәліметтер қарастыру
Семинар №7.
Тарихи кезеңдердегі қазақ мәдениеті: қазақ халқының мәдени мұрасы
1. Дәстүр сабақтастығы қазақ мәдениетінің жаңа кезеңі (ХVІІІ-ХІХ ғғ. ) . Қазақ халқының мифтері мен аңыздары.
2. Ақын жыраулар шығармашылығы, қазақ билері мен шешендік өнері.
3. Зар заман және отарлық кезеңдегі қазақ мәдениеті.
4. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің этикалық құндылықтары (дәстүр, рәсім, салт, мерекелер) .
5. Қазақстан аумағындағы дәстүрлі шаруашылық-мәдени типтері.
Бақылау сұрақтары:
1. Қазақ мәдениетінің дәстүрлі кезеңі қандай тарихи-мәдени процестермен байланысты?
2. Қасиетті Ғайып ерен қырық шілтен, Жеті кәміл пірілер, Арыстан баб, Қыдыр, Түкті Баба Шашты Азиз бейнелерінің пайда болуын түсіндіріңіз?
3. Ауызша дала тарихнамасының қандай жанрлары ерекше дамыды?
4. Неге Шоқан Уәлиханов Асан қайғаны "көшпелі қазақтар мен Ноғай ұлысының философы" деп атайды?
5. Асан қайғаның шығармашылық мұрасында идеалды қоғамдық құрылыс бейнесі қалай берілген?
6. Қазақ халқының ауызша халық шығармашылығындағы "Зар заман" бейнесінің терең типологиялық мазмұны мен тән ерекшеліктері?
7. Отарлық уақыттың ағартушылық мәдениетінің қандай ерекшеліктері мен жарқын өкілдерін атауға болады?
8. Орталық Азияның көшпелі шаруашылық-мәдени типінің құрылымдық мәні қандай және ол қазақтардың менталитетінде қандай көрініс табады?
9. Далалық исламның қандай ерекшеліктері бар?
Әдістемелік ұсыныстар:
Бірінші мәселе бойынша : қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасуына және оның өзіндік мәдениетінің жетілуіне қол жеткізуге байланысты қазақ мәдениетінің дәстүрлі уақытын ашу, бұрынғы архетиптер - түркі мәдениетінің басты құндылықтары, Ислам канондары негізінде ауызша дала тарихнамасын дамыту. Қазақ халқының мифтері мен аңыздарының тәрбиелік, дүниетанымдық рөлін қарастыру.
Екінші сұрақ бойынша : Ақын жыраулар шығармашылығы, қазақ билері мен шешендік өнерінің мектептерін тарихи кезеңдері бойынша қарастыру. Олардың қазақтың дәстүрлі қоғамында жыраулар мен билердің алатын орнын көрсету: Асан Қайғы, Шал Киіз, Ақтамберді, Бұхар, Төле би, Әйтеке би, Қазбек би.
Үшінші сұрақ бойынша: "зар заман" ұғымын ашу және оның ауызша халық шығармашылығындағы негізгі белгілерін көрсету; Асанақайғы мен Бұқар Жырау шығармашылығындағы "зарзаман" бейнесі; отарлық уақыттың ағартушылық мәдениеті: Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев.
Төртінші сұрақ бойынша : Қазақ дәстүрлі мәдениетінің этикалық құндылықтары: салт-дәстүр, діни наным-сенімдері, ұлттық мерекелердің шығу тарихы мен тәрбиелік маңызы.
Бесінші сұрақ бойынша: қазақ халқының бүгінгі материалдық мәдениетінің архетиптерін - Орталық Азияның көшпелі шаруашылық-мәдени типінің құрылымдық мәнін ашу, көшпелі өмір салтының типтік белгілерін, әлеуметтік құрылымның, діни көзқарастың, қоғамдық ұйымның ерекшеліктерін, көркем типологияны сипаттау.
Семинар №8 (Шағын жоба №3)
Италияның Ренессанс мәдениеті гуманистік
дүниетанымның негізі ретінде
1. Ренесанс немесе қайта өрлеу дәуірі.
2. Италияндық ренесанс.
3. Архитектура, әдебиет, бейнелеу өнері.
4. Дін, философия, музыка.
Әдістемелік ұсыныстар:
Қайта өркендеу дәуірі, Ренессанс (франц. enaissance, итал. Rinascimento от лат. renasci) - Батыс және Орта Европа елдері мәдениеті тарихындағы орта ғасырлық мәдениеттен жаңа заман мәдениетіне өту дәуірі (Италияда шамамен 14-16 ғасырлар, басқа елдерде 15-16 ғасырлардың соңы) . Қайта өркендеу дәуірі мәдениетінің негізгі ерекшеліктері - шынайылық, гуманистік дүние таным (Гуманизм), көне мәдени мұраларға ден қою, оны қайта «көркейту». Қайта өркендеу дәуірі мәдениеті феодалдық ескі қатынастар ыдырап, Европаның әкономикалық жағынан неғұрлым дамыған елдері мен аудандарында (ең алдымен Солтүстік және Орта Италия қалаларында) алғашқы капиталистік қатынастар бүршік жара бастаған және қала халқының орта ғасырлық сословиесінен буржуазия элементтері қалыптаса бастаған дәуірде туды. Жоба бойынша осы дәуірдің архитектурасын, әдебиет, бейнелеу өнері, дін, философия, музыкасын қарастыру.
Зерттеу жобасы:
- Жұмыс тобына бірігу.
- Жоба тақырыбы бойынша қажетті ақпараттарды, статистикалық мәліметтерді жинақтау, талдау, салыстырмалы сипаттама жасап қорғау.
- Зерттеу жобасын (презентация, реферат) талапқа сай рәсімдеп, Canvas жүйесіне бекіту
Реферат төмендегідей құрылымдық бірліктерден тұрады:
- титул парағы (1 бет),
- мазмұны (1 бет),
- кіріспе (1-1, 5 бет),
- негізгі бөлім (6 бет),
- қорытынды (1 бет),
- әдебиет тізімі (1 бет),
- қосымша (жұмыс көлеміне кірмейді) ;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz