Қазақстанның қазіргі заман тарихы туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Раматова Раисям Сеитжановна
Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі - 1 -курс
Пән: Қазақстанның қазіргі заман тарихы
( Негізгі сұрақтармен тапсырмалар.)

1.ХХ ғ. аяғындағы Қазақстандағы қоныстандыру саясаты. Экспедициялық зерттеу жұмыстары.
XX ғасырдың басы Ресей империясында әлеуметпк қайшылықтардың шиеленісуімен, Қазақстанда отарлық саясаттың күшеюімен ерекшеленді. Отарлық саясат, әсіресе аграрлық салада пәрменді жүргізілді. Өйткені аграрлық мәселе қоныстандыру саясатына тығыз байланысты еді. Қазақ өлкесі бірнеше қоныстандыру аудандарына бөлінді: Торғай-Орал, Семей, Сырдария, Жетісу. Патша өкіметі Қоныс аудару қорынна (Переселенческий фонд) қуру үшін Қазақ өлкесіндегі артық жерлерді анықтайтын қоныстандыру басқармаларын құрды. Қоныстандыру басқармалары әрбір қазақ отбасы 15 десятина жер үлесін алуға құқылы деген ереже енгізіп, ал қалған жердің барлығы Мемлекеттік меншік министрлігі басқаратын қоғамдық жер қорына берілетін болды. Мұндай тәртіптер қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуіне әкеп соқтырды. Агроном А. Кауфманның есебі бойынша, мал шаруашылығының қалыпты өмір сүруі үшін, әрбір көшпелі шаруашылыққа, мысалы, Сырдария ауданында 145 десятина жер, ал Жетісуда 110 десятина жер қажет еді.
Қоныс аудару қорына қазақтардың жайылым, суат, мал айдау жолдарын, қыстақтарын тартып ала бастады. Сонымен бірге, Қазақ өлкесінде Орынбор, Орал, Сібір, Жетісу казак әскерлері де орналасқан болатын. XX ғасыр-дың басына қарай казактардың саны 1 миллион он бір мың адамға жетті және олар 15,6 миллион гектар ең құнарлы деген жерлерге иелік етті. П. Столыпин Ресей империясының шеткі аймақтарына, соның ішінде астық өндіру үшін өте қолайлы Қазақ өлкесіне ерекше көңіл бөлді. Қазақ жеріне Ресейден келген шаруаларды қоныстандыру мен кулак шаруашылықтарын құру үшін оларға жеңілдіктер беру жүйесі енгізілді. Әрбір хуторға 45 десятина жарамды және 15 десятина егістік жер берілетін болды. Жер бөлуші мекемелерге жергілікті көшпелі қазақтардың жерін тартып алып, олардың орнына орыс шаруалары мен кулактарды орналастыруға рұқсат берілді.
XX ғасыр басында Ресейде болсын, Қазақ өлкесінде болсын жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы өте ауыр еді. Әсіресе қазақ жүмысшыларының әлеуметпк жағдайы ешбір сын көтермейтін дәрежеде болды. Олар жұмыстың ең ауыр түрлерін және жалақы аз төленетін бөліктерінде істеді. Өйткені қазақ жұмысшыларының кәсіби мамандықтары болмады, көпшілігі маусымдық жүмыстарға жалданды. Өндіріс басшылары мен жергілікті патша әкімшілігі қазақ жұмысшыларының орыс тілінде еркін сөйлей алмайтындықтарын пайдаланып, үнемі олардың азаматтық әрі әлеуметтік қүқықтарын бұзып отырды. Кәсілорындар техникалық қауіпсіздік талаптарын орындамады, құрал - жабдықтармен қамтылмаған күйде жұмыс істеді. Оның үстіне еңбекші халыққа шетел мамандары да астамшылық көрсетіп отырды. Мұның бәрі жұмысшылардың өз жағдайларын жақсарту үшін күреске шығуға итермеледі.
( https:e-history.kzkzhistory-of- kazakhstanshow8736)

2. Әкімшілік орындарының қазақ қожалықтарын жаппай отырықшы тұрмысқа аудару шаралары Транспорт. Сауда. Банкі жүйесі. Өнеркәсіп орындарындағы жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы.
XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы - Қазақстанның жалпыресейлік экономикаға тартылуы . Банк және несиежүйесінің дамуы Қазақстанның Ресей құрамына қосылуының нәтижесінде аймактың экономикалық өмірінде түбегейлі өзгерістер жүзеге асты
аймак жалпыресейлік еңбек бөлінісі мен жалпыресейлік және дүниежүзiлiк рынокка тартылды
ортақ салмақ , өлшем , ақша белгілері жүйесі орнады ауыл шаруашылығының тауарлық салалары өсті
тау - кен және өңдеу өнеркөсібі дамыды.
Қазақстанда капитализмнің алдынгы қатарлы белгілері пайда болып дамыды
oo қалалар мен темір жолдар салынды
oo тауар - ақша қатынастары дамыды
oo көшпелі қазақтар шаруашылықтың жартылай көшпелі және отырықшы турлеріне ауыса бастады
oo әлеуметтік жіктелiс тереңдеп , жаңа элеуметтік топтар пайда болды (жұмысшылар , жатақтар , батырақтар және т.б. )
Алайда Қазақстанға капиталистік қатынаста, өте баяу енді, мұнда көпке дейiн экономиканың артта қалған түрлері үстем болды. Қазақстан шаруашылық жағынан тек шикізат көз тұрғысынан ғана игерілді . Өз кезегінде ресейлік өнеркәсіп орындары шығарған тауарларды өткізетін рыокқа айналды.
Сонымен қатар Орталық Ресейдің сауда-өнеркәсіп және монополистік буржуазиясының капиталы салынатын аймаққа айналды. Орыс , шетел және аз - маз жергілікті капитал негізінде тау - кен және мұнай орындарын игеретін акционерлік өндірістер құрыла бастады. Банк тораптары мен несие мекемелері құрылуы нәтижесінде капитал елдің шеткері аймақтарына да келіп жетті Қазақстандағы несие жүйесін барлық Ресей империясындағы сияқты Мемлекеттік банк бөлімшелері , акционерлік , коммерциялық банк филиалдары , өзара несие қоғамдары , қалалық қоғамдық банктер жүзеге асырды . Мемлекеттік және ірі коммерциялық банк бөлімшелері XIX ғасырдың 70 - 80 жылдары Оралда , Петропавл , Семей, Омбы . Верный қалаларында ашылды XX гасырдың басында өнеркәсіптің ауыл шаруашылығының дамуы ақша рыногын кеңейтіп , несие жүйесі ресурстарын ұлғайтты . Бұл кезенде елкоде ірі коммерциялық банктердің бөлімдері Орыс Азия , Халықаралық коммерция. Орыс сыртқы сауда, Орыс сауда өнеркәсіп, Сібір сауда Еділ - Кама Мәскеу көпестері банктері ашылды. Қазакстан мен Қыргызстан аумағында 1914 жылы 44 банк мекемелері мен 346 несие жене қарыз жинақтау серіктестіктері жұмыс істеді . Өлке облыстары арасында несиелік мекемелер саны жағынан Ақмола облысы бірінші орынға шықты. Петровав осынудандағы сауда өнеркәсіп қызметінің орталығына айналды . Мал, мал шаруашылығы өнімдері саудасы және үн тарту өнеркәсібінің ірі орталығы Семейде орналасты . Ал Орал және Қостанай Еділ өңірін мал өнімдерімен жабдықтап тұратын маңызды пункке айналды
Сауда өнеркәсiп топтары өлкенің бай табиғи ресурстарын игеруге ат салысты . Аймақта сауда өнеркәсіп өндірісімен салыстырғанда біршама жоғары деңгейде болды . Саудада орта және ұсақ сауда өнеркәсiптерiнiң үлес салмағы үлкен болды . Кішігірім бөлшек сауда дүкендері де сауда операцияларына белсене араласты . Қазақстан мен Қырғызстанда несие көлемі жағынан бірінші орынды - мал және ет саудасы , екінші орынды - нан үшiншi орынды өнеркәсiп тауарлары иеленді Қазақстанның өндіргіш күштерінің өсуiне темір жолдардың салынуының үлкен маңызы болды . Темiр жолдар торабы жүк тасудың , сыртқы сауданың өсуі капиталистік өндіріс тәсiлiнiң орнығуындағы басым факторға айналды . XIX ғасырдың соңында Рязань-Орал, Самара - Орынбор, Самарқан қаласын Каспиймен қосатын темір жолдар, Сібір темір жолы құрылысының аяқталуы Ресеймен байланысты күшейте түсті. Осы кезеңде Қазақстанға шаруалардың жаппай қоныс аударуы жүрiп жатқандықтан сырттан келгендер осы маңызды темір жол, тас жол, су жолдары бойларына орналаса бастады
3.ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы тәуелсіздік үшін күрес.
Тәуелсіздік үшін күрес тарихы өткен өмірдің батырлық, сондай-ақ трагедиялық: жаппай саяси жазалауға, аштыққа және коллективтендіруге байланысты беттерін де өзіне қамтиды. Кеңес үкіметі қазақ зиялыларының бетке ұстарларын жазалауға ұйғарды: бұл Алаш орда қайраткерлерінің жарқын саңлақтарының тобы - Әлихан Бөкейханов, Әлімхан Ермеков, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұхамеджан Тынышпаев, Халел Досмұхамедов; көрнекті мемлекеттік қайраткерлер - Тұрар Рысқұлов, Нығмет Нұрмақов, Жалау Мыңбаев, Тоқаш Бокин, Абдрахман Айтиев, Ораз Жандосов, Абдолла Розыбакиев және т.б. Түркістан ұлттық қозғалысының көшбасшысы Мұстафа Шоқай эмиграцияға кетуге мәжбүр болды. Олардың бәрі түрлі әлеуметтік топтардан шыққан, революция дауылы дәуірінде қоғамдық-саяси таңдаудың түрлі нұсқаларының өкілдері болды, бірақ олардың бәрі туған елінің түбегейлі мүддесіне қызмет етуді өздерінің міндеті санады.
Тек тәуелсіздікке жеткеннен кейін ғана тарихтың ақ таңбасын, алаш қозғалысы көшбасшыларының және ұлттық қайраткерлердің тағдырларын зерделеу мүмкін болды. Жақын арада Әлихан Бөкейхановтың, Тұрар Рысқұловтың, Назира Тореқұлованың, Сұлтанбек Қожановтың, Нығмет Нұрмақовтың зираттары табылды, оларға естелік қабір үсті плиталары орнатылды, Смағұл Садуақасовтың мәйіті отанына қайтарылды.Олардың бәрінің өмірі күрес, халыққа шынайы қызмет ету және өзін-өзі құрбан ету болды. Кеңес үкіметінің жеңісі қалыптасқан жағдайларда оны қабылдауға мәжбүрлі және мемлекеттік аппаратта жұмыс істеу туралы ұсыныстарын қабылдаған Алаш орданың бұрынғы қайраткерлері кеңестік үкіметке ұлттық мағына беруге, түпкілікті халықтың мүддесіне жуықтатуға, халықты прогреске қатыстыруға ұмтылды. Ұлттық қайраткерлер социалистік түрлендірулердің ауқымдары мен қарқындарының арту шамасына қарай шыққан коллизиялар мен проблемаларды анағұрлым айқын және сезімталдықпен қабылдады.
4. Алаш қозғалысы туралы өз пікіріңізді жазыңыз.
Алаш қозғалысы - XX ғасырдың басындағы қазақ жерінің барлық өңірін қамтыған ұлт-азаттық қозғалыс. 1905 жылы қазақ оқығандары ұйымдасқан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
Тарихи жады негізінде мәдени сабақтастық және ұлттық-азаматтық бірегейлік
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнін оқытудың мәні мен мазмұны
Ежелігі Қазақстан тарихы туралы зерттеу
Қазақстан қазіргі заман тарихы пәнінің мақсатымен міндеттері. Пәнінің басқа да қоғамдық пәндермен ара қатынасы және байланысы. Кеңестік және шетелдік тарихнама (ХХ-ХХІ ғ. басы)
Қазақстан жаңа және қазіргі заман тарихы курсы
Тәуелсіздіктен кейінгі қазақ – түрік әдеби-мәдени байланыстары
Тарихи жады негізінде мәдени сабақтастық және ұлттық-азаматтық бірегейлік туралы
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы мен зерттелуі
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Пәндер