Аталық жыныс мүшелерінің құрылысы мен қызметі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Л. Н. Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университеті

Білімалушының өздік жұмысына арналған тапсырмалар

БӨЖ тақырыбы:

Аталық жыныс мүшелерінің құрылысы мен қызметі

Орындаған: Ертуған Ақерке

Топ: БГ-21

Тексерген: Базарбаева Жаннат Муслимовна

Нұр-Сұлтан, 2021жылы

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Аталық жыныс мүшелері
  3. Аталық жыныс мүшелерінің құрылысы
  4. Аталық жыныс мүшелерінің қызметі.
  5. Қорытынды:
  6. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Ұрпақ жаңғырту (көбею) - барлық тірі ағзаға тән қасиет. Көбею - түрдің тіршілігін жалғастырып сақтап қалуды қамтамасыз ететін физиологиялық үдерістердің жиынтығы. Басқа тірі ағзалар сияқты адам да жынысты жолмен көбейеді. Жыныс жасушаларының түзілуі ағзада болатын физиологиялық өзгерістерге байланысты. Жыныстық мүшелер жүйесін аталық және аналық жыныс мүшелері деп 2 топка бөледі. Олардың жыныс бездерінен жыныс жасушалары түзіледі. Аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуынан дүниеге жаңа ұрпақ келеді. Жыныс бездері аралас бездерге жатады.

Аталық жыныс мүшелері

Аталық жыныс мүшелерін сыртқы және ішкі мүшелер деп 2 топка бөледі. Сыртқы аталық мушелеріне - ұма және жыныстық мүше жатады. Ішкі аталық жыныс мушелеріне аталық бездер, оның қосалқы бөлімдері (ұрықшығарушы өзекшелер, ұрықтық көпіршіктер, сыңар қуықасты безі) жатады. Аталық без (ен) екеу, мөлшері 4-6 см, салмағы 15-30 г.

Аталық бездер - ұманың ішінде орналаскан терілі қалта. Ұманың ішкі қуысы құрсақ қуысының бір бөлігі болып саналады. Ұрықтың дамуы кезінде ұма құрсақ қуысында жатады. Жыныс бездері өзекшелер арқылы ұма қуысына түскен соң, ондағы дәнекер ұлпамен тұтасып кетеді. Бұдан кейін ұма қуысы құрсак қуысынан бөлініп қалады. Егер жыныс бездері ұма қуысына өтпей, құрсақ қуысында қалып қойса, жыныс жасушаларының түзілуіне кедергі жасайды. Әдетте, жыныс бездері шарана жарық дүниеге шығардан бұрын ұма қуысына өтеді.

Ен - ұма ішінде орналасатын жыныс безі. Оның пішіні - сопақша, ұзындығы - 4, 5 см, ені - 3 см, қалыңдығы - 2 см, салмағы 15-30 грамм. Ен аралас бездерге жатады, өйткені онда негізінен ұрық (сперматозоид) жетіледі және ішкі бездер тәрізді гормон бөледі. Еннің шеткі және ортаңды беттері, алдыңғы, артқы екі жиегі, жоғарғы ұшы және төменгі ұшы болады.

Еннің сырты ақ түсті талшықты қабатпен қапталады. Оны ақ қабат дейді. Ен паренхимасы сол қабаттың астында жатады. Паренхиманың арасына ен аралықтары орналасады. Одан желпуіш тәрізденіп көрінетін еннің парен-химасын бірнеше бөлшектерге бөлетін перделер түзіледі. Ондай бөлшектердің саны 250-300-ге дейін жетеді.

Ен сағағында 12-15 бөлшектер болады. Олардың ішіндегі иректелген жолдардың ұзындығы - 6-8 м. Ол ирек жолдар бір-біріне қосылып, ен сағағының құйрық жағынан ұрықты әкететін жолға айналады.

Ұрықты әкететін жол - ен сағасынан шәует қуығына дейін созылатын жұп түтік. Ол еннің артерия, вена және жүйкелермен қабат ұмадан жоғары қарай ұрық бауының ішімен шат түгігі арқылы құрсақ қуысына енеді де ен тамырларынан ажырап, ішпердемен жабылған күйі төмендеп, қуыктың түбіне қарай иіледі де оның алдындағы безге келеді. Оның ұзындығы - 40-45 см, ені - 2, 5 мм, қабырғасы кілегейлі, бұлшықетті және бірікпе қабаттардан түзіледі.

Шәует қуығы- ұрық әкелетін жолдың шетіндегі қуық артына иілген қапшық түтік. Шәует қуығы - иілген күйінде 4-5 см жазған кезде 12 сантиметрге жететін мүше. Оның жоғарғы кеңейген бөлігін - денесі дейді, теменгі жағы сүйірленіп, түтікке айналады. Ол шәует шашатын жолға жалғасады.

Қуыкалды бездің жоғарғы жалпақ жағы - негізі қуыктың түбіне және шәует қуығына беттеседі. Оның ұшы (арех) төмен қарай бағытталып, несеп-жыныс көкетіне жетеді, ал алдыңғы беті - қасағаға жанасып жатады.

Қуықалды бездің көлденең қимасы

- 4 см, ұзына бойы - 3 см, қалындығы

- 2 см, салмағы - 20-25 г. Бездің оң және сол бөліктері ортасындағы жылғасымен бөлініп тұрады. Оның ортаңғы артқы бөлігін бездің мойнағы дейді. Кейде без мойнағы әр түрлі себептерден шамадан тыс ұлғайыл, зәр шығатын жолды қысады да кіші дәретті қиындатады.

Еркектің сыртқы жыныс мүшелері. Ұма (енқалтасы) -өзара қатынаспайтын, ортасы пердемен бөлінген бұлшықетті тері қалта тәрізді мүше. Ұма еркек жыныс мүшесінің түбінде төмен салбырап орналасады. Ұманың қабырғасы жеті қабаттан түзіледі, олар: тері, бұлшықет қабаты, ұрықтың сыртқы шандыр қабаты, енді көтеретін бұлшықет, енді көтеретін бұлшық-еттің шандыр қабығы, ұрықтыц ішкі шандыр қабығы және еннің қынап қабаты болып саналады. Бұлшықет қабатынан пайда болған ұма пердесі ұмадағы екі енді екіге бөліп тұрады.

Еркектің жыныс мүшесі. Еркектің (аталық) жыныс мүшесі зәрді қуықтан сыртқа шығару және аталық ұрықты аналық жыныс жолына енгізу қызметін атқарады. Бұл мүше жұмырланып, үш үңгір және қуысты денелерден тұрады. Оның екеуі-үңгірі дене және сыңары - кеуекті дене. Екі үңгірлі дене де жұмыр денелі, ал ұштары сүйір болып келеді. Қасаға сүйегіне тірелетін ұштары екі жаққа ажырап, аша түзеді. Бұл екі денені ақ қабық орайды. Екі дененің аралығындағы үстіңгі сайда мүшенің арқа венасы, ал астыңғы сайда кеуекті дене орналасады. Ерекше жуанданып, еркек жыныс мүшесінің басын түзеді. Бұл дене де сырт жағынан ақ қабықпен оралады.

Еркек жыныс мүшесінің қасаға сүйегіне тірелген жағы - түбірі, алдыңғы жуан бөлігі - басы, ортаңғы бөлігі - денесі, үстіңгі жағы - арқасы, басынан кейінгі жіңішкелеу жері - мойын, ал басының айналасындағы кенересі - кенере деп аталады. Жыныс мүшенің басында зәр және шәует шығатын түтіктің тік саңылаулы тесігі болады.

Еркек жыныс мүшесінің терісі өте жұқа болады және мүшенің басындағы кенерені жауып тұрады. Мұны күпек деп айтады, күпектің денесін астыңғы жағынан теріге жалғайтын бөлігі күпек жүгеншесі болып табылады. Күпектің ішкі бетінде оның өнімі мен мүшенің басын және мойнын жұмсартып тұратын майда бездер болады.

Қазақ баланы сүндетке отырғызғанда жыныс мүшесшің мойын тұсынан айналдыра кесіп алады.

Еркектің жыныс мүшесінің терісі мен қабаттарын ұманың алдыңғы тамырлары, жыныстың үстіңгі артериясы жабдықтайды. Үңгірлі және кеуекті денелер батыңқы жыныс артерияларымен жабдықталады. Веналық қан жыныс мүшесінің жонындағы батыңқы Венамен және артерияға аттас веналармен сондай-ақ, жыныс венасының ішкі тармағымен қайтады. Сарысу жолдары да жыныс мүшесінің қан тамырлары бойымен кайтып, мықын және шат сарысу жүйесіне қосылады. Бұл мүшені негізінен жыныс жүйкелері жүйкелендіреді.

Үрпі немесе зәр (несеп) шығаратын жол - қуықалды безін, несеп-жыныс көкетін, кеуекті денені қамтитын, ұзындығы 18 см түтік. Үрпі қуықтағы тесіктен басталып, жыныс мүшесінің басындағы тік саңылаулы тесікпен аяқталады

Үрпінің үш бөлігі: қықалды бөлігі, қабыршақты бөлік және кеуекті бөлігі болады.

Қуықалды бөлігі қуықалды безінің бойымен тік төмен құлдырайды, оның ұзындығы 3 см. Бұл бөліктің ортасы аздап кеңейеді де астыңғы қабырғасында ұзыншалау келген үстірт төмпешігі, төмпешіктің тебесінде қуық-алды безінің жатыршасы болады. Ұрық шашатын жолдың тесігі осы жатыршаның екі жығынан ашылады, қуықалды безінің түтігі де осы жерден ашылады.

Қабыршақты бөлігі қуықалды бөлігінен басталып, кеуек дененің буылтығьша дейін созылады. Бұл-өте қысқа (1, 5 см) бөлік, тесігі де тар, несеп-жыныс кекетін тесіп ететін жері, онда үрпінің ерікті бұлшықет қыспағы болады.

Кеуекті бөлік - кеуекті дененің ішінде орналасатын ең ұзын (15 см) бөлік. Оның түбі мен бас жағында - екі жерде кеңейген шұңкыр бөліктері бар, ал басында қайың тәрізді шұңқыры болады.

Үрпінің жалпы пішіні 8 тәрізді, үш жерінен: үрпінің ішкі тесігі аймағынан, несеп-жыныс көкеті тұсынан және үрпінің сыртқы тесігінің аймағынан жіңішкереді.

Ұрық бауы ең алғашқы эмбриондық кезенде құрсақ қуысында болады да кейін жетілуіне байланысты шат түтігінен сыртқа шығып, ұманың ішіне келеді, оның ұзындығы - 15-20 м. Ұрық бауы ұрықты әкететін жолдан, ен артериясынан, ұрықты әкететін жолдың артериясынан веналық өрімнен, ен және сағақ сарысу тармағынан, жүйкелерінен, нәзік талшықты байламдарынан құралады. Осы құрамдарды ең ішкі жағынан ұрықтың ішкі шандыр қабығы орайды. Мұның сыртына қарай енді көтеріп тұратын бұлшықет, бұлшықеттің қабығы, олардың сыртында ұрықтың сыртқы шандыр қабығы, одан кейін бұлшықетті қабат және ұманың терісі орналасады.

Аталық жыныс мүшелерінің құрылысы

Аталық жыныс мүшелерінің қызметі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несеп- жыныс ағзасы туралы
Несеп — жыныс аппараты қүрылысы мен қызметінің жалпы заңдьлықтары
Жыныс мүшелерінің құрлысы
Еркек малдың жыныс мүшесі
Ішкі секреция бездері. Жыныстық жетілу. Оқушыны медициналық-гигиеналық және жыныстық тәрбилеу
Несеп- жыныс ағзасы
Гүлді өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Гүлді өсімдіктер
Аталық жыныс безі
Ара дене құрылысының ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz