Сындарлылық теориясына негізделген оқытудың мақсаттарын дүниетану және жаратылыстану пәндерінде қолдану



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Сындарлылық теориясына негізделген оқытудың мақсаттарын дүниетану және жаратылыстану пәндерінде қолдану .
Бастауыш мектептегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отыр, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологияларды іздестіру және оларды қолдануға бағытталған. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсіл кең тараған.(Hattle, 2009).
Сындарлылық теориясына негізделген оқытудың мақсаты- оқушының пәнді терең түсініп қабілетін дамытып, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.Оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырып мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Бағдарлама оқушының тілдік төрт дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған.
Тыңдалым дағдысы бойынша: негізгі ойды түсіну, ақпаратты анықтау, түсінгенін өмірде қолдана білу бағаланады.
Айтылым дағдысында - тапсырмалар тақырыпқа қатысты ойын білдіру, өз көзқарастарын дәлелдеу, шешім шығару, қорытынды пікір жасау туралы түсінік пен біліктілік деңгейінде бағытталады.
Оқылымның мақсаты - мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты әртүрлі деңгейде қабылдауы және түсіне білуі, мәтінді оқи алуы. Оқылым бойынша біліктілік деңгейін анықтау, түсініп оқу, зерттеп оқу, шолып оқу, мәселені сын тұрғысынан бағалау, анықтау, дәлелдеу.
Жазылым дағдысында - тақырыпты аша білу, грамматикалық сауаттылық, өз ойын сын тұрғысынан дәлелдеу,қорытынды шешім шығару, өз пікірін,көзқарасын дәлелдеу. Оқытудың бұл түрінде оқушылар өте маңызды рөл атқарады: олар құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды.
Нәтижесінде оқушылардың бойында мынандай өзгерістер байқалады: ынтымақтастыққа үйренеді, жеке, жұппен,топпен жұмыс істеуге үйренеді, өз ойларын ашық айтуға, өздеріне, сыныптастарына баға беруге , сабақты талдауға, қорытынылауға, қорғауға үйренеді.
Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауының негізгі ерекшеліктері :
Ұтымдылық: ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылу, үзілді кесілді жауаптарды іздеудің орнына сұрақ қою.
Сыңаржақтылықтың болмауы:барлық қорытындыларды бағалау, болжамды көзқарастар мен мүмкіндіктердің барлығын қарастыру.
Пайым: дәлелдердің деңгейі мен маңызын мойындау, балама жорамалдар мен мүмкіндіктердің орынды екендігін немесе артықшылыңын мойындау.
Тәртіп: тиянақты, нақты және жан- жақты болу.
Өзіндік сана сезім: өзіміздің эмоциямыз бен көзқарасымыздың , сеніміміз бен болжамдарымыздың субъективті екеніні сезіну.
Оқушылар сын тұрғысынан ойлай отырып белсенді бола алады, олар бір-біріне сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегияларды қолданады. Сындарлы оқыту әдicтерiн пaйдaлaну оқушылaрдың ойлaу жүйеciн дaмытып, олaрдың бұрынғы aлғaн бiлiмдерi мен жaңa немеcе cыныптaғы түрлi дерек көздерiнен, мұғaлiмнен, оқулықтaн, бacпacөз беттерiнен, ғaлaмтор мәлiметтерiнен aлғaн бiлiмдерiмен байланыстырып, оқушының өзіндік пікірін қалыптастырады.
- Оқушылaрдың топтық жұмыcтaнуы нәтижеciнде, cынып iшiндегi доcтық қaрым-қaтынacтың күшейеді;
- Мұғaлiм мен оқушылaрдың aрacынa өзaрa жылы қaрым-қaтынac орнaйды;
- Оқушылaрдың шығaрмaшылық ой-өрici мен, қaбiлеттерi aртады;
- Қабілеті төмен оқушылaрдың caбaққa қaтыcу мүмкiндiктерi aртады;
- Caбaқ бaрыcындa топтacтыру, прaктикaлық caбaқтaр, cергiту cәттерiн ұйымдacтыру оқушылaрдың физикaлық белcендiктерiн aрттырaды;
- Бaғaлaу үрдiciне оқушылaрдың өздерiнiң де үлеciнiң болуы, өздерiне және өзгелерге объективтi көзқaрac қaлыптacтырады;
- Поcтер aрқылы немеcе топтық жacaлғaн жұмыcтaрды қорғaу оқушылaрдың сөйлеу мәдениетін дамытады.
Сындарлы оқытудың оқушылардың ойлау қабілетін, қиялын жетілдіру, шыңдау мақсаттарын жүзеге асыруда маңызы зор. Өмір талабына сай баланың дүниетануын ғылыми тұрғыда жүзеге асыруға жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін ескеріп, қоршаған дүниеден білім беруді мектеп қабырғасында жүзеге асыруды көздеген мұғалімдерден көп еңбекті талап етеді. Бүгінгі күні білім мазмұнын кіріктіріп оқыту арқылы оның ғылыми деңгейін көтеру мәселесі қойылып отырған жағдайда бастауыш сыныпта оқушыларға табиғат, адам, қоғам жайында беретін білім негізінде балалардың дүние танымын қалыптастыру үшін дүниетануды оқытуда жаңа технологияларды қолдану орынды талаптардың бірі. Дүниеге көзқарас қоршаған ортамен, қоғамдық өмірмен, тіршілікпен байланысты туатын болса, ол үнемі дамуда болатыны заңды. Даму өз өзінен тумайды. Ол тынымсыз ізденіс, қиындықтарды жеңе отырып, шындыққа жақындау және жету жолы. Баланың өмірге көзқарасының қалыптасуы мектеп қабырғасында білім алу барысында жүзеге асады. Сондықтан да, бастауыш сыныпта дүние туралы білім беру, яғни, оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру мақсаты жүзеге асады. Табиғат заттары және адам қолымен істелген заттар жайындағы ілімді дүниетану пәніне енгізіп, оны оқушыларға ұғындыру арқылы адам мен табиғат арасындағы байланысты көрсету іске асырылған. Оқушылар адамның, табиғаттың және қоғамның бірлігі, ондағы адамның алатын орны жайындағы білім жүйесін нақты заттар мен құбылыстарды меңгере отырып, ойға көшу арқылы ұғынады. Олардың ара қатынасын талдап, жинақтап, ой қорытатын деңгейге көтеріледі. 1сыныпта дүниенің тұтастығы жайында қарапайым ұғымдардан бастаған оқушы 4 сыныпта дүниенің әрбір заңдылықтарын талдауға, олардың себебін ашу дәрежесіне жетеді.Оқушылардың дүниеге көзқарасы ғылыми білім негізінде, оны тиянақты меңгеру нәтижесінде ғана қалыптаспақ. Жоғарыда айтқандай, қоғамның даму дәрежесі төмен, оқу-ағарту жұмыстар әлде де жетіле қоймаған кездің өзінде де балаларда дүниеге деген қызығушылық, оны білуге, үйренуге талпынушылық болады. Бірақ, ол ғылымға негізделмегендіктен, үстіртін көзге бірден түсетін, тез шалынған белгілер мен байланыстар жайындағы пікірлер болғандықтан, көбіне қате ұғымдардың қалыптасуына әкеліп соғып отырады. Өйткені ,балалар байқап көргендерін өз қалпында, әр затты не құбылысты тек сыртқы түріне, көрінісіне байланысты қабылдайды.Дүнетанымдық қабілеттің керектігі адам баласының бүкіл өмірі табиғат аясында, қоғам ортасында, олармен қарым-қатынаста өтетіндіктен, ол қатынастардың әдіс-тәсілдерін меңгеруі тиіс.
Мұндай әдіс-тәсілді бала жастан қоршаған орта туралы білім алу арқылы меңгереді. Мәселен, әр затты байқау, бағдарлап қарау, олардың түр-түрін сезіну арқылы қасиеттерін айқындай түсу мұның бәрі адамда бірден пайда болатын икемдік пен іскерліктер емес. Ол жүйелі меңгерілген білім нәтижесінде қалыптасады. Дүниетану сабағында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, ғылымы мен мәдениеті, этика, әдеп, эстетика, құқық пен өнері, адам, қоғам, табиғат арасындағы қарым-қатынас түрлері жайында ғылыми ұғымдар беріледі. Пәнді оқып меңгеру барысында оқушылар дүниенің үш құрамдас бөлігі: адам, қоғам, табиғат саласынан білім алады. Биология, химия, география, физика пәндерінің бастама негізі қаланады. Атап айтсақ, қоршаған дүние заттары, құбылыстары, табиғат, экология туралы ғылыми түсінік қалыптасады. Тарихи деректер жайында жалпы мағлұмат алып, халықтың салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, табиғат тіршілігі, табиғат байлығы, мәдени-әдеби, көркем- қолөнер шығармашылығы арасындағы байланысты, сабақтастықты көре білуге үйренеді. Пәннен алған ұғымдарын басқа пәндермен кіріктіре оқу арқылы дүниенің тұтастығы жайында жүйелі білім негізі қалыптасады.
Дүниетану сабағында 2, 3, 4 -сыныптарда Адам, қоғам, табиғат бөлімдерін өткен кезде сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданған тиімді. Өйткені, бұл сыныптарда оқушылардың дүниеге деген көзқарасы, өзіндік жеке ойы, пікірі қалыптасады. Адам және өсімдіктер мен жануарлар тақырыбын өткен кезде Қызығушылықты ояту, Мағынаны ажырату, Ой толғаныс бөлімдері арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдандым.
Енді, аталған стратегияларды сабақ кезеңінде қалай қолдануға болатынына жеке тоқталып кетейік:
Сабақ құрылымы
Сабақ мазмұны
Ескерту
Кіріспе
1.Қызығушылықты ояту.
2.Шалғынды жер өсімдіктері мен жануарлары түрлерімен өз білетіндерімен таныстыру.
3.Сұрақ- жауап және әңгімелесу
4.Кітаппен,дәптермен жұмыс
Топпен жұмыс
Сөйлесу бөлімі
1.Мағынаны тану
2.Сергіту сәті
3.Топпен жұмыс
4.Шалғынды жер өсімдіктері мен жануарлары түрлері
5.Жеке түсіндіру, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ортасының ерекшеліктеріне назар аударту
Жеке жұмыс
Қорытынды
1.Мақсат пен міндетті анықтау
2.Сергіту сәті
3.Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ортасының ерекшеліктеріне байланысты сұрақтар
4.Бағалау
5.Үйге тапсырмалар
Топпен жұмыс

Бұл жерде тағы технологияның бөлігінен айтып өтсек:
Қызығушылықтарын ояту.
Бұл кезеңде оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын арттырудың әртүрлі әдіс-амалдары қарастырылады. Мысалы, Шаттық шеңбері, Тілекті тізбек, немесе қызықты психологиялық сұрақтар қою арқылы оқушыларды өтілетін сабаққа тарту. Сабақты бастамас бұрын Жанұя тобын құрап алу керек. Олүшін оқушылар өздері ұнататын түстерді таңдап алады. Бұл ойынның аты: Кімге қай түс ұнайды ?
Сары түсті I топқа;
Жасыл түсті II топқа;
Қызыл түсті III топқа келіп отырады.
Оқушылардың таңдаған түстеріне түсініктеме беру:
Қызыл -Ізденімпаз; Жасыл -Ойшыл; Сары -Данышпан.
Бұл әдістер дәстүрлі оқыту жүйесіндегі Кім кезекші?, Сабақта кім жоқ, неге жоқ?, Бүгін қай күн ? сияқты қатаң сұрақтарды алмастырып, керісінше, сыныптың тынысын бірқалыпты жайландыруға, жағымды ахуал туғызуға бағытталады. Жаңа білімге көпір салу. Бұл сәт бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз деп дайын дүниені айтып беруден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тиімді бағалау жүйесінің жоқтығы
Оқытудың практикалық және көрнекілік әдістері
Жаңартылған бағдарламаның ерекшеліктері
ДИАЛОГТІК ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС - ТӘСІЛДЕРІ
Геометрияны оқытудың тиімді әдістері
Оқытудың негізгі әдіс - тәсілдері
Дүниетануды оқытудың ерекшеліктері
Дүниетану және жаратылыстану пәндерінен сыныптан тыс білім беру
Дүниетану сабақтарында өзіндік жұмыстарды пайдалану мүмкіндіктері
Математиканы оқытудың арнайы әдістемесі
Пәндер